2007  ббк 74. 00 Б 12 Пiкiр жазғандар



Pdf көрінісі
бет15/33
Дата06.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#7706
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33

Ынталандыру ережелерi

     


Қандай  да  iстi  орындауға  бағыттау  үшiн  балаға  үлкен 

әдептiлiкпен,  нәзiк  сезiм  қоса  қатынас  ықпалын  жасау  қажет. 

Педагогикалық үдерiсте тұрпайы бұйрық, ашық зорлау атымен 

болмағаны шарт. 

Сонымен: 

Бала тiлегiн арқау етіңiз. Бала ненi қалайды? – мұғалiм 

үшiн басты сұрақ. Әңгіме мұғалiмнің не қалауында емес, баланың 

ниетiнде. Оның қалауын күштеп бұзып, қайта жасаудың қажетi 

шамалы:  ол  өз  ниеттерiмен  айыпты  емес.  Ұлы  Коменскийдің 



табиғи сәйкестiк принципiн еске түсiріңiз – барша iс оқушы 

табиғатымен  сәйкес  болуы  мiндеттi.  Сондықтан,  егер  бала 



167

тiлегi  мен  ниеттерi  педагогикалық  мақсаттарға  сай  келмесе, 

оның  ұмтылыстарына  қажеттi  өзгерiстер  енгiзiп,  дұрыс  бағыт 

беруге тырысыңыз. 



Салыстырыңыз, үлгi-өрнек беріңiз. А.П.Чеховтың “Үйде” 

әңгімесiнде  шылым  шегуге  әдеттенген  кiшкене  бала  жөнiнде 

сөз  етiлген.  Бұл  бала  ата-анасының  айтқандарының  бiрде-

бiрiн  тыңдамай,  құлақ  асуды  қойған.  Ал  әкесi  бiрде  бақытты 

принцтің  шылым  шегуден  сырқаттанып,  өлгенiн,  содан  бүкiл 

оның патшалығының күйрегенi жөнiнде ертек айтып бергеннен 

соң, бала кенеттен “ешқашанда мұндай жаман әдетпен айна-

лыспайтынын” айтып, шылым шегудi мүлде қойып кеткен. 

 Өз оқушыңызды барынша құштарлықпен бiр нәрсенi 

ниеттеуге ойыстырыңыз. Мейлi, бұл ниеттер алғашқыда 

сiздің  педагогикалық  пiкiрлеріңiзге  сәйкес  болмай-ақ  қойсын. 

Бастысы, олардың пайда болып, сiзге таяныш беруiнде. Бүгiнгi 

күнде  бiз  балалардың  келеңсiз  бейтараптылығына  (инфан-

тилизм)  жиi  кез  болып  отырмыз:  балалар  ойы  күңгiрт,  бағыт-

бағдарсыз, тiптi кейде ешнәрсенi ниеттемейдi де. Тәрбиеңiздегi 

балаларды  қалыпты  адамилық  ниеттер  жолына  түсiруге 

тырысыңыз,  олардың  күңгiрт  ұмтылыстарын  iскерлiк,  өмiрлiк 

қажеттермен ұштастырып, әр қадамнан пайда табуға (прагма-

тизм) баулаңыз, сонда ғана бала өз күш-қуатын бiрiктiрiп, бел-

гiлi арнада жұмсауға ынталанады. 

Түсiнуге  тырысыңыз.  Түсiну  –  бұл  өткенге  кешiрiм. 

Оқушыны  мұғалiм  түсiнбегенде,  кiм  түсiнедi?  Ешнәресемен 

қызықпайтын шәкiрт болмайды. Бұл тұжырым ежелден таныс 

болғанымен,  бiз  –  мұғалiмдер  оқушылар  мүддесi  мен  ниет-

терiн ескерудi осы күнге дейiн үйренбегенбiз. Анықталғандай, 

оқушылардың  20%-дан  50%-ға  дейiнгi  бөлiгi  оқу-танымдық 

қызығулардан тiптi де хабары жоқ немесе бұл жөнiндегi түсiнiмi 

үстiрт,  кездейсоқ,  яғни  қызықтыру  үшiн  оларды  әрдайым  бiр 

нәрсемен ықпал жасап, қозғастырып тұру керек. Бiрақ қызығудың 

басқа түрлері де көп қой – мысалы, ақшаға, ойынға, үстемдiкке, 

басшылыққа, табысқа. Сонымен бiрге тума әуесқойлық, табиғи 

бейiмдiлiк  дегендер  де  бар.  Ал  оларды  нелiктен  де  “қажетсiз 

қосалқылар”  ретiнде  қабылдау  салтқа  айналған.  Дегенмен, 

қалыпты  дамып  келе  жатқан  адамның  қызығу  өрiсi  кең  бола-

тынын  ешуақытта  естен  шығармау  қажет:  ол  бар  нәрсенi  өз 


168

басынан  өткiзiп,  өз  қолымен  ұстап  көрiп,  өз  таңдауымен  са-

раптауы тиiс. “Қажетсiз қосалқыларды” тәрбиеге, оқуға, өзiндiк 

жетiлуге ынталандырудың пәрмендi құралына айналдырудың 

жолдары  көп.  Солардың  бiрi  –  балалардың  жарқын  бейнеге, 

әсем  формаға  бейiм  болатынында.  Адам  ақыл-есі  әрдайым 

нақты  ниеттермен  байланысты,  осыдан  оқушы  әсемдiкке, 

сұлулыққа, тамаша көрiнiске құштар келедi. Сондықтан, фор-

мадан  –  мазмұнға,  көңіл-күйден  –  парасатты  қисындылыққа 

өтудi мiндетіңiзге алыңыз: сонда ғана оқушыны қызықтырудың 

аса мәндi тәсiлi сiздің қолыңызда болады. 

Әңгімелеріңiз  балаларды  қызықтырған  заттар 

төңірегiнде  болсын.  Әрдайым  өз  iсіңiздi  осыдан  бастаңыз. 

Балалардың  әуес  болған  iстерiне,  олардың  пiкiрлерi  мен 

бағамдарына  құрметпен  қараңыз.  Сабақ  уақытының  көбiнде 

оқушыларыңыздың  өздерi  сөйлесiн.  Кейбiр  заттарды  өзіңiз 

де  түсiнбейтiніңiзден  қорықпаңыз,  балалардың  бiр  сәтке  өз 

“мұғалiміңiз” болуына мүмкіндiк беріңiз. Д.Карнеги айтқандай, 

адамды  әр  уақыт  аса  қызықтыратын  нәрсе  өзiнің  аты,  есiмi, 

мұның қасында дүниедегi басқа заттардың бәрi – түк те емес. 

Осыдан  оқушылар  барша  шектеулерге  қарамастан,  көрiнген 

жерде:  парталарда,  дарақтарда,  автобус  бекеттерiнде  өз  ат-

тарын  (лақаптарын)  жазып  қалдыруды  қызық  көредi.  Осы 

құштарлық  қасиеттi  ынталандырушы  күш  сипатында  неге 

пайдаланбасқа? Сынып тақтасында, плакаттар мен стендтерде 

ерекше ұнамды iс көрсеткен балалардың атын iрi әрiптермен 

жазып қойыңыз. Сонда сiз оларды өз тұлғаңызға, өз пәніңiзге 

қызықтырасыз. 



Ниеттердi  пайдаланыңыз.  Ниеттер  қажеттiктер  негiзiн-

де  пайда  болады.  Мысалы,  3-сынып  оқушысы  десантшы  бо-

луды  ұйғарды.  Ол  спорт  секциясына  жазылып,  жаттығуларға 

қатынап жүр. Егер сiз оның осы ниетiне қарсы келсеңiз, не бо-

латынын сезесiз бе? Дұрысы, ойланып, көмектескен: көбiне ни-

еттер кездейсоқ жағдаяттар сеп-түрткілерiнен туындайды, ал 

оқушы бұл ниетiнің төркiнiн пайымдауға бармайды, күш-қуаты, 

бiлiмi,  ептiлiктерi  және  уақыты  бұл  ойлағанын  iске  асыруға 

жетер-жетпесiн  бiліңкiремейдi.  Жағдай  одан  басымдау  келiп, 

ойлағанын орындауға әлi жетпей қалады. Орындалмаған уәде 

үшiн оны кiнәламаңыз. Ондысы оған қолдау берiп, нақты орын-


169

далуы мүмкін ниет қабылдауға көмектесіңiз. Ал, егер бұл қиын 

болып,  ұзақ  күш  салуды  қажет  етсе  –  iс  нәтижесiне  асықпай, 

шыдаммен бiрте-бiрте жақындай түсуге үйретіңiз. 



Баланың өз беделiн танытуға болған ниетiне қолдау 

беріңiз.  Барлық  адамдар  жүрт  көзiнде  танымал  болғанды 

сүйеді. Балалардың көбi бiлiм не баға үшiн оқымайды, жоғары 

бедел (престиж) үшiн әрекет жасайды. Ол балалардың жоғары 

деңгейдегi  дәмеленуiнен.  Баланың  бұл  ниетiн,  егер  ол  сана-

да  қалыптасып,  оқуына  ұнамды  ықпал  жасайтын  болса,  оны 

жоққа  шығарудың  қажетi  жоқ.  Қане,  осындай  ниетпен  “адам 

болудан қалған” басқа балаларды да сусындатсақ. Мұндайда 

қалыптасқан  “сіңiрлi”  педагогикалық  шешiмдерден  бас  тар-

тып,  жаңашыл  әдістердi  қолданған  жөн.  Мысалы,  оқушыға 

“өзiнің  iшкi  жауларын”  жоюға  көмектесіңiз.  Оған  көптеген 

адамдардың өз мiнез бостығынан, орынсыз қорқақтығынан, не-

гiзсiз күйзелiстерiнен өз мүмкіндiктерiн iске асыра алмағанын 

нақты  мысалдармен  түсiндiріңiз.  Осы  керi  құбылыстар  аясы-

нан босамағанша, баланы қорқыныш жағдайларында қалдыра 

көрмеңiз. Бала тақтаға шығып, жауап беруге қорықса, онымен 

оңашада  жаттықтыру  жұмысын  жүргізіңiз.  Сiздің  мiндетіңiз  – 

баланың  өзіне болған сенiмiн тiктеуге көмектесу. Осыдан кейiн 

ғана бала “жауларымен айқасқа” шығады. 



Жасаған  әрекет  қылықтарының  салдарын  көрсетiп 

барыңыз. Зерттеушi А.Гаврилова әртүрлі жастағы оқушыларға 

арнайы  түзiлген  мәтiндi  оқып  шығуды  ұсынған.  Мәтiнде  бiр 

оқушы сыйға алған күшiгiнің бұрынғы иесiн сағынғанын айта-

ды. Қалған оқушылар мәтiндi толықтырып, – бала күшiктi иес-

iне  қайтарады  ма  немесе  оның  бар  азабына  шыдап,  өзiнде 

қалдыра  ма  –  жазуы  тиiс  едi.  Осындайды  басынан  өткiзген 

балалардың бәрi күшiктi қалдыру керек деп жазыпты. Бұл неден 

хабар бередi? Бiздің балаларымыз өздерiн басқа адамдардың 

не  жануардың  орнына  қойып,  олардың  күйзелiстерiн  сезiнуге 

үйренбеген.  Өздерi жасаған iстердің, қылықтардың салдарын 

да бағалауды бiлмейдi. Егер педагог дер уақытында шынайы, 

жүректен  шыққан  сөзімен  олардың  көзiн  ашып  отырса,  бала 

мiнез-құлқының  өзгеруiне  ықпал  жасайтын  мықты  құралға  ие 

болары сөзсiз. 



170

Баланың  қадiр-беделiн  тани  бiліңiз.  Баланың  қадiр-бе-

делiн, яғни абыройын, тану арқылы ондағы бар ұмтылыс пен 

жақсылық қасиеттердi дамыта түсіңiз. Егер жағдай қажет етсе, 

жағынудан да тайынбаңыз. Себебi жағыну – бұл адамға оның 

өзiнің ойындағысын бiлдiру. Осы кiшiгiрiм қатерсiз алдау-айла-

ны қолданып, өз шәкiртіңiзге жаңа күш-қуат бересiз. Әлбетте, 

оқушыңыздың  жетiстiктерiн  шын  мәнiнде  бағалай  алсаңыз, 

оның беделiн танығаныңыз. Бiрақ педагог алдында оның аузы-

нан мақтау күткен шәкiрт көп болатындықтан, әр оқушыға бейiм 

жалғыз  және  шынайы  мадақ  сөзін  табу  қиын-ақ.  Қайтерсiз, 

мұндайда актер болу – пешенеңiзге жазылған. 

Көп  зерттеулер  негiзiнде  бала  беделiн,  оның  ықтимал 

мүмкіндiктерiн танудың пайдалы болатыны дәлелденген. Көбiне 

жамандағаннан гөрi, мақтаған дұрыстау. Сондықтан мадақ бiл-

дiруге  (комплименты) тартынбаңыз, баланың қадiрiн (тiптi жоқ 

болса  да)  алға  тартып  отырыңыз,  болашақтағы  жетiстiктер 

үшiн де мақтауды аямаңыз. Сонда ғана оқушыларыңыз сiздің 

қалауыңыздай болуға ынта танытады. 



Табыстарды  қолдап-қуаттаңыз.  Әдемi  орындалған 

жұмысы үшiн баланың арқасынан қағып қойсаңыз, оның бұдан 

да былайғы табысты еңбектенуiне ынта тудырғаныңыз, – деп 

жазады  американ  педагогы  А.Дреер.  Қолдау-қуаттау  сөздерi 

мен  ым-ишараларын  тек  жақсы  оқитын  оқушыларға  ғана 

емес,  оқуға  ынта  бiлдiрген  барша  балаға  бағыттаған  дұрыс. 

Мұғалiмнің саналы да жылы бағасы төмен оқитын оқушыларға 

да күштi ықпал етiп, олардың алға iлгерлеуiне себепшi болғаны 

тәжiрибеден белгiлi. 

Табыс  қажеттiгi  –  аса  маңызды  сеп-түрткі.  Кейде  жетiстiк-

ке  деген  ұмтылыс  өзге  ниеттердің  бәрiнен  басымдау  келедi. 

Бiздің бәрiмiз жеке табыс мәнiне нұқсан келтiретiн кейбiр елік-

теулерден  бас  тартқанымыз  дұрыс  болар  едi.  Сыныпқа  кiрiп 

бара жатып, есте ұстайтын жәйт: егер табыс мадағы сәтсiздiк 

жазасынан басымдау келсе, табысқа ұмтылыс адамда күшейе 

түседi. Керiсiнше, болымсыз iс нәтижесiндегi жаза жетiстiк үшiн 

берiлетiн қолдау-қуаттаудан күштiрек болса, оқушы қандай да 

сәтсiздiктердi айналып өтудi әдетке айналдырады. Осыдан ата-

анасы  кейiсiне  тап  болмау  немесе  мұғалiмнен  ұялып  қалмас 

үшiн ғана сабаққа қатысатын оқушылар пайда болады. 



171

Жұмысқа  тартымдылық  сипат  беріңiз.  Қиын, 

ұнамайтын,  осыдан  тартымсыз  оқу  iстерiн  оқушылар  үшiн 

қызықты  әрi  қалаулы  етудің  талай  мысалдары  В.Шаталов, 

Н.Гузик, Е.Волков, С.Лысынкова, Ш.Амонашвили еңбектерiнде 

келтiрiлген. Тiптi кейде оқушылардың қателiктерiнің өзi де оқу 

iсiн ұнамды кейiпке келтiредi. Әңгіме – сол қателiктерге болған 

сiздің  қатынасыңызда.  Оқушылар  қателiктерiнен  ынталанды-

рушы  күш  табуға  тырысыңыз.  “Қандай  әдемi  қателiк!”,  “Бұл 

қателiк  тосын  емес!”,  “Мынау  шындыққа  жетелейтiн  қателiк!”, 

“Рахмет, сенің пiкiрің дұрыс болмаса да, адамға үлкен ой са-

лады”.  Әрдайым  оқушылар  бақылауларының  дәлдiгi  мен 

нәзiктiгiн баса айтып отырыңыз: “Менің де сендей кезiмде, … 

ойлайтынмын”,  “Бұрын  мен  …  деп  түсiнетiнмiн”.  Әрекетіңiз 

қателiктердің жеңiл түзелетiнiне дәлел болғандай, оқушыларға 

ұсынып  жатқан  iсіңiз  оларды  қинамайтындай  көрiнетiн  бол-

сын.  Ш.Амонашвили  өзiнің  6  жасар  оқушыларына  әр  сабақ 

соңында: “Рахмет сiздерге, балалар, маған бүгiн үлкен көмек 

көрсеттіңiздер” – деп алғысын бiлдiредi екен. 



Талап    қоюмен    ынталандыру.    Кейде    “қажет,    керек”  

деуден  тартынбаңыз.  Бұл  ынталандыру  жолы  бiздің  мек-

тебiмiзде  көп  жылдар  бойы  қолданылып,  жалықтырса  да, 

оның  мүмкіндiктерi  әлi  де  толық  танылған  жоқ.  Тек  қана  бұл 

талаптың  жеке  тұлғалық  мәнiн  күшейте  түсіңiз:  “Саған  керек, 

Асан! Сен ерсің ғой!”. Оқушы қандай да кедергiнi жеңе тұрып, 

өзiн ересек, ер адам сипатында көрсете бiлгенiнен қанағаттану 

ләззатына бөленуi қажет. Сонымен бiрге iстің нәтижелi бiткенi-

не қуанып, оны мақтаныш ете бiлуi тиiс. Бұл “керек” талабына 

мiндеттi қосымшалар. 



Жалған  “шектеулердi”  пайдаланыңыз.  Бала  деген 

қырсық  келедi.  Қолынан  келсе,  бар  нәрсенi  айтқандай  емес, 

керiсiнше iстеуге құмар. Осыдан, кейбiр жұмыстарды орында-

уда  оларды  жылдам  әрi  сапалы  ақырына  жеткiзудi  ойласты-

рып,  “шектеу”  (запрет)  тәсiлiн  пайдалануға  кеңес  берер  едiк. 

Жағдайларды бағалай бiлу, әрi пайдалану ептiлiктерiн жұмыс 

сапасын басқарудың әрқилы тәсiлдерi қатарына қосуға бола-

ды. Басқарым деңгейiн жоғарлату үшiн бала ықылас-ниетiнің ең 

жоғары нүктесiнде оның “тiзгiнiн” тартыңқырап, алған жұмысын 

одан  да  тәуiрiрек  орындату  үшiн  бала  ұмтылысына  шектеу 



172

салыңыз,  бұл  оқушыда  көптеген  ұнамды  сапа-қасиеттердің 

өрiстеуiне себепшi болады. 

Оқушыға  үмiт  мүмкіндiгiн  (шанс)  беріңiз.  Балаға  сен 

ақымақсың, сенің ештеңеге қабiлетің жоқ, iстегеніңнің бәрi керi 

кеткен  деп  ескерту  беретiн  болсаңыз,  онда  бiр  болашақтан  

айырлғаныңыз: алдыңыздағы оқушының барша өзiн-өзi жетiлдi-

ру ынтасының жұталанғанының куәсi боласыз. Ал ендi қарама-

қарсы  әдістi  пайдаланыңыз.  Оқушы  үшiн  мақтау-мадаққа  жо-

март болыңыз: баланы алдында тұрған iстің ешбiр қиындығы 

жоқтығына иландырыңыз. Оның қабiлетiне, табысқа жету жо-

лында  ол  тырысып,  қам  жасайтынына  сенетiніңiздi  көрсете 

бiліңiз. 

 “Сенің қолыңнан келедi, сен табысқа жетесің” кеңестің мәнi 

сан  қырлы.  Америка  мектептерiнде  психологтар  қолданған 

“жалған”  нәтижелер  тәсiлi  кең  таралған.  Зерттеушiлер  сы-

нып балалары мен мұғалiмге ең төмен деп есептелiнген  бiр-

неше  оқушының  жоғары  балл  алғанын  жариялаған.  Нәтиже 

күтiлгенiнен артық болды: аталған оқушылар өз үлгерiмiн бiр-

шама  жоғарылатып,  жыл  аяғындағы  қорытынды  тестiлеуде 

сыныптың беделдi тобына қосылды. 



Бала 

намысын 

арқау 

етіңiз. 

Психологтардың 

тұжырымынша,  өзiн  өмiр  бойы  “сәтсiздiк  өрнегi”  ретiнде 

көрсеткiсi келетiн бiрде-бiр адам болмайды. Қалыпты тұлғаға өз 

жағдайын, беделiн әр уақытта көтерiп бару тән сипат. Адамның 

бұл ұмтылыс ниетiн қолдап-қуаттап әрi оған нәр берiп, белсен-

дiлiкке жеткiзiп бару қажет. Қажет болса, оның намысын қозғап, 

табысқа жету мүмкіндiктерiн бетiне тура айтып, қозғау салған 

жөн.  Кез-келген  оқушы  өзiнің  оқу  жұмыстарының  жеткiлiк-

сiз  дәрежеде  екенiн  түсiнедi.  Осыдан  өз  үлгерiмiн  жоғарлату 

қолынан  келетiнiне  сенедi  де.  Не  жетiспейдi?  Жалғыз  түсiну 

аз,  қозғау  салатын  әрекет  керек.  Ал,  баланың  қалыптасып 

келе  жатқан  ұмтылыстарына  арқа  сүйеп,  оны  қимылға  кел-

тiретiн әрекеттердi жасау – бұл педагогтың iсi. Педагогикалық 

әдебиеттерде оқушыны жақсы жұмыс атқаруға ынталандыра-

тын нақты тәсiлдер көп келтiрiлген. Олардың көбiсi жағдайлық 

сипатқа  ие  болып,  оқушының  жеке  тұлғалық  қасиеттерiне 

сәйкес қолданылады, бiрақ нелiктен де намыс қозғауы шетте 

қала  бередi.  Ал  сiз  болсаңыз  осы  намыс  деген  ұлы  қасиеттi 


173

iске қосыңыз: “Мен, немене, басқадан кеммiн бе!” деп шәкiртіңiз 

ұран салатын болсын. 

Оқушы табыстарын көрсете бiліңiз. Ұқыпты оқу iстерiне 

ынталандырудың маңызды бiр әдісi – нақты оқушының сынып-

тастарымен салыстырғанда жоғары табысты болғаны жөнiндегi 

шынайы  ақпарат  берiп  тұру.  Мұндайда  қолданатын  шара 

В.Шаталов ұсынған ашық рейтинг немесе “жарқын болашақ 

жүйесi” тәсiлдерiн пайдалану. Бұл тәсiлдердi пайдаланған пе-

дагогтар оқу үлгерiмiнде үлкен табыстарға жеткен. Мұның се-

бебi – балалардың көбi өздерi жөнiнде ұнамды әңгіме естігендi 

тәуiр көредi: қандай да уақыт аралығында айтылған жылы сөз, 

“үлгерiм экраны”, жарияланған рейтинг балада сенiм тудырып, 

оны өзiндiк қанағаттануға келтiредi. Бұл арада маңызды бола-

тыны мұғалiмнің мақтауы ғана емес, одан бастау алып тұрған 

ұнамды  қолдау-қуаттау.    Әрбiр  сәтте  өздерiнің  қаншалықты 

iлгерілегенiн, қай дәрежеде бiлiм деңгейiнің көтерiлгенiн бiлiп 

тұру  –  әр  балаға  тән  қасиет.  Ақпарат  оқушыға  дер  мезетiнде 

жеткiзiлгенi жөн. Сәрсенбi күнi өткiзiлген бақылау жұмысының 

нәтижесi  бейсенбi  күнi  оқушыға  жетсе  –  бұл  дұрыс.  Ал,  егер 

мұндай нәтиже бiр айдан соң хабарланса, оның түкке де пай-

дасы болмайды. 



Оқушыны мақтауға бiрде жалықпаңыз. Бұл бiр қарағанға 

оп-оңай тәсiл сияқты. Бiрақ олай емес, мақтау ойламаған жер-

ден “бұрқ” ете қалуы (спонтанно) керек. Оны жоспарлауға, сабақ 

кестесiндегiдей белгiлеуге мүмкін емес. Күнделiктi бiр қалыпты 

деңгейде, тiптi кейде өте төмен дәрежеде орындалып жатқан 

жұмыстарды  көз  жұмып,  әсiрелеуден  аулақ  болыңыз.  Жаман 

жасалғанды мақтау – жұмыс иесiнің де, оны дәрiптеушiнің де 

намысына  тию.  Мақтау  әрдайым  нақты,  мекенжайлы  болуы 

тиiс.  Неге  “рахмет”  айтқаныңызды,  неден  қуанып,  неге  таң 

қалғаныңызды  анықтап  бiлдiріңiз.  Мадағыңыз  тыңдаушыны 

сендiргендей  болсын.  Бұл  арада  ым-ишара  тiлi  маңызды  ке-

ледi. Егер мұғалiм жазылған шығарманы мақтап тұрып, қабағын 

түкситетiн болса, оқушылар оның бiрде-бiр сөзіне сенбейдi. 

Бiрге  толғана,  сын  айтыңыз.  Бұл  орайда  төмендегi 

тәсiлдердi пайдаланыңыз: 

–  қолдау-қуаттау  сыны  (“Ештеңе  етпес.  Бұл  рет  болмай 

қалған. Ендiгiде жақсылап орындарсың”);



174

–  сәйкес  сын  (“Сендей  кезiмде,  мен  де  тап  осы  қателiкке 

душар болғанмын. Ой!, сондағы мұғалiмнен есiткенiм-ай”);

–  сын-үмiт  (“Ендiгi  мәрте  тапсырманы  жақсы  орындап 

келетiніңе сенемiн”);

– мақтау сын (“Жұмыс жақсы орындалған, бiрақ жағдайдан 

уақытынан сәл бұрын”);

– бiрге қинала, сынау (“Сенi түсініп тұрмын, жағдайыңды да 

бiлемiн,  бiрақ  сен  де  менi  түсiнсейшi.  Жұмысы  құрғыр  жөндi 

орындалмаған ғой”);

– сын-өкiнiш (“Өкiнiштi-ақ, бiрақ айтпасам болмайды: жұмыс 

сапасыз орындалған”);

– сынай, қателiктi жұмсарту (“Мүмкін, iстің бұлай болғанына 

тек сен айыпты емес шығарсың”).



Өз  оқушыларыңыздың  аты  мен  беделiн  ардақтай 

жүріңіз.  Еврей    отбасыларының  бала  тәрбиелеудегi  ерек-

шелiгi: әр жетiстiк, құрттай да болса, табысқа баланы қолдап-

қуаттап, мақтау. Еврей атасы не анасы өз баласын ешуақытта 

жалқау, қабiлетсiз, ұқыпсыз деп сипаттамайды. Олар әсiрелеп 

мақтаудан тiптi де тартынбайтын көрiнедi. Осынысымен бала-

да  астамшылдық  тобын  қалыптастырып,  оны  қияли  мұратқа 

бiрде қайтпастан ұмтылуға баулиды. Еврей мектептерiнде пе-

дагогтар  өз  оқушыларының  беделiн  көтеруге  ынталы.  Себебi 

шәкiрттерiнің  бұл  мұғалiм  үмiтiн  ақтайтынына  сенiмдi.  Мiне, 

еврей тәрбиесiнің нәтижеге жеткiзетiн басты сыры осыдан. 

Ал  қазақ  мектептерi  мен  отбасыларындағы  мадақ-мақтау 

әлдеқайда  сараң,  ұсқынсыз  және  тiк.  Бастысы,  олар  көбiне 

жүртшылық  алдында  айтылмайды,  айтылса  да,  жол-жөнекей 

бүкпеленiп жеткiзiледi. Мадақтаудан жалықпаңыз, шаршамаңыз. 

Сiз  байқаған  қателiктің  оңай,  түзетiлуi  мүмкін  екенiне,  сiз 

тапсырған  iстердің  бәрiнің  қиын  еместiгiне  баланы  сендiріңiз. 

Оқушылар ең алдымен өз күш-жiгерiне сенетiн болсын. Берiл-

ген тапсырмаларды орындаудан қуанышқа бөленетiн болсын. 

Жақсы,  табысты  оқитын  шәкiрттерге  ең  жоғары  “билiктердi” 

берiп,  үлкен  лауазымдарға  жеткiзіңiз.  Жомарттығыңыздан 

таймаңыз! Балалардың кей бiрi сiздің көзіңiзде өз беделiн та-

нытып, сiздің айтқаныңызбен “тау қопарып” тастауға әрқашан 

дайын. 


175

Ынта  көтерудің  және  бір  жолдары:  өз  сыныбыңызда 

пайдаланатын  ынталандыру  тәсiлдерiнің  тiзiмiн  жасаңыз. 

Мүмкіндiгiнше,  бұл  тәсiлдер  жалпы  бағдарда  болмай,  нақты 

сiздің сыныбыңызға арналатын болсын. Бұл тізім жұмыс үшiн 

қажеттi  “тiрек-конспект”  болумен  бiрге  сiзге  ынталандыру 

жолдарының нақты жағдайларға байланысты келетiнiн дәлiрек 

көрсетедi. 

Педагогикалық  тәжірибеде  сеп-түрткілердi  дамытудың 

“Дидактикалық  еркiндiк”  әдісiн  қолданыңыз,  одан  қандай 

нәтиже шығатынын байқастырыңыз. 



Әдiстеме орындалуы қалай?

Оқушылардың  әртүрлі  қызығуларын,  бейiмдiлiктерiн  және 

мүмкіндiктерiн  ескеру  мақсатымен  мұғалiм  сыныпқа  оқудың 

бiрнеше  баламалы  жолдарын  ұсынады.  Оқушылар  аталған 

уақытта қайсы баламамен оқығысы келетiнiн таңдайды, бала-

малы  оқу  бiткеннен  кейiн  бұрынғы  бiрлiктi  оқуын  жалғастыра 

бередi. Көбiне, мысалы, жұптасып не шағын топта орындала-

тын жеке жұмыстар қатар берiледi. Осы әдістеме шеңберiнде 

қызығулары бойынша бiрiккен шағын топтар түзiледi. 

Қай жерде және қашан?

Егер  уақыт  жеткiлiктi  болса,  әртүрлі  баламалы  оқулар 

ұсынылады және өткiзiледi. Оқушылардың әртүрлі қызығулары 

мен бейiмдiлiктерi байқалған жағдайда бұл әдістеме қолайлы 

келедi. 

Нелiктен?

Егер оқу формасы оқушылардың қызығуларына сәйкес кел-

се,  оқу  тиiмдiлiгi  артып  баруы  тиiс.  Бұл  әдістеме  шеңберiнде 

оқушы    өзіне  ұнаған  оқу  формасын  немесе  оқу  материалын 

таңдайды. Бұл сеп-түрткілердің және дербестiктің артуына не-

гiз болады. 

Қорытындыласақ,  оқушыны  күштеп  өзгеру  жолына 

салғаннан  гөрi,  оның  жан  дүниесiн  түсiнген  абзал.  Нелiк-

тен  бала  мұндай  қадам  басты,  нелiктен  бұлай  жасады,  неге 

басқаша әрекетке келмедi – осыларды түсiнуге тырысайық. Бұл 

қарадүрсiн сын мен иық түртуден пайдалылау  және  қызық  та.  

Әр мұғалiмде  баланы түсiнуден бiрлiктi толғану, шыдамдылық, 

қайырымдылық сезiмдерiне негiз туындайды. 


176

Өзіңiздi тексеріңiз

1.  Оқып-үйрену сеп-түрткілерi деген не?

2.  Оқып-үйрену және оқыту сеп-түрткілерiнің айырмашылығы 

неде?


3.  Оқып-үйрену сеп-түрткілерi қалай топтастырылады?

4.  Қазіргі  кезең  мектептерiнде  сеп-түрткілердің  қай  түрлері 

тиiмдiлеу?

5.  Кiшi  мектеп  оқушыларында  сеп-түрткілердің  қай  түрі  ба-

сымдау?

6.  Оқушыларда оқып-үйренуге ынталылық дамыту шарттары 



қандай?

7.  Оқып-үйрену белсендiлiгi деген не?

8.  Шәкiрттердің  оқу  iс-әрекетiндегi  белсендiлiгiн  көтерудің 

жолдарын атаңыз.

9.  Оқу барысындағы қызығу заңдылықтарының әсер-ықпалын 

сипаттаңыз.

10.  Оқуға  болған  қызықсыну  қалыптастырудың  жолдары, 

тәсiлдерi мен шаралары қандай болуы мүмкін?

11.  Қызығу мен қажеттiлiк арасындағы байланыс қандай?

12.  Оқып-үйренуге  ынталылықты  зерттеп  тану  мен  оны 

қалыптастырудың жолдары қандай?

13.  Баланы  оқуға  ынталандырудың  қандай  әдістерi  мен 

тәсiлдерiн ұсынуыңыз мүмкін?

14.  Оқу еңбегiне болған ықыласты қолдау жолдары қандай?

15.  Оқып-үйренуге ынталандыру деген не?

16.  Мектепте 

қолданылатын 

ынталандыру 

әрекеттерi 

қандай?


17.  Гуманистiк педагогика оқуға ынталандырудың қандай жол-

дарын ұсынады?

18.  Қандай ынталандыру ережелерiн бiлесiз?

19.  Оқуға болған шәкiрт ынтасын ояту үшiн мұғалiм не iстеуi 

мүмкін?

20.  Аса қиын жағдайларда қолданылатын ынта-ықылас көтеру 



жолы қандай?

177



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет