2-китап indd



Pdf көрінісі
бет98/196
Дата17.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#117240
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   196
деген пі
кірге 
не айтар едіңіз?
- Қоғамның барын Құрылтайға келгендер өз көздерімен көре жатар. 
Ал, айтылған пікір айтыла берсін. Қоғам қазір өз бағдарымен жұмыс 
істеп жатыр. Егер Үкімет тарапынан қаржы бөлінсе, жұмыс жандана 
түсер еді. Облыстарда бөлімшелеріміз бар. Онда тек тілдің нағыз 
жанашырлары жұмыс істеп жүр. Рас, өз пайдасы үшін қоғамға төраға 
болғысы келетіндер де кездеседі.

Қазір қоғамның кемшілігін айтатын кез емес, басқа мәселені 
қозғауымыз керек қой. Кезінде «Қазақ тілі» қоғамына марқұм Өзбекәлі 
Жәнібеков көп көмектесті. Қазір жоғарғы құрамда осы қоғамды 
қолдайтын кісілер бар ма?
- Иманғали Тасмағамбетов бар. Ол бұрынғы қызметінде жүргенде 
мемлекетгік тіл мәселесін қозғап, облыстарда тіл басқармаларын ашуды 
қозғап еді. Соның арқасында бірқатар облыстарда басқармалар ашылды 
да.
Бірақ Иманғали басқа қызметке кетті де бұл әңгіме басылыңқырап 
қалды.
Төрт облыстың іс-қағаздарын қазақшалау мәселесіне де араласқан 
осы Иманғали. Дегенмен сол облыстарда әлі де көзбояушылық бар, тіл 
мәселесінің орындалып жатқаны шамалы.
- Мына Қызылорда облысы мемлекеттік тілге көшкен соң 
әкімдіктегі жиналыстар қазақ тілінде өтетін болыпты. Соған 
жергілікті орыстілді журналистер «ақпарат алу қиындап кетті» 
деп шу шығарды. Оны сөз бостандығын қорғайтын «Әділ сөз» қоры 
заңсыз деп тауып отыр. Төрт облысты қазақшалау туралы қаулы мен 
«Тіл туралы» заң екеуі екі жаққа тартып тұр. Сондықтан ертеңгі 
Құрылтайда «Тіл туралы» заңға өзгеріс енгізіп, толықтырулар жасау 
туралы айтыла ма?


228
- Біздің талабымыз міне осыған байланысты. Өйткені, Конституцияда 
да, «Тіл туралы» заңда да осы екі тіл қоса қабат тұр. Бұл арада мемлекеттік 
тіл – қазақ тілі деп жазылуы керек. Жанында ресми тіл деген болмауы тиіс. 
Біздің талап осы. Егер осы заңға өзгеріс енгізе алмасақ, бәрі бос сөз болып 
шығады. Мұны біз міндетті түрде қозғаймыз.
 «Ана тілі», №46, 11.11.2004 ж. (Сұхбаттасқан Н. Саматұлы)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет