20-дәріс ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басындағы тарихи ой және кәсіби тарихнама тарих ғылымының тарихы


Лейпциг университетінде семинарлар өткізген, сол



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата29.12.2023
өлшемі0,94 Mb.
#144795
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Лейпциг университетінде семинарлар өткізген, сол 
семинарлар негізінде кейіннен Мәдениет тарихы мен дүниежүзі тарихы институты құрылды).
Лампрехт алмасып отыратын адам рухының жағдайында мәдениеттің дамуын анықтайтын тұрақты 
тәртіпті көрді. Ғалым барлық экономикалық әрекеттер психологиялық жағдайға байланысты деп санап 
, соған байланысты тарих әлеуметтік-психологиялық ғылым болуы керек , ол ,шын мәнісінде, қоғамдық 
санадағы өзгерістерді түсіндіретін қолданбалы психологиядан басқа ештеңе емес деп пайымдайды. Бұл 
өзгерістер барлық өркениеттің тарихы үшін әмбебеп деп жарияланған мәдени-тарихи дәуірдің немесе 
«дамудың фазаларының » (анимизм, символизм, типизм, конвенционализм, индивидуализм, субъективизм) 
дәйектілігінің тарихи және социологиялық сызбасына сәйкес келеді. Анимизм дәуірі тайпалық жүйемен, 
ұжымдық меншікпен және қарабайшылық коммунизммен; символизм дәуірі - еңбек бөлінісі мен әлеуметтік 
теңсіздіктің пайда болуымен; типизм дәуірі - мемлекеттің пайда болуымен; конвенционализм дәуірі- 
феодалдық вотчина жән табиғи тұрмыспен ; индивидуализм дәуірі – көпестік құрылымның құлдырауымен 
және жеке бастаманың дамуымен, субъективизм дәуірі – сословиелық топтардың толық ыдырауымен
және экономикалық қызметтің еркіндігімен ерекшеленді . Бұл сызба аясында Ламмерхт неміс халқының 
бүкіл тарихын өзінің негізгі еңбегінде, үш томдық «Германия тарихында» (1891-1909) ұсынды.
Зерттеу саласын кеңейту, нақты материалды бұрын-соңды болмаған көлемде жинақтау, әлеуметтік
экономикалық және мәдени тарих мәселелерін алдыға тартуды сөзсіз позитивистік тарихнама 
жетістіктерінің қатарына жеткізуге болады. Қаралып отырған кезеңнің тарихи білімі барынша маманданып 
, елдер мен дәуірлер ғана емес, жекелеген мәселелер бойынша да салаларға бөлінеді. Салыстырмалы-
тарихи әдісті жүйелі қолдану, жазбаша және материалдық ескерткіштерді( соның ішінде жаңадан 
ашылғандарды да) қарқынды талдау елеулі табысқа қол жеткізуге мүмкіндік берді. Зерттеу техникасы 
жетілдірілді. Көмекші пәндер - дипломатика , нумизматика, палеография, сондай-ақ байланысты ғылыми 
салалар - археология, тарихи география, филология, этнография дамыды.
XIX ғасырдың соңғы ширегінде тарихи ғылымның ұйымдастырылу құрылымы және кәсіптік білім 
беру жүйесі құрылды . Университеттерде жаппай тарих кафедралары және тарихи семинарлар ашылды. 
Егер ғасырдың басында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет