2 курс білім алушыларға арналған практикалық сабақТЫҢ Әдістемелік нұСҚаулығЫ


Тұрақты ток генераторының әрекет ету принципі



бет8/14
Дата15.11.2023
өлшемі2,47 Mb.
#123985
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Тұрақты ток генераторының әрекет ету принципі
Кез-келген электр генератордың әрекеті электромагниттік индукция заңын қолдануға негізделген. Сондықтан тұрақты ток генераторы айнымалы ток генераторы секілді полюстардан және орамалы якорьден тұрады. Ең қарапайым генератор N және S полюстерінің магнитті өрісінде айналатын орам болып табылады (2.8.3-сурет).



RH

2.8.3-сурет. Тұрақты ток генераторының эквивалентті сұлбасы

(1) орамда айнымалы ЭҚК пайда болады. Орам ұштарын ораммен бірге айналып тұратын контактілі сақиналарға қосқан кезде, қозғалыссыз қылшақ (2), (3) арқылы жүктемеде айнымалы ток өтеді. Яғни мұндай машина айнымалы ток генераторы деп аталады. Айнымалы токты тұрақты токқа түрлендіру үшін орамында ықпалдандырылатын айнымалы токтың механикалық түзеткіші ретінде рөл ойнайтын коллекторды қолданады. (1) орам ұштарын коллекторлы пластиналар деп аталатын екі мыс жартылай сақинаға (сегменттерге) қосады. Орамның айналуы кезінде коллекторлы пластиналар (2), (3) қылшықтарының әрқайсысы не бір не басқа пластиналармен жанасатын машина біліктерімен бірге айналады.


Коллектордағы қылшықтар орамда пайда болатын ЭҚК-і нөлге тең болған кезде, олар бір пластинадан екіншісіне өте алатындай етіп орнатылады. Осылайша, (2) қылшық кез келген уақытта S полюсі астында орналасқан өткізгішпен байланыста болады. Ал (3) қылшығы әрқашан тек полюстің астында орналасқан өткізгішпен ғана байланыста болады. Демек, (2) және (3) қылшықтардағы ЭҚК таңбасын өзгертпейді және электр тізбегінің сыртқы бөлігіндегі ток бір бағытта (2) қылшықтан R кедергі арқылы (1) қылшығына дейін ағып өтеді.
Сыртқы тізбек ішіндегі ЭҚК бағыты өзгеріссіз қалады және оның шамасы уақытпен өзгереді және тұрақты емес лүпілді ЭҚК пайда болады. Тиісінше, сыртқы тізбектегі ток та лүпілді болады (2.8.4 а, б-сурет).



R

2.8.4 а-сурет.




2.8.4 б-сурет.

Тұрақты ток генераторы құрылғысының сұлбасы:
1-орам; 2,3-қылшықтар




ЭҚК-тің уақыт бойынша өзгерістері: а – орамада (ев); б – екіколлекторлы пластинадағы қылшықтарда (ещ); в – төрт коллекторлы пластинадағы қылшықтарындағы (ещ)



Тұрақты ток машиналарының жұмыс ерекшеліктерін қарастырайық.
Ток қылшықтың ағымдық өтпелі контактысы арқылы өткен кезде, коллекторда ұшқын пайда болуы мүмкін. Ол әрине, керек емес. Себебі ол коллекторды және қылшықтарды бұзады. Ұшқынды азайту үшін коллекторды мерзімді жону, өңдеу және басқа да сырғушы контактіні жақсы күйде сақтау үшін шаралар орындалуы керек.
Якорьдың ағымы машинада өзіндік магниттік ағын жасайды. Ол машинаның магниттік ағындарын бұрмалайды және тіпті азайтады. Бұл құбылысты якорь реакциясы деп атайды. Якорьдың реакциясы себебінен машинаның ЭҚК-і төмендейді және коллектордың жұмыс жағдайы нашарлайды. Сонымен қатар қылшықтар астында ұшқындар арта түседі. Машинаның негізгі (1) полюстары арасында коммутацияны жақсарту үшін қосымша тіректер (2) орнатылады (2.8.5-сурет). Коллектордың орамдар тоғы коммутация аймағында якорьдың магнитті ағынына қарама-қарсы магнитті ағынды жасайды.

2.8.5-сурет. Қосалқы полюстерді орауды қосудың схемасы. 1-негізгі полюстер; 2- қосалқы полюстер; 3-компенсациялық орамы.

Машинаның негізгі полюстерінің ойықтарында якорь реакциясын толығымен өтеу үшін (3) компенсациялық орамды орналастырады. Осы ораммен пайда болатын ағым якорь орамасына қарсы бағытталған.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет