2 курс білім алушыларға арналған практикалық сабақТЫҢ Әдістемелік нұСҚаулығЫ



бет7/14
Дата15.11.2023
өлшемі2,47 Mb.
#123985
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
8-такырып

Тұрақты ток машинасының құрылысы
Кез келген электр машинасы статор деп аталатын қозғалмайтын бөліктен, ротор деп аталатын қозғалатын бөліктен және якорь мен подшипникті екі қалқаннан тұрады. 2.8.2-суретте тұрақты ток машинасының құрылғысы көрсетілген.
Статор станинадан, электромагнит полюстері жұқа болат қаңылтырлардан жасалған, бір-бірінен жылтырсырлы кілегеймен немесе жұқа қағаз қаңылтырлармен оқшауланған өзекшелерден тұрады. Өзекшелерге машинаның қоздыру орамасы табылатын, мыс сымдарынан жасалған орауыштар кигізілген.
Станина полюстер мен подшипниктерді бекітуге қызмет етеді және магнит тізбегінің бөлігі болып табылады, себебі сол арқылы машинаның магниттік ағыны тұйықталады. Сондықтан станинаны механикалық беріктілігі жеткілікті, магниттік өтімділігі үлкен материал – болаттан жасайды.
Тұрақты ток машиналарында якорь (3) деп аталатын машинаның роторы электромагниттің өзекшелері сияқты жұқа болат қаңылтырлардан құрылған цилиндрлік дене тәріздес. Машинаның якорінде катушканы (5) орналастыру үшін паздар жасалады, ораманың шығыстары бір-бірінен және біліктен ток өткізбейтін материалмен (миканит) оқшауланған, коллектордың (1) пластиналарына бекітіледі.
Коллектордың сыртқы бетіне траверса арқылы машинаның қозғалмайтын бөлігіне бекітілген щеткалар орналастырылады. Якорь айналғанда онымен қоса коллектор да айналады, ал щеткалар оның бетімен сырғып, қозғалмайтын күйде қала береді. Якорьдің білігі подшипникті қалқандарда бекітілген подшипниктерде айналады.

2.8.2-сурет. Тұрақты ток машинасының құрылысы:1-коллектор; 2-қылшық (щетка); 3-якорьдің өзекшесі; 4-бас полюстің өзекшесі; 5-полюстік орауыш; 6-станина (корпус), 7,10-подшипникті қалқандар; 8-желдеткіш; 9-якорь орамасы

Егер бір емес, екі орамнан тұратын орамалы якорьге ораса, және ол орамдарды якорьде бір-біріне перпендикуляр етіп орналастырса, ол кезде якорь айналғанда пайда болатын электр қозғаушы күштерінің бір-бірінен фаза бойынша айырмашылығы болады. Бір орамда ЭҚК-і нөлге тең болған кезде, екінші орамда ЭҚК-і масимал мәніне ие болады.


Заводтардың шығаратын тұрақты ток машиналарының якорінің орамалары орауыштарының және коллектордың пластиналарының саны айтарықтай көп болады. Ораманың орауыштары және коллектордың пластиналары санының сәйкесінше артуымен генератордың щеткаларында (шығысында) шамасы бойынша тербелісі өте аз қосынды кернеуді алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет