2-китап indd


Мемлекеттік тілдің мәртебесі неге төмен?



Pdf көрінісі
бет10/196
Дата17.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#117240
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   196
Мемлекеттік тілдің мәртебесі неге төмен?
– 
 Әбеке, бүгінгі әңгімеміздің негізгі желісі болып тартылатын мәселе 
– мемлекеттік тіліміздің бүгінгі жағдайы қандай және болашағынан не 
күтуге болады деген сұрақтар төңірегінде болмақ. Өзіңізге мәлім, Кеңес 
өкіметінің кеудесі басылмай тұрған уақытта-ақ, біздің халқымыздың 
өз тіліне деген ниет тазалығы айта қаларлықтай еді. Оның себебі сол 
кезеңдердің өзінде ұлттық әдебиетіміз бен мәдениетіміз қазақ тілінде 
дамыды, жетілді. Қиыр қыстап, шет қонған қазақ ауылдарының өзінде 
қазақ баспасөзінің тасы өрге домалап тұрды, әрбір кеңшардың шағын 
бөлімшелерінің өзінде қазақша кітапқа сөресі майысқан кітапханалар 
тоқтаусыз жұмыс істеді. Кірсең шыққысыз кітап дүкендерінің өзі 
қандай еді. Ауыл клубтарында қойылып жататын спектакльдер мен 
ойын-сауықтардың өзі біздің тіл мәдениетіміздің дамуына қаншама 
үлесін қосты. Осының бәрін санамалап айтып отырған себебім – өткен 
күннің елесіне емешегім үзілу емес, барымыздан айырылып, бағымыздан 
бас тартқандай болған бүгінгі күнімізге қапаланудан болса керек.


19
Өзіңіз басы-қасында болып, ыстығына күйіп, суығына тоңып жүрген 
«Қазақ тілі» қоғамының тұсауы, әлі есімізде, 1988 жылғы қазанның 21-інде 
кесіліп еді. Бұл біздің халық үшін елеулі оқиға болды Одан кейінгі кезеңде, 1990 
жылғы шілденің 1-нде «Тіл туралы заң» өз күшіне енді де оңымыздан күн, 
солымыздан ай туғандай әсерде болдық, 1992 жылдың қазан айында өткен 
«Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы» да жан дүниемізді жадыратып-
ақ тастап еді. Осыдан кейінгі іле-шала желтоқсан айында өткен 
республикалық «Қазақ тілі» қоғамының II құрылтайында айтылған сөздер 
мен байласқан серттер әлі күнге дейін есімізде. Аталмыш құрылтайда 
бүкіл бұқаралық ой-сананың түйіскен тұстарынан туындаған пікірлердің 
жиынтығындай болып көрінген «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының 
жарғысы» өмірге келіп еді. Біздің мемлекеттік тіліміздің өз дәрежесінде 
еркіндеп шығуына ықпал ететін де осы бір тарихи орны бар құжат деп 
таныдық. «Тіл комитеті болмаса ештеңе іс жүзіне аспайды» дедіңіздер, ол 
да өз кезегімен дүниеге келді.
Өткен-кеткеннің бәрін несіне термелеп отыр демеңіз, осы бір істердің 
бастаушысы да, қостаушысы да өзіңіз болған соң өткен уақыттың өрге 
сүйреген өршілдігі туралы болсын, өзек күйдірер өкініші болсын ортаға 
салсаңыз деген тілек бар еді. Қазақ тілі деген қасиетті қара нар қай қиядан 
асып, қай сайға барып шөгіп қалды екен, біздің соны білгіміз келеді.
– 
«Қазақ тілі» қоғамын құру үшін ғана қаншама еңбек жұмсалғанын 
бұл жерде айтып жатудың қажеті жоқ. Бұл өзі біздің халқымыздың қарық 
болғанынан құрылған немесе ұлтымызды ұлы етіп көрсеткіміз келгендіктен 
құрылған қоғам емес. Керісінше, керегесі кескіленген, туырлығы тесілген 
тума тілімізден айырылуға жақындап қалғандағы тұяқ серпер болса да бір 
қимылдап қалудың қажеттігінен туындап еді.
Әуелгі 1985 жылдан басталған жылы лепке бет төсеп, жүрек жібіте 
бастағаннан кейінгі уақытта қайта құру, жариялылық, демократияны 
тереңдету деген саяси тепкішектерге табан тіреп қалғымыз келді. Өйткені 
осы бір кезеңдерде тұтас ұлттардың өткен тарихын таразылауға, бүгінгісін 
бажайлап, болашағын болжамдауға жол ашылғандай болды. Мұның ең 
басты бір көрінісі ана тіліміздің мемлекеттік мәртебе алуы еді. Әрине, бұған 
әсер еткен КОКП Орталық Комитетінің 1989 жылғы Қыркүйек пленумында 
қабылданған ұлттық саясат жөніндегі платформасының қабылдануы екені 
аян.
Қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алғаннан кейінгі уақытта осы 
жетістікке тойынып, тоқырап қалуға болмайтыны өзінен өзі белгілі 
болатын. Оның себебі, Қазақстандағы қазақ тілінің қолдану аясының 


20
тым тар мөлшерде екені беп-белгілі тұрған жай ғой. Міне, сондықтан да 
қалайда «Қазақ тілі» қоғамын құруымызға тура келді. Әрине, бұл туралы 
ел арасында қарсы пікірлер де болды. Бұдан кейін ең бірінші, Қазақ КСР-
інің Тіл туралы заңын жасау міндеті кезек күттірмейтін мәселе екендігі 
айқындалды да бұл заңның жобасы бекітіліп, 1990 жылдың 1-шілдесінен 
бастап өз күшіне енді. Ендігі кезекте осы Тіл туралы заңды жүзеге 
асырудың жолдарын нақты белгілеп беретін Мемлекеттік бағдарлама 
жасалды. Қазақ КСР Ғылым академиясында терминологиялық орталық 
құру, «Қазақ тілі» атты журнал шығару, қоғамның қаражаты, жарна 
туралы ұсыныстардың бәрі дерлік «Қазақ тілі» қоғамының тарапынан 
түсті десе болар. Бұл мәселелер туралы сол кезеңдегі баспасөз беттерінде 
де кеңінен сөз қозғалды.
Шындығын айту керек, мемлекеттік тіл – қазақ тілі үшін сол кездегі 
халық арасындағы мәдени және саяси қозғалыстың кең ауқымдылығы 
кісі қуантарлықтай еді. Менің өзім Дүние жүзіндегі 10 миллионға жуық 
қазақтардың 2-3 миллионы «Қазақ тілі» қоғамына мүше болады деген 
дәмегөй ойда едім.
– 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет