2-китап indd



Pdf көрінісі
бет7/196
Дата17.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#117240
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   196
«Тіл мәдениеті»
– ауқымды кең ұғым, алдымен, «мәдениет» 
деген сөздің өзі айтып тұрғандай, бұл, біріншіден, тілдің дұрыстығы, 
қолайлылығы, көркемдігі, жүйелілігі дегенді білдірсе, екіншіден, тілдің 
осы сипаттарымен жұмсалуын талап ету дегенді танытады. Бүгінде қазақ 


15
тілінің ағартушылық, қоғамдық, мәдени, рухани қызметі мен атқаратын 
жүгі арта түсуде. Бұл жүк оның көпшілікке түсінікті, баршаға ортақ және 
белгілі нормаларға бағынған сипатта жұмсалуын, яғни тіл мәдениетін 
талап етеді. 
Бұл тұрғыдан келгенде, ең алдымен ана тіліміздің сөздік қазынасын 
дұрыс пайдалану мәселесі сөз болуға тиіс, өйткені, бұл бүгінгі танда шешетін 
тұстары ұлғайған, әрқилы талас туғызып отырған мәселеге айналуда. 
Соның бірі – көркем әдебиетте және бұқаралық ақпарат құралдары тілінде 
әр сөзді орнымен дұрыс қолдану, әдеби тілде жергілікті сөздер мен көне, 
сирек, қарапайым сөздерді пайдаланудың бағыт-бағдарын, шама-шегін 
айқындау мәселесі. Қазақ көркем әдебиетінің сөз мәдениетіне арнап, 
Академияның тіл білімі, әдебиет пен өнер институттары Жазушылар 
одағымен бірлесе отырып, 1986 жылы ғылыми практикалық мәслихат 
өткізгені белгілі. Мұнда қазақ көркем прозасындағы әдеби тіл мен көркем 
тіл нормаларынан ауытқушылықтың, тілге деген жауапсыздықтың орын 
алып келе жатқандығы айқын мысалдармен көрсетіліп, ана тіліміздің 
жүйелі заңдылықтары мен әсемдігін сақтаудың бағыт-бағдары ұсынылған 
болатын. Сондықтан биылғы өтетін мәслихатта әңгіме арқауы негізінен 
бүгінгі баспасөз бен радио, теледидар тілі болғаны абзал. 
• 
Тіл тәрбиесі бесіктен басталады
• 
Мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру оның қолданылу аясын 
кеңейтуге байланысты
• 
Тіл мәдениеті тазалығымен жоғары
Келесі мәселе 
терминология
саласына
қатысты болмақ. Мұнда 
терминдердің жасалу принциптерін айқындап, заман талабына, қоғамдық 
жаңа үрдіске байланысты дұрыс деп табылғанын берік ұстану, яғни термин 
жасауда төл сөздеріміз бен кірме сөздердің қатысын айқындау, олардың 
тұлғалануын реттеу: бөлек не бірге жазу, түбірін сақтап не кіріктіріп айту, 
кірме терминдердің қазақша айтылуы мен жазылуын сөз ету сияқты 
мәселелер мәслихат талқысына салынады. 
Бүгінгі сауатты, мәдениетті қауымды алаңдатып отырған тағы бір 
келесі мәселе – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет