33.Сілекеймен ауыз сұйықтығы, құрылымы, қасиеті және қызметін атаңыз. Сілекей – бұл биологиялық орта, үш үлкен сілекей бездерінің (шықшыт безі, жақасты безі, тіласты безі) және көптеген ауыз қуысының ұсақ бездерінен бөлініп шығарылған секрет болып табылады.
Ауыз қуысының сұйықтығының құрамына сілекейден басқа эпителий клеткалары, лейкоциттер, микроорганизмдер, ас қалдықтары кіреді. Осы жағдай сапалығына қарағанда ауыз қуысының сұйықтығы жаңа қасиеттермен сипатталады.
СІЛЕКЕЙ ҚҰРАМЫ: СУ 98-99%; ҚҰРҒАҚ ЗАТ 1-2%
Қасиеттері:
• Бактерицидтік қасиеті (лизоцим, лейкиндер, опсониндер, липаза );
• Тұтқырлығы 1,2 - 2,4ед
• Буферлық сыйымдылығы (қышқылдар мен сілтілерді нейтрализациялау қабілеті);
• Минерализдеуші
• Плазмоұйытқыш және фибринолитикалық қасиеттерін тромбопластин, антигепарин субстанциясы, протромбин, активатор және ингибитор фибринолизды қамтамасыз етеді.
• Осмостық қысымы 0,15 - 0,30 мм рт.ст;
• Сутек иондарының концентрациясы рН 6,8-7,0;
Қызметі :
Ауыз қуысы шырышты қабаты мен тісті үнемі дымқыл күйінде ұстап, физикалық және механикалық заттардың зардабынан сақтайды,тағам температурасын ретттеп отырады.
Тістің беткейінде қалған тамақ қалдықтарынан тазалап
отырады.
Лизоцим ферментімен бактерецидтік қызмет атқарады.
Құрамындағы нуклеаза,трансаминаза, пероксидаза ферменттері арқылы адам денесін вирустық аурулардан сақтайды.
Сілекейдің қоректік қызметі:жаңадан өсіп шығып келе жатқан тістерді кальций, фосфор, цинк сияқты микроэлементтермен байытып отырады.
Сілекей құрамын тексеру көптеген ауруларды анықтау ісін жеңілдетеді.
Ауыз қуысы сұйықтығының тіс кіреукесіне тигізетін әсері
Сілекей ауыздағы тістер үшін ішкі орта болады. Қалыпты жағдайда ол минерал тұздарының тіс эмаліне өтуіне жағдай тудырады. Сілекейдің құрамының өзгеруі тістің бетінде түрлі тұздардың шөгуіне мүмкіндік тудырады. Сонымен бірге сілекейдің құрамы ауруға байланысты өзгереді. Мысалы, бүйрек ауруында, қарын жарасы кезінде сілекейдің қалдық азоты көбейеді.
Сілекейдің ауыз қуысында бөлінуінің азаюы тістердің саулығының бұзылуына және ас қорытудың нашарлауына әкеп
соғады. Сілекейдің азаюынан ауыз қуысында құрғақ сезім пайда болады, соның салдарынан тағамды жұту, сөйлеу қиындайды.
Ауыз қуысы сұйықтығы организмге кальций, фосфор және басқа органикалық элементтердің түсуінің негізгі көзі , өз кезегінде тіс эмалінің физико-химиялық құрамына әсер етеді. Ауыз қуысы сұйықтығының қасиеті мен құрамының өзгеруі тісжегінің қалыптасуы мен ағымына әсер етеді.