Жүргізуші: Ал енді сіздер үлкен адам кейпіне еніп, тәжірибелі ұстаз болуға тырысыңыз. Екі топ бірігіп, мұғалімдерге берген оқушылардың сапаларын талқылап ашып көрелік. Тақтаға жазамыз. Біздің мысалда болған төрт сапа шыншыл, қатаң, кәсіби шебер, ұйымшыл, осы сапалар біздің бойымыздан табылады деп ойлаймыз.
Енді келесі жұмысымызға көшелік ол - арттерапиялық жаттығу "Шеңбер бойынша сурет». Біз қазір ақылдаспай біртіндеп шығып мұғалімнің суретін саламыз. Сурет бойынша қорытынды: идеялды мұғалімнің суретін саламын деп кім пайда болды... «әрдайым көріп жүрген мұғалімнің бейнесі. Бүгінгі шыққан нәтиже жемісіне оралатын болсақ педагогтардың мықты жақтарын тағы да бір еске түсіре отырып, бір-бірімізге "Комплимент"айтайық. Жүргізуші: Егер тақырыпқа келетін болсақ,"ғажайып"деген түсінік бір нәрсенің біткенін, болғанын білдіреді. Бірақ біздің жолымыз біткен жоқ, біз сіздермен әрдайым қозғалыстамыз. Кез келген мақсатқа жеткенде біздің алдымыздан жаңалықтар ашылады, жаңалықтың шеті жоқ. Мен сіздерге шығармашылық табыстар тілеймін! 112.«Кеденшілер мен ұрлап өткізушілер» жаттығуы Бір адам ұрлап өткізушінің рөлін ойнайды. Ол бөлмеден шығады және қайтадан басқаларға оралады, яғни кеденшілерге. Ол бөлмеден 5 рет шығады, бір оралғанында (қайсысында - оны өзі таңдайды) оның киімінің ішінде кішкентай заты бар (мысалы, ең үздік ұрлап өткізушіге сыйлық) конверт жабыстырылған болуы керек. Кеденшілер ұрлап өткізушілерді тексеруге құқықтары жоқ. Тек қана әр түрлі сұрақтар қоя алады. Кеденшілердің тапсырмасы - келген қай ұрлап өткізушіде конверт жасырылғанын білу. Әр кеденші өзінің пікірін жазады. Сосын әрқайсысы осы деген, тек екі келушіні көрсете алады.Ұрлап өткізушінің рөлін кезекпен бірнеше қатысушы ойнайды. Қорытынды: Өздеріңе қай топта жеңіл болды және әр қатысушы өз мінез-құлқын қалай көрсете алды? Ұрлап өткізушілер сендерде кеденшілердің алдында қорқыныш, қобалжу сезімдері болды ма?