2014 Спецвыпуск І международная научная конференция «Современная наука и инновации»



Pdf көрінісі
бет13/17
Дата12.03.2017
өлшемі6,95 Mb.
#9047
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Блум жүйесіне сүйене отырып«Оқыту үшін бағалау 

және оқуды бағалау» теориясын білу және түсіну, пра-

ктикада қолдана алу, талдай білу және теориясынан алған 

білімін жинақтай алуы мен бағалай білуін меңгерту — деп 

а

йқындадым.

Сабақ жоспары жоспарланған оқыту мақсатына сай 

оны толық жүзеге асыруға бірізділік принципін сақтай от-

ырып, жасалды. Қолданылған стратегиялар мұғалімдерге 

І «Бетпе-бет» кезеңіндегі мақсаттары және міндеттерін, 

тренингтік сессиялардың сабақта күтілетін нәтижеге 

бағыттау қарастырылды.

Сабақ жоспарын Бағдарламада берілген үлгіні 

басшылыққа ала отырып, жасалған. Әрине, берілген 

дайын үлгінің деңгейінде жұмыс жасаған дұрыс, де-

генмен Блум жүйесіне негіздей отырып, сабақ мақсатын 

айқындалды. Мақсат: «Оқыту үшін бағалау және оқуды 

бағалау» теориясын білу және түсіну, практикада қолдана 

алу, талдай білу және теориясынан алған білімін жинақтай 

алуы мен бағалай білуі. Мақсат пен нәтиже арасындағы 

сәйкестікті анықтайтын тапсырмалар мен жаттығулар 

жүйесіне, яғни мұғалімдерге сыни тұрғыдан ойлануға 

қолдау көрсететін әдіс-тәсілдер алынды.

Сабақ барысында жасалған «Кенесары хан жайлы 

жазылған шығарманы бағалау үшін табыс критерий-

лерін айқындау», «Формативті бағалау мен суммативті 

бағалаудың ұқсастықтары мен ерекшеліктерін айқындауға 

бағытталған «Венн диаграммасын» жасау жоспарланды, 

себебі мұғалімдердің пікірін тыңдау, ақпаратты салыстыру 

негізінде талдау, жинақтау дағдыларын қалыптастыруды 

мақсат еттім. Әр тапсырма, жаттығу жұмыстарынан 

кейін формативті бағалаудың «Екі жұлдыз, бір ұсыныс», 

«Бағалау сэндвичі», «Табыс критерийлері» түрлері не-

гізге алынды.

Тапсырмалар жүйесі 4 сабақта табыс критерийлері 

өлшемдерінің нәтижесін анықтауға, тұжырымдауға және 

өз тәжірибесінде өзгеріс енгізуге бағытталып, қолданылды.

Сабақ соңында «Сөйлемді аяқтау» әдісі» арқылы 

«Мен үшін қиын болды», «Мен түсіндім, үйрендім», 

«Мені таңқалдырды» және «Алдағы уақытта» — деген 

ой-тұжырымдары арқылы кері байланыс жасату көзделді. 

Бұл әдісті мұғалімдердің өзін-өзі бағалау құралы ретінде 

пайдалануды жоспарладым.

Жүйеленген тапсырмалар мен жаттығулар арқылы 

Блум жүйесіне негізделе отырып, мұғалімдердің меңгеру 

деңгейі айқындау межеленді.

Сабақ басталарда жағымды ахуал туғызу мақсатында 

тақырыпқа сай «Сөйлемді аяқта» әдісі бойынша: Оқыту 

үшін бағалау ..............., Бағалау арқылы оқытуды 

жақсартудың 5 факторы ..............., «Қара жәшік» ішін-

дегі бағалау .................,



 Оқуды бағалау кезінде ......., Ин-

терпретация ....... арқылы, яғни сыни көзқарас таныта 

отырып, топтасты. Көп нүктенің орнына қажетті тиісті 

ақпаратты жазу ұсынылды.

Осы орайда мен тренер ретінде мұғалімдердің 

теориялық сауаттылығын арттыру үшін мұғалімдерге 

арналған нұсқаулықты басшылыққа алуларын өтіндім.

Себебі, І-ші «Бетпе-бет» кезеңінде меңгерген 

теориясының негізінде мектептегі тәжірибе кезеңіндегі 

өткізетін мұғалімнің әр сабағында формативті бағалау өз 

дәрежесінде жүзеге асырылуы қажет.

Сабақтың кіріспе бөлімінде теріс түсініктерден және 

әдеттегі қателерден «арылтуға» арналған қызықты және 

пайдалы тапсырма ретінде «Аққала» суретін салуға жеке 

тапсырма бердім, салынған суреттер тақтаға ілінген соң, 

«4», «5» бағаларды қойып шықтым, осы мезетте топта 

«жұмыс шуы» басталды, неге «4», неге «5» қойдыңыз 

деген секілді сұрақтар қойылды. Осы сәтте шынайы 

бағалау үшін табыс критерийлерін айқындатып, қайта 

бағалау жүргізілді.

«Кенесары хан» жайлы жазылған шығарманы бағалау 

үшін кемінде 3–4 критерийлерін айқындату мақсатында 

топтық жұмыс жүргізілді. Табыс критерийін айқындату 

өзектілігі жайлы түсініктеме жүргізілді.

Мұғалімдер өзінің нұсқамасына оқыту үшін бағалау 

әдісін енгізу үшін, оларға алдымен бағалау оларға не 

үшін қажет екендігін ойлану, ал екіншіден, балаларға 

оқыту үдерісінде бұдан жоғары нәтижелерге жетуге қалай 

жәрдемдесуге болатындығын шешу керек.

Мақсат пен нәтиже арасындағы сәйкестікті 

анықтайтын тапсырмалар мен жаттығулар жүйесіне, яғни 

мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлануға қолдау көрсететін 

әдіс-тәсілдер алынды.


66

«Молодой учёный»  .  № 1.2 (60.2)   .  Январь, 2014  г.



Педагогика

4 сабақтан тұратын сабақтар тізбегінде мен оқыту үшін 

бағалауда мынадай әдіс-тәсілдерді жоспарлап, қолдандым:

* Топтық жұмыс. Кенесары хан жайлы жазылған 

шығарманы бағалау үшін кемінде 3–4 критерийлерін 

құрастыру, әр топтың жасаған критерийлерінен түйінді 

бағыттары айқындалды.

* Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі 

бойынша 5 қадам: қарапайым сұрақ қою, сұраққа жауап 

беру, теориялық сілтеме жасау, теория мен практиканы 

байланыстыру, тапсырма, жаттығу, бағалау парақтарын 

дайындау бойынша постер дайындап, жоба қорғалды.

* Планшетте «Екі жұлдыз, бір тілек» бойынша топ 

бірін-бірі бағалау жүргізілді.

* 12 бағалау стратегиясын 5 топқа 2–3 стратеги-

ядан бөліп берілді, жеке, жұптық, топтық жұмыс жүргізе 

 отырып, постер дайындады, топ баяндамашылары қорғады.

* Планшетте топтардағы өзара бағалау страте-

гиясы бойынша «Мадақтау сэндвичі» арқылы бағалау 

жүргізіледі.

* Формативті бағалау мен суммативті бағалаудың 

ұқсастықтары мен ерекшеліктерін айқындауға 

бағытталған «Венн диаграммасын» жасады.

* Кері байланыс «Сөйлемді аяқтау» әдісі бойынша 

жүргізілді: Мен бүгін көп нәрсені ......, Мен үшін қиын 

болды ....., Мен тапсырманы...., Мен түсіндім......., Мен 

үйрендім....., Алдағы уақытта...., Мені таңқалдырды...... 

сынды ой-тұжырымдарын жазды.

Мұғалім бағалауынан өзін-өзі бағалауға көшу 

айтарлықтай қиындық тудыратын қадам және өзінің сы-

ныптастарын бағалауда осы үдерісті жеңілдетуге мүмкіндігі 

бар. Сыныптастарын бағалау маңызды рөл атқарады, 

 себебі ол ынталандыру деңгейін көтереді, оқушыларға 

өз тілінде сөйлеуге мүмкіндік береді, сынды қабылдауға 

ықпал етеді, өзіне және мұғаліммен пікірталасқа түсуіне 

сенімділігін арттырады, сондай-ақ мұғалімдерге үдерістен 

шектелуіне және жай ғана бақылауына мүмкіндік бе-

реді. (Блэк және қосалқы авт., 2003) дегендей, планшетте 

жазылған «Екі жұлдыз, бір тілек» және «Мадақтау сэн-

двичі» арқылы бағалауда қиындық туғызғанына көз жет-

кіздім.

Мұғалімдердің бағалау өлшемдерін жасағанда 



жұмыс мысалдарының транскрипцияларын пайдала-

нуда қиындық туындағаны анық, әрине төмендегі жұмыс 

транскрипцияларын: А) А пәні: өте жақсы, жақсы 

ұйымдастырылған, жақсы талпыныс, өте жақсы жұмыс, 

фантастыикалық тетіктер, осылайша жалғастырыңыз, 

өте жақсы таныстырылым. Ә) түзетуге бағытталған: 

көптеген суреттер берліген, өте жақсы жұмыс — жазу 

ережесін дұрыс қолдан, не түзетілгені — толықтырулар, 

жалпы жақсы жазылған, бірақ мәніне жету үшін көп 

уақыт керек. Б) ғажап, қателердің жанында жақсы жа-

уабы жазылған, өте жақсы тырсқансың, өте жақсы + 

түзетілген қателер, жақсы талпыныс, егер түсініксіз 

болса маған кел, жақсы күш салғансың, сөйлемді .... дан 

бастама, себебі; қолдану арқылы қиындықтарды игертуге 

қол жеткізе бастадым.

Формативті бағалау мен суммативті бағалаудың 

ұқсастықтары мен ерекшеліктерін айқындауға 

бағытталған «Венн диаграммасы» жасалды.

Формативті бағалау: оқыту үшін бағалау, сезім, 

символ арқылы беріледі, ынталандырушы жетелеуші, 

қалыптастырушы, критерий айқындау арқылы және 

баға қойылмайды, сөзбен беріледі. Суммативті бағалау: 

оқуды бағалау, жиынтық бағалау, санмен қойылады 

және мониторинг жүргізіледі. Ұқсастығы бағалау; мақсат 

айқындалады және нәтижесі шығарылады. Венндиаграм-

масын жасау арқылы мұғалімдерде форматвиті бағалау 

мен суммативті бағалаудың ерекшелігі мен ұқсастығын 

түсінуге мүмкіндік алды.

Драхмэн мен Суэтс (1988) кері байланыс және 

құрдастарының ескертулері тұрақты нәтижелерге қол 

жеткізуде мұғалімнің сынына қарағанда көп әсер етуі 

ықтимал екендігін айтады. Алайда оқыту үдерісі тек 

қана оқушылардың тапсырманы орындаудың бастапқы 

кезеңінде өзінің білімі мен дағдылануы және тапсырма 

аяқталғаннан кейін нені білетіндігі туралы нақтылы 

сезінген кезде ғана тиімді болады. (QCA, 2001) — деген 

ой-тұжырымына келісе отырып, сабақ соңында «Сөйлемді 

аяқта» әдісі бойынша кері байланыс жүргіздім.

Кері байланысты мұғалімнің ғана қамтамасыз етуге 

тиісті емес, шын мәнінде оны оқушы немесе құрдасының 

жиі жақсы ұсынатынына назар аудару, құрдастары және 

өзін-өзі бағалаудың оларды оқыту үшін өзіне жауапкер-

шілік алу, сондай-ақ оқушының өзін жақсартудың мүмкін 

екеніне сенім ұялату үшін, оқушыны қалай ынталандыру, 

жетілдіруді көрсету мақсаттарын нақтылаудың өте күшті 

тәсілдері болып табылатынына көз жеткіздім.

Кері байланыс мұғалімдерге біріншіден, оқытудағы кем-

шіліктерді анықтауға; екіншіден келесі сабақтар тізбесінде 

өзгерістер енгізуге, яғни оытудың жаңа әдіс-тәсілдерін 

қолдануға; уақытты тиімді пайданауға мүмкіндік береді.

Кейбір қиыншылықтар «нәтиже» және «білім» 

арасындағы айырмашылықты түсінбеумен байланысты 

туады. Әйгілі психолог Кэрол Двэк бір-біріне жақын екі 

бағытты ажыратқан. «Нәтиже» бағыты ақымақ болып 

көрінбей, «білімді болып көріну» үшін бағытталған, ал 

«білім» бағыты жаңа дағдыны алу, жаңа мәселелерді 

орындау және түсіну есебінен «Білімдірек» болуға 

мақсатталған. «Нәтижелерді көрсетумен» шектен тыс ай-

налысу білім алу үдерісін өзінің басуы мүмкін — деген 

тұжырымымен келісемін.

Өзін-өзі бағалау «өткен тәжірибені пайымдаудың 

үдерісі, оқылғаны және қол жеткізілгені туралы нақтылы 

түсінікті алуға талпына отырып, еске алуға және түсінуге 

ұмтылыс жасау» түрінде айқындалады (Мунби және 

қосалқы авт., 1989).

Формативті бағалау өздігінен жеткілікті мөлшердегі 

маңызды құрал, өйткені сәтсіздікті айқындауға мүмкіндік 

жасайды.


Оқудың 1-ші бетпе-бет кезеңінде тренингтер, дәрістер 

ұйымдастыру барысында мұғалімдерге әдістемелік тұрғыда 

қолдануды жөн көрдім. Оқыту үшін бағалау және оқуды 


67

“Young Scientist”   #1.2 (60.2)   January 2014



Education

бағалау модулі тақырыбын өткізгенімде мұғалімдермен 

оқыту формасын түрлендіріп (ұжымдық іс-әрекет, топтық, 

жұптық, жеке) іс-әрекеттер жоспарланды. Оқыту үшін 

бағалау және оқуды бағалау модулінің идеясын дамыту үшін 

негізгі стратегияларын: ой қозғау, Блум, Венн диаграм-

масы, бағалаудың түрлері: т.б. қолдандым. Әрбір өткізілген 

сабақтан кейін мұғалімдермен кері байланыс жүргізу — 

мақсатқа жетудегі жасалынған іс-әрекеттер, жағдаяттар, 

қойылған сұрақтарға берілген түсініктемелер мен ком-

ментарийлер. Дәріс соңында кері байланыс парағына 

мен үшін қиын болды, нені үйренді, алдағы уақытта нені 

жақсартатын қадамдарын белгіледі осы тренингтен қандай 

нәтиже көрсеткенін жазды. Сабақ рефлексиясында ұнаған, 

қиын болған тұстарын, ұсыныс-тілектерін білдірді.

Оқушылар өзінің білім алуы үшін өзіне жауапкершілік 

алуы тиіс, себебі басқа ешкім де олар үшін оны істемейді. 

Яғни, осылайша оқушылар оқытуды бағалау үдерісіне 

тартылуы қажет. Бұл мәнмәтінде үздіксіз дамуға ықпал 

ету, оқыту үдерісін сезіну және оқушылардың оларды 

басқару қабілеттілігі ерекше маңыздылыққа ие болады. 

(Бағалауды Жақсарту тобы, 1999). Осы ойды негізге ала 

отырып, сабақ үрдісінде әр қадам, әр іс-әрекетте форма-

тивті бағалаудың жүргізілуі маңызды.

Менің байқағаным сабақ барысында қолданылған 

формативті бағалау түрлері мұғалімдердің өзгеруіне, өзіне 

деген сенімді болуына, бағалау жүйесіне деген ұстанымы 

мен көзқарасының оң шешімін тапқандай болды.

Әдебиет:

1.  Александер Р. Культура и педагогика. — М.: Wiley–Blackwell, 2001.

2.  Бағалау реформасының тобы. Оқыту үшін бағалау: 10 ұстаным. — Кембридж Университетінің білім беру фа-

культеті, 2002.

3.  Блэк П.И., Вильям Д. Сыныпта бағалау және оқыту, білім берудегі бағалау: ұстанымдар,саясат және пра-

ктика. — 1989. — 5 (1). — 5–75 бб..

4.  Пэтти Д., Нэльсон Т. Бүгінгі оқыту. // Практикалық нұсқау. — 2-басылым. — Алматы, 1998.

Жоғары оқу орнындағы тәрбие жұмысын дамытудағы басым бағыттар

Насимов Мурат Орленбаевич, саяси ғылымдарының кандидаты, доцент; 

Саткенов Данияр Абилкасымович, студент

«Болашақ» университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан)

Т

әрбие теориясы ғылыми қауымдастық арасында бүгінгі 



күнде үлкен қызығушылық танытып отыр, десек те, 

Кеңес одағы ыдырағаннан кейін тәрбиені ғылыми тұрғыдан 

зерттеу сыналып, ақырында ұғымды сол коммунистік 

биліктің мұрасы ретінде қарастырғандар кездесті. Өйткені, 

бүгінгі таңдағы қарама-қайшылығы мол заманның 

қоғамдық санасына қажетті тәрбие мұратын табу қиынға 

соғады. Сондықтан, тәрбие — тұлғаны қоғамдық және 

мәдени өмірдің социомәдени нормативтер модельдеріне 

сәйкес дайындау мен қалыптастыру жүйесі. Көптеген 

ғалымдар пікірлері мен анықтамалары бойынша тәрбие 

популяцияның тарихын сақтауды қамтамасыз ететін ме-

ханизм болып саналады. Ал, адам тәрбиесі педагогиканың 

ғылым ретіндегі пәнін құрайды.

Ғылыми еңбектерді саралай отырып, тәрбие мақсаты — 

арнайы дайындалған, жоспарлы жүргізілетін тәрбие ак-

циялары мен қимылдарының ықпалымен жүзеге асыры-

латын және адамдағы күтілетін нәтижелі өзгеріс болып 

табылады.

Тәрбие көмегі арқылы қоғамға қажетті адами 

құндылықтар қалыптасады. Біріншіден, адамның сөйлеу 

мүмкіндігі;  екіншіден, қоршаған ортаның өзгерісіне 

бағытталған мінез-құлық белсенділігі; үшіншіден, 

өндіріс құралдары арқылы қоршаған орта элементтері 

өзгерістерінің байланыс қызметі.

Студенттер тәрбиесі — бүкіл педагогикалық ұжымның 

ісі екені белгілі. «Болашақ» университеті [1, 2] әрдайым 

студент-жастар тәрбиесі, олардың келешек кәсіби 

қызметінің моральды-психологиялық дайындығына ерекше 

назар аударады. Бүгінгі таңда жаңа тарихи шарттарда және 

қазақстандық қоғамның күрделі тарихи кезеңдерінде өскен 

жастар білім алуда. Сондықтан тәрбие қатынастарының 

жаңа парадигмалары негізінде студенттерді тәрбиелеудің 

жаңа моделі қалыптасу үстінде. Оның дамуына Қазақстан 

Республикасының Мемлекеттік жастар саясатының 

тұжырымдамасы туралы ҚР Президентінің 1999 жылғы 28 

тамыздағы № 73 Өкімі, ҚР Білім және ғылым министрінің 

2009 жылғы 16 қарашадағы № 521 бұйрығымен бекітілген 

Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі 

тәрбие тұжырымдамасының маңыздылығы жоғары. 

Әсіресе, тәрбие тұжырымдамасында айқындалған барлық 

мәселелер мен әдіснамалық негіздері талданып, тәрбие 

жұмысының басым бағыттары бойынша шаралар кешені 

ұйымдастырылған.

Жоғары оқу орнының оқытушысы кәсіби ақпаратты 

жеткізудің көзі ғана емес, болашақ мамандардың кәсіби 


68

«Молодой учёный»  .  № 1.2 (60.2)   .  Январь, 2014  г.



Педагогика

мәдениетін қалыптасуына оң ықпал жасайтын тұлға. 

Университет оқытушысының кәсіби, азаматтық және 

патриоттық міндеті — тәрбие беру және тәлімгер ұстаз 

құндылықтарын сақтау болып табылады. Сондықтан 

оқытушылардың педагогика және психология саласындағы 

кәсіби деңгейін жоғарылатуды жүзеге асыру университет, 

факультет басшылары мен кафедра меңгерушілерінің 

маңызды міндеті саналады.

Тәрбие қызметін басқарудағы негізгі рөлді тәрбие 

жұмысының мазмұндық құрылымын ұйымдастыруды 

қамтамасыз ететін университеттің Ғылыми кеңесі 

атқарады. «Болашақ» университетіндегі тәрбие жұмысын 

тәрбие жұмысы және халықаралық байланыстар жөніндегі 

проректор басшылығымен жүзеге асырылады және фа-

культет декандары мен Студенттік Парламентке тапсыр-

малар беру арқылы үйлестіріледі. Аталмыш құрылымдық 

бөлімдер өз жұмыстарын тәрбие жұмысының жоспарына 

сәйкес жүзеге асырады.

«Болашақ» университеті бірлескен мәдениетінің 

ажырамас бөлігі студенттік өзін-өзі басқарудың дамуы 

болып табылады. Студенттік өзін-өзі басқарудың басты 

ұйымы Студенттік Парламент және студенттік деканат 

болып табылады. Жастарға Студенттік Парламент пен 

факультет студенттер кеңесі өкілдік етеді. Студенттік 

кеңестің негізгі мақсаттары қатарына жоғары оқу орны 

басшылығымен қатынас жасауда студенттер мүдделеріне 

өкілдік ету, оқу мен Студенттер үйінде тұру жағдайлары 

оңтайлануына белсенді қатысу, студенттердің идея-

лары мен жобаларының жүзеге асырылуына ықпал ету, 

студенттердің шығармашылық-ұйымдастырушылық 

және ғылыми потенциалының жүзеге асырылуына 

көмектесу, жоғары оқу орнының қоғамдық жұмыстарға 

белсене атсалысатын студенттердің моральды және ма-

териалды қызығушылығының жүзеге асырылу жүйесін 

жасау жатады. Студенттік өзін-өзі басқару орган-

дары студенттік ортада іскерлік жағдай, плюрализм, 

азаматтық белсенділік, толеранттылық, қоғам өміріне 

белсенді қатысу қабілетінің қалыптасуына ықпал етеді. 

Оқу жылы бойында Студенттік Парламент университет 

ректорымен проблемалық-тақырыптық кездесулерін 

ұйымдастырады.

Университет оқытушылары мен студенттері 

ұйымдастыратын көптеген іс-шаралар дәстүрге айналып, 

олар ПОҚ және студенттер үшін етене жақын болып 

кеткен.


Оның ішінде мыналарды атауға болады:

 

— жоғары оқу орны, университет әкімшілігімен та-



нысып, корпоративтік рухты қалыптастыруға бағытталған 

Білім күніне арналған салтанатты жиын;

 

— бірінші курс студенттерін салтанатты түрде студент 



қатарына қабылдау;

 

— Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері 



күні мерекесіне арналған іс-шаралар;

 

— Ұстаздар күніне арналған мерекелік концерттік 



бағдарлама;

 

— қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі 



пікір-сайыс турнирлері;

 

— Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнін атап 



өтуге арналған салтанатты шаралар;

 

— студенттер мен оқытушыларға арналған жаңа 



жылдық кештер және қызметкерлердің балаларына 

арналған ертеңгіліктер;

 

— «Болашақ» университеті КТК командаларының фе-



стивалі;

 

— 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған ме-



рекелік кеш;

 

— Қазақстанда тұратын халықтардың дәстүрі 



көрсетілетін концерттік бағдарламамен «Наурыз» мере-

кесін тойлауды ұйымдастыру;

 

— «Болашақ» аруы конкурсы;



 

— дәстүрлі «Бозбала мен бойжеткен» конкурсы;

 

— ақындар мүшәйрасы, суретшілер көрмесі, салау-



атты өмір-салтын қалыптастыруға бағытталған спорттық 

шаралар;


 

— салтанатты түрде диплом тапсыру.

Десек те, алдын ала жоспарланған немесе ар-

найы ұйымдастырылған тәрбие тиімді болмайтынын 

ұмытпауымыз қажет. Тұлға ізденісіне еркіндік және 

жеке таңдау құқығы берілгенде ғана тәрбие дамиды. 

Тәрбиені стандарттау тұлғаның даму мүмкіндіктерін шек-

тейді. Бұл, әсіресе, өзінің құндылық ориентацияларын 

қалыптастырған студент жастарға қатысты. Сондықтан, 

оқытушылардың басты назарында оқу-тәрбие про-

цесінен бұрын студенттің тұлғалық белгісі тұруы тиіс. 

Студенттердің рухани белсенділігі мен стандартты емес 

ойлау қабілетін марапаттап отыру қажет.

Әдебиет:


1.  Умбетов У.У., Досманбетова З.Р., Насимов М.О., Паридинова Б.Ж. Университет »Болашак» в свете реали-

зации »Стратегии-2050» // Молодой ученый. — 2013. — № 5, Том ІV. — С. 778–780.

2.  Umbetov U.U., Dosmanbetova Z.R., Nassimov M.O., Paridinova B.Zh. University of «Bolashak» in the light of 

realization of «Strategy Kazakhstan-2050» // European Applied Sciences. — 2013. — № 4 (April), Volume 1. — 

pp. 96–98.


69

“Young Scientist”   #1.2 (60.2)   January 2014



Education

Педагогикалық өлкетанудың маңызы

Орманова Мария Айтбаевна

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» ақционерлік қоғамының филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің 

 біліктілігін арттыру институты (Қызылорда қаласы, Қазақстан)

Б

үгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған 



азат ұрпаққа тәлім — тәрбие және білім беруді 

жетілдірудің басым бағыттарын айқындау педагогика 

ғылымы мен озат тәжірибенің көкейкесті мәселелерінің 

бірі болып отырғаны анық. Әрбір жеке тұлғаның бойында 

елжандылық сезімді қалыптастыру — білім саласының 

басым бағыттарының бірі.

Бірде-бір ұлт өз елінің тарихын, мәдениетін сыйла-

майынша, өз өлкесінің тарихи және рухани мұрасын қайта 

қалыптастырып өркендетпейінше, азаматтық және ру-

хани тәрбие жүргізбейінше дамып, өмір сүруі мүмкін 

емес. Өлкетану деректерін оқыту мәселесінің тари-

хынан сөз қозғағанда, алдымен ауызға, әл-Фараби, М. 

Қашқари, Ж.Баласұғын, Асан Қайғы, Бұхар жырау, Я.А. 

Коменский, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, 

А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытов, М. Жұмабаев секілді 

ойшыл ғалымдар түседі. Бұл ғұлама ғалымдар туған өлкені 

балаларға таныту арқылы олардың Отанға сүйіспеншілігін, 

қызығушылығын ояту мәселесі тұрғысында маңызы 

мен мәні жайында жоғары пікірлер мен ой-тұжырымдар 

айтқан.


Мысалы, әл-Фараби жетілген тұлғаны тәрбиелеу 

үшін «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, 

тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың қас жауы, ол ке-

лешекте оның барлық өміріне апат әкеледі», «Оқыту 

адамдар мен халықтарға теориялық қайырымдылық да-

рыту болады, ал, тәрбие — білім-білікке негізделген 

өнер арқылы оларға этикалық қайырымдылық дарыту 

тәсілі. Оқыту тек сөз арқылы жүзеге асырылады, ал 

тәрбие кезінде адамдар мен халыққа білімге негізделген 

қасиеттерден шығатын әрекеттерді жасауды дағдыға ай-

налдыру үйретіледі...»-деген ұстанымдарды басты қағида 

ретінде ұсынды. Ғұлама ғалым тек білім арқылы ғана 

толыққанды адам қалыптасатынын айта келе, еңбегінде 

«Өз елімнің басы болмасам да, сайының тасы болайын», 

«Елінен безген оңбайды, көлінен безген қонбайды» — 

деп, туған жердің қадір-қасиетін асқақтатады.

Түркі өркениетінің шежіресін жазып, өз есімін 

мәңгілік еткен данышпан ғалым, кемеңгер ұстаз Махмұт 

Қашқаридің «Түрік сөздігі» еңбегін оқып-үйрену және 

теориялық тұрғыдан талдау негізінде бұл тек сөздік, немесе 

тілтану мәселелерін ғана қарастырған еңбек еместігін, 

онда біздің ата-бабамыздың ұрпақ тәрбиесі бойынша 

тәжірибесі жинақталып, түркі халқының педагогикалық 

тұжырымдамасы негізделгенін айқын көруге болады. 

Ғұламаның тәлім-тәрбиелік идеялары өнегелі өмір сүру 

үшін жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім берудің 

маңыздылығын дәріптеуге бағытталған [3]. Сондықтан 

оның педагогикалық тұжырымдамасының негізгі өзегі — 

орта ғасырдағы түркі баласының бейнесі — «ұлылыққа 

ұмтылған», «білімділікті іздеген», «даналықты таңдаған», 

«біліктіге серік болған», «бабалардың әдеп-ақлақты 

насихатын ұстанған» ірі тұлға. Сонымен қатар сөздікте 

біршама туған жерге байланысты мақал — мәтелдер де 

берілген. Атап айтқанда, «Бөтен елде сұлтан болғанша, 

Өз еліңде ұлтан бол», «Ит тойған жеріне, Ер туған 

жеріне» мақал — мәтелдері өскелең ұрпақты туған жерді 

құрметтеуге, сүюге неше ғасырдан бері тәрбиелеп келеді.

Туған жер туралы ой-пікірлер қазақ халқының 

жыраулары мен шешендерінің шығармаларында көптеп 

орын алады. Мысалы, Асан Қайғының:

Көлде жүрген қоңыр қаз,

Қыр қадірін не білсін!

Қырда жүрген дуадақ

Су қадірің не білсін!

Ауылдағы жамандар

Ел қадірің не білсін!

Көшіп-қонып көрмеген,

Жер қадірің білмесін! — деп жер қадірі мен ел қадірін 

толғауында жоғары бағалаған.

Мұндай толғаулар қазақ халқының егемендігі 

үшін күрескен Бұхар, Үмбетей, Сыпыра, Ақтамберді 

жыраулардың еңбектерінде көптеп кездеседі. Бұл жырлар 

ұрпақты өз елін қорғауға, құрметтеуге тәрбиелеген. 

Қазақ халқы бала тәрбиесін «балаңды өз тәрбиеңмен 

тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» — деген 

қанатты сөзіне сыйдырған. «Отан» деген ұлы ұғымның 

отбасынан, өзі тұрған аймақтан басталатынын ғұлама 

жыраулар бала санасына жастайынан сіңірген. Ата-

бабамыз қазақ даласының еркіндігі мен елінің дербестігі 

үшін жан аямай күресті. Олардың ерлігі бүгінгі күнге жыр, 

дастан, күй болып жетті.

Қазақ халқының атамекені — халқымыздың ерте за-

маннан бері мекендеген жері, суын ішіп, өсіп-өніп, өмір 

сүріп келе жатқан кең байтақ жері. «Атамекен» дегенде 

көз алдымызға айдын шалқар көлдер мен мөлдір бастау 

қайнар бұлақтар, сарқырай аққан тасқынды өзен, жасыл 

желек жамылған тоғайлар, ұланғайыр далалар келеді. 

Жердің тарихы — Қазақстанның тарихы, баланың өмір 

жолының хронологиялық тарихы. Мұның өзі өлкетану 

деректерінің маңыздылығының жоғары екенін дәлелдейді.

Қазақ халқының өлкетану деректерін алғаш жинаған 

кемеңгер ғалым — Ш. Уалиханов. Ғалым туған өлкені 

зерттеу ісімен айналысып, қазақ халқының тарихына, 

фольклорына, тұрмыс — салтына байланысты 

көптеген жәдігерлерді жинап, бастырған. Ғалым 

туған өлкені тану тұрғысында былайша ой қорытады: 

«Халық шығармашылығының қай түрінде де табиғат 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет