2-ші ДӘріс тақырып: Көп қоректі турақанаттылар. Мақсат: Көп қоректі турақанатты зиянкестермен танысу


Қара жолақты саяқ шегіртке – Oedaleus decoris Germ



бет10/26
Дата07.02.2022
өлшемі48,65 Mb.
#24956
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26
Байланысты:
2 дәріс, ауылшар.дақыл АГ қаз. 2022 (1)

Қара жолақты саяқ шегіртке – Oedaleus decoris Germ


1 – сыртқы пішіні; 2 – дернәсілі;

Қазақстанда кең таралған. Солтүстік облыстарда қуаң далалы, оңтүстік облыста ойпаңдау ылғалды, оңтүстік шығыста таулы жерді мекендейді. Денесін қара дақ басқан, жасыл немесе сұрғылт-қоңыр түсті ірі шегіртке. Жотасында Х тәрізді ақшыл түсті таңба, ал үстіңгі қанатының түпкі бөлігінде 2 қара жолақ болады. Артқы сирақтары қоңыр немесе қызғылт. Аналықтарының ұзындығы 25-43мм, аталықтарінікі 18-31мм.

Шегіртке дернәсілі оңтүстікте мамыр айының бірінші жартысында, солтүстікте мамырдың аяқ кезінде шығады. Олардың дамуы 35-45 күнге созылады, 5 рет түлейді. Шегіртке күбіршелерін астық тұқымдас өсімдік өсетін мөлтекке салады. Күбіршесі аздап иілген, ұзындығы 28-40мм. Бір күбіршеде 21-36 жұмыртқа болады. Шегіртке және дернәсілдері дәнді дақылға және мал жайылымындағы өсімдікке зақым келтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет