2. Петициялық қозғалыстың басталуы Қарқаралы петициясы



бет4/6
Дата27.10.2022
өлшемі42,14 Kb.
#45865
1   2   3   4   5   6

Діни мәселелер


Қазақтар петииияда өздерінің діни істеріне басшылық етуді Орынбор діни басқармасының қарамағына беруді талап етті. Сондай-ақ қазақтар мешіттер мен медреселер салуына еркіндік берілуін, діни әдебиеттер басып шығару үшін баспаханалар ашылуын өтініш ретінде ұсынды. Меккеге қажылыққа емін-еркін барып келуді, қазақ ауылдарына христиан дінін таратушы миссионерлердің баруына тыйым салуды талап етті. Жасы кәмелетке жетпеген қазақ жастарының басқа дінді қабылдауына тыйым салу талабы да қойылды.
Петицияларда әр болыста діни алым-салықтарды жинайтын арнаулы адамдардың болуы, түскен мал мен қаржыны кедей отбасынан шыққан шәкірттердің оқуына жұмсау көзделді.

Қазақ тілі


Петицияларда мектеп қабырғасында Ислам діні негіздерінің міндетті түрде оқытылуы, «орысша сауат ашуды» содан кейін қолға алу талабы койылды. Петицияда мектептерде христиан дінін оқытуға үзілді-кесілді қарсылық білдірілді. Қырғыз (қазақ. - авт.) халқына бастық болғысы келгендердің қырғыз тілін білуі тиіс екендігі атап көрсетілді. Петицияда іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу талап етілді.[1]

Сот ісі


Қазақтар дала тұрғындарын сот, тергеусіз әкімшілік жолмен жер аудару ісіне наразылық білдірді. Дала генерал-губернаторы қазақтарды кез келген болмашы мәселе бойынша да жер аударып жіберуге құқықты еді. Неке және отбасы мәселелерін әскери губернатор мен уез бастықтарының қарауынан алып, бітістіруші судья құзырына беру талап етілді. Кісі өлімі болған жағдайда айыпты адамның жазаға тартылуымен қатар қазақтардың дәстүрлі құқық заңы бойынша құн төлетуге өтініш білдірілді. Округтық соттың жанында міндетті түрде ақылдастар алқасы болуы тиіс деп атап көрсетілді. Сондай-ақ айыпталушының міндетті түрде қорғаушысы болуы, билер сотының жергілікті отаршылдық билік орындарына емес, Әділет министрлігінің қарамағына өтуі талап етілді.

Жер мәселесін шешудің жолдары


XX ғасырдың бас кезінде жер мәселесі одан әрі шиеленісе түсті. Сондықтан да петицияларда бұл мәселеге ерекше зор көңіл бөлінді. Шекара шебіндегі ені он шақырымдық алқаптың және соңғы 20 жыл ішінде тартып алынған жерлердің өзінің бұрынғы заңды иелеріне қайтарып берілуі талап етілді. Ал қазақтардың бұған дейін көшіп-қонып жүрген аумақтарындағы басы артық жерлер Кавказ бен Ресейден қоныс аударып келетін мұсылмандарға ғана берілуі ұсынылды. Қыстаулар мен жазғы жайлаулар өздерінің бұрынғы иелерінің қарауында қала беруі тиіс деп көрсетілді.
Петицияларда қазақтардың орман байлығын еркін пайдалану құқығына байланысты талаптар да қойылды. Сондай-ақ қазақтарға олардың көші-қон аймағындағы тұзды және балық өсетін көлдерді қайтарып беру жөніндегі өтініштер де айтылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет