2. жаңа формациядағы мұҒалім ролі


Мұғалімнің оқытушылық іс-әрекетінің моделі



бет6/8
Дата14.06.2022
өлшемі72,56 Kb.
#36815
1   2   3   4   5   6   7   8
Мұғалімнің оқытушылық іс-әрекетінің моделі
Мұғалімнің оқытушылық іс-әрекеті

Мұғалімнің жаңа тұжырым- мұғалімнің


инновациялық дамаларды, идеяларды, инновациялық
іс-әрекеті заңдылықтарды, іс-әрекетіндегі
ұсыныстарды білуі оқыту іскерлігі

мақсаты олардың мазмұны


инновациялық инновациялық игерілген инно-


іс-әрекетті игеру ұғымдар мен заңдарды, вациялық білімді
міндеттері жаңалықтарды игеруі мектеп практикасында
пайдалануы

мұғалімнің өз даярлығын жетілдіру


іс-әрекеті

Мұғалімнің кәсіби шеберлігін, жалпы педагогикалық, ғылыми-теориялық, әдістемелік және мәдени дайындығын шыңдау маңызды мәселе деп есептейміз.


2.2.Жаңа формациядағы мұғалімнің мәдени сипаты


«Әлем елдері арасындағы бәсекелестікте олардың шығарған өнімдері мен көрсеткен қызметтері ғана сараланып қоймай, сонымен қатар қоғамдық құндылықтар мен білім экономикада басты назар материалдық тауарлар мен қызметтерге емес, елдің интелллектуалды білім беру жүйелерініңдаму барысы да додоға салынады. Осыдан барып заманауи және тиімді білім беру жүйесін қолдап оқыту арқылы жұмыс күшінің интеллектуалды компонентін арттыру – бәсекеге қабілеттіліктің негізгі шарттары болып айқындалады » деп Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, жаңа әлемде білім берудегі бәсекеге қабілеттіліктің артуы мен адами капиталдың дамуына айрықша ден қойыла бастады.
Әрбір мемлекеттің өсіп-өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы ұстаз берген біліммен бағаланады. Сондықтан дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келетін кез келген мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді.
Білім беру жүйесінің негізгі міндеті баланың рухани мүмкіндігін дамыту, оны оқыту, тәрбиелеу мен өзіндік қабілетінің дамуына жағдай жасау. Тәуелсіздік туы желбіреген мемлекетіміздің ертеңгі, ел тізгінін ұстар азаматы - бүгінгі білімді шәкірт екендігіне еш күмән жоқ. Ал білімді шәкірт - білімді ұстаздың жемісі. Оқушы жан-жақты жетілген, тәрбиелі болу үшін көп ізденіс, еңбек керек. Оның бойындағы дарындылықты дамытуға негізделген сабақтың қызықты өтуі әрине мұғалімнің үнемі ізденуіне, ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдануына, оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты.
Педагогикалық Білім концепциясында «мұғалім өз пәнін міндетті түрде терең білуге тиісті, бірақ сонымен қатар оқу үрдісінде қатысатын мүмкіндіктердің өз орнын біліп, оны уақытында бағыттап, нәтижеге жетелеп, дер кезінде түзетулер енгізе алатын құзыретті тұлға болуы керек» делінген[5].
Құзыретті мұғалім дегеніміз – адамның өз мамандығы бойынша әлеуметтік және кәсіби пісіп жетілуі. Мұғалім шығармашылықпен шындап айналысу арқасында педагогикалық шеберлікке қол жеткізеді. Педагогикалық энциклопедияда «Педагогикалық шеберлік – өз кәсібін жақсы көріп таңдаған және баланы сүйетін әрбір мұғалімнің қолынан келетін тәрбиелеу мен оқытуды жоғарғы дәрежеде үнемі жетілдіріп отыру өнері» деген анықтама берілген [2].
Өз кәсібін сүю дегеніміз баланы сүю деген ұғымды білдіреді. Педагогикалық шеберліктің іргетасы педагогкты даярлау кезінен бастап қаланады. Бірақ шебер педагог болуға бұл да жетімсіз, ол күнбе-күн өз әрекеті арқылы жоғары кәсіби деңгейді көрсетіп отыруы тиіс.Егер олай болмаса, педагогикалық шеберлік іске асырылмаған мүмкіндіктер күйінде қалып қоюы мүмкін.
Шығармашыл мұғалімге аса қажетті сапа – белсенділік. Ұлы педагог К. Д. Ушинский қоғамдық қатынастарды ұзақ уақыт жан-жақты зерттеп талдау нәтижесінде бәрі де тек тәрбиеге байланысты деген нақты тұжырымға келе отырып, ол басқа да көрнекті педагогтар сияқты қоғамды жақсартудың бірден-бір жолы мектеп ісін жетілдіруде деп түсінді.Сондықтан қайсібір мұғалім болмасын оның өзінің қоғам жайлы, білім және тәрбиеге байланысты көзқарастары болып, тиісті жерлерде өз көзқарастарын ашық білдіріп отыруға қалыптасуы тиіс. Мысалы, жаңа оқулықтардың сапасы қандай, оқытудың жаңа технологиясының тиімділігі жайлы, бір сөзбен айтқанда, оқу-тәрбиеге байланысты кез келген проблемалар бойынша. Ұстаздық мамандық – өмір бойы оқып өтетін мамандық. «Мұғалім қай күні оқуды тоқтатады, сол күні білім беруін де тоқтатады» деген сөз қай мұғалімнің де есінен ешқашан шықпауы тиіс. Себебі, неміс педагогі Ф. А. Дистерверг айтқандай «өзгерістердің басқаның бәрі тұрақсыз», яғни дүниеде бәрі өзгеріп отырады[4].
Мысалы, күні кешеге дейін мұғалім – оқыту үрдісінің субъектісі, ал оқушы – нысаны, яғни объектісі болып есептеліп келсе, қазіргі кезеңде оқушының да еркіндігі мойындалып, оқыту үрдісінің субъектісіне айналып отырғандығы соның айқын дәлелі. Бұдан шығатын қорытынды, осы заманғы педагогикалық көзқарас бойынша бұрынғыдай оқушы мұғалім берген білімді енжар қабылдаушы емес, өзі де білім алу үрдісінде қатысады, ал мұғалім оқушының білім алуына жағдай туғызушы. Оқытудың түпкі мақсаты – өмірге жан-жақты бейімделген, өз мүддесін қоғам мүддесімен үйлесімді ұштастыра алатын оқушы тұлғасын тәрбиелеп шығару мұғалімнің қасиетті борышы. Пікірталасқа қатысып, өз көзқарастарын батыл білдіріп отырғаны жөн. Сонда ғана ортақ іс ілгері жылжиды, мұғалім де шыныға түседі.Себебі, тәрбие мәселесі аса маңызды мемлекеттік іс, ал оны тікелей жүзеге асырушы мұғалім – тек ағартушы ғана емес, ол қоғамдағы барлық тірлік саласына қатысатын саясаткер де.
Қазіргі кезде білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас, басқаша қарым-қатынас пайда болды. Баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына көңіл бөлінуде. Сондықтан білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеріп, жаңа формация мұғалімі болу – заман талабына сай білім берудің жолы- тиімді педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалана білу шеберлігі. Бұл мұғалімнің бойында құзіреттіліктің үш түрі болуы міндетті:

  • проблемалардың шешімін табу құзыреттілігі;

  • ақпараттық құзыреттілік;

  • коммуникативтік құзыреттілік;

Проблемалық шешімін табу құзыреттілігі – бұл түрлі жағдайларда проблемаларды анықтайды, жауапты шешім қабылдайды, өз шешімінің нәтижесін бағалайды. Өз іс-әрекетіне мақсат қоя алады, оны іске асыруға қажетті жағдайларды анықтайды. Сонымен қатар қойылған міндеттерге сәйкес технологияларды таңдайды.
Ақпараттық құзыреттілік - сыни тұрғыдан ұғынылған ақпарат негізінде саналы шешім қабылдайды, ақпараттарды өз бетімен табады, талдайды, іріктеу жасайды, қайта құрады, сақтайды, түрлендіруге және тасымалдауға, соның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың көмегімен аталған жұмыстарды жүзеге асырады.
Коммуникативтік құзыреттілік – нақты өмір жағдайында өзінің міндеттеріне жету үшін мемлкеттік және басқа тілдерде ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолданады. Тілдік қатынас міндеттеріне сәйкес стильдер мен жанрларды таңдайды және қолданады.
Жаңа формациядағы ұстаздың кәсіби мәдениеті төмендегідей сипатталады:
І. Кәсіби қасиеті:
* ұйымдастыру қабілеті;
* білімнің тереңділігі;
* ғылыми білімі;
* дарындылығы;
* шығармашылығы;
* интеллектуалдық қасиеттері;
ІІ. Моралдық-этикалық қасиеті:

  • адамгершілігі;

  • ақиқатқа құштарлығы;

  • мейірімділігі;

  • қарапайымдылығы;

ІІІ. Психологиялық даярлығы:

  • сыртқы келбеті;

  • киім киісі;

  • жүріс-тұрысы;

  • сөйлеу мәдениеті;

  • әдептілігі;

«Барлық мүмкіндік балалардың бойында» деген ұлы ойшыл
А. Толстойдың даналық сөзі бар, ал баланы дамытатын шығармашыл, талантты, білімді ұстаз. Жалпы алғанда барлық салалардағы сияқты педагогикалық істе де талант сирек кездесетін нәрсе. Әрбір мұғалімнің талантты болмауына да болады. Алайда, ол өз ісінің шебері бола алады және болуға тиісті. Жақсы шебер мұғалім оқушылармен өзара қарым-қатынасты бір деңгейде қалыптастыра алады.
А. Макаренко «Өзара қарым-қатынас қуанышты болуға тиісті. Ол шығармашылық өрлеуді, батылдықты, сергектікті керек етеді» деді[3].
Өз жұмысының сипатына байланысты мұғалім ұйымдастырушы, жетекші, насихаттаушы болуы керек. Ол барлық жағынан оқушыларға өнеге, үлгі болуға тиісті, тіпті сыртқы келбетімен де тәрбиелейді. Сондықтан жаңа ғасырдың ұстазына қойылатын талап та күрделі. «Қыран – түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз – шәкіртіне талмайтын талап сыйлайды» демекші, ұстаз – қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықта дәрежеде дамытады. Ал жеке тұлғаға білім беріп, тәрбиелейтін, дамытатын, әрине – ұстаздар қауымы.
Әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие мен таусылмас білім ошағын санасына ұялатқан ұстазын мәңгілік есінде сақтайды. Алайда, талантты, шебер жаңа формация ұстазы болудың алғы шарты шебер мұғалімдердің жұмыстағы озат тәжірибесінен, педагогикалық еңбектің технологиясын зерттеп үйренуден басталады. Осындай жағдайда ғана білім алушылардың тұлғалық болмысы қалыптасып, егеменді еліміздің ертеңіне лайықты ұл мен қызы болатын жас ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздардың көбейтетініне кәміл сенімдіміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет