2007  ббк 74. 00 Б 12 Пiкiр жазғандар


-ТАРАУ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ



Pdf көрінісі
бет16/33
Дата06.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#7706
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33

7-ТАРАУ

БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ

ОҚУ ПРИНЦИПТЕРI МЕН ЕРЕЖЕЛЕРI

Жоспар:

          

Принциптер мен ережелер жөнiнде түсiнiк

Саналылық және белсендiлiк принципi

Оқудың көрнекiлiк принципi

Жүйелiлiк және бiрiздiлiк принципi

Берiктiк принципi

Түсiнiктiлiк принципi

Ғылымилық принципi

Көңіл-күй принципi

Теория мен тәжірибені байланыстыру принципi

Тiрек конспект-сөздік

Заң (закон) – құбылыс, үдерiстер және олардың нәтижелерi 

арасындағы  жалпыланған,  шынайы,  тұрақты  да  қайталанып 

барушы байланыстар (тәуелдiлiктер).

Заңдылық  (закономерность)  –  заңның  нақты  үдеріс  пен 

құбылыста iс-әрекетке келу көрiнiсi.



Дидактикалық  принциптер  немесе  оқу  принциптерi 

(дидактические  принципы  или  принципы  обучения)  –  1.Оқу 

үдерiсiнің  көптеген  заңдары  мен  заңдылықтарының  бiрiгiмдi 

әрекеттерiнен  құралып,  мұғалiмдер  мен  оқушылардың  iс-

әрекеттерiн  реттестiру  қызметiн  атқарады,  сонымен  бiрге 

барша  пәндердi  оқыту  мен  игеру  барысында  және  оқудың 

барша кезеңдерiнде жалпы маңызын сақтап қалады. 2. Жал-

пы  мақсаттар  мен  заңдылықтарға  сәйкес  оқу  мазмұнын, 

ұйымдасу формалары мен оқу әдістерiн айқындауда негiздеме 

қызметтерiн атқарушы тiрек (базисный) тұжырымдар.



178

Дидактикалық  принциптер  негiзiн  қалаушы  педагог-

ғалымдар:

Я.А.Коменский – табиғи сәйкестiк (природосообразность) 

принципi.  Қалғандардың  бәрi  осы  принциппен  орайлас  келуi 

қажет.

А.Дистервег – оқу мазмұнына, оқушыларға талап принци-

пi.


К.Д.Ушинский  –  мерзiмге  сәйкестiк,  бiрiздiлiк,  толық 

сәйкестiк,  тұрақтылық,  бекiмдi  игеру,  түсiнiктiлiк,  өзiндiк  iс-

әрекет, жеңiлдiлiк, дұрыстық принциптерi.

И.Гербарт – оқу мен тәртiп бiрлiгi, тәрбиелiлiк оқу, ақыл да-

мыту, мұғалiм беделiн ұстану принциптерi.



Дж.Дьюи – белсендi оқу, оқушының өзiндiк танымы, шәкiрт 

еркiндiгi, мұғалiм жәрдемшi принциптерi.



Қазіргі  заманғы  дидактикалық  жүйе  принциптерi:  1) 

саналылық  және  белсендiлiк;  2)  көрнекiлiк;  3)  жүйелiлiк  және 

бiрiздiлiк; 4) берiктiк; 5) түсiнiктiлiк; 6) ғылымилық; 7) көңіл-күй 

– сезiмдiлiк; 8) теория мен тәжірибе бiрлiгi.



Ережелер (правила) – 1) жалпы принциптерге негiзделген 

педагогикалық  iс-әрекеттердің  нақты  жағдайларда  көзделген 

мақсатқа    жету      жолдарының    сипаттамасы;    2)  қандай    да  

принциптi  iске  қосудың  кейбiр  қырларын  ашып  берушi 

басшылық  тұжырымдар;  3)  принцип  талаптарын  орындау 

бойынша мұғалiмнің нақты әрекетiне көрсетпе.



179

“Баланы  еңбек  қуанышына  жеткiзу, 

оқудағы табыс ләззатына бөлеу, жүрегiнде 

мақтаныш  сезiмiн  оятып,  өз  қадiр-беделiн 

таныту – тәрбиешiнің iзгi парызы”.

В.А.Сухомлинский

Принциптер мен ережелер жөнiнде түсiнiк

Оқу  теориясының  негiзгi  құрылым  бiрлiктерi  –  бұл  ғылым 

тарапынан анықталған заңдар мен заңдылықтар. Бұл заңдар 

мен  заңдылықтар  құбылыстар,  үдерiстер  мен  олардың 

нәтижелерi  арасындағы  жалпы,  шынайы,  тұрақты  және 

қайталанып  келетiн  байланыстар  мен  тәуелдiлiктердің  мәнiн 

ашады.  Дидактика  оқудың  көптеген  заңдылықтары  және 

заңдарымен  таныс,  бiз  олармен  әр  қилы  мәселелерге  орай 

кездесiп  отырамыз.  Дидактикалық  үдерiстің  негiзiн  құрайтын 

аса  маңызды  және  негiзгi  заңдылықтар  мен  заңдар  оқу  при-



нциптерi немесе дидактикалық принциптер деп аталады. 

Бұл принциптер арқасында оқу үдерісiне қатысы бар көптеген 

заңдылықтардың  мән-мағынасы  ашылады,  мұғалiмдер  мен 

оқушылардың  қызметтерi  реттеледi,  барлық  оқу  пәндерiн 

өтуде  және  оқудың  барша  кезеңдерiнде  олар  өздерiнің  жал-

пы мәнiн сақтайды. Осыдан, дидактикалық принциптер (латын 

сөзі  “негiз”)  оқу  үдерiсiнің  жалпы  мақсаттары  мен  заңдарына 

сай келетiн оқудың жалпы мазмұнын, ұйымдастыру формала-

ры  мен  әдістерiн  айқындаушы  тiрек  тұжырымдар  жиынтығы. 

Дидактика  тарихынан  белгiлi  болғандай,  зерттеушiлер  при-

нциптердi ашу жолында елеулi табыстарды қолға кiргiздi. Ендi 

мұғалiмдердің мiндетi осы белгiлi принциптерге сай әрекет ете 

отырып,  оқу  сапасын  жоғарылату  мен  оның  тиiмдiлiгiн  және 

берiктiгiн  көтере  түсу.  Принциптер  дидактикалық  үдерiстің 

бiртұтас  тұжырымдамасын  құрай  отырып,  табиғи  бiрлiк-

те  әрекетке  келедi.  Қазіргі  кезеңдегi  оқу  жүйесiнің  iрге  тасын 



Я.А.Коменский қалаған. Ғұлама – педагог пiкiрiнше, оқудың 

негiзi – табиғи сәйкестiк принципi, ал барша қалған при-

нциптер осы табиғи сәйкестiкке сай бiрiздi iске асыры-

лып барады. А.Дистервег бұл жүйенi жаңа талаптарға негiз-

делген нақты ережелермен толықтырды. Бұл ережелер 1) оқу 



180

мазмұнына, 2) оқытушыларға, 3) оқушыларға қатысты 

болады.  К.Д.Ушинский  тиiмдi  оқуға  қажет  келесi  шарттарды 

белгiлеп бердi: уақытқа сай болуы, бiртiндеушiлiк, табиғилық, 

тұрақтылық,  игеру  берiктiгi,  анықтығы,  оқушылардың  дер-

бестiк  әрекетi,  жүктемелердің  аса  ауыр  не  өте  жеңiл  бол-

мауы,  дұрыстық.    өз  алдына  әртүрлі  мақсаттар  белгiлеген 

дидактикалық  жүйелерде  бiр-бiрiне  ұқсамас  оқу  принциптерi 

iске  қосылады.  Негiзгi  тұжырымдары  өткен  баптарда  жария 

етiлген Гербарт және Дьюи дидактикалары өзiндiк ерекшелiк-

терге ие болғанын бiлемiз. Бiз әңгіме еткен жаңа дидактикалық 

жүйе дәстүрлі (классикалық) және қазiргi заман оқу принцип-

терiн  пайдалануда  байыптылық  сипат  танытады.  Осыдан 

онда  бiрдей  уақытта  көптеген  заңдар  мен  заңдылықтар  iске 

қосылып  жатады.  Оларды  әр  қилы  жолдармен  топтастыруға 

болады  және  олардан  негiзгi  тұжырымдарға  сай  көптеген 

жаңа  жүйелердi  ажыратып,  бөлу  мүмкін.  Сондықтан  да  оқу 

құралдары  мен  әдістемелiк  нұсқауларда  оқу  принциптерiнің 

әртүрлі  жүйеде  бiрiктiрiлген  топтарын  кездестiремiз.  Егер 

дидактикалық принциптердің сiзге бейтаныс жүйесi қолданылып 

жатса  –  таңданбаңыз,  мәндiк  жағынан  олардың  бәрi  бiр-бiрi-

не  жақын.  Бiздің  оқулығымызда  жаңа  дидактика  жүйесiне  

арналып    түзiлген  және  педагогтардың  көпшiлiгi  тарыпынан 

қабылданған  принциптер  легi  қарастырылады.  Бұл  принцип-

тер жалпы танымал.

Қазіргі  заман  гуманистiк  дидактикасында  оқу  принциптерi 

табиғи сәйкестiк басты принципiнің төңірегiнде жүйелi бiрiк-

кен.  Бұл  жүйедегi  дидактикалық  талаптар  төмендегiдей:  1) 

саналылық  және  белсендiлiк;  2)  көрнекiлiк;  3)  жүйелiлiк  және 

бiрiздiлiк; 4) берiктiк; 5) түсiнiктiлік; 6) ғылымилық; 7) көңіл-күй; 

8) теория мен тәжірибенің байланысы.

Принциптер  нұсқау-көрсетпе  (норматив)  қызметтерiн 

атқарады. Олар мұғалiмге кейбiр жағдайларда қандай әрекетке 

келуi жөнiнде тек кеңес немесе сiлтеме берiп қоймайды, жалпы 

заңдылықтар ретiнде бұл принциптер педагогикалық әрекеттер 

бiрлiгiне негiз қалаумен бiрге олардың толық орындалуын та-

лап етедi. Ғасырлар бойы тексерiлiп, сыннан өткен бұл принцип 

талаптарын  бұзған  мұғалiм  ешуақытта  да  оқу  мен  тәрбиеде 

жоғары  сапаға  жете  алмайды.  Принциптердi  бiлу  және  олар-


181

ды оқу-тәрбие үдерiсiнде толықтай iске асыру педагогикалық 

шеберлiктің негiзiн құрайды және ол педагогикалық бiлiктiлiктi 

анықтауда алдымен ескерiледi.      



Педагогиканың  принциптiк  талаптары  ережелер 

жүйесi арқылы iске асырылады. Ереже – бұл педагогикалық 

iс-әрекеттің  нақты  жағдайларда  белгiлi  мақсаттарға  жеткiзу 

тәсiлiнің  сипаттамасы  (описание).  Көбiне  оқу  ережесi  деп 

қандай да принциптi қолданудың жеке тараптарын ашып бере-

тiн жетекшi тұжырымдарды түсiнемiз. 

Оқу  ережелерi  теориядан  тәжірибеге  өту  “көпiрi”  ретiнде 

танылған. Оларда мұғалiмнің көптеген ұқсас  оқу жағдайларында 

қолданатын  бiрдей  әрекет  тәсiлдерi  берiледi.  Ал  кей 

жағдайларда  –  бұлар  мұғалiмге  қалай  әрекет  жасау  немесе 

жасамау керектiгi  жөнiнде нақты көрсетпелер бередi. Осыдан 

ережелердi  бiлу  қажеттiгi  кейбiр  педагогтардың  қарсылығына 

душар  болуда.  Олардың  ойынша,  ережелерге  бекiп,  оларды 

сол күйiнде орындау мұғалiмдердің шығармашылық ынтасын 

дамытуға керi ықпал жасайды. Бұдан шығар қорытынды – бас-

ты назарды ережелерге байлап тастамай, оқудың жалпы тео-

риясын игеруге және оны шығармашыл қолдану дағдыларын 

баулуға  аудару  қажет.  Бұдан  10-15  жыл  бұрынғы  педагоги-

ка  оқулықтарында  ережелер  жөнiнде  әңгіме  қозғалмайтын. 

Ежелгi батыс, орыс мектебi, керiсiнше, осы оқу жұмыстарының 

ережелерiне  көп  көңіл  бөлген.  Өткен  ғасыр  басындағы 

мұғалiмдерге арналған оқу құралдарының бәрi  мектеп өмiрiнің 

қалаған жағдайларына арналған шын мәнiндегi педагогикалық 

ережелердің,  нұсқаулардың  жинақтары  болатын.  Мектеп  ол 

заманда өмiрдің шынайы қағидаларымен ретке келтiрiлген бiр 

қалыпты оқу жұмыстарын алып баратын. 

Ережелерге  түзетулер  енгiзiп,  оларды  ұдайы  қайта 

қарастырып,  ғылым  жетiстiктерi  және  тәрбиенің  өзгерiс 

жағдайлары  негiзiнде  жаңалап  бару  қажет.  Ережелерге  аса 

арқа  сүйеп  немесе  оларды  бұлжытпай  орындауға  құштарлық 

етуге болмайды. Себебi бұл мұғалiмдердің шығармашыл ын-

тасын  байлап,  жаңашылдық  iздестiруде  кедергi  жасайды. 

Дегенмен,  олардан  түбегейлi  бас  тартып,  оқу  үдерісін  шексiз 

еркiндiкке  тап  қылуға  және  болмайды.  Оқу  жұмысында  бiр-

бiрiне  ұқсас,  типтiк,  мұғалiм  шығармашылығын  қажет  етпей-



182

тiн  жағдайлар  көп-ақ.  Бiрақ  олардың  зиянды  тараптары  мол. 

Осындайда  оқу  әрекеттерiн  ережелердi  ұстана  отырып,  iске 

асырған  жөн.  Мұғалiмдерге  мұндай  талаптар  өз  уақытында 

Я.А.Коменский,  А.Дистервег  және  басқа  көрнектi  педагогтар 

тарапынан қойылған едi. 

Ережелер  мұғалiмге  қандай  да  бiр  жағдайларда  нақты 

әрекеттердi  жасауға  сiлтеме  берiп,  белгiлi  бiр  талаптарды 

орындауға  бағыттайды.  Ал  бұл  нұсқаулардың  қалай  орында-

луы тiкелей мұғалiмге тәуелдi. Мысалы, оқушы сабақ басына 

кешiгiп, сыныпқа қоңыраудан соң кiрiп келдi. Мұндай жағдайда 

мұғалiм ережеге сай оқушыға қандай да ықпалды әрекет жасауы 

қажет, себебi тәртiп бұзу ескерусiз қалмауы тиiс. Ал бұл ескер-

ту қалай орындалады – оның жолы бүтiндей және толығымен 

нақты  ситуацияға,  оқушы  тұлғасына,  мектепте  қабылданған 

тәртiптерге, қалыптасқан қатынастарға және көптеген басқа да 

себептерге байланысты. 

Ережелер  саны  қанша  болуы  мүмкін?  Бұл  сұраққа 

К.Д.Ушинский  сөздерiмен  жауап  берген  әдiл  болар:  “…  Бұл 

ережелердің  өздерi  ешқандай  да  шекке  ие  емес:  оларды  бір 

–  ақ  баспа  парағына  сыйдыруға  да  болады,  сонымен  бiрге 

олардың  басын  құрап,  бiрнеше  кiтап  томдарын  да  құрастыру 

мүмкін.  Басты  iс  –  осы  ережелердің  бәрiн  ежелеп  оқып,  жат-

тап  алу  емес,  сол  ережелердің  негiзiн  құрайтын  ғылыми 

тұжырымдарды түсiне игеру. 

Әдетте,  ережелер  мұғалiмдерге  принцип  талаптарын 

толықтай  орындауға  жол-жоба  беретiн  кеңес-ескерту  форма-

ларында келтiрiледi. Ал, қалай әрекет iстеу керек деген нақты 

сұраққа олар тiптi де жауап бере алмайды. Осыдан ережелер-

дi шығармашыл пайдалану қажетi туындайды. 

Сонымен,  бүкiл  педагогикалық  үдеріс  ағымын  реттеп, 

бағдарлап  отыратын  заң,  заңдылықтар  және  принциптер  көп 

те  әрi  саналуан.  Дидактикалық  принциптер  оқу  үдерiсiнің 

жалпы  мақсаттары  мен  заңдарына  сай  келетiн  оқудың  жал-

пы  мазмұнын,  ұйымдастыру  формалары  мен  әдістерiн 

айқындаушы  тiрек  тұжырымдар  жиынтығы.  Педагогиканың 

принциптiк талаптары ережелер жүйесi арқылы iске асырыла-

ды. Ереже – бұл педагогикалық iс-әрекеттің нақты жағдайларда 

белгiлi  мақсаттарға  жеткiзу  тәсiлiнің  сипаттамасы    (описа-

ние).


183

Саналылық және белсендiлiк принципi

      


Аталған принциптің негiзiнде ғылым тарапынан анықталған 

заңдылық  тұжырымдары  жатыр  –  бiлiм  мәнi  өз  ақыл  ой 

белсендiлiгi  арқасында  игерiлген  терең  де  әрi  өз  бетiнше 

ұғынылған  бiлiмдерден  құралады.  Бiлiмдердi  саналы  игеру 

бiрнеше шарттар мен жағдаяттарға тәуелдi: оқу сеп-түрткілері, 

оқушылардың  танымдық  белсендiлiгiнің  деңгейi  мен  сипа-

ты,  танымдық  iс-әрекеттi  басқару  және  оқу  –  тәрбие  үдерісін 

ұйымдастыру, мұғалiм қолданған әдістер мен оқу жабдықтары 

және т.б. Оқушының өзiндiк таным белсендiлiгi оқудың маңызды 

жағдаятының бiрi есептеледi, ол оқу материалын терең әрi берiк 

игеруде  пәрмендi  ықпал  жасайды.  Оқудың  саналылық  және 

белсендiлiк принципiн iске асыру барысында келесi маңызды 

оқу ережелерi сақталуы тиiс:

  Алдағы  жұмыстың  мақсаттары  мен  мiндет-



терiн  анық  түсiну  –  саналы  оқудың  қажеттi  шарты:  олар-

ды  оқушыларға  көрсетіңiз,  маңызы  мен  мәнiн  түсiндiріңiз, 

болашақтағы қажетiн бала санасына жеткiзе бiліңiз. 

–  Оқыту  барысында  оқушы  не,  нелiктен  және 



қалай  iстеу  керектiгiн  түсiнетiн  болсын,  сонымен  оқу 

жұмыстарын  қарадүрсiн  орындамай,  алдын-ала  олардың 

терең мән, мағынасын ұғынсын. 

–  Оқу  барысында  танымдық  iс-әрекеттің  барша 



түрлері мен формаларын пайдаланыңыз, талдауды бiрiктi-

ру тәсiлiмен, индукцияны дедукциямен, салыстыруды қарама-

қарсы  қоюмен  бiрiктiріңiз,  сәйкестiктi  жиi  пайдаланыңыз, 

балалардың  жасы  неғұрлым  кiшi  болса,  индукция  тәсiлiн  жиi 

қолданыңыз.

–  Оқушылар  әр  сөздің,  сөйлемнің,  ұғымның  мән-



мағынасын  түсiнетiн  болсын:  оларды  қолдануда 

оқушылардың  өтiлген  бiлiмдерi  мен  тәжiрибесiне  сүйеніңiз, 

бейнелi салыстыруларды пайдаланыңыз. Мән-мағынасы жете 

ашылуы  мүмкін  болмаған  ұғымдарды  сабақта  қолданудан 

аулақ болыңыз.

–  Балалардың  бiрiн-бiрi  оқыту  мүмкіндiктерiн 



пайдаланыңыз. Дұрыс шешiм табудың ұжымдық формаларын 

184

дамытуға  қажет  жағдайларды  қамтамасыз  етіңiз.  Мұғалiмнің 

түсiндермесiнен  гөрi,  қасында  бiрге  отырған  жолдасының 

әңгімелеп  бергенi  тиiмдi  де  әрi  жеңiл,  сондықтан  сыныптағы 

үздiк  оқушылар  қолынан  келетiн  оқу  iстерiн  өз  мiндетіңiзге 

алып,  түсiндiрiп  жатуыңыздың  қажетi  жоқ.  Бала  белсендiлiгiн 

тәрбиелеуде  уақытты  да,  күш-қуатты  да  аянбаңыз.  Есіңiзде 

болсын,  бүгiнгi  белсендi  оқушы  қоғамның  ертеңгi  белсендi 

мүшесi. 

–  Оқушыларға  белгiсiз  мәлiметтердi  бұрыннан  бел-



гiлiлерiмен  қисынды  ұштарыңыз:  игерiлген  мен  игерiлiп 

жатқан бiлiмдердің арасында қисынды байланыс болмаса, са-

налы оқу да болмайды. 

– Есіңiзде болсын, оқудағы басты нәрсе – сiз оқытып жатқан 

пән  емес,  ол  сiздің  тәрбиеңiзбен  қалыптасып  жатқан 

тұлға.  Оқушы  сiздің  оқу  пәніңiзге  қосалқы  элемент  болмай-

тындай  етiп  оқытыңыз  әрi  тәрбиелеңiз,  керiсiнше,  сол  пәндi 

сiзбен  бiрге  белсендi  игеретiн  субъект  болсын.  Жадыңыздан 

шығармаңыз,  тұлғаны  қалыптастыратын  пән  емес,  пәндi 

оқытумен байланысқан мұғалiмнің өз әрекет-қимылы.

– Оқушының бақылайтын деректерi мен игерген бiлiм-



дерi арасындағы айырмашылықтарды тауып және оларды 

түсiндiрудi талап ететiн жағдайларға келтiріңiз. 

–  Егер  әр  ереже  тиiмдi  сандағы  мысалдармен 

қамтамасыз  етiлсе  және  сол  ережелердің  қолдану 

ауқымы қаншалықты кең екендiгiн оқушы түсiнсе, оқу табы-

сы соғұрлым жоғары болады. 

–  Игерiлiп  жатқан  материалдардағы  басты  және  екiн-

шi  дәрежелi  ақпараттарды  табуға  және  ажыратуға 

үйретіңiз. Оқушыңыз ең алдымен өзектi мәселелердi түсiнiп, 

игеретiн болсын. Сабақта келтiретiн дерек және мысалдарыңыз 

негiзгi мәселе мәнiн көлеңкелеп тастамасын.

–  Әкiмдiк  беделмен  ешнәрсеге  үйретiп  болмайды,  оқу 



–  сезiм  мен  санаға  негiзделген  дәлелдер  арқылы  ғана 

нәтижесiн  бередi.  Оқушыларға  оқу-тәрбие  iстерiнің  аса 

өнiмдi  әдістерiмен  қарулануына  жәрдем  беріңiз,  оларды 

оқып  үйренуге  үйретіңiз.  Оқушы  зейiнiн  сабақ  материалынан 

алаңдататын жағдаяттарға назар аударып, бақылап барыңыз. 



185

Ол жағдаяттар iшкi де (ой шашыраңқылығы, сабақтағы қажетсiз 

заттармен шұғылдану және т.с.с. ), сырттай да (сабаққа кешi-

гу,  тәртiп  бұзу  және  т.с.с.)  болуы  мүмкін,  керi  әсер  ететiн  се-

бептердi жойып барыңыз. Мүмкін болғанша, “неге”, “нелiктен” 

сұрақтарын  жиi  қолданыңыз.  Осы  арқылы  балаларды  себеп-

салдарлы  ой  толғауға  үйретiп,  дамытушы  оқу  үдерісін  iске 

қосыңыз. 

– Дәлелдi деректер мен айғақтары бар оқу – нәтижелi 

оқу,  мұндай  оқуда  күмән  болмайды,  ештеңе  ұмытылмайды. 

Есіңiзде болсын, нағыз бiлгiр – түгiн қалдырмай, қайталап ай-

тып беретiн емес, ал оны тәжiрибеде қолдана бiлетiн. 

– Өз оқушыларыңыздың  жеке-дара қызығуларын зерт-

теңiз  әрi    оларды  ұдайы  пайдаланыңыз,    бала  қызығулары 

оның  жеке  мүдделерiмен,  сонымен  бiрге  қоғамдық  қажеттер-

мен үйлесiмдi болуына мән берiп, оларды дамыта түсіңiз. 

–  Оқу  барысында  тұрмыстық  жағдайларды  кеңiрек 



пайдаланыңыз. 

Оқушылардан 

өмiрде 

байқағандары 



мен 

олардың 


ғылыми 

түсiндiрмелерi 

арасындағы 

айырмашылықтарды  түсiне  ұғып,  өзiнше  бағалауын  талап 

етіңiз. 

– Игерiлген бiлiмдер сенiм, наным деңгейiне өтiп, оқушы 

әрекетiне басшылық болатындай дәрежеде оқытыңыз.

– Өзіңiз тәрбиелеп жатқан балаларды дербес, өз бетiнше 



ойлауға және әрекет жасауға үйретiп барыңыз. Бiреудің 

атқанын  қайталауға,  екiншi  бiреуге  сыбырлап  жәрдем  беруге 

және ойсыз елiктеуге жол бермеңiз. 

– Оқушылардың шығармашылық ой-өрiсiн мәселелерді 



жан-жақты талдау жәрдемiмен дамытуға тырысыңыз, 

мәселелердi бiрнеше қисынды айырмасы бар тәсiлдермен ше-

шуге үйретіңiз, шығармашыл тапсырмаларды жиi қолданыңыз.

–  Сұрақ  қою  және  оның  жауабын  тыңдай  бiлу  –  бел-

сендiлiкке ынталандыру мен оны қолдаудың маңызды шарты. 

Сұрақ қандай болса – жауап сондай, мұғалiм оқушыны қалай 

тыңдаса – оқушы мұғалiмдi солай тыңдайды. 


186

Көрнекiлiкпен оқыту принципi

Бұл  ежелгi  замандардан  қолданылып  келе  жатқан  аса  та-

нымал  және  сезiмдiк  түсiнiктi  принциптердің  бiрi.  Оның  не-

гiзiнде келесiдей ғылыми заңдылықтар жатыр: адамның сезiм 

мүшелерi  сырттай  тiтiркендiргiштердi  әртүрлі  қабылдайды, 

адамдардың көбi көру мүшелерінің аса жоғары сезiмталдығына 

ие;  қабылдағыш  жүйке  (рецепторлардың)  орталық  жүйке-

жүйесiне  бағытталған  байланыс  оптикалық  каналының 

өткiзгiштiк қабiлетi өте жоғары; көру ағзасының (оптикалық ка-

нал бойынша) миға келiп түсетiн ақпарат қайта таңбаланбайды, 

ол оқушы есiнде жеңiл, тез және берiк бейнеленiп қалады. Оқу 

тәжiрибесi  көрнекiлiк  принципiн  қолданудың  көптеген  ереже-

лерiн iске асырған. Солардың кейбiрiн еске салайық: 

–  Сөздік  формада,  ауызша  не  жазбаша  өрнектелген 

материалдарға  қарағанда,  табиғи  күйiнде  берiлген  заттар 

жақсы,  жеңiл  әрi  тез  есте  қалатынын  ескерiп,  оларды  оқу 

үдерiсiнде пайдаланыңыз. 

– Есіңiзде болсын, сәби ойы формалармен, түр-түстi бояу-

лармен,  дыбыстармен,  түйсiктермен  өрнектеледi.  Осыдан 

бала  санасы  жалпы  дерексiзденген  ұғымдар  мен  сөздерден 

құрылмай,  оның  тiкелей  қабылдауындағы  нақты  бейнелердi 

арқау етедi.

–  Оқушылар  үшiн  ең  маңызды  ереже:  мүмкін  болғанша 

сезiмдiк  қабылдауды  пайдаланыңыз,  дәлiрек  айтсақ,  көз 

қабылдауына – көретiндi, құлақ қабылдауына – естiлетiндi, иiс, 

дәм қабылдауға – тиiстi мүшелердi. 

– Бiр көрнекiлiкпен шектелiп қалмаңыз: көрнекiлiк – мақсат 

емес, оқушының ойын дамыту және оны оқыту құралы. 

–  Оқыту  және  тәрбиелеу  барысында  есіңiзде  болсын: 

ұғымдар  мен  дерексiзденген  тұжырымдар  бала  санасына 

нақты  деректер,  мысалдар  және  бейнелер  негiзiнде  жеткiзiл-

се, тез әрi жеңiл қабылданады; олардың мәнiн ашуға әрқилы 

көрнекiлiк түрлерін пайдалану қажет. 

– Көрнекiлiктi тек сурет ретiнде қолданбастан, оны мәселелiк 

жағдайларда өзбетiнше бiлiм алу көзi ретiнде де пайдаланған 

жөн. Бұл оқушылардың тиiмдi iзденiс және зерттеу жұмыстарын 

ұйымдастыруға мүмкіндiк бередi. 


187

–  Көрнекi  құралдар  сабақта  өтiлiп  жатқан  заттар  мен 

құбылыстар  жөнiнде  өте  анық  және  дұрыс  ұғымдарды 

қалыптастыруға жәрдемiн беретiнiн оқу және тәрбие барысын-

да есіңiзден шығармаңыз. 

– Оқушы бақылаулары жүйелестiрiлiп, себептер және сал-

дарлармен сәйкестендiрiлсiн. 

–  Көрнекi  құралдарды  қолдана  отырып,  алғашқыда  бала-

ларды ондағы берiлген бейнелердi тұтастай қабылдауға, кейiн 

бастысын  және  екiншi  дәрежелiлерiн  өз  алдына,  содан  соң  - 

қайталай тұтастыққа келтiруге үйретіңiз. 

–  Әртүрлі  көрнекiлiктi  пайдаланыңыз,  бiрақ  көрнекi 

құралдарыңыздың  саны  шектен  асып  кетпесiн,  себебi  бұл 

баланың  зейiн  шашыраңқылығын  пайда  етiп,  негiзгi  мән-

мағынаны қабылдауға кедергi жасайды. 

–  Көрнекiлiктi  пайдалануда  оқушылардың  сезiмдiк 

тәжiрибесiне  қозғау  салыңыз:  бұрын  қалыптасқан  ұғымдарға 

арқа сүйеуден ендi игерiлiп жатқан түсiнiктер көрнекi нақтылыққа 

келедi. 

–  Балалармен  бiрге  көрнекi  құралдар  жасауға  қатысып 

тұрыңыз: ең жақсы және әдемi көрнекi құрал – балалардың өз 

қолдарымен жасағандары.

– 

Өзіңiз 


жеткiлiктi 

бiлмейтiн 

нәрсенi 

ешуақытта 

көрсетушi  болмаңыз.  Көрнекi  құралды  пайдалануға  мұқият 

дайындалыңыз. 

– Осы заман көрнекi құралдарын – теледидар, бейнетаспа, 

экранды құралдарды және т.б. – ғылыми негiзде пайдалануға 

тырысыңыз; оқудың техникалық құралдарын игеріңiз

–  Көрнекi  құралдарын  пайдалану  барысында  балаларды 

зейiндiлiкке, бақылаушылдыққа, ойлау мәдениетiне, құрастыру 

шығармашылығына, оқуға мүдделi болуға тәрбиелеңiз. 

– Көрнекiлiктi өмiрмен байланыстырудың бiр жолы ретiнде 

пайдаланыңыз. 

– Оқушылардың жас деңгейi жоғарылаған сайын көрнекiлiк 

орнына  дерексiзденген  рәміздік  таңбаларды  пайдалануға  

көбiрек  ден  қойыңыз;  осыған  байланысты  мұғалiм  түсiндiрiп 

жатқан  құбылыстарының  мәнiн  олардың  болмыстағы  нақты 

бейнесiмен сәйкес болуына көңіл бөлгенi жөн. 


188

–  Есіңiзде  болсын,  көрнекiлiк  –  бала  психикасына  күштi 

ықпал  жасайтын  құрал.  Егер  ол  орынсыз  немесе  жеткiлiк-

тi  түсiнiспестiкпен  қолданылса,  балалардың  ойын  басты 

мәселелерден  шеттетiп  жiберуi,  сонымен  бiрге  көзделген 

мақсат көрнекi құралдан көмескiленiп қалуы мүмкін. 

– Көрнекiлiктi шектен тыс қолдану бiлiмдi тереңнен меңгеруге 

кедергi  жасап,  дерексіз    (абстракт)  ой  дамуына,  жалпы  және 

жалпыланған  заңдылықтардың  мәнiн  түсiнуде  зиян  келтiруi 

мүмкін. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет