2. Тіс тазалаудың әдістерін атаңыз


Науқасты тексерудің негізгі объективті тәсілдері, мақсаты мен міндеттері



бет23/29
Дата02.06.2023
өлшемі84,77 Kb.
#98392
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29
31.Науқасты тексерудің негізгі объективті тәсілдері, мақсаты мен міндеттері.
Объективті — науқасты жалпы қарау, пальпация, перкуссия, зондпен тексеру, ауыз қуысы кіреберісін, нағыз ауыз қуысын қарап тексеру.
Қарап-байқау. Мұнда науқастың сыртқы бет-пішініне, тері қабатының түсіне, көзге көрінетін шырышты қабығына және ақаулар болса, оларға назар аударылады.
Бет-әлпетінің ісінуі – домбығудан, қабыну инфильтратынан, ісіктен, гематоманың және сынған жақ сүйегінің орнынан жылжуынан пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ бет мүшелерінің ақаулары мен деформацияларында да бет құрылысы өзгереді.
[ Сипап қарау (пальпация) – қосымша тексеру тәсіліне жатады. Беттің жұмсақ тіндерінің қызуын, жиырылғыштығын, консистенциясын, инфильтраттың, ісіктің бар жоғын, олардың қандай тереңдікте орналасқанын, көлемін, ауру сезімін пальпация арқылы білуге болады. Егер бет тіндеріндегі өзгеріс беткей орналасса, пальпацияны оң қолдың саусақтарымен, өзгеріске ұшырамаған тұстан бастайды. Терең пальпацияда – бұлшықеттердің немесе жақ-бет аймағындағы мүшелердің жағдайын анықтайды.
32.Науқасты тексерудің субъективті тәсілдері, мақсаты мен міндеттері.
Субьективті әдістер — шағымы, ауру анамнезі, өмір анамнезі.
Егер науқас аурудың неден басталғанын және өз шағымын дұрыс жеткізе алмаса, дәрігер жетекші және қосымша төмендегідей сұрақтар беру арқылы, науқасқа көмектесуі керек. Мысалы: аурудың қашан басталды, қалай басталды, аурудың басталуы немен байланысты, клиникалық белгілері, бұрын дәрігерге көріндіңізбе, қандай ем алдыңыз, оның нәтижесі қалай болды? <- ауру анамнез
Өмір анамнез: туған жер, мекен жай, өндірісте жұмыс жасай ма, тамақтану ерекшелігі, зиянды әдеттер, бұрын және қазір қандай аурулармен ауырады, аллергоанамнез.
Науқас шағымы әртүрлі болуы мүмкін. Жетекші сұрақтар арқылы дәрігер оларды мұқият анықтайды. Егер де пайда болған аурудың белгілері, ауырсыну сезімімен байланысты болса, онда «ауру ұдайы ма, жоқ ұстама тәрізді ме, қатты иә болмаса сыздап ауыра ма, бір жерде ме, әлде иррадиациялы ма, тамақ ішумен байланысты ма, жоқ па, өз бетімен бе, түнде ме, әлде қол тигізгенде ауыра ма?» - деген сұрақтарды шешу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет