20 балл Материалдық нүктенің кинематикасы туралы түсінік беріңіз


Сұйық пен газдағы қысым. Паскаль заңын тұжырымдаңыз



бет11/15
Дата18.05.2023
өлшемі1,68 Mb.
#94670
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Сессия механика

Сұйық пен газдағы қысым. Паскаль заңын тұжырымдаңыз.

Гидростатикалық қысым – су бағанасының өз табанына тигізер әсерімен сипатталатын қысым.


Гидродинамика қысым-сұйықтың қабырғасына түсіретін қысым.
Сұйықтар мен газдар қысымды, қатты дене сияқты бір бағытта ғана емес, жан-жакка бірдей таратады.
Көптеген бақылауларға сүйене отырып, француз ғалымы Блез Паскаль сүйықтар мен газдардың кысымды барлық жаққа. бірдей жеткізетінін дәлелдеді. Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым барлық бағыт бойынша өзгеріссіз беріледі. Бұл қағида Паскаль заңы деп аталады.
Блез Паскаль мынандай құрылғыны құрастырды:

Осы құрылғыны арқылы сұйық барлық бағыттарда бірдей тарайды. Осы құрылғы Паскаль Шары деп аталады. Сұйықтықтың жан-жаққа бірдей көлемде таралуы Паскаль заңының растығын дәлелдейді.
Сұйықтар мен газдардың қысымды барлык. жаққа бірдей жеткізе алуы оларды құрайтын молекулалардың еркін қозғалғыштығымен түсіндіріледі.



  1. Импульстің сақталу заңы, оның салдарлары. Реактивті қозғалыс туралы түсіндіріңіз

Реактивті қозғалыс импульстің сақталу заңынын техникада табысты колданылуына жарқын мысал бола алады. Дененің бір бөлігі одан кандай да бір жылдамдыкпен бөлінген кездегі қозгалысын осылай деп атайды.

Үрлеп, одан кейін еркін қоя берілген ауа шарынын козгалысын реактивті қозғалыстың қарапайым мысалы ретінде қарастыруымызға болады. Үрленген шардың ішіндегі кысым сыртқы атмосфералық қысымнан едәуір артық болатыны белгілі, ал бос қоя берілген шардың ішіндегі біраз ауаның төменгі санылау арқылы сыртка шығуы шардың жоғары қарай көтерілуін тудырады. Ол біраз уакыт бөлме ішінде әрлі-берлі ұшатын болады. Шар ішінен шығатын ауа оны қарама-қарсы бағытта қозғалуға мәжбүр етеді.


Реактивтік козгалыс принципі бойынша: сегізаяк, кальмар, теңізқұрт, медуза сиякты теңіз жәндіктері қозғалады. Реактивті қозғалыс принципі сагатына бірнеше мындаган километр жылдамдыкпен қозғалатын ұшақтарды,Жердің жасанды серіктерін,планетааралық саяхат жасайтын ғарыш зымырандарын жасауға мүмкіндік туғызды.



Соқтығудың барлық түрлері импульстің сақталу заңына бағынады.


Абсолют серпімсіз соққы-соққы нәтижесінде екі дене тұтас дене сияқты бірге қозғалады.
m1 V1 V2 m2

m1+m2 V’

Денелердің механикалық энергиясы энергияның басқа түріне айналмаған соқтығысуды абсолют серпімді соқтығысу деп атайды. Мұндай соқтығысу кезінде кинетикалық энергия серпімді деформацияның потенциалдық энергиясына айналады. Соқтығысқаннан кейін денелер бірін-бірі тебеді де бастапқы пішініне қайта оралады. Нәтижесінде серпімді деформацияның потенциалдық энергиясы қайтадан кинетикалық энергияға өтеді. Абсолют серпімді соқтығысуда импульстің және механикалық энергияның сақталу заңдары орындалады.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет