2. Тіс тазалаудың әдістерін атаңыз


Лейкоплакия жалпы сипаттамасы. Этиологиясы. Классификациясы. Дифференциальды диагностикасы



бет21/29
Дата02.06.2023
өлшемі84,77 Kb.
#98392
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29
28.Лейкоплакия жалпы сипаттамасы. Этиологиясы. Классификациясы. Дифференциальды диагностикасы.
Лейкоплакия(сурет-5) (лейкоплакия - Leucoplakia) – беті кілегей қабықпен жабылған ағзалар немесе тіндер бетінде кездесетін, жабынды эпителийдің шамадан тыс мүйізгектенуімен және дәнекер тіннің созылмалы қабынуымен сипатталатын патологиялық үрдіс. Лейкоплакия кілегей қабықтың әртүрлі ұзақ әсер ететін ықпалдарға (физикалық, химиялық, механикалық және биологиялық) жауабы деп саналады
Лейкоплакия көбінесе 40-50 жастағы ер адамдар арасында кездеседі. Лейкоплакияның үш түрін ажыратады: жазық немесе қарапайым, верукозды және эрозиялы-жаралы. Бұл түрлердің бір-біріне ауысуы немесе бір адамның ауыз қуысы ішінде қатар кездесуі мүмкін. Лейкоплакия обыралды ауруға, оның ішінде факультативті түріне жатады.Дифференциальды диагностика;
Жазық лейкоплакияны қызыл жалпақ теміреткіден, қызыл жегіден, екіншілік мерезден, жұмсақ лейкоплакиядан, химиялық заттардан күюден, кандидоздан (сүттемеден) ажырата білу керек.
Қызыл жалпақ теміреткі кезінде ақшыл-сұр түсті, жылтыр, диаметрі 1-3 мм көп пішінді папулалар әртүрлі өрнек құрап, симметриялы, көбінесе екі ұрттың кілегей қабығында үлкен азу тістер тұсында немесе сыртында орналасады.
Қызыл жегі кезінде мүйізгектену ошағының төңірегінде тұрақты қызару және атрофиялану үрдістері байқалады.
Екіншілік мерез кезінде ақшыл-сұр папулалардың астында тығыздық байқалады және беттерін қырып байқаса, эпителий қабаты сылынып, эрозияланған ошақ көрінеді. Эрозия бетінен алынған қырманы зерттегенде бозғылт трепонемалар табылады және серологиялық реакциялар оң болады.
Кандидоз (сүттеме) кезінде ақ түсті қақ жарақат ошағынан оңай қырылады (соскоб), көп мөлшерде саңырауқұлақ клеткалары мен жалған мицелий анықталады.
Жұмсақ лейкоплакия кезінде жарақат ошағындағы кілегей қабық белгілі шекарасыз күңгірттенген, борпылдақ консистенциялы, беті толассыз түлеуге ұшырап отырады.
ЭТИОЛОГИЯСЫ,Лейкоплакияның дамуында белгілі орын атқаратын себептер: ұзақ әсер ететін механикалық тітіркендіруші факторлар; темекі түтіні, ішімдік, гальваникалық ток. Ерін жиектерінде лейкоплакия ошағының дамуына себепкер күн сәулесінің, ауа-райының, шаң-тозаңның, шылым шегудің зиянды әсерлері.
Сонымен қатар патологиялық үрдістің дамуында жалпы организмнің, оның ішінде асқазан-ішек жолының жағдайымен тығыз байланыстылығы және ауыздың кілегей қабығының резистенттігінің үлкен маңызы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет