баСты бағыт –
біліКтіліКті арттыру
жаңа оқу жылында өңірде 2692 бастауыш сынып мұғалімі біліктілікті арттыру
бағдарламасы аясында салаға енетін өзгерістерге сақадай сай болуы тиіс екен. нақты
уақытта облыс бойынша 1993 бастауыш сынып мұғалімдері кәсіби даярлықтан өткен.
Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ
Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар
қызметінде өткен жиында «Өрлеу» БАҰО»
АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін артты-
ру институтының директоры Ғалия Сыздықбаева
мәлімдеді.
- Білім әлеуметтік-экономикалық мәселелерді
шеше алатын тұлғаны қалыптастыруды
қамтамасыз етуі керек. Бүгінгі күні білім берудің
негізгі мақсаты - оқушыларға өзінің болашағын
жобалауға мүмкіндік беріп, саналы түрде
таңдауын жүзеге асыру үшін қажетті ресурстарды
қалыптастыру. Заманауи азаматтық қоғамдастықта
нұсқау күтпей, жасампаз, шығармашыл, жобалық
және жеке рухани тәжірибесімен өмірге нық
қадам басатын тұлғаға қажеттілік туындайды.
Яғни мектепте білім беру заманауи парадигмаға
негізделген. Ол қажетті білім, біліктілік және
дағдылар жүйесімен қаруланған, белсенді
әрекетке бара алатын шығармашыл, өзін-өзі ру-
хани, зияткерлік, физикалық тұрғыда дамытатын
«өмірлік іс-әрекетке дайын адамға» айналуын
қарастырады,-деді Ғалия Ұзақбайқызы.
Сонымен қатар, аталған институт басшысы
ҚР-ның білім беру мазмұнын жаңарту аясында
бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін
арттыру бағдарламасына қатысты өзгерістер
мен жаңа талаптарды түбегейлі түсіндіріп өтті.
Ал жиынға қатысқан институттың кафедра
меңгерушілері мен тәжірибелі мамандары
биылғы мектеп табалдырығын аттағалы отырған
1-сынып оқушыларын күтіп тұрған жаңа оқу
бағдарламаларының бірсыпырасымен таныстырып
өтті. Шара соңында жергілікті БАҚ өкілдері білім
саласындағы өзгерістерге байланысты жан-жақты
сұрақтар қойып, әлеуетті алаңдатып отырған жаңа
талаптар бойынша кеңінен әңгіме өрбітті.
жамбыл
политехникалық
колледжінде химия
және биология пәндері
ЦәК - інің декадасында
1-курс студенттеріне
арналған «білімді
жастар – Мәңгілік
Ел болашағы»
тақырыбында «жас
дарын» ғылыми жоба
байқауы өтті. байқауда
бірінші курс студенттері
бақ сынасты.
ағымдағы жылдың 4 айында өңірімізде 36 ата-ана өздерінің
ата-аналық құқығынан айырылған. бұл жөнінде журналистермен
болған баспасөз конференциясында облыс әкімдігі жанындағы
кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау
жөніндегі комиссияның жауапты хатшысы бақыт жақсылықова
айтып берді.
жамбыл облыстық сотының судьялары жергілікті
бақ өкілдерімен бас қосып, соттармен өзара
әрекеттесу кеңесінің жұмысы мен медиация саласы
жайында кеңінен әңгіме өрбітті.
Мәңгілік Ел –
болашағымыз
бала өмірі өнегелі болсын!
Сот саласының сапалы тетігі
Ғылыми жоба байқауының ашы-
лу рәсімінде сөз алған химия
пәнінің оқытушысы Қарлығаш
Болатбекова колледжіміздің
техникалық мамандықтар дайын-
дауда республика бойынша үздік
ондықтардың бірі екендігін атап
өтіп, болашағын химия әлемімен
байланыстырған студенттерге
сәттілік тіледі. Байқауда «Фос-
форит ауыл шаруашылығында»,
«Пластмассаның түрлері», « ГМО-
ның адам ағзасына пайдасы мен зи-
яны», «Фастфуд өнімдерінің ағзаға
зияны», «Дәрілік өсімдіктер», «Қара
сабын алу және оның қасиеттері»
т а қ ы р ы п т а р ы н д а жо б а л а р
ұсынылып, байқау қорытындысы
бойынша жүлделі I орынды
«1ТПП 5-1» тобының студенттері
Асемай Мусағалиева мен Айдана
Джамбулова жеңіп алды. Әрине,
бұл жетістікке біздің студенттер
тиянақты да тыңғылықты әрі аса
зор жауапкершілікпен ғылыми -
зерттеу, ізденіс жұмыстарымен
айналысуда аянбай тер төгудің
нәтижесінде қол жеткізді. Қалған
студенттердің жобалары Алғыс
хатқа лайықты деп танылды.
Аружан ЖАқСЫЛЫқовА,
Жамбыл политехникалық
колледжінің 1- ші курс студенті.
Шынболат СЕЙдУАЛИЕв
Облыстық комиссия 2016 жылдың 4 айында 8
отырыс өткізіп, 8 қаулы қабылдаған. Қалалық,
аудандық комиссиялардың барлық деңгейдегі 98
отырысы өткізіліп, онда 300 іс қаралу арқылы
кәмелетке толмағандардың істеріне қатысты
біршама мәселелер талқыланған. Сондай-ақ
ағымдағы жылдың басынан бері 1537 бірлескен
рейдтер жүргізіліп, ішкі істер органдарына
әртүрлі құқық бұзушылықтар жасаған 4005
кәмелетке толмаған бала жеткізілсе, облыстық
бейімдеу орталығына 202 бала орналастырылған
екен.
Комиссияларда бала тәрбиесінен жалтарып
жүрген ата-аналар туралы 366, жетім балалар
және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларды орналастыру бойынша 1407, құқық
бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандар
туралы 3083, білім алудан жалтарған балалар
туралы 247 іс қаралған. Комиссияның осындай
атқарған жұмыстарының нәтижесінде оқудан бас
тартқан 247 бала мектепке қайтарылған және 53
кәмелетке толмаған бала қылмыстық белгісі бар
қоғамға қауіпті әрекет жасау фактілері бойын-
ша қылмыстық жауапкершілікке тартылыпты.
Сондай-ақ алкогольді ішімдіктер, есірткі заттарын
қолданатын 103 кәмелетке толмағандар емделу-
алдын алу және бейімделу шараларын өткізу үшін
денсаулық сақтау мекемелеріне жіберілген. Мұнан
өзге, 36 ата-ана өздерінің ата-аналық құқықтарынан
айырылып, 30 кәмелетке толмаған бала арнайы
білім мекемелеріне жіберілген. Дейтұрғанмен,
қылмыс пен құқық бұзушылық көрсеткішінде
өткен жылғымен салыстырғанда өсім жоқтығы
байқалып отырған көрінеді.
- Ең алдымен, жасөспірімдер мен жастарды
теріс қылықтан алшақтатып, бұзушылықтар
болдырмауға әсер ететін демалыс орындарына
аударуға ерекше көңіл бөлінеді. Облысымыздағы
спорт мектептері мен мәдени ошақтарға «қиын»
балалар, соның ішінде жағдайы төмен отбасының
балалары, жетім балалар, сондай-ақ есепте тұрған
балалардың тегін қатысуы ұйымдастырылды.
Бүгінгі күні олардың 362-сі спорт мектептеріне
қабылданды. Сонымен қатар, полицияның есебінде
тұрған жеткіншектерге ішкі істер органдарының
басшылары мен басқа да лауазымды тұлғалардан,
атқарушы билік өкілдері, ардагерлер мен депу-
таттардан қамқоршы-тәлімгерлер бекітілген.
Қамқорлық жұмысы балалардың алдағы өмірлік
жолын табуға көмектесіп, оларды теріс қылық
жасаудан алшақтатуға үлкен септігін тигізеді,-дейді
Бақыт Сауқынбекқызы.
Айсана НҰРБАП
Басқосуға Жамбыл облыстық
сотының қылмыстық істер жөніндегі
сот алқасының төрағасы Нурмахаммат
Абидов, судьялар Гүлнар Сыздықова,
Динара Нұрлыбаева, Ләззат Рамазанова
және облыстық адвокаттар алқасының
төрағасы Анжела Раисова қатысты.
- 2016 жылдың 4 айында Жамбыл
облысының соттарымен медиациялық
рәсімдердің қолданылуымен 286
азаматтық істер, 51 қылмыстық істер
және 48 әкімшілік құқық бұзушылық
туралы істер қаралған. Ал былтырғы
жылы облыс соттары мен медиатордың
қатысуымен 467 азаматтық және 104
қылмыстық істер қаралған бола-
тын. Облыс соттарымен әкімшілік
жанындағы медиация кабинеттерінің
құрылуы бойынша жүйелі жұмыстар
атқарылуда. Әкімшілік жанындағы
медиация кабинеттерін құрудың
негізгі мақсаты соттардан үлкен
арақашықтықтағы тұрғындардың
әлеуметтік қорғалмаған қабатын
қорғау, оның ішінде соттың және
көліктік шығындарды үнемдеу болып
табылады. Және аталған медиация
кабинеттері тұрғылықты жерінен
шықпай-ақ, тұрғындарға дауды шешіп
және татуласуға барлық жағынан
толық мүмкіндіктер жасап отыр.
Татуластыру рәсімдерін жетілдіру
мақсатында Сарысу, Мойынқұм,
Меркі, Жамбыл, Шу, Жуалы, Байзақ,
Т. Рысқұлов аудандарында және Та-
раз қаласындағы ҚХА-ның Достық
үйінде аудандық әкімшіліктермен
бірлесіп, медиаторларға арналған ка-
бинеттер ашылған. Бұған қоса, сотқа
дейінгі дау-дамайды реттеудің балама-
лы тәсілдерін қолдану аясын кеңейту,
тұрғындардың арасындағы даудың
деңгейін төмендету мақсатында
облысымыздағы ҚХА мен адвокаттар
алқасының, «Бітімгер» медиация және
құқық орталығының арасында мемо-
рандум бекіту жоспарлануда,- деді
судья Д. Нұрлыбаева.
Сондай-ақ, жиын барысында сот-
тармен өзара әрекеттесу бойынша
кеңес мүшелерінің кандидатурасы
таныстырылды. Яғни, енді жаңа кеңес
мүшелерінің құрамына бұрынғыдай
тек сала мамандары ғана емес, БАҚ,
«Нұр Отан», этно-мәдени бірлестік
өкілдері де еніп отыр.
Жаңа жүйенің тиімділігі талқыланды.
Суретті түсірген Н.Тұрғынбек
// «Жамбыл - Тараз» // №22 (1310), 1 маусым 2016 Жыл //
қала-қарбалас
5
Жеңімпаздар - осылар.
Суретті түсірген Н.Тұрғынбек
әр өтінішке жауап бар.
«нұр отан» партиясы тараз қалалық филиалының қоғамдық
қабылдау бөлмесінде қалалық филиалдың төрағасы, қала әкімі
нұржан Календеров тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша
қабылдады.
Мәселелерге оң көзқараспен
Ерман ӘБдИЕв
Бұл күні әкімнің жеке қабылдауына
қайырылғандардың қарасы мол болды. Онда
жалғызбасты, көп балалы ана Гүлнар Алише-
ва бес баласының бесеуі де кәмелет жасына
толмағандығын алға тартты. Үлкен қызы
15-те, кішісі 4-те. Қазіргі дағдарыстың сал-
дарынан қаражат жағынан қиналып отыр
екен. Пәтер жалдап тұрады. Үлкен қызы
№ 26 орта мектептің 9-сыныбын аяқтап
отыр екен. Осыған орай қызын Жамбыл
медициналық колледжіне мемлекет тарапы-
нан грантқа оқуға түсуіне көмек сұрады. Ал
Алмагүл Алипбаева жаңбыр жауғанда, қар
ерігенде К.Әзірбаев көшесінің бас жағында
тізеге дейін су жиналып, батпақтанып, жаяу
жүргіншілер біраз уақытқа дейін жүріп тұра
алмай қалатындығын жеткізді. Көшенің
басында тұратын тұрғындардың үйлерінің
ауласына көшеде жиналған су кіріп, үйлерінің
фундаменттері жерге кіріп, қабырғасы жа-
рылып жатыр. Жалпы, К.Әзірбаев көшесінің
тұрғындары бұл мәселе бойынша Тараз қаласы
әкімінің орынбасары Ж.Сапаралиевтің «Нұр
Отан» партиясында жүргізген қабылдауында
айтқан екен. Сол жерде ЖКХ басшысы
Б.Жақсылықовқа арызданушылардың ме-
кенжайына барып, мәселесін шешіп бер деп
тапсырма берген. Тұрғындардың арыздарына
Б.Жақсылықовтың орынбасары жауап бер-
ген. Ол жауапта: «Сіздердің көшелеріңізді
жөндейтін қаражат жоқ» делінген екен.
Ажаркүл Оралбаеваның атасы Әмірхан Әденов
ІІІ топтағы мүгедек екен. Өз еркімен жүріп,
тұра алмайды. Атасын ІІ топтағы мүгедектікке
дәрігерлер ауыстырмайтынына наразы. Ал
мүсінші Темірхан Қолжігіт мүсін жасату
тендерін тек Астана қаласы мен Шымкент
қаласының мүсіншілері ұтып алатынына
наразылығын жеткізді. Жалпы, қоғамдық
қабылдауға келген азаматтардың дені балала-
рын балабақшаға орналастыру және өзге де
әлеуметтік мәселелер бойынша өтініштерін
айтты. Қала әкімі Нұржан Сәбитұлы аталған
мәселелер бойынша жауапты мекеме өкілдеріне
тапсырмалар берді. Ал ата-аналардың
балабақша мәселесі мамыр айындағы мек-
тепке дейінгі мекемелерге балаларды қозғау
тәртібімен шешілетін болды.
МЕрЕйі таСыған отбаСылар
шаһар басшысы нұржан Календеров қалалық деңгейде ұйымдастырылған «Мерейлі отбасы» ұлттық
конкурсының жеңімпаздарын марапаттады.
дәм мен сәннің додасы
Шынболат СЕЙдУАЛИЕв
Қалалық деңгейде ұйымдас-
тырылған конкурсқа 10-нан астам
өнегелі отбасылар қатысуға ниет
білдірген екен. Осы отбасылардың
ішінен 5 отбасы оза шауып, алдағы
уақытта облыстық конкурста қала
намысын қорғайтын болады.
- ҚР Үкіметінің «Мерейлі от-
басы» ұлттық конкурсын өткізу
жөніндегі қағидаларын бекіту
қалада ұмыт бола бастаған ұлттық тағамдарды қайта
жаңғыртуға бағытталған аспазшылардың облыстық байқауы
өтті. ата-бабалардың асын заманауи дәммен байланыстырып
бақ сынасқан шеберлердің байқауы ұлттық нақыштағы киім
үлгілерінің байқауымен қатар ұйымдастырылды.
Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ
Б а с т а м а ж а л п ы р е с п у бл и к а
көлемінде қолға алынған болатын.
Бұған дейін Тараз шаһарындағы белгілі
мейрамханалардың аспазшылары өзара
додаға түсіп, қазақ халқының тарихи
тағамдарын бүгінгі дастарханға орал-
тып, дәмі де, атауы да ұмыт қалған
алаштың асын қайта жаңғыртқан
болатын. Ал дизайнерлер қалалық
байқауда өз киім үлгілерін ұсынып,
іріктеуден ілгері өткен еді. Дәл осылай
аудандарда да таңдаулы ас үй шеберлері
іріктеліпті. Облыстық додаға кілең топ
жарғандар ғана қатысты. «Інжу» мектеп-
балабақшасының асханасында өткен
бұл додаға облыс әкімінің орынбасары
Ерқанат Манжуовтың өзі қазылық
жасады. «EXPO-2017» халықаралық
көрмесіне бағытталған бастамалардың
негізінде жүзеге асып отырған
байқаудың облыстық сынағына келген
7 үміткердің екеуі Тараз шаһарының
намысын қорғады. Атап айтсақ, облыс
орталығының атынан «Жеті қазына»,
«Гауһартас» мейрамханаларының
бас аспазшылары және Шу, Байзақ,
Қордай, Жуалы, Жамбыл аудандарынан
тәжірибелі мамандар қатысты. Қазақ
дастарханындағы табанша, қатырма,
шытырлақ, жұқпа нанның түрлерінен
бастап жөргем, көк тал, торта қосылған
құрт, сырбаз, шай бауырсақ секілді
дәмі тіл үйіретін, мәні мен мағынасы,
тарихы толғандыратын тағамдардың
сан түрі сынға түсті. Ал ұлттық
нақыштағы киім үлгілері байқауына
«Аспара» колледжінің студенттері мен
кәсіби дизайнерлердің «нео-фольклор»
стилінде жасалған туындылары таны-
туралы» 2014 жылғы 5 наурыздағы
№181 қаулысын басшылыққа ала
отырып, Тараз қаласының әкімдігі
арнайы комиссия құрып, аталған
конкурстың қалалық деңгейін
өткізді. Әрбір отбасындағы өнегелі
құндылықтарды жаңғыртуға және
отбасы мен некенің жағымды
үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін
арттыруға бағытталған бұл
конкурстың мәні мен мағынасы
жыл санап артып келеді. Биылғы
жылы аталған жобаға қатысуға
Тараз қаласы бойынша түрлі са-
лаларда жетістіктерге жеткен
10-нан астам өнегелі отбасы
құжаттарын тапсырып, конкурстық
комиссияның шешімімен 5 отбасы
облыстық конкурсқа жолдама алып
отыр, - деген Нұржан Сәбитұлы
облыстық конкурсқа жолдама
алған жанұя мүшелері отбасы
құндылықтарын ұмытпайды деген
сенімін білдірді. Сондай-ақ ол 5 от-
басы мүшелеріне құрмет көрсетіп,
Алғыс хаттармен марапаттады.
Қалалық конкурста жеңіске жет-
кен отбасылардың ішінде әр сала
бойынша жемісті де жеңісті еңбек
етіп келе жатқан отбасылар бар.
Мәселен, Жаңабаевтар, Ащепков-
тар, Қонысбаевтар, Қуанышевтер
және Петряевтар жанұясы.
Бұл отбасылар қаламыздағы
өрісі кеңейіп, өнегесі тасыған
жанұялардың бірі.
- Отбасымда 2 ұл, 2 қыздан
10 немере тәрбиелеп отырмын.
Балаларымның барлығы дерлік
ұстаздық қызметте. Жанұямызда
әке мен шешенің өзара қарым-
қатынасы, татулығы, сыйластығы,
ын тымағы, сүй ісп еншілік
қасиеттері берік сақталған.
Ата-ананың білімділігі, жан-
жақтылығы, адамгершілік
қасиеттерінің жоғары деңгейде
қалыптасуы баланың сана-сезімі
мен психологиясына үлкен әсерін
тигізеді. Дәстүрсіз халық жоқ.
Ол - тарихи тұрғыда қалыптасып,
ұрпақтан-ұрпаққа берілетін әдет-
ғұрып. Сонау ықылым заманнан
жалғасын тауып, бүгінгі күнге
жетіп отырған қазақ халқына
тән салт-дәстүрлерді ел қатарлы
ұстанамыз. Ұлттық өнерді ұлықтап
жүрген отбасылардың біріміз.
Балаларымның барлығы өнерлі
де өнегелі ұстаздар. Өзіміздің
« Жа ң а б а е вт а р » ж а н ұ я л ы қ
ансамблімізбен әрдайым қарттар
және мүгедектер үйіне ба-
рып, концерт қойып отырамыз.
Одан бөлек осы уақытқа дейін
«Баласағұн» концерт залында 3 рет
жеке концертімізді бердік, - дейді
ҚР-ның оқу-ағарту ісінің үздігі,
40 жыл ұстаздық еткен отанасы
Күнімбала Жаңабай.
стырылды. Шараға танымал дизайнер, өнертану
ғылымдарының кандидаты, доцент, «Асыл-Дизайн»
сән үйінің негізін қалаушысы әрі бас дизайнері,
Қазақстан дизайнерлері одағының мүшесі Айдархан
Қалиев, «Набоко» шеберханасының бас дизайнері
Ирина Набоко, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы
әйелдер істері және отбасы-демографиялық са-
ясат жөніндегі комиссиясының хатшысы Айман
Каримова қазылық жасады. Ал облыс әкімінің
орынбасары Ерқанат Нұрбапаұлы қазылар алқасына
төрағалық етіп, байқауға қатысушылардың барлық
шеберлігін бағалады. Байқаудың қорытындысы
бойынша қаланың атынан қатысқан «Жеті қазына»
мейрамханасының бас аспазшысы Ербол Сеңгірбаев
пен «Гауһартас» мейрамханасының ас шебері
Күлзәхира Әбдезова жеңімпаз атанса, ұлттық киім
үлгісі бойынша Жамбыл ауданы, Асадан келген
Әлібек Естаев топ жарды. Облыстық байқаудың
аталған жеңімпаздары таяуда Тараз шаһарында
өтетін республикалық аспазшылар байқауына жол-
дама алды. Ал қалған үміткерлердің барлығы арнайы
марапаттауларға ие болды.
Ең басты құндылық - Елбасы ұсынған
«Мәңгілік Ел» жобасын іске асыруда өркениетті,
дамыған отыз мемлекеттің қатарына қосылу
жолында алға қойған барлық міндеттердің
орындалуында қазақстандықтардың бойы-
нан патриоттық сезім табылуы шарт. Қазіргі
дағдарыс кезінде бірлік, ынтымақ ұлттар
арасындағы жарасымдылық бұрынғыдан да
маңызды болып тұр. Қазақстандағы ұлтаралық
татулық өзгелерге үлгі. Өйткені, әлемде
теңдесі жоқ Қазақстан халқы Ассамблеясын
құрдық. Көп ұлтты еліміз осы сындарлы
саясаттың арқасында өзара тату-тәтті ғұмыр
кешіп, өсіп-өркендеп жатырмыз. Кезінде бұған
күмәнмен қарағандар бүгінде Ұлы дала еліне
қызыға қарайды. Шын мәнінде, бір шаңырақ
астына ұйысқан бірлігі бекем ел ғана кез кел-
ген қиындықты еңсереді. Ең бастысы, рухы
биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым «Мәңгілік Ел»
болу үшін бізде бәрі бар.
Ел бірлігі, достық пен бауырмалдық, бейбіт
күннің, татулықтың темірқазығындай ең басты
құндылық – бекем бірлік біздің баға жетпес
байлығымыз болып табылады. Этносаралық
келісім, ол - өміршеңдік оттегі. Тұрақтылық
пен келісім дегеніміз не? Ол – отбасылық әл-
ауқат, қауіпсіздік, баспана. Бейбітшілік – әке
мен ана қуанышы, ата-аналар денсаулығы
және біздің балалардың бақыты. Бейбітшілік,
ол - тұрақты жұмыс және ертеңгі күнге деген
сенім. Бейбітшілік пен тұрақтылық – күн
сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет
ететін жалпыхалықтық жетістік. «Мәңгілік
Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр.
Осыдан ХІІІ ғасыр бұрын Тоныкөк абыз:
«Түркі жұртының мұраты – Мәңгілік Ел» деп
өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық
идеямыз, мемлекеттігіміздің тамыры сияқты
көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді.
Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін –
елдің бірлігі. Біз барлық қазақстандықтар
арасындағы сенімді нығайтуға тиіспіз! Бір-
бірімізге тағатты болуымыз керек. Бұлар-
Қазақстанның болашағына кілттер. Яғни,
Қазақстан халқы Ассамблеясы, ол - әрі
іргетас, әрі бейбітшілік, рухани келісім мен
мәдениеттің негізгі қағидасы.
Жастарға халқымыздың тілін, ділін,
мәдениетін, ежелден келе жатқан салт-
дәстүрін, ұлттық өнерін үйретіп, оны өн бой-
ына сіңіруге әрі дамытуға септігін тигізіп келе
жатқан Қазақ мәдени орталығы басқа этностық
қоғамдық бірлестіктердің көшбасшысы
ретінде ұлттық құндылықтарымызды басқа
ұлт өкілдеріне де насихаттауда зор үлес
қосуда.
Айгүл қАБИЕвА,
«Әулиеата» қазақ мәдени орталығы
төрағасының орынбасары.
жаңа ғасырлардың белесінде өзінің 25 жылдық тарихына табан
тіреген қазақ елінің патриоттардың мекеніне айналуы өзгеге үлгі,
өзімізге медеу.
ұлттар доСтығы – ұлт құндылығы
айна
6
// «Жамбыл - Тараз» // №22 (1310), 1 маусым 2016 Жыл //
«нұр отан» партиясы жамбыл
облыстық филиалының партиялық
бақылау комиссиясының кезекті
отырысында тараз қалалық және талас
аудандық филиалдарының 2015 жыл
мен ағымдағы жылдың бірінші тоқсаны
бойынша «партиялық жарна төлеу
Достарыңызбен бөлісу: |