2 курс білім алушыларға арналған практикалық сабақТЫҢ Әдістемелік нұСҚаулығЫ



бет14/14
Дата15.11.2023
өлшемі2,47 Mb.
#123985
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
8-такырып

Синхронды машинаның роторы. Синхронды машинаның роторы құрылысы бойынша айырмашылықта болатын екі түрде болуы мүмкін: айқын полюсті және айқындалмаған полюсті (2.8.10-сурет).
Айқын полюсті роторда айқын көрсетілген полюстер болады, оның әрбір полюсін, өзекшеден 1, полюстік ұштамадан 2 және полюстік орауыштан тұратын жеке тораптар түрінде орындайды.
Полюстердің өзекшелері қалыңдығы 1-2 мм болатын электротехникалық болаттан жасалған қаңылтырлардан жиналады және шпилькалардың көмегімен тартылады. Ротордың барлық полюстері машинаның магниттік жүйесінің мойынтұрығы болатын тоғынға 4 бекітіледі, онда полюстердің ағындары тұйықталады. Гидрогенераторлардың білігін әдетте тік оналастырады.
Айқындалмаған полюсті ротор, қоздырушы орама үшін бетіне жонғыланған ойықтары бар созылған болат тәріздес болады. Айқындалмаған полюсті ротордың өзекшесін тұтас шыныққан болаттан жасайды.

2.8.10-сурет. Синхронды машиналардың роторының құрылысы

Айқындалмаған полюсті ротордың қоздырушы орамасы оның бетінің (периметрі бойынша) 2/3 бөлігінде орналасады. Беттің қалған 1/3 бөлігін полюстер алады. Ротор орамасының маңдайша бөлігін ортадан тепкіш күштің қирату әрекетінен қорғау үшін роторды екі жағынан болаттан жасалған құрсаулық сақиналармен қорғайды, олар әдетте беймагниттік болаттан жасалады.




Синхронды машинаның жұмыс істеу принципі
Синхронды машиналарда статорды якорь деп, ал роторды индуктор деп атайды. Индуктор - машинаның магнит ағының тудыратын бөлігі, ал якорь машинаның онда энергияны түрлендіретін бөлігі (2.8.11-сурет). Егер қоздырушы орамға тұрақты кернеу беріп және оны айналдырса, онда қоздырушы ағын статордың үш фазалы орамасын қиып, ЭҚК индукциялайды, оның бағыты оң қол ережесімен анықталады: ЭҚК жилігі:
немесе (2.8.14)

2.8.11-сурет. Синхронды генератордың жұмысы


Жүктеме кезінде статор орамасы ротор өрісінікіндей жылдамдықпен айналатын магнит өрісін тудырады, осы себептен оларды синхронды машиналар деп атайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет