2-сынып Абдрахман Асылбек Өмірі және шығармашылығы абдрахман Асылбек



бет5/21
Дата19.12.2023
өлшемі1,01 Mb.
#141100
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
МНО-МУЙНАНОВА МАДИНАБАНУ-БӘ

2-СЫНЫП ОҚУЛЫҒЫНДАҒЫ ШЫҒАРМАСЫ

КІМ ОЙЛАП ТАПҚАН?
Сөздерді ең аяулы
Жақсы көріп жаттадым.
Енді білдім оларды
Кімнің ойлап тапқанын.
«Ана» деген сөзді де,
«Аға» деген сөзді де,
«Әке» деген сөзді де,
«Тәте» деген сөзді де,
«Ата» деген сөзді де,
«Апа» деген сөзді де –
Ойлап тапқан балалар.
«Күнім, жаным» дегенді,
«Құлыншағым» дегенді,
«Ботақаным» дегенді,
«Қошақаным» дегенді,
«Айналайын» дегенді,
«Толған айым» дегенді –
Ойлап тапқан аналар!


Бұл өлеңі арқылы ақын балаларға отбасы мүшесін таныстыра отырып, оларды дұрыс атауды көрсете білген. Бұл өлеңнің құрылымы жаттауға да,түсінуге де өте ыңғайлы. Өлеңнің үшінші шумағына мін беретін болсақ, аналарымыздың бала күнімізде еркелетіп өсірген сөздері келтірілген. «БОТАҚАНЫМ» деп көздері мөлдіреп тұрғандықтан, «ҚҰЛЫНШАҒЫМ» деп ширақ, тынымсыз болғандықтан солай еркелеткен. Бұл жерде ананың баласына деген мейірімін негіз етіп алған.




4.Сұлтан Қалиұлы.
ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Сұлтан Қали (Сұлтанбай) Қалиұлы (1.5.1943 жылы туған Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Сеңгірбай ауылы) - ақын.(2018 қайтыс болған)
Әкесі - Есенаманов Қали, марқұм, жылқышы болып жұмыс істеген. Анасы - Есенаманова Айғаным Күлешқызы, марқұм, жылқышы болып жұмыс істеген.Абай атындағы педагогика училищесінің филология факультетін (Жамбыл қаласы, 1961) және С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін филолог, қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі мамандығы бойынша (1967) бітірген.
Тараз қаласындағы педагогикалық училищені (1961), Қаз¥У-ды бітірген (1967). 1961 - 62 жылдары Жамбыл облысы Шу ауданындағы №61 мектепте мұғалім, 1967 - 73 жылдары Қазақ радиосының музыка редакциясында әдеби редактор, балалар редакциясында редактор, аға редактор, 1973 - 91 жылдары "Балдырған" журналының жауапты хатшысы, 1991 жылдан "¥лан" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Қазақстан Журналистер одағы мен Қазақстан Жастар одағы Б.Бұлқышев атындағы сыйлық лауреаты (1997). Қали "Еңбектегі ерлігі үшін" медалімен (1970), Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен (1981), Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы медалімен (1983), "ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл" (2001) медалімен марапатталған. "ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері", "Мәдениет қайраткері" атақтары берілген.[1]
Діни көзқарасы - мұсылман.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Ондаған жылдардан кейін Қазақстан барлық параметрлері бойынша АҚШ, Жапония, Швеция тәрізді дамыған елдермен қатар тұратын болады».
Хоббиі - сурет салу.
Сүйіп оқитын әдебиеті - «Бұл менің мамандығым, егер әдебиетке деген әуестік болмаса - бұл салада атқаратын ештеңе болмас еді».
Үйленген. Жұбайы - Еренбай Әлия, зейнеткер, Қазақ энциклопедиясы редакциясының ғылыми қызметкері болған. Қыздары - Қали Сағира (1969 жылы туған ), Қали Раушан (1980 жылы туған ); ұлы - Қали Сауран (1971 жылы туған ). Немерелері -Алуа, Айдана, Ақерке, Дінмұхамед.[2]
Негізінен балалар поэзиясы, сатиралық жанр саласында еңбек етеді. Жекелеген өлеңдері орыс, украин, өзбек, грузин, түрікмен, қарақалпақ, әзербайжан тілдеріне аударылып, «Сәлем саған, мектебім» атты кітабы 1983 жылы Фрунзе қаласындағы «Мектеп» баспасынан қырғыз тілінде жарық көрді.
Оның аударуында қазақ тілінде С.Маршактың «Ақымақ тышқан туралы ертегі» (1973), С.Михалковтың «Степа ағай» (1978), Р.Ғамзатовтың «Менің атам» (1969, 1982) поэмалары, Р.Киплингтің бірнеше ертегісі «Пілдің баласы» деген атпен (1983), Бақытжан Момышұлының «Мен әлі сәбимін» повестері мен әңгімелері (1984), «Жанымның жарық жұлдызы» романы (1985) жеке кітап болып шыққан.
Шығармалары: Сыныққа сылтау. Мысалдар. А., «Жазушы», 1967; Өлеңдер. Балаларға арналған. А., «Жазушы», 1968; Дүрбі. А., «Жазушы», 1970; Қасиетті тақия. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1972; Төлебай Әжімов. Очерк. А., «Жазушы», 1973; Сәлем саған, мектебім. А., «Жазушы», 1975; Кішкентай астрономдар. А., «Жалын», 1977; Теміртесер. Сықақтар мен мысалдар. А., «Жазушы», 1979; Бақыт деген не? А., «Жазушы», 1980; Мен мектепке барамын. А., «Жалын», 1982; Баспалдақ. А., «Жалын», 1984; Әйт, шу, тұлпарым. «Жалын», 1986; Скачи, мой аргамак. «Жалын», 1989; Қандай болып өсемін. «Балауса», 1994; Айналама қарасам. «Балалар әдебиеті», 2003; Бақыт құсы. Ертегілер. А., «Аруна», 2007; Қайсысы күшті? Өлеңдер, ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар. А., «Раритет», 2008.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет