2-китап indd


Мемлекеттік тілдің жайын ойласақ



Pdf көрінісі
бет6/196
Дата17.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#117240
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   196
Мемлекеттік тілдің жайын ойласақ
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы құзырындағы 
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Министрлер 
кеңесі жанындағы тіл комитеті, Бұқаралық ақпарат құралдары 
министрлігі, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесе отырып, 
үстіміздегі (1994ж.) қазан айында тіл мәдениетіне арналған ғылыми-
практикалық мәслихат (конференция) өткізуді қолға алып отыр.
Көпшілікке белгілі, бүгінгі таңда қалың жұрттың назарын өзіне 
аударып отырған өзекті мәселелердің бірі – мемлекеттік мәртебе алған 
тіліміздің өз мәртебесіне сай атқаруға тиісті әлеуметтік қызметін 
жандандырып, қолданыс аясын кеңейтуге байланысты қоғам тарапынан 
істелетін істер мен нақтылы шараларды айқындау болып саналады. 
Мәселе өте күрделі әрі ауқымды: балабақшадағы бүлдіршіндерден 
бастап жоғары оқу орындарында мамандық алатын жастарға дейін 
қазақ тілінде тәрбиелеп, оқытып, білім беру, кеңсе-іс қағаздарын 
мемлекеттік тілде жүргізу, ғылымды қазақ тілінде сөйлету, шаршы топ 
алдында ана тілінде дұрыс та таза, шешен сөйлеу – міне, осылардың 
барлығы кезек күттірмейтін тілдің өзекті мәселелері. Бұлардың бірі 
бәсеңдеу, бірі қарқынды түрде жүзеге асырылып жатқаны да белгілі. 
Алайда осыған қарап мемлекеттік тіліміз қоғам тіршілігінің барлық 
саласында бірден дұрыс қызмет атқарып жатыр деп айтуға болмайды. 
Өйткені, мәселе оның әйтеуір бір жұмсалуында емес, табиғи әсемдігі 
мен әуезділігін бұзбай, қалыптасып қалған заңдылығы мен әдеби 
(жазу, сөйлеу) нормаларының қатал сақталуында, ұлан-асыр сөз 
байлығының кең пайдаланылуында болып отыр. Қысқасы, қоғам, 
зиялы қауым алдында мемлекеттік тіліміздің беделін көтеріп, бүгінгі 
үрдіс пен биік талаптарға сай оның әлеуметтік мәнін арттырып, әдеби 
тіл нормаларының көпшілікке ортақ, қолайлы да сындарлы сипат алып, 
бірізділікпен жұмсалуына ат салысу міндеттері тұр. 
Күн тәртібіндегі толғағы жеткен осы мәселелерді саралай келіп, 
алдағы мәслихатымыздың (конференциямыздың) тақырыбын «Тіл 
мәдениеті» деп атап, оның мақсат-міндеттерін осы тұрғыдан анықтауды 
мақұл көрдік. 
Әрине, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет