ҚОРЫТЫНДЫ Нағыз ұстаз , шынайы мұғалім - өскелең ұрпақтың бақыты, қоғамның мемлекеттің байлығы. Әрине, ұстаз деген ұғымның өзі мұғалімнен тек мамандығының шебері ғана емес, сарқылмас білім мен тәрбиенің кеніші, жан-жақты дамыған дар тұлға болуды талап ететіні белгілі.
Өсіп келе жатқан ұрпақ – адамзаттың болашағы, жалғасы. Артта қалған ұрпақ саналы болса, адам баласының жер бетінде жасуы да сан ғасырларға жалғаса береді. Білім күші құдіретті. Ол бар жерде үздіксіз даму жүреді. Бұдан біз білімнің қаншалықты маңызды екеніне көз жеткіземіз.
Жалпы қай заманда болмасын шығыс әлемінде білімге деген талап пен талғамның ерекше болғанын жоққа шығармау керек. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы- жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет.
Бала тәрбиесі ең алдымен, аға ұрпақтың жас жеткіншекке деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығынан, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттердің жиынтығынан туындайды. Атадан балаға ұласатын асыл құндылықтар үлкендердің әңгімесінен, іс-қимылынан танылып, сезім арқылы жүректен жүрекке беріліп отырған. Сондықтан егеменді ел жастарының санасына осы ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің мәні зор. Адамның адам болып қалыптасуында ата-аналармен қатар, тәрбиеші мен мұғалімнің ролі зор. Яғни мұғалім мамандығының иелеріне болашақ ұрпақты тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік жүктелген.
Адамзаттық асыл қасиеттердің жиынтығын алдымен мұғалім өз бойынан тауып алмай, оны жарыққа шығаруды әрекет етпей, оларды баламен қарым-қатынаста шынайы түрде іске асырмай, қоғам, болашақ алдындағы жауапты ісін өз деңгейінде атқара алуы мүмкін емес. Ал бүгінгі күні ұстаздың басты мақсаты- өзіндік адамгершілік құндылықтарын бала бойына дарыта отырып, оның рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жек тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарын дамыту.
Атап айтсақ, жаңа инновациялық оқыту технологияларын оқу үрдісіне тиімді пайдаланып, белгілі нәтижеге қол жеткізген мұғалімдермен жұмыс істеу. Оқу үрдісіндегі электронды оқулармен жұмыс жасауды, оқытуда эксперименталдық, авторлық бағдарламалармен айналысатын ұстаздардың озық тәжірибесін тарту сынды жұмыстарды іске асыру-негізгі мақсат болып табылады.