АҚТӨБЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Курстық жұмыс
«ЖАҢА ФОРМАЦИЯДАҒЫ МҰҒАЛІМ МОДЕЛІ»
(Педагогика пәні бойынша)
0111000 «Негізгі орта білім беру»
Орындаған:
Жетекшісі:
Ақтөбе – 2022
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.........................................................................................................3
1. ЖАҢАШЫЛ МҰҒАЛІМ БЕЙНЕСІ
1.1.Заманауи мектепте – заманауи мұғалім тұлғасы...................................5
1.2.Мұғалімнің кәсіби шеберлігі – білім сапасының кепілі ......................9
2. ЖАҢА ФОРМАЦИЯДАҒЫ МҰҒАЛІМ РОЛІ
2.1.Жаңа формациядағы мұғалім моделін қалыптастыру.........................14
2.2.Жаңа формациядағы мұғалімнің мәдени сипаты.................................17
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................23
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі Елімізде орта мектептің құрылымы мен мазмұнын жаңарту, 12 жылдық білім беруге көшу, жаңа форматтағы мұғалім қалыптастыру, оқу-тәрбие ісінің сапасын жаңа инновациялық технологияларды пайдаланып көтеру сияқты іргелі реформалар жүргізілуде. Бұл істе ұстаз басты әрі шешуші тұлға.Сонау ХХ ғасырдың басында «Мектептің тірегі де, тіреуі де оқыта білетін мұғалім» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқан. Яғни мұғалімнің іс-әрекеті оқыту процесінің көрсеткіштік өлшемі бола алады.
Егеменді еліміздің ұрпағына саналы тәрбие, сапалы білім беретін болашақ мұғалім мамандарын даярлайтын республикамыздағы педагогикалық оқу орындарының қатарында алпыс жылдан астам тарихы бар Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты да бар. Институт ректоры, профессор Ш.Беркімбаеваның басшылығымен қазақ мектебінің тарихы мен тәжірибесі, қазіргі қазақ мектебі, тәрбие жүйесінің этнопедагогикалық негіздері мен оқытудың инновациялық технологиялары, жаңа формациядағы мұғалім даярлау және ХХІ ғасырдағы қазақ мектебінің моделі жөніндегі өзекті мәселелер жүзеге асырылуда.
Әрбір мемлекеттің өсіп-өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы – осы ұстаз берген білім. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келетін кез келген мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің еншісіне тиері анық.
Жаңа формациядағы жаңашыл ұстаз:
ол рухани адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі мол, өзін-өзін көрсетуге ұмтылысы, пәннің әдіснамалық негіздерін, әлеуметтік, тұлғалық, коммуникативтік, ақпараттық және біліктіліктің басқа түрлерін меңгерген құзырлығы жоғары деңгейдегі білімді ұстаз.
ол өзінің пәнін біліп қана қоймай, сонымен қатар педагогикалық процестегі әр қатысушының орнын көре біліп, оқушылар іс-әрекетін ұйымдастырып, оның нәтижелерін алдын ала байқап, мүмкін болатын жағдайда арттақалушылықты реттеуі керек;
білімге ерекше қабілеті бар балалармен жұмыс істеуді жүзеге асыру қажет;
оқушылардың адамгершілік-рухани, азаматтық-патриоттық, көп мәдениетті, денсаулығын сақтау тәрбиесін жүзеге асыра білуі тиіс;
Ал жаңа формация мұғалімі дегеніміз кім деген сұраққа жауап іздейтін болсақ, Қазақстан Республикасының жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасында «Жаңа формация мұғалімі – кәсіби дағды мен педагогикалық дарыны қалыптасқан, жаңалыққа құмар, рухани дүниесі бай, шығармашылықпен жұмыс істейтін жеке тұлға» деп көрсетілген, яғни ол ізгілігі мол, әр іске жаңашылдықпен, үлкен ізденіспен зерттеуші ретінде қарайтын, ақпараттық технологияны толық меңгерген, бір сөзбен айтқанда, толыққанды құзырлы адам.Курстық жұмысымның өзектілігіде осында.
Достарыңызбен бөлісу: |