60
«Молодой учёный» . № 1.2 (60.2) . Январь, 2014 г.
Педагогика
— ағзадағы элементтің мөлшері — 2 балла;
— элементтің биологиялық ролі — 2 балла;
— қандай азық-түліктің құрамында — 2 балла.
Жауаптарды
бағалау
Әдебиет:
1. Құдайбергенова К.С. Құзырлылық білім сапасының критерийі:әдіснамасы және ғылыми-теориялық негізі. Ал-
маты, 2008.
2. Махмутов М.И. Организация проблемного обучения в школе. М.: Просвещение, 1977.
3. Матюшкин А.М. Проблемные ситуации в мышлении и обучении. М.: Педагогика, 1972.
Мұғалімнің бағдарламалау тілдерін оқытудағы кәсіби шеберлігі
Қожантова Әлия Ұзақбайқызы
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» ақционерлік қоғамының филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институты (Қызылорда қаласы, Қазақстан)
Қ
азақстан Республикасының білім беру жүйесінде
қазіргі таңда көп өзгерістер жасалуда. Осыдан 20
жыл бұрын білім беру мекемелерінде «ақпараттық —
коммуникациялық технология», «ақпараттық технология»
ұғымын мектеп мұғалімдері естімеген, ол кезде ең жоғары
деңгейдегы коммуникациялық технология — кальку-
лятор. Қазіргі таңда мемлекетымыздың жағдайы жақсы
болғандығы шығар Қызылорда облысының қай білім ме-
кемесын алмаңыз ең құрғанда бір кабинет дербес компью-
терлерымен және мультимедиялық жабықтарымен
жабдықталған. Енді мемлекет мүмкіндік жасап түрғанда,
педагог мамандар осы мүмкіндікті пайдаланып қалай өзінің
оқу-тәрбие үдерісніде ақпараттық-коммуникациялық тех-
нологияны пайдаланып отыр? Қолдануда қандай пробле-
малар тұындайды?
Қай кезде болмасын информатика пәнін оқытуда
бағдарламалау тілдері ерекше орын алуда.Информатика
пәнінен олимпиадалар Паскаль тілсіз өтпейды. Бұл тілді
оқушыларға үйреткен кезде оларды болашақ экономист,
инженер-програмистікке дайындауға болады, ал Визуаль
Бейсик әр оқушының шығармашылығын дамыту арқылы
ғылыми жобаларды дайындауға бағыталады. Әрине
ғылыми жобалардың көркісіне жауап беретін графикалық-
анимациялық бағдарламалар, олар PhotoShop пенFlash,
Swish бағдарламалары. Атай берсен көп, қазіргі таңда одан
да көп бағдарламалар дүниеге келіп жатыр. Біз шет мемле-
кеттерден қалып бара жатырмыз, өзіміз бағдарламаларды
дүниеге әкелмек түгелі олардың дүниеге әліп келген
бағдарламаларын қолданып үлгермей жатырмыз, оларға
біз жетуіміз қиындай береді, егер мектеп базасынан ба-
стап оқушыларға бағдарламалау тілдерін менгертуді
дұрыс жолға қоймасақ. Шет мемлкеттердің бізден асып
бара жатқаны, олар бағдарламалау тілдің қажеттілігін
бала бақшадан үйрете бастайды, ал қазақстандық мек-
тептерде бағдарламалау тілдер тоғызыншы сыныптан ба-
стап беріледі де, оқушы бағдарламалау тілдердің маңызын
түсінбек түгіл не үшін, оны өтіп жатқанын түсінбейді.
Содан болар мектептерде информатика пәнінің мұғалімі
бағдарламалау тіліне бағдарламадағы берілген уақытты
ғана бөліп, оқушылардың бағдарламалау сауаттылығында
ашып үлгермейды.
Біліктілік арттыру курсқа келген информатика
61
“Young Scientist” . #1.2 (60.2) . January 2014
Education
пәнінің мұғалімдеріне көп жағдайларда бағдарламалау
тілдерінің не үшін қажет екенін түсіндіру, оның әліппелік
сауаттылықтарын үйрету дәрістері уақытты алады, ал
заңында информатика пәнінің мұғалімі, ондай білімді
бес жылдық жоғары оқу орындардан алуы қажет. Әрине,
барлықтарына бірдей топрақ шашуға болмайды, бірақ
бұндай мұғалімдердің саны көбейіп бара жатқаны
қиналдырады.
Енді информатика пәнінің мұғалімдеріне ұсыныс ретінде
айтарым, бағдарламалау тілін оқушыларға игерту үшін
ең бастысы, оларды қызықтыру қажет. Бағдарламалау
тілдерінің негізгі қызметтерін оқушыға түсіндірсе, ішкі
уэжын оятса, сонда, ол оқушы информатика пәнінің
жұлдызы болады.Ондай жұлдыздар көбие бастайды егер,
мұғалім оқушыға компьютерлік жобаларды өзінің сынып-
тастарымен бірлескен жұмыс жасағанда сапалы нәтежеге
жететініне көзін жеткізсе. Әрине, ондай жобаларды жасау
үшін информатика пәнінің мұғалімі өзі осы бағдарламаны
жетік меңгерген болуы керек және осы бағдарламада өзі
жасаған үлгі жобаларды, оқушыға көрсету, арқылы, оны
өзінің жобасын сыныптастарымен бірлескен жұмысқа
бағыттағанда ғана жұмыс өз нәтижесін көрсетеді. Оған
мектеп бағдарламасында берілген уақыт әрине шектеулі,
сондықтан жобаларды жасау үшін сыныптан тыс уақытты
тиімді пайдалану абзал. Бірақ, егер Сіздің оқушыларыңыз
бесінші сыныптан бастап бағдарламалау тілінің не-
гіздерін меңгеруді бастаса, онда жетінші-сегізінші сы-
ныптарда оқушыларыңыз үлкен жетістіктердің иегері
болады. Мен өзімнің мектеп мұғалімі болып жүрген кезім-
дегі тәжірибемде, бесінші сыныптан бастап дайындаған
оқушым жетінші-сегізінші сыныпта, қалалық олимпиа-
дада үшінші орын иегері, ал жоғары сыныптарда қалалық
пен облыстық олимпиадаларда жүлделі орын алып жүрді.
Қосымша осы оқушымен жұмыс жасап жүргенімде, мен
жоғары сынып оқитын оқушыға «Дарын» орталығынның
ұйымдастыруымен өткізілген жобалар байқауында Ви-
зуал Бейсик бағдарламасында жасалынға «Қазақстан та-
рихын» оқыту электрондық оқулық жобасын ұсындым.
Бұл оқушымнның ұлты басқа болғанымен, оқулықты үш
тілде жасап шықты. Интернеттің мектептерге енді ендіріп
жатқан кезінде, осы оқушым күні-түні демей оқулықты
жасап шықтыда, бірнеше байқаулардың жүлделі орын
иегері болды. Осы оқушыларымнның арқасында мен
жұмыстарын үлгі етіп, гуманитарлық колледжде жұмыс
жасағанымда бағдарламалау тілді игерту әдістемесін сту-
денттерге үйрете бастадым. Оларға әр қайсысына жо-
баларды, жасау мерзімін және ең маңыздысы олардың
қажеттіліктеріне көзін жеткізе отырып, студенттердің
бағдарламалау тілдерді игерту маған оңайга түсті. Мысалға,
«Информатика әлеміне саяхат» жобасынның ба-
стауыш сыныпта С.Т.Мухамеджанованның «Ақпараттық
мәдениет негіздеріне» сүйене отырып, Swish, PhotoShop
графикалық-анимациялық бағдарламалар негізінде
жасалынған.
Шығармашылық жұмысты ғылыми сипатта
ұйымдастыру — болашақ мұғалімдерді кәсіптік
мамандығына баулуда, оларды қазіргі қоғам талап
ететін, ғылыми — техникалық прогрестің талаптарына
жауап бере алатын, республикамыздың әрбір азамат-
тары өз балаларын сол ұстаздарға еш алаңсыз мектепке
беруі үшін білімгерлердің ғылыми жұмысқа бейімділігін,
сауаттылығын, этикалық мәдениетін, адамгершілігін,
инабаттылығын, ғылымилығын, принципшілдігін,
демократияшылдығын, ізгілігін артыруды көздейді.
Жаңа ақпараттық технология орталығында
шығармашылық топ жұмыс жасады.
62
«Молодой учёный» . № 1.2 (60.2) . Январь, 2014 г.
Педагогика
«Инфо–DOS» — үйірменің бағдарламасы бойынша
теориялық және практикалық сабақтарда қарастыратын
зерттеу әдістерін дамыта отырып, өздігінен жұмыс істеу
ерекшеліктерін, дағдыларын арттыруға, шығармашылық
жұмыспен айналысуына, жеке басының білімін көтере
отырып ептілігін, икемділігін, біліктілігі мен дағдыларын
ұштай түсуге баса мән беру басты мақсаты болып есеп-
теледі.
«Программистер» тобы бағдарламалау тілдерімен
жұмыс жасады. Бағдарламалау тілін таңдаудың мәні
мен мақсаты: түрлі ұлттардың қарым — қатынас жа-
сайтын тірі тіліне қарағанда, бір ғана бағдарламалау тілін
меңгерту жартылай кәсіпқой бағдарламалаушылар бір-
неше жаңа тілді меңгерген «полиглот» болуына тура ке-
леді. Кәсіпқой бағдарламалаушылық үшін — көптілділік
қалыпты жағдай екенін мойындауымыз, оқушылардың
өздеріне бағдарламалар құрғызу арқылы компьютердің
жұмысын басқаруға болатынын дәлелдей білуіміз,ол
үшін басқа мектеп пәндеріне электрондық оқулықтарды,
не үйрету бағдарламаларын құрғыза білуіміз керек.
Осы жағдайда ғана олардың бағдарламалау тілімен
жұмыс жасау қызығушылығын қалыптастыруға бо-
лады. Бұдан оқушы «Мен өзімнің күш — жігерім мен
қызығушылығымнын арқасында өзім үшін туындаған
қажеттіліктің барлығын компьютерге орындататын
жағдайға жеттім» деген сенімге ие болатынына көз жет-
кізеді.
«WEB–дизайнер» клубы дайын білімдер мен
дағдыларды ғана меңгерген жастарды емес, өзіндік
ерекше ойлау қабілетімен көріне білетін жеке тұлғаны
қалыптастыру міндетін қойып отыр. Бұл дегеніміз әрбір
оқушының өзіндік шығармашылық қабілетін дамыту
мәселесін шешуді қажет етеді.
«компьютерлік дизайнерлер» — белгілі гуманист
К.Роджерс айтқандай баланын шығармашылық қабілетін
қалыптастыруға болмайды, оның ішкі мүмкіншіліктерін
айқындап дамытуға жағдай жасау керек. Сондықтан
шығармашылық топ оқушыларының тәжірибеге жақын
болуын, өз шығармашылығын іштей бағалауын, бейнелер
және ұғымдармен еркін ойлауына мүмкіндік беріледі.
Шығармашылық топ
— Оқушылардың шығармашлық
іс — әрекетін дамытуға мүмкіндік — олардың
шығармашылық ойлауына жағдай жасау. Топтың нәтижеге
бағыталған жұмыстары шығармашылық ойлаудың мы-
надай ерекшеліктерінен туындайды.
1. Басқалардың идеясын қайталамайтын, өзіндік пара-
саты бар;
2. Объектінің көзден тыс қалған жасырын жақтарының
көрінуі;
3. Объектінің жаңа қырын ашу, оны жаңаша пайда-
лану, практикада қолдану жолдарын кеңейту;
Топ оқушылары интелектілік ойлау, өзіндік жұмыс
жасау қабілеттерін пайдаланып мультимедиялық
оқулықтар жасақтауда.
Әр информатика пәні мұғалімі өз жұмысына осындай
жауапкершілікпен қарап, мектеп аясында жоғарыда
көрсетілгендей «Шығрмашылық топтарды» ұйымдастыра
отырып, сол жұмыс нәтижелерін республикамызды
халықаралық дегейге үйялытпай шығаруға болатынына
сенемін.
Әдебиет:
1. Мұхамеджанова С.Т. Білім беру мекемелері қызметкерлерін ақпараттық-коммуникациялық технология саласы
бойынша біліктілігін көтерудің ғылыми-әдістемелік негіздері. — Алматы, 2006.
2. Мұхамеджанова С.Т. Мектептегі информатиканы оқыту әдістемесі. — Алматы, 2008.
3. Халықова К.Информатиканы оқыту әдістемесі. — Алматы, 2005.
4. Абылқасымова А. Энциклопедиялық сөздігі. — Астана, 2010.
63
“Young Scientist” . #1.2 (60.2) . January 2014
Education
Сындарлы оқытуда тұлғаның дамуын педагогикалық қолдау
Мәрсәлі Раушан Өмірбекқызы
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» ақционерлік қоғамының филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институты (Қызылорда қаласы, Қазақстан)
Қ
оғамға әсер ететін маңызды фактор — білім беру.
Білім — тоқтаусыз, толассыз үдеріс. Даму да, білім де
ешбір адамға қолдан беріле салмайды. Егер біз қоғамды
өзгерткіміз келсе, біз білім беруден бастауымыз қажет.
Егер біз, орнықты — кемелденген қоғам құрғымыз келсе,
онда білім беруге орнықты даму тұжырымдамасын ендір-
геніміз жөн. Ол — өз бетінше білім алу. Ал өз бетінше білім
алу үшін танымдық қажеттіліктер мен қызығушылығың
күшті болуы керек. Сабақ түрі жаңа заман талаптарына
сай өзгеріп, жаңарып отырса, жеткіншектерге оның
әсері мен ықпалы ерекше болады. Заманыңа сай мықты
білімді болу — тек қана өз қолыңда. Әйгілі прогрессивті
педагог Джон Дьюи білім беру әлеуметтік прогресс пен
реформалардың негізгі әдісі болып табылады деп есеп-
тейді [1, 166 б.]. Егер біз қоғамды өзгерткіміз келсе, біз
білім беруден бастауымыз қажет. Егер біз, орнықты —
кемелденген қоғам құрғымыз келсе, онда білім беруге
орнықты даму тұжырымдамасын ендіргеніміз жөн.
Жеке тұлғаның мақсаттарының алуан түрлілігіне
қарамастан, «тұлға» ұғымының жалпы түсінігі «тарихи-
эволюциялық үдеріске әлеуметтік рөлдерді тасымал-
даушысы ретінде және өзі қатыса отырып, табиғатты,
қоғамды және өзін-өзі өзгертетін өмір жолын таңдау
мүмкіндігіне ие қатысушы» тұрғысында қарастырылады [1,
134 б.].
Педагогикалық аспектіде, педагогикалық ықпалдың
мақсаттылығы мен тиімділігін сақтай отырып, «тұлғаға
бағытталған тәсіл» ұғымының мазмұны, ең алдымен
тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік беретін педагогикалық
жағдайлардың әлдебір жүйесін құрудан тұрады.
Оқыту барысындағы сындарлылық «алынған
теориялық білімдерді тереңдету және кеңейту, сонымен
қатар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін,
өнертапқыштық қызығушылықтары мен икемділіктерін
дамыту құралы» ретінде анықталады [1, 127 б.]. Тұлғаға
бағытталған тәсіл мәнмәтінінде тұлғаның даму құралына
жоғарыда аталған педагогикалық қолдау жүйесі жатады.
Тұлғаға бағдарланған тәсіл идеясы баланы оқыту
мен тәрбиелеуге ізгілікті қарым-қатынастан, соның
ішінде Конфуций, М.Монтень, Ж.Ж.Руссо және басқа
ойшылдардың көзқарастарынан көрінеді. Оқушыларға
обьектік тәсіл және өктем қарым-қатынас, педагогикалық
үдерістің мазмұны мен ұйымдастырылуының біртип-
тілігі тән авторитарлық оқыту мен тәрбие ұстанымдарына
қарсы пайда болған ізгіліктілік — Д.Дьюидің оқыту
тұжырымдамасының, Л.Н.Толстойдың педагогикалық
мектебінің, гуманистік психология өкілдерінің (К. Род-
жерс, А. Маслоу, А. Комбс, Р. Мей, Р. Берне және
т.б.) көзқарастарының негізі болып табылады. Тұлғаға
бағытталған тәсілдің негізінде әрбір оқушының жеке
даралығы есепке алуға деген ұмтылыс жатыр.
Батыстық білім беруде кеңінен насихатталып отырған
сындарлылық теориясы білім адам санасында белсенді
түрде құрылымдалады деген қағидадан шығады. Жаңа
білімдер өзіне дейін меңгерілген білімдер мен идеялардың
негізінде құрылады. Білім беру тұрғысынан сындарлылық
теориясының негізгі мақсаты — оқушылардың ойлау
қабілетін дамыту болып табылады. Дэвид Перкинс (Фэден
мен Фогель, 2003) түсіну ұғымын екіге бөледі: терең және
үстірт түсіну. Ол, үстірт меңгеру нәтижесінде алынған
білімдер тез ұмытылады деп тұжырымдайды. Ал, «терең
түсіну меңгерілген білімдермен байланысты», яғни мұнда
біз білімді жинақтап қана қоймаймыз, қажетіне қарай
оларды түсінуге және қолдануға қабілетті боламыз» [4,
13–14 бб.]. Олай болса, сындарлы педагогика ұғымы
деп «сыныпта сындарлы оқыту теориясына негізделген
жағдайлар жасау, іс-әрекетті ұйымдастыру және әдістерді
қолдану, сондай-ақ, оқушыларды дамытуға, олардың
пәнді терең меңгеруіне, болашақ оқуға қажетті ойлауды
дамытуға бағытталған мақсаттар қоюды» (Ричардсон,
2003) айтамыз [5, 1627 б.].
Қазіргі заманғы педагогикалық ғылымда жаңа тұжырым
пайда болды, ол: оқыту нәтижелері. Биггс және Тан
күтілетін оқыту нәтижелері (Intended Learning Outcomes)
ұғымын ендірді. Бұл тұжырым тағы да, ең бастысы білім
беру емес, оқыту, яғни тікелей оқушылармен жаса-
латын әрекеттер екендігін атап көрсетіп отыр. Осылайша,
оқыту нәтижелері оқушылар білуі, түсінуі, қолдануы және
оқытудың белгілі бір кезеңін аяқтағаннан кейін жасай
білуі тиістіні көрсететін ұғымдар, түсініктермен беріледі.
Оқыту нәтижелері қол жеткізуге тиіс білімдер деңгейі
анықталғаннан кейін тұжырымдалады.
Білім беру моделіндегі нәтижеге бағдарланған оқу
жетістіктерін бағалау жеке оқушының, мұғалімнің,
мектептің, өңірлік және ұлттық тұтас жүйенің білім беру
нәтижелерін бағалауға барабар тәсілдерін қарастырады.
Мектептегі оқытудың нәтижелері әрбір оқушының
оқудағы күтілетін нәтижеге қол жеткізудегі табыстары,
оның оқуға қатынасы мен тұлғаның тұтас даму динами-
касы жан-жақты және әділ бағалауды талап етеді.
Күтілетін нәтижеге жетуді бағалау жүйесін жетілдіру
бағалаудың екі жолын бірдей дамытуды қарастырады:
— білім берудің жалпыға міндетті стандартын игеру
деңгейі (сыртқы нәтижелер);
— оқушының жеке тұлғалық жетістіктері (ішкі
нәтижелер).
Әр оқушының оқу нәтижелеріне жету сәйкестігін
бақылау мен бағалау мақсатындағы диагностикалық зерт-
64
«Молодой учёный» . № 1.2 (60.2) . Январь, 2014 г.
Педагогика
теулер жүргізу төмендегілердің негізінде жүзеге асыры-
лады:
— күтілетін оқыту нәтижелерін сипаттайтын
өлшеуіштерді таңдау;
— оқушының әрекет нәтижелерін сандық және
сапалық көрсеткіштерімен өлшеуге арналған құралдарды
әзірлеу;
— тестік тапсырмалар, портфолио, бақылау
жұмыстары, ауызша жауаптар, сондай-ақ оқушылармен
жүргізілген сауалнама нәтижелері негізінде орындалған
оқыту нәтижелерін рейтингтік бағалаудың ғылыми не-
гізделген әдістерін әзірлеу.
Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға
өз білімдері мен сенімдері жайында ойланып, сұрақтар
қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып-
білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді.
Бұл үдеріс оқушының өз болжамдарына күмәнмен, сыни
тұрғыдан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жара-
тылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу
мүмкіндігін ұлғайтады. Оқытудың бұл түрінде оқушылар
өте маңызды рөл атқарады: олар құрбы-құрдастарымен
әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім
жинақтайды.
Мұғалім оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып, оқу
материалы және өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз
етеді, ал оқушылар өз кезегінде пән бойынша өз түсініктерін
арттыру іс-әрекеттеріне ынталы болғаны абзал.
Нәтижеге қол жеткізу үшін түсіну емес, есте
сақтау қажет. Мадақтау немесе жазалау — оқушылар
мотивациясының негізі. Сындарлы оқыту теориясының
түпкі нүктесіне — түсіну жатады, қоршаған орта ту-
ралы білімдер статикалық және тиянақталатын білім
болғандықтан, өздігінен ұғынылатын нәрсе болып табы-
лады. Осылайша, мұғалім ғасырлар бойы жинақталған
білімдер мен ұғымдарды береді. Бұл білім беру моделі
«білім беру» моделі деп аталады.
Қорыта айтқанда, бүгінгі таңда ең алдымен жеке
тұлғаның оның қажеттілігі мен қызығушылығына көңіл
аударуды күшейтіп, жеке тұлғаның қасиеттерінің барлық
байлығын дамытып, оны толық ашуға мүмкіндік жасау
қажет.
Сындарлы оқыту теориясының негіздері еліміздің білім
беру саласына тереңінен сіңсе, білімді де тәрбиелі, өз
елін сүйетін, рухани құндылықты бойына сіңірген жастар
өсіп шығары белгілі. Ал, жастар — еліміздің болашағы.
Болашағымыз жарқын, еліміздің де іргетасы мығым
болса, өмірімізде әрлі болары анық. Білімнің мазмұнымен
қоса, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы ақпараттық техноло-
гияны пайдалана отырып, мағынасына терең мән бере
оқытуды көздейтін оқытудың кэмбридждік әдісінің бізге
берері көп. Сол себепті еліміздің әрбір мұғалімі бұл оқыту
әдісін меңгеруден бас тартпауы тиіс деп есептеймін.
Әдебиет:
1. Bowen J., Hobson P. R. Main Features in Dewey’s Educational Thought. Theories of education: studies of significant
innovation in Western educational thought. Sydney: Wiley, 1974. — р.164–175.
2. Педагогический энциклопедический словарь / Гл. ред. Б.М. Бим-Бад; Редкол.: М.М. Безруких, В.А. Болотов,
Л.С. Глебова и др. — М.: Большая Российская энциклопедия, 2003. — 528 с.
3. Feden, Preston D., and Vogel, Robert M. Methods of teaching: applying cognitive science to promote student
learning. Boston: McGraw-Hill, 2003. — Р. 35
4. Richardson V. Constructivist Pedagogy in Teachers College Record, 2003.
5. Biggs J., Tang C. Teaching for quality learning at university. Open University Press, 2007. — Р. 22–29
6. Ramsden P. Learning to teach in Higher Education. RautledgeFalmer, 2003.
7. Якиманская И.С. Личностно ориентированное обучение в современной школе. М.: Октябрь, 1996. — 96 с.
8. Чошанов М.А. Процесс непрерывного конструирования и реорганизации // Директор школы. — 2000. —
№ 4. — С. 56–62.
Оқыту үшін бағалау — сындарлы оқыту теориясының біртұтас кешені ретінде
Набуова Роза Абдрахманқызы, педагогика ғылымдарының кандидаты
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» ақционерлік қоғамының филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институты (Қызылорда қаласы, Қазақстан)
О
қуды тиімді бағалау және білім беру үшін тиімді
бағалауды түсіну білім беру мен оқытудағы барлық
жаңа тәсілдермен тығыз байланысты. Балалар өздерінің
түсініктерін құра алатын белсенді оқушылар болатын
болса, онда мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де осы
түсініктің мәнін білу аса маңызды, өйткені ол оқыту ба-
рысында ілгерілеу қадамдарын айқындау мен оған қолдау
көрсету үшін қажет.
Соңғы зерттеу жұмыстары біздің ұғымымызда форма-
тивті бағалау үдерісінің едәуір дамуы мен оны оқыту үшін
65
“Young Scientist” . #1.2 (60.2) . January 2014
Education
бағалау және оқуды бағалауда қолдану мүмкіндігіне серпін
бергені анық. Мұғалімдер мен балалар үшін өздерінің
қандай мақсатқа жетуді көздейтінін, мақсатқа жету
өлшемдерін түсіну не үшін керек екенін білу маңызды.
Р. Шакиров, А.А. Буркитова, О.И. Дудкиналардың
«Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау» әдістемелік
нұсқаулығын зерделей келе, формативті бағалаудың
оқушыларды оқытудағы тұлғаға бағытталған білім берудің
құрамдас бөлігі екендігін, бағалау үздіксіз жүзеге асы-
рылады, соның ішінде сапалы нәтижеге деген қозғалыс
үдерісі бағаланатынын ұғындым.
Әдетте «баға — жазалау құралы» деген ұғым бар, се-
бебі кейде мұғалім оқушыны оқуға мәжбүрлеу үшін осы
әдісті қолдануы мүмкін екендігі белгілі. Мұндай баға
сыныптың бағалау журналына түсіп, оқушының пәнге,
мұғалімге деген кері көзқарасын қалыптастыруы мүмкін.
Тіпті оқушыға көтеріңкі баға қою арқылы баланың пәнге
ықыласын арттыруға болатыны да белгілі, әрине бұл әдіс
бір балаға қатысты үнемі қолданылғанда кері нәтиже бе-
ретіні сөзсіз. Оған қоса, мұғалімнен тек жақсы баға алу
үшін ғана оқитын балалардың қалыптасу қаупі болса,
төмен баға алған балалардың «нашар баға» алуға үйреніп
алуы сияқты жағдай орын алуы мүмкін. Олай болса, бағаны
қалай тиімді қолдануға болады? Бағалау арқылы қалайша
оқушылардың оқуға, сабаққа деген қызығушылығын
туғызуға, сабақты терең меңгертуге, пән бойынша білімін
тереңдетуге болады? Бағалаудың қандай түрлері бар
және оларды қалай қолдануға болады? Осындай сұрақтар
төңірегінде жауап іздей отырып, «Оқыту үшін бағалау де-
геніміз не?» тақырыбында өткізілген сабақтың мақсатын
Достарыңызбен бөлісу: |