Бірінші космостық жылдамдықты қорытып шығарып мағынасын түсіндіріңіз
Ұшу денесінің планетаны тастап, оның айналасындағы орбитаға барып орналасуы.
Бірінші ғарыштық жылдамдыққа ие болып, орбитаға шыққан ұшу денесі планетаның тартылыс күші (гравитация) ықпалымен кері қарай құламай, шеңбер тәріздес орбитасын айнала ұшып жүреді.
Кеплер заңдарын тұжырымдаңыз.
Кеплер заңдары – 17 ғ-дың басында Иоганн Кеплер ашқан планеталар қозғалысының үш заңы.
Кеплердің бірінші заңы негізінен планета орбитасының пішінін анықтайды: Барлық планеталар Күнді эллипс бойымен айналады, оның фокустарының бірінде Күн орналасады.
Кеплердің екінші заңы - аудандар заңы планета қозғалыстарының бірқалыпты емес екендігін анықтайды: планетаның радиус - векторы бірдей уақыт аралығында шамалары бірдей аудандар сызып шығады.
Кеплердің үшінші заңы - планеталардың орбиталық периодтары мен олардан Күнге дейінгі қашықтық арасындағы байланысты анықтайды: кез келген планетаның Күнді айналу периодтары жартыосьтерінің қатынасына тең болады.
Екінші және үшінші космостық жылдамдықтарды қорытып шығарып мағынасын түсіндіріңіз.
Жер серігіңнің жылдамдығы бірінші ғарыштық жылдамдықтан сәл асқанда, оның орбитасы эллипс болады,ал жылдaмдық 11,2 км/сек-қа жеткенде, траекториясы, қанаттары шексізге кеткен параболаға айналады. Дененің аспан денесінің тартылыс күшінен босап, шексізге кету мүмкіншілігін тудыратын ғарыштық жылдамдықты екінші ғарыштық жылдамдық деп атайды.
Ғарыштық үшінші жылдамдық – Жерден ұшырылған ғарыштық аппараттың Күннің тарту күшін жеңіп Күн жүйесінен тысқары шығып кетуге қажет ең аз жылдамдық. Бұл жылдамдық ғарыштық аппараттың Жердің әсер ету шекарасы аймағына жеткенде Күнге қатысты параболалық жылдамдыққа ие болуы шарт.
Достарыңызбен бөлісу: |