2014 Спецвыпуск І международная научная конференция «Современная наука и инновации»



Pdf көрінісі
бет11/17
Дата12.03.2017
өлшемі6,95 Mb.
#9047
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17

  деңгейлік бағдарлама мазмұнын 

меңгеру нәтижесінде ұстаздар кәсіби әлеуетінің 

айтарлықтай өскені көрінуде. Жаңалық болған ғылыми 

теориялар да аз емес, ақпараттарды талдау, жинақтау, 



55

“Young Scientist”   #1.2 (60.2)   January 2014



Education

әдіснамалық қабілеттер жетілдіруде рефлексивтік есептер 

мен мақала жазу машықтары қалыптасуда, педагогикалық 

бақылау жасау мен зерттеу икем-дағдылары пайда бо-

луда. Еліміздің әлемдік деңгейдегі білім кеңістегінен 

орын алу стртатегиясының мақсаттарына орай, 



мұғалімдер мен басшылардың мектептегі білім беру 

үдерісін жаңарту қызметі оқушылардың белсен-

ділік әрекеттілігін қалыптастыру, заттық-кеңістік ортаны 

оқушы сұранысына қарай пайдалану, білім ордаларында 

мәдениеттану, ағарту және ақпараттандыру жұмыстарын 

табысты жүргізуі арқылы мектепті әлеуметтендіру инсти-

тутына айналдыра алуымен ғана көрініс таба алады.

Әдебиет:

1.  Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

2.  Тренерге арналған нұсқаулық. ІІІ (негізгі) деңгей. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ. — Астана, 2012.

3.  Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. ІІІ (негізгі) деңгей. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ. — Астана, 2012.

4.  Тренердің жеке тәжірибесінен, рефлексивтік есептері мен күнделігінен.

Болашақ педагог-психологтардың кәсіби және тұлғалық  

қасиеттерін қалыптастыру

Жаксыбаева Алмагуль Жубанышевна, магистрант

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 

 (Қызылорда қаласы, Қазақстан)

Б

ілім сапасын көтерудің негізгі тетігі — ұстаз, 



сондай-ақ оның теориялық білімі мен кәсіби ше-

берлігі, шығармашылық қызметі. Мұны Шығыстың 

ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фараби: «Ұстаз тумысынан 

өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген 

және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, 

олардың ешбірін ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі, 

өте шешен, өнер–білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны 

таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі көрсететін, 

қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы 

керек» — деген сөздерімен дәйектеуге болады. Яғни, осы 

бір қасиетті мамандық иесінің ұрпақ тәрбиесіндегі алар 

орны ерекше.

Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011–2020 

жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында 

Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз 

етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің 

жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің 

тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог 

кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі 

бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби білік-

тілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ педагогтердің 

еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру 

мәселелеріне үлкен мән берілген.

Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар да-

ярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты 

мақсаты — мамандықты игерту ғана болса, ал қазір 

әлемдік білім кеңістігіне ене отырып, бәсекеге қабілетті 

тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне 

сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін 

ұсыну — қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі.

Мұғалімге өз ісінің маманы болумен қатар, оның 

бойында баланы жақсы көру, баланың көзқарасы мен 

пікірін сыйлау, тыңдай білу керек. Психологтер де, пе-

дагогтер де адамның рухани интеллектуалдық, кәсіби 

шығармашылықпен өзін-өзі дамытуы өмірінің әр кезеңінде 

әрқалай деп көрсетеді.

Болашақ мұғалім:

— ол өзінің пәнін біліп қана қоймай, сонымен қатар 

педагогикалық үдерістегі әр қатысушының орнын көре 

біліп, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырып, оның 

нәтижелерін алдын ала байқап, мүмкін болатын жағдайда 

артта қалушылықты реттеуді меңгеруі;.

— оқушылардың негізгі: құндылық-бағдар, жалпы 

мәдениет, оқу-танымдық, ақпараттық, әлеуметтік-

тұлғалық құзырлылықтарын қалыптастыруға дайын;

— білімге ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмыс 

істеуді жүзеге асыра білуі керек.

Қазіргі өмір талабына сай педагогикалық жоғары оқу 

орындары білімді ғана емес, әрі тәрбиеші, әрі қоғамшыл, 

әрі зерттеуші, әрі ұйымдастырушы мұғалім даярлау керек 

екені бәрімізге белгілі. Әр қырлы оқытушы — тәрбиеші 

мұғалім даярлау күрделі үрдіс. Ал оған бағыт беруші, жол 

сілтеуші — білікті, шебер, парасатты ұстаздар.

Оқу іс-әрекетінің өзіндік құндылығы кәсіби өзін-өзі 

анықтаудың неғұрлым алыс мақсаттарына бағынады. 

Адам тек білімнің өзі үшін ғана оқымайды, болашақта 

неғұрлым мәнді нәрсе үшін оқиды, бұл студенттік жаста 

неғұрлым көп дәреже де көрінеді. Педагог-психологтар 

әр түрлі кезеңдегі жастардың бейімделуі кезінде пайда 

болатын проблемаларды шешіп және кеңестер беріп 

қана қоймай, сонымен қатар сол сыныптағы балалардың 

ішінен дарынды, қиын балаларды анықтап әрқайсымен 

жеке сұқпаттаса отырып, кеңес беруі қажет.


56

«Молодой учёный»  .  № 1.2 (60.2)   .  Январь, 2014  г.



Педагогика

Әр жастың санасын білім нәрімен сусындатып, оны 

ары қарай тереңдете жалғастырып, қазіргі заманның та-

лабына сай етіп даярлау, т.б. Бұлардың бәрі — педагог-

психологтың қызметі. Қазіргі білім беру парадигмасы 

тұлғаның өзіндік дамуына ықпал етеді (К.А. Абульха-

нова-Славская, А.Г. Асмолов, Б.Г. Ананьев, А.А. Бо-

далев, В.П. Зинченко, А.Н. Леонтьев, В.Н. Мя-

сищев, В.А. Петровский, В.М. Розин, С.Л. Рубинштейн, 

В.И. Слободчиков, Д.И. Фельдштейн); педагогикалық 

практикадағы ізгілендіруді қамтамасыз етеді (Е.В. Бон-

даревская, Г.Н. Волков, И.Б. Котова, Е.Н. Шиянов); да-

мыта оқыту тұжырымдамасына негізделеді (В.В. Давыдов, 

Л.В. Занков, Е.Н. Кабанова-Меллер, З.И. Калмыкова, 

С.А. Смирнов, Г.А. Цукерман, Д.Б. Эльконин); оқу про-

цесін өзара әрекет ретінде ұйымдастырады (Ю.К. Ба-

банский, П.Л. Гальперин, И.И. Ильясов, В.Я. Ляудис, 

М.И. Махмутов, Н.Ф. Талызина, Е.И. Унт, И.И. Че-

редов, Г.И. Щукина); танымдық қызығушылықты, дер-

бестікті, шығармашылықты дамытады (Д.Б. Богоявлен-

ская, П.И. Пидкасистый, Я.А. Пономарев, Г.К. Селевко, 

Т.И. Шамова, Е.А. Яковлева); білім алушыны 

диагностикалауға және даралық жол табуға бағдарланған 

(Ю.З. Гильбух, К.М. Гуревич, Л.М. Фридман).

Аталған барлық бағыттар үшін жалпылық бұл студент 

тұлғасына, оның даралық ерекшеліктеріне, студенттердің 

әлеуеттік мүмкіндіктерін, өзіндік дамуын анықтау үшін 

арнайы әдістер мен тәсілдерді таңдау қажеттілігіне 

бағдарлану болып табылады. Сонымен, жоғары оқу ор-

нында студенттерді оқыту ерекшеліктерін теориялық 

және практикалық әдебиеттерге жасаған талдау негізінде 

тұлғаны дамытудағы қарым-қатынасты жетілдірудің 

мәні, құрылысы және мазмұны нақтылауға; тұлғаны 

дамытудағы қарым-қатынасты жетілдіру моделін құруға

студенттердің тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін кри-

терийлерді, көрсеткіштерді және деңгейлерін анықтауға 

мүмкіндік берді.

Сондықтан жоғары педагогикалық білім беруді рефор-

малау, педагогикалық-психологиялық мамандардың көп 

деңгейлік дайындығына көшу, парасатты еңбек нарығында 

мамандардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету 

жағдайларында болашақ педагогтар мен психологтарды 

кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке дайындау мәселесінің 

өзектілігі зор.

Маман дайындауда, ең алдымен, әрбір педагог-

психологтің жеке тұлғасын қалыптастыру талап етіледі. 

Бұл ұзақ та күрделі процесс. Алайда, оның негізі кәсіби 

дайындау барысында жетіледі.

Қазіргі педагог-психологтың алдына: болашақ 

өркениетті, дәстүрлі демократиялық мемлекетті құратын 

жас ұрпақтың ең әуелі адамгершілік қасиеттерін 

қалыптастырып, содан кейін оның жан сапасын, тән са-

пасын арттырып, техникалық прогреске сәйкес жан-

жақты қолданбалы білім беру міндеттері қойылады. Ол 

үшін мектептер қаражатпен, техникалық құралдармен, 

мәдени қажеттіліктермен толық қамтамасыз етілуі тиіс.

Жалпы білім беретін мекемелердің іс-әрекетінің 

нәтижелігі, ең алдымен, педагогтар мен психологтарға 

байланысты. Олардың жеке тұлғалық қасиеттері, 

педагогикалық білігі, адамгершілік және ақыл-ой пара-

саты, педагогикалық мәселелерді шешуде шығармашылық 

ізденіске бой алдыруы, есеюі, өнегелілігі, денсаулығы мен 

рухани байлығы қоғамның әлеуметтік алғышарты болып 

табылады.

Жоғары оқу орнында болашақ мұғалімді кәсіби-

педагогикалық іс-әрекетке дайындау мәселесін О.А. Аб-

дуллина, В.И. Андреев, Э.Ф. Зеер, Н.В. Кухарев, 

Е.В. Ткаченко, А.В. Усова және т.б. шешкен. Мұғалімнің 

педагогикалық шеберлігін зерттеуге (И.Я. Зязюн, Н.В. 

Кузьмина, В.А. Сластенин, Н.Н.Тарасович, Г.И.Хозяинов 

және т.б.) және педагогикалық техниканы жетілдіруге 

ерекше көңіл бөлінген (Ю.П. Азаров, А.А.Кан-Калик, 

Л.И. Рувинский және т.б.).

Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді са-

раптау кәсіби-педагогикалық дайындықтың жоғары оқу 

орны студенттерінде қалыптастыруға қажетті мынадай 

ең маңызды жақтарын бөліп қарастыруға мүмкіндік бе-

реді: педагогикалық іс-әрекеттің әр түрлі компонент-

тері (Ф.Н. Гоноболин, Н.В. Кузьмина, В.А. Сластенин 

және т.б.); зерттеу біліктері мен дағдылары (О.А. Абдул-

лина, А.И. Щербаков, Н.М. Яковлева және т.б.); оқу про-

цесінде тәрбие міндеттерін шешуге даярлық (Н.Ф. Бе-

локур, С.Е. Матушкин, П.И. Чернецов және т.б.); 

шығармашылық педагогикалық іс-әрекетке даярлық 

(К.А. Абульханова-Славская, Ю.П. Азаров, А.А. Вер-

бицкий, В.А. Кан-Калик, Ю.И. Кулюткин, Н.В. Ку-

харев, Г.С. Сухобская және т.б.); педагогикалық са-

раптама, өз педагогикалық іс-әрекетінің рефлексиясын 

жасау қабілеттілігі (Ю.А. Конаржевский, Г.Н. Сериков, 

В.А.Черкасов, Т.И.Шамова және т.б.).

Сонда болашақ педагогтарды кәсіби іс-әрекетке 

дайындаудың кейбір аспектілері зерттелген. Сол сияқты 

психологтарды да кәсіби іс-әрекетке дайындау біршама 

қарастырылған. Ал екі мамандықты Қазақстан республи-

касында біріктіріп дайындау жағдайы жолға қойылғанда, 

жоғары оқу орындарында педагог-психолог маман-

дарды кәсіби іс-әрекетке дайындаудың теориясы күні осы 

кезге дейін психология мен педагогика ғылымдарында 

анықталмаған.

Жаңа қоғам кеңістігінде жас ұрпаққа жаңаша білім 

беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. XXI 

ғасыр ғылым мен білімнің қарыштап дамыған ғасыры 

деп аталатыны мәлім. Сондықтан қазіргі ұстаз шәкіртіне 

ғылым негіздерінен мәліметтер беріп қана қоймай, оны 

дүниежүзілік білім, ақпарат, қатаң бәсеке жағдайында 

өмір сүріп, жаңа дәуір жаңалықтарымен суарылып 

отыруға тиісті. Бұл істе нәтижеге қол жеткізу үшін, 

мұғалім — қоғамдағы болып жатқан тез өзгеріп тұратын 

әлеуметтік–экономикалық, педагогикалық өзгерістерге 

тез төселгіш, жаңаша ойлау жүйесін меңгерген, жан–

жақты білімдарлығы, тұтас дүниетанымы болуы қажет. 

Өз пәнінің шеңберінде қалып қойған мұғалім балаға 

білім, тәрбие берудегі биік мақсаттарға жете алмайтыны 


57

“Young Scientist”   #1.2 (60.2)   January 2014



Education

анық. Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың ен-

шісінде. Ал жас ұрпақты жан–жақты, терең білімді, 

интеллектуалдық деңгейі жоғары етіп қалыптастырудың 

бірден-бір жолы — оқушыға білімді терең игертудің тиімді 

әдіс-тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Бұл 

жағдайда мұғалімнің терең біліктілігі қажет.

Әдебиет:


1.  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. — Астана, 2000.

2.  Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік 

бағдарламасы. — Астана, 2011.

3.  Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. — Алматы, 2002.

4.  Тұрғынбаева Б.А.Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту. — Алматы, 

2005.


5.  // Педагогика мәселелері. — 2006. — № 1–2.

Пәнаралық интеграция негізінде оқушының құзырлылығын қалыптастыру

Жубауова Жанар Рзабекқызы

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» ақционерлік қоғамының филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің 

 біліктілігін арттыру институты (Қызылорда қаласы, Қазақстан)

Б

үгінгі күні көкейтесті болып отырған білімнің 



құзырлылық ұстанымын жүзеге асыру құралы 

ретінде педагогикалық технологиялар мен белсенді 

оқыту әдістерінің алар орны ерекше.Әрекетке не-

гізделген технологиялық оқыту танымдық белсенділігі 

жоғары, өмірдің әртүрлі мәселелерінен хабардар, кез-

келген тапсырманы орындауға қабілетті, қолынан іс ке-

летін (құзырлы) азаматтарды қалыптастырады.

Оқушы құзырлылығын қалыптастыруда оқу-

танымдық іс-әрекетін белсендіруге тікелей байла-

нысты десек қателеспейміз. Сондықтан, жеке тұлғаға 

өзіндік құндылық ретінде қарап, оқушылардың түйінді 

құзырлылықтары мен оқу-танымдық іс-әрекетін бел-

сендіруде проблемалық оқытуды жүзеге асыру 

қажет.»Құзырлылық»



  ұғымы  соңғы жылдары педа-

гогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне 

ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған 

ұғым. Құзырлылықтың (латын тілінде «сompetens») 

тікелей аудармасы белгілі сала бойынша жан-жақты ха-

бардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да 

бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара 

алады дегенді білдіреді. Соңғы жылдары ғылыми-

педагогикалық еңбектерде кәсіби құзырлылық дайындық 

сапасына қойылатын талап немесе кәсіби теориялық 

білімдері мен практикалық біліктілігі, тәжірибеден 

өткізілген кәсіби маңызды сапа ретінде /Құдайбергенова 

К.С/ қарастырылып жүр. Оқушының құзырлылығын 

қалыптастыру сабақ барысында жүзеге асырылады, 

сондықтан сабақ кезеңдерінде мақсат, нәтиже мен іс-

әрекет түрлері нақты айқындалуы қажет.

Қазіргі таңда проблемалық оқыту өзекті болып, ли-

дерлік позицияда тұр. Өйткені, проблемалық оқыту 

оқушының өз бетінше ізденуіне, мұғалім мен оқушының 

арасындағы шығармашылық қарым-қатынасты нығайтуға, 

ортақ мақсатқа жетуге, танымдық белсенділік пен 

құзырлылықты арттыруға негізделген. Бұл жағдайдағы 

оқыту субъектілердің бірлесіп ізденудегі әрекеттері деп 

есептеуге болады. Себебі оқушы проблемаларды шешуші 

болса, ал мұғалім бағыт-бағдар беруші, ұйымдастырушы 

және көмекшінің ролін атқарады.

Проблемалық оқыту итеграциялық негізде оқытудың 

жетекші ұстанымдары мен білім беруді дамытудың 

бағыттарымен ұштасады. Олардың бірігуінен пәннің 

әдістемелік білімінде жаңа бағыт-проблемалық-

интеграциялық оқытудың пайда болғанын төмендегі бел-

гілер бойынша анықтауға болады:

 

— физика, биология, география, экологиямен 



химияның тығыз байланысы;

 

— оқушылар қаншалықты «өмірге дайын» екені, 



яғни олар мектепте аталған пәндер бойынша (пәнаралық 

байланыс) алған білімдері мен біліктілігін есейген 

шақта кездесетін проблемаларды шешуде қолдану 

қабілеттілігі;

 

— проблеманы шешудегі интеграцияны, интеграция 



негізіндегі проблеманы табудағы оқушының логикасы.

Интеграциялық оқытуда оқушының танымдық 

құзырлылығын проблемалық ситуациялар арқылы 

арттыруға болады. Проблемалық ситуациялар 

оқушылардың білім алуға деген танымдық қажеттіліктерін 

дамытады, ойларын таным объектісіне бағыттайды.

Интеграциялық проблемалық ситуацияны үш негізгі 

компоненттердің бірігуімен түсіндіруге болады.

1.  «Белгісіздік» таным процесінің қозғаушы күші 

болады, яғни ол қарама-қайшылық тұрғыда құрылуы 

керек («білемін-білмеймін», «жасай аламын-жасай ал-

маймын», « иә-жоқ»).



58

«Молодой учёный»  .  № 1.2 (60.2)   .  Январь, 2014  г.



Педагогика

2.  Пайда болған қарама-қайшылықты шешуде 

оқушының саналы түрде қажеттілікті қанағаттандырудағы 

әрекеті.


3.  Оқушының өмірлік тәжірибесі және зияткерлік-

танымдық қабілеті. Оқушының жеке басының қабілеті 

неғұрлым жоғары болса, соғұрлым «белгісіздік» бойынша 

көп ақпарат беруге болады.

Проблемалық және танымдық тапсырмалардың алго-

ритмі


1. Ақпаратты таңдау тапсырмалары

..........үшін тән белгілерді атаңдар.

2. Қателерді жөндеуге арналған тапсырмалар

3. Қорытындыны салыстыруға және дайындауға 

арналған тапсырмалар.

..........құрылысы мен өмір сүру ортасын салыстыру

4. Байланысты айқындайтын тапсырмалар.

Қөректену мен фотосинтез арасындағы байланысты 

табыңдар.

5. Бейімделу ерекшеліктерін атаңдар. (мысал келтір)

6.Қарама-қайшылықты айқындайтын тапсырмалар.

Құмырсқалардың екі түрі болады, бір қөрекпен 

тәуліктің әр мезгілінде қөректенеді.

Құмырсқалардың белсенділігін түсіндір.

7. Тәжірибелік тапсырмалар.

Жапырақтағы судың булану механизмін түсіндіретін 

тәжірибені жасалу жолын түсіндір.

8. Гипотезаны ұсыну тапсырмалары. Фактіні түсіндіруге 

гипотезаны ұсыну (аюдың қысқы ұйқыға кеткен кездегі 

тыныс алуының баяулауы).

9. Тәжірибе қорытындыларын түсіндіруге арналған 

тапсырмалар.

10. Гипотезаны талдауға арналған тапсырмалар.

Жер бетіндегі тіршілік саздан пайда болды. 

Құзырлылық тапсырмалары интеграциялық сипатқа ие. 

Сондықтан құзырлылықты қалыптастыруға бағытталған 

тапсырмаларды құрастырғанда пәнаралық байланысты 

жүзеге асырған жөн.



Құзырлылық тапсырмаларына қойылатын талаптар

•  Тапсырмалар құрастырылады:

•  Стимул-жағдаят;

•  Тұжырымдалған тапсырма;

•  Ақпарат көзі;

•  Толтыру парағы (жауап парағы);

•  Тексеру құралы.

Стимул-жағдаят оқушыға тапсырманы орындауға 

түрткі болады. Жағдаяттың сипатталуы немесе ақпарат 

көздеріне негіз болатын тапсырманың шарттары 

қарастырылады.



Тұжырымдалған тапсырма бір жақты 

ұғынылуы керек, үлгілі жауапқа, оқу жасына сәйкес, 

білімалушыға қызықты болуы қажет. 

ақпарат көзі қажет 

және іс-әрекетті орындауға жеткілікті, қызықты, оқу жа-

сына сәйкес болуы шарт. 

Тексеру құралы Үлгі жауап-

дұрыс және мүмкін болатын жауаптар (жауаптар сыз-

басымен ашық тапсырмалар),кілт-оқушылардың үлгілі 

жауаптары, бақылау парағы-тапсырманы орындалуы 

бойынша оқушының іс-әрекеттік үрдісі.

Құзырлылық тапсырмаларының деңгейлері

•  Жаңғыртушылық деңгейі (базалық білімді 

стандарттық жағдаяттарда қолдану);

•  Байланысты орнату деңгейі (әр түрлі тақырыптар 

бойынша материалдар интеграциясы, ақпараттың кесте 

және график түрінде берілуі);

•  Қорытындылау деңгейі (стандартты емес мәселелрді 

шешу, нәтижені тұжырымдау, түсіндіру)



Құзырлылыққа бығытталған тапсырмалар

Тақырыбы: 



«Су. ерітінділер». 8 класс.

Бақшаңыздан жақсы өнім алдыңыз. Қысқа қиярды сақтап, тұздауды жөн көрдіңіз. Ол үшін 

тұзды ерітінді дайындау қажет.

Стимул-жағдаят

500 г. 7 % ас тұзының ерітіндісін дайындау үшін тұз бен судың массасын есептеу керек. Ас 

тұзының формуласын жазыңдар.

Тұжырымдалған тап-

сырма.


1.________________________

2.________________________

3.________________________

Толтыру парағы 

(жауап парағы);

Қиярды тұздау үшін ас тұзының 7 % ерітіндісі қолданылады. Дәл осындай ерітінді 

микробтардың өмір сүруіне кедергі болады. Түзілген сүт қышқылы қиярды жақсы 

қалпында сақталынуына септігін тигізеді. (консервант).

Ақпарат көзі

— тұздың массасы есептелініп, анықталғын

— судың массасы есептелініп, анықталғын

— ас тұзының формуласы жазылған

Тексеру құралы

m (тұз) = ω 



ер-ді 



= 500 г. 0,07 = 35г 

 

    2 балл



m (су) = 500–35 = 465г 

 

      2 балл



NaCl 

 

 



        2 балл

Жоғарғы балл:  

       6 балл

Үлгілі

жауап


59

“Young Scientist”   #1.2 (60.2)   January 2014



Education

ескертпе: Оқушы тапсырманы орындауда қиналса, тірек сигналдар арқылы көмек көрсетуге болады

10 минут көлемінде мәтінмен танысыңыз «Элементтің биологиялық ролі» топтастыру-сызбасын 

толтырыңыз

Тапсырманың 

берілуі

Химиялық әлементтердің биологиялық ролі.

ИОД

I — элементтердің периодтық жүйесінің VІІ тобындағы химиялық элемент. Галогендер то-

бына жатады. Йодты 1811 ж. француз химигі Б.Куртуа ашқан. Йод және оның қосылыстары 

медицинада,  металл  өндіруде  (титан,  циркон,  гафний),  фотосурет  өңдейтін  химиялық  ре-

актив жасауда, т.б. қолданылады.

Адамның  қанының  құрамында  йодтың  мөлшері  жылдың  мезгіліне  байланысты  көбейіп-

азайып  отырады.  Мәселен,  қыркүйек  —  қаңтар  аралығында  қан  құрамында  йод  мөлшері 

азаяды да, ал ақпаннан бастап көтеріледі, күн ыси бастаған мамыр айында йод деңгейі ең 

жоғары көрсеткішке жетеді. Негізінде дені сау адамға күн сайын шамамен 150 микрограмм 

йод  қажет.  Егер  осы  қажеттіліктің  орны  толмаса  ағзада  түрлі  ауру  туындауы  мүмкін.  Қан 

құрамындағы  йодтың  аз  болуы  ағзаның  инфекцияларға,  химиялық  және  физикалық,  па-

тогендік  агенттерге  қарсы  тұру  қабілетін  төмендетеді,  тіпті  ақыл-естің  кемдігіне  соқтыруы 

да  ғажап  емес.  Мәселен,  бүгінде  планетамызда  бір  миллиардтан  астам  адам  табиғи  йод 

жетіспейтін аудандарда өмір сүреді. Олардың 200 миллионы ақыл-есі кем деп танылса, 6 мил-

лионы кретинизмге шалдыққан. Шындығына келгенде, Қазақстан да йод жетіспейтін аймаққа 

жатады. Сондықтан біздің ел тұрғындарының да тағам құрамындағы йодқа ерекше мән бер-

гені  жөн.  Себебі  йод  жетіспеушілігі  тахикардия,  қолдардың  дірілдеуі,  аздаған  диффуздық 

жемсау  сынды  ауруларға  себеп  болады  екен.  Себепсіз  күйгелектік  пен  жылау,  бұлшық  ет 

әлсіздігі де нақ осы себептерден туындайды. Ал асқынған жағдайда ағзадағы тұз бен су айна-

лымы бұзылып, тері асты тіндерінің ісуі де мүмкін.

Ал енді ағзадағы йодты қалыпты жағдайда ұстау үшін не істеу керек? Адам ағзасына қажетті 

йодтың  90  пайызы  тамақ  арқылы  толықтырылады.  Сондықтан,  жоғарыда  айтқанымыздай, 

күнделікті  тағамның  құрамына  ерекше  мән  беру  керек.  Йод  өсімдік  өнімдерінде  —  60–

150 микрограмм, жануар өнімдерінде — 30–70, суда — 8, ауада — 2 микрограмм болады. 

Ал теңіз балығы, теңіз қырыққабаты, ет, сүт, жұмыртқа ағзаға йод беретін негізгі тағамдар 

екенін есте ұстаңыз.  Бірақ  ет  пен балықты  қайта-қайта  мұздатқанда  ондағы  йод  жойылып 

кетеді.  Ал  аспаздық  өңдеу  кезінде  йодтың  14-тен  65  пайызға  дейінгі  мөлшері  жойылады. 

Нанды пісіргенде бұл көрсеткіш — 84 %, сүтті пісіргенде — 26 %, жармалар мен бұршақтарды 

қайнатқанда  —  47–64 %,  көкөністерді  пісіргенде  —  62 %,  етті  —  45 %,  балықты  қуырғанда, 

қайнатқанда йодтың бастапқы мөлшерінің 74 пайызы жойылады екен. Осы қарапайым ғана 

пайыздарды есте ұстап, тағамның құнарлылығына мән бере жүргеніңіз өзіңізге жақсы.

Ақпарат көздері




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет