2 курс білім алушыларға арналған практикалық сабақТЫҢ Әдістемелік нұСҚаулығЫ



бет10/14
Дата15.11.2023
өлшемі2,47 Mb.
#123985
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Тәуелсіз қозуы бар генератор. Тәуелсіз қозуы бар генератордың артықшылығы – қоздыру тоғы және кернеудің жүктемеде салыстырмалы түрде аз өзгеруін нөлден бастап үлкен ауқымда U кернеуді реттеу мүмкіндігі. Дегенмен, генераторлардың қозу орамдарын қуаттау үшін сыртқы тұрақты ток көздері қажет.
Параллельді қозуы бар генератор. Мұндай машиналардың қоздыру орамалары шунттық деп аталады, қылшық арқылы якорьдің орамасына параллель жалғасады. Қажет болған жағдайда мұндай генераторларды тәуелсіз қоздыру схемасымен де қосуға болады.
Тізбекті қозуы бар генератор. Тізбекті қозуы бар генераторда кернеу жүктеменің өзгеруімен айтарлықтай өзгереді. Ал бос тұрған кезде ол нөлге жақын. Мұндай генераторлар электр тұтынушыларының көпшілігін қуаттау үшін жарамсыз. Олар тек электр қозғалтқыштарында тежеу кезінде қолданылады. Бұл жағдайда генераторлық режимге ауыстырылады.
Аралас қозуы бар генератор. Бұл генераторда екі қозғау орамасы бар: негізгі (параллельді) және қосалқы (тізбекті). Екі орамды үйлесімді қосу жүктемені өзгерткенде шамамен тұрақты генератор кернеуін алуға мүмкіндік береді. Тізбекті және параллельді қозу орамдарын қарсы қосу қысқа тұйықталу тоғының шектелуін қажет ететін дәнекерлеу генераторларында және басқа арнайы машиналарда қолданылады.
Асинхронды машиналар
Асинхронды машиналар ең көп қолданатын электр қозғалтқыштар. Асинхронды қозғалтқыштың айналу жылдамдығы тек тоқтың жиілігінен ғана емес, оған қосымша біліктіге жүктемеге де байланысты болады. Асинхронды машина негізінен екі бөліктен тұрады: қозғалмайтын бөлік - статордан және айналмалы бөлік – ротордан (2.8.7-сурет). Статормен ротордың арасында (0.2-3мм) ауа саңылауы бар. Ауа саңылау үлкейген кезде қуат коэффициенті (cos 𝜑) және қозғалтқыштың айналмалы иін күші азаяды.

2.8.7-сурет. Бөлшектелінген түрдегі асинхронды қозғалтқыш:
а-статор; б-қысқа тұйықталған ротор; в-фазалық ротор;
1-тұғыр; 2-қалыпталған болат беттерден жасалған өзекше; 3-орама; 4-білік; 5-түйіспелі сақиналар

Статордың өзекшесі жұқа электротехникалық болат табақтардан жиналады, ал орамасын жатқызу үшін арнайы ойықтар штампыланады. Статор орамасымен бірге, машинаның қозғалмайтын табанына бекітіледі. Ротордың өзекшесіде электротехникалық болат табақтарынан жиналады да машинаның білігіне бекітіледі. Ротордың құрылысына қарай асинхронды қозғалтқыш екі түрге бөлінеді: ротор қысқа тұйықталған және фазалы ротор бар. Статордың орамасы арқылы үш фазалы айнымалы ток өткен кезде айналмалы магнит өріс құрылады. Бұл өріс статормен ротордың арасындағы ауа салқындауында тиісті жиілікпен айналып ротордың орамасының өткізгіштіктерін кесіп өтеді. Орамада ЭҚК пайда болады, оның әсерімен орамада ток аға бастайды.


Ротор орамасының өткізгіштіктеріндегі ток пен статордың айналмалы магнит өрісінің арасындағы әрекеттесудің арқасында механикалық күш пайда болады, оның бағыты «сол қол» ережесі бойынша анықталады.
Механикалық күшті ротордың радиусына көбейтсек айналдырушы иіндегі күшті табамыз, яғни
(2.8.8)
Ротордағы өткізгіштердің саны көп болғандықтан жеке айналдырушы иін күштердің қосындысына тең қозғалтқыштың иін күші үлкейеді де, оның әсерімен ротор айналмалы магнит өрісінің айналу жағына айналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет