Қазақстанда кең таралған. Әсіресе орманды-дала және далалық аймақтың әртүрлі шөптесін өсімдіктер (солар-дың ішінде астық тұқымдастар) өсетін пішендікте көп болады. Түрлі-түсті (сарғылт, сұрғылт, қоңыр, жасыл) шегіртке. Денесінің алдыңғы арқа бөлімі жайпақ, үстің-гі қанаты артқы сандарының ұшынан аздап асады. Артқы сирақтары күңгірт-сары. Аналығының ұзын-дығы 18-23мм, аталықтары 13-18мм.
Бұл шегірткенің дернәсілдері едеуір кеш-маусым айының бірінші жартысында шығады. Дернәсілдің дамуы 25-30 күнге созылып, 4 рет түлейді. Аналық шегірткелер күбіршелерін көбінесе тыңайған бидайықты мөлтекке салады. Күбірше ұзындығы 6-10,5мм. Күбіршедегі жұмыртқа саны 4-10 болады. Саяқ шегірткенің басқа түрі сияқты бұл шегіртке дәнді дақылмен пішендікке көп зиян келтіреді.
Олар тың жерде, жайылымдықта, құмның шетінде және т.б. жерде орналасады. Дернәсіл жұмыртқадан әр мезгілде шығады. Дернәсіл ересек шегірткеге ұқсас келеді. Дернәсіл 30 - 40 күн дамиды.
Шегіртке дернәсілдерін есептеу жұмыстарын таңертеңгілікте немесе кешкілікте маршрутпен жүріп 100м сайын әрқайсысы 1м2 алаңқайда көзбен шолып жүргізеді немесе рамканың көмегімен әрбір секірген шегірткені есептеп, кейін 1м2 қанша болатындықтарын анықтайды.