2. ЖАҢА ФОРМАЦИЯДАҒЫ МҰҒАЛІМ РОЛІ
2.1.Жаңа формациядағы мұғалім моделін қалыптастыру
Елімізде орта мектептің құрылымы мен мазмұнын жаңарту, 12 жылдық білім беруге көшу, жаңа форматтағы мұғалім қалыптастыру, оқу-тәрбие ісінің сапасын жаңа инновациялық технологияларды пайдаланып көтеру сияқты іргелі реформалар жүргізілуде. Бұл істе ұстаз басты әрі шешуші тұлға.Сонау ХХ ғасырдың басында «Мектептің тірегі де, тіреуі де оқыта білетін мұғалім» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқан. Яғни мұғалімнің іс-әрекеті оқыту процесінің көрсеткіштік өлшемі бола алады. Бұл орайда ұстаздың педагогикалық мәдениеті де үлкен орын алады.
Сонымен, оқыту дегеніміз – оқушылардың белсенділігін арттыру арқылы оқу-танымын ғылыми тұрғыда игерту, дүниетанымын және эстетикалық көзқарасын қалыптастыратын педагогикалық үрдіс. Бұл үрдіс тек қана білім берумен ғана шектелмейді, оқушының жан-жақты дамуына, ақыл ойы мен ойлау тәсілдеріне үйрету, талдау, салыстыру, жасау, қорытынды шығару – бұл мұғалімнің еңбегі, мұғалімнің кәсіби білік-дағдылары, оның жеке кәсіби – педагогикалық іс-әрекеті. Бұған мұғалімнің адамгершілігі, тәлім-тәрбиесі, ізденімпаздығы, зерттеушілігі жатады. Мұғалім кәсіби білімін үздіксіз жетілдірген кезде ғана оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін дамытып, оқуға деген қызығуын қалыптастыра алады. Бүгінгі таңда білім сапасын анықтауда түрлі бақылау, сараптау жүйесі енгізіліп, шығармашылықпен үздіксіз жұмыс жасап, іскерлік қабілетін ұдайы арттырғанда ғана қол жеткізеді. Оқушыға өз бетімен білім алуға, теледидар, компьютер, интернет т.б. ақпарат көздері арқылы жағдай жасауда мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің деңгейіне байланысты болады. Қазіргі кезеңде білім беру жүйесінің жаңаруы мұғалімнің алдына зор міндеттер жүктеліп отыр. Сондықтан, оқу үрдісін жандандыру, оқытудың әдістері мен тәсілдерін, пәнді игерудің тың технологиясын іздестіру – оқушылардың білім деңгейін, оқу ынтасын, белсенділігін арттырудың бірден-бір тиімді жолы. Сондықтан сол жолды шешу әрине, ұстаздың кәсіби педагогикалық іс-әрекетіне байланысты болады.
Ресейлік ғалым-әдіскер Н.В. Кузьмина педагогтың кәсібилігін былайша түсіндіреді: «Ол қалай оқыту, қалай тәрбиелеу, оқушынғы бір күйден екінші күйге қалай көшіру керектігін, педагогикалық мәселелерді қалай шешуге және үнемді жолдармен тәрбие мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға болатындығын біледі... педагог білімнің жүйесін анықтайды».Н.В. Кузьмина педагогтық іс-әрекетті екіге ажыратады:
бірін-бірі тәрбиелей отырып барлық адам айналысатын кәсіби емес педагогикалық іс-әрекет;
арнайы оқу-тәрбие мен білім беретін мекемелерде жүзеге асатын және кәсіби білімді, іскерліктер мен дағдыларды талап ететін педагогикалық іс-әрекет;
Достарыңызбен бөлісу: |