№ 2 практикалық сабақ тақырыбы: XIX ғасыр әдебиетінің қазақ әдебиеттану ғылымында зерттелуі. XIX ғасыр әдебиетінің теориялык тарихы. Әдеби шығармалардың жанрлық-көркемдік сипаттары
Сабақ жоспары:
1. ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ әдебиетінің негізгі сипаттары, басты сарындары.
2. Әдебиет және қазақ қауымының әлеуметтік тұрмыс-тіршілігі.
3. XIX ғасырдағы әдебиет үлгілерінің сақталуы, басылым жайы.
4. Қазақ әдебиеті тарихында бұл дәуір әдебиеттің жанрлық, көркемдік негіздер жөнімен зерттелуі, бағаланып, ғылыми жүйеге түсуі.
5. Ш.Уәлиханов, В.Радлов, Т.Потанин, т.б. шығыстанушы зерттеушілер қазақ әдебиеті туралы. Шоқан Уәлихановтың қазақ өлеңін тұңғыш рет ғылыми негізде түрге бөлуі.
Сабақтың мақсаты: XIX ғасырдағы әдеби мұраны қазақ әдебиетінің бай тарихын әдебиет теориясы, әдеби сын аясында ала отырып, сол мұрамен сабақтастықта қарастырып, ғылыми негіздер жөнінен жүйелеп танысу; бұрын-сонды жасалған, тиянақталған зерттеу проблемаларын меңгере отырып, әдебиет тарихы мәселелерін әрі қарай карастыру, ғылыми негіздерді тарату, ашу, айғақтау, бекіту.
XIX ғасырда жаңа сапаға көтеріліп, түрлі жанрда жасаған бай әдеби мұраны көркемдік арналар, жаңа мән, сипаттарға ойысудың беталыс, бағдарлары, көркем ойдың даму заңдылықтары тұрғысынан ғылыми негіздеуді жетілдіру, жандандыру.
Студентерге өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалар: (мына сұрақтар мен тапсырмаларды жазбаша түрде орындау қажет):
1. XIX ғасырдағы әдеби мұраны хатқа түсіріп, жүйелеп, тұжырымдаудағы Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, Г.Потанин, B.Радлов, Ильминский, Ә.Диваев, М.-Ж.Көпеев, X.Досмұхамедұлы, А.Байтұрсынов, М.Әуезов, С.Сейфуллин, C.Мұқанов, Ә.Қоңыратбаев, Е.Ысмайлов, Қ.Жұмалиев, т.б. ғалымдар еңбектері.
2. М.Әуезов, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, Ә.Бөкейханов, т.б. қазақ әдебиеті тарихын жасауды қолға алуы. Әдебиеттің түрі мен тегіне байланысты жанрлық классификация жасауы.
3. Қазақ әдебиеті тарихының, қазақ әдебиеті теориясының алғашқы оқулықтары. Олардың ғылыми жүйесі.
4. XIX ғасыр әдебиетінің XIX ғасырдың I жартысындағы, II жартысындағы әдебиет болып бөлінуі, түрлі ағым-бағыттардың, әдеби әдіс-тәсілдің белгілі бір кезеңдердегі айқындалу жөндері. Әдеби мұраны бағалау жайлы 1957 жылғы партия қаулысы.
Сызбалар, тапсырмалар және ситуациялар (мына тапсырмаларды жазбаша түрде орындау қажет):
1. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басында қазақ әдебиетінің, фольклорының дамуына үлес қосқан ақындарға қандай атаулар берілген?
2. Нәзирагөйлік дәстүрде қайта түлеген шығармаларды атаңыз?
3. Нәзирагөйлік дәстүрдің әдеби байланыс түріндегі көрінісі жайлы қандай зерттеушілер пікір айтқан?
4. XIX ғасырдағы әдебиеттің дәстүрлі әдеби үлгілермен сабақтастық, ерекшелік жөннен зерттелу мәселелері.
5. Ауызша әдебиет пен жазба әдебиет үлгілерін айқындай, саралай түсу мәселелері. Жазба әдеби тілдің табиғатына бойлай түсу, жанрлық даму, т.б. мәселелер.
6. ХХ ғ-дың 60-жылдары, кейінгі кезең әдебиеттану ғылымындағы күрделі зерттеулер. Жаңа тенденциялар. Әдеби мұраның басылым ісінің жандануы. Әдебнет мәселелерінің кең ауқымды жанрлық, стильдік, тарихилық, т.б. жолмен соны зерттеулермен толығуы.
7. Арнайы монографиялық еңбектер. Әдебиеттанудағы ақтандақтарды толықтыру жолдары. XIX ғасырдағы қазақ әдебиетін зерттеуді ілгері дамытудың өзекті мәселелері.
Блиц-тест (сұрақ нөмірін қойып, жанына дұрыс жауаптың әріпін көрсету керек):
1. «Махамбет – өмiрдегi қасiреттiң синонимі, өнердегi қасиеттiң символы» деген пiкiрдi кiм айтты?
А) З.Қабдолов С) Х.Сүйiншәлиев
В) М.Әуезов D) Б.Омарұлы Е) С.Мұқанов
2. Исатай-Махамбет бастаған көтерiлiс жыршысының бiрi, шығармалары Махамбетпен үндес ақын.
А) Сүйiнбай С) Шернияз
В) Шөже D) Балта Е) Жанақ
3. «Ел ұстап жұрт билейтiн қылығың жоқ, хан емес қас қатынсың мұңдар қу бас!» – деген өлең жолдарының авторы кiм?
Достарыңызбен бөлісу: |