2016 жыл, сәрсенбі



Pdf көрінісі
бет1/13
Дата20.02.2017
өлшемі6,18 Mb.
#4544
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

 №22 (1310)  1 маусым 

 

2016 жыл, сәрсенбі



www.z-taraz.kz

 

„



Жаздың бірінші күніне дәл келетін Халықаралық балаларды қорғау күні - әлемнің 

түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мереке ғана емес, оларға қамқор болуға, 

әлімжеттік, қысым жасамауға үндейтін мейрам.  Бейбітшілік бесігінде тербеліп өскен 

балақайларымыздың бақыты баянды болғай!



 7-бет.

 

13-бет.

 

15-бет.

 

5-бет.

Жоқтан жонатын кез 

келді


Үздіктер құрама 

сапында


 

„

Кеңес үкіметі тұсында 



дүркіреп тұрған 

кинотеатрлар мен жалпы 

осы салаға қатысты жүйе 

бүгінде жетімсіреп тұр.      

 

„

Триатл 



мен биатл 

бойынша ҚР 

чемпионатының 

алтын жүлдесі 

тараздықтардың 

қанжығасында.      

Мәселелерге оң 

көзқараспен

 

„

Қала әкімі Нұржан 



Календеров тұрғындарды 

жеке сұрақтары бойынша 

қабылдады.

,

Сәбидің бәрі бақытты

болуы үшін жаралған!

Рух беретін айбарым - 

 аспан түстес байрағым!

4 маусым – 

қр Мемлекеттік

рәміздері күні!

 

9-бет.



қала-қарбалас

2

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №22 (1310), 1 маусым   2016 Жыл  //



 

„

Көңілді тербеген қоңырау 



сыңғыры кім-кімді де толғандырмай  

қоймасы анық. адамзат баласына 

қара танытқан қасиетті алтын 

ұяның орны әрдайым биікте. қарт 

қоңыраудың үні балалық шақтың 

ұлы әуені іспетті. дәл осындай әр 

ұрпақтың қадамына шырылдап

сәттілік тілеген соңғы қоңырау 

салтанаты берекелі білім шаңырағы – 

«інжу» мектеп-балабақшасында өтті.

білім бесігіндегі 

балдәурен

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Салтанатты  шараға  қалалық  мәслихаттың  хатшысы                    

Балабек Нарбаев пен қалалық мәслихаттың депутаты, 

«Жамбыл-Тараз» газетінің директор-бас редакторы Эльмира 

Мырза-Ғали арнайы келіп, ел болашағының жетістігімен, 

ұмытылмайтын қуанышымен бөлісті. Шара барысында 

Мемлекеттік туға құрмет көрсетіліп, Әнұранымыз шырқалды.  

Бұдан әрі «Інжу» мектеп-балабақшасының директоры 

Гүлмира Қуатбек сөз алып, шарапаты мол шаңырақтың 

жетістіктерімен бөлісті. 

- Бұл - біздің мектеп-гимназиямыздағы үшінші соңғы 

қоңырау. Мектепте 250 бала оқу жылын аяқтап отыр. Аталған 

250 баланың 87-сі халықаралық олимпиадаларда жүлделі 

орындарға ие болғандар. Біз мектепте тек білім берумен 

ғана шектелмей, патриоттық бағытта тәрбие береміз. Бала-

ларымыз бес күн оқиды. Тереңдетілген бағытта тіл үйренеді. 

Оқушыларымыз  облыстық, республикалық деңгейдегі 

спорттық жарыстарда, өнерде өздерінің мектептерінің 

білімін ақтап шықты. Әлі де ақтайтынына кәміл сенемін, - 

деді Гүлмира Қуатқызы. Алдағы жаңа оқу жылынан бастап 

бұл білім шаңырағында қытай тілін үйрету ісі де мықтап 

қолға алынбақ. Ал салтанатты шарадағы алғашқы әсерді 

1-сынып оқушылары жыр шумақтарымен жеткізді. 2-сынып 

оқушылары Әмір мен Мәриям «Аялаған мектебім» атты ән 

шырқап, ұстаздардың жүрегін тебірентіп тастады.  

-Барлықтарыңызды оқу жылының аяқталуымен шын 

жүректен құттықтаймын. Қазақстанды  алдыңғы дамыған 

елдердің қатарынан көрсетуде, шынайы шығармашылық ахуал 

туғызуда, оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие берудің 

жетілдірілген жолдарын үздіксіз іздестіруде, ертеңгі күннің 

қоғамдық-саяси, экономикалық мәселелерін шеше білетін 

білімді де білікті ұрпақ тәрбиелеуде,  ғылыми және кәсіби 

мемлекетке ұмтылыс жасау  «Інжу» мектеп-балабақшасының 

берік қалыптасқан ұстанымына айналуда. Осындай сәулеті 

жарасқан заманауи білім ошағында баласы білім алып 

жатқан ата-аналарға білім беру мәселесі бойынша ешқандай 

алаңдайтын негіз жоқ деп есептеймін. Оқушылардың сы-

ныптан сыныпқа көшіп, асыға күткен жазғы демалысына 

шығарып салатын соңғы қоңырау салтанаты - балалардың 

қуанышын да, жеңісін де еселейтін мереке, - деп қалалық 

мәслихаттың хатшысы Балабек Жанбекұлы ұстаздарға тың 

серпін, толайым табыстар мен жемісті еңбек тіледі. 

- «Бір әріп үйреткен адамға қырық жыл сәлем бер» дейді 

ата-бабаларымыз. Балалардың бойына білім беріп қана 

қоймай, оларға тәрбие сіңіріп, үлкен жетістіктерге жеткізіп 

отырған мектеп басшысы Гүлмира Қуатқызы мен ұстаздар 

ұжымына алғысымыз шексіз. Қазақ балаларын білімге 

шақырған ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин: «Мал - дәулеттің 

байлығы, Бір жұтасаң, жоқ болар. Оқымыстың байлығы, 

Күннен күнге көп болар» деп  атап өткен екен. Расында да, 

мал-дәулеттің байлығы бір жұт келсе кетеді. Ал өзінің бар 

күш-жігерін бойына білім жинауға жұмсаған адам ешқашан    

өмірден ұтылмайды, - деп қалалық мәслихаттың депута-

ты Эльмира Иниятқызы бүлдіршіндерге жаздай жарқын 

болашақ, сәтті демалыс тіледі. Бұдан әрі халық қалаулылары 

бүлдіршіндерге  өз  қолдарымен  марапат  қағаздарын                                                                                                                                    

табыстады. 4-сынып оқушылары Даяна мен Наргиза ұстаздарға 

арнап ән шырқады. Соңғы қоңырау соғылып, салтанатты шара 

тәмамдалар тұста  «Інжу» мектеп-балабақшасының директо-

ры білім шаңырағының құрылтайшысы, облыстық мәслихат 

депутаты Арман Еділбаевтың ұсынысымен балалардың оқу 

ақысына 10 пайыздық жеңілдік берілетінін жеткізіп, ата-ана-

ларды да қуантып тастады. 

Тараз қалалық мәслихаты 

депутаттарының назарына!

«Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  

мемлекеттік  басқару  және  өзін-өзі  басқару  ту-

ралы»  Заңының  10-бабының  3-тармағының 

негізінде,  алтыншы  шақырылған  Тараз  қалалық 

мәслихатының кезектен тыс төртінші сессиясы қала 

әкімі аппаратының мәжіліс залында 2016 жылдың 3 

маусымында сағат 10.00-де болады деп, Сіздердің 

назарларыңызға хабарлаймын.

 Кезектен тыс сессияның қарауына келесі мәселелер 

ұсынылады:

1.  Тараз  қалалық  мәслихаттың  2015  жылғы 

23  желтоқсандағы  №48-3  «2016-2018  жылдарға 

арналған  қалалық  бюджет  туралы»  шешіміне 

өзгерістер енгізу туралы.

2. Әртүрлі.

Сессияда қаралатын мәселелерді қалалық мәслихат 

депутаттарымен алдын ала қарау 2016 жылдың 3 

маусымында сағат 09-30-да өтеді.

Тараз калалық

мәслихатының хатшысы                                          Б.НАРБАЕв

алаш ардақтылары 

ұМытылМайды

 

„

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу 



күніне орай ы.Сүлейменов көшесінің бойында орналасқан ескерткішке гүл 

шоқтарын қою рәсімі өтті. 

 

„

биылғы оқу жылында облыстағы 



316 жалпы білім беретін орта мектепті 

8561 оқушы бітірді. Соның ішінде, 

қала бойынша 2123 түлек  алтын ұя 

мектебімен қоштасты.  №41 мектеп-

гимназиясында соңғы қоңырауға 

қала әкімі нұржан Календеров, 

қазақстанның Еңбек Ері, «қазфосфат» 

жшС-нің бас директоры Мұқаш 

Ескендіров және қала әкімдігі білім 

бөлімінің басшысы Гүльзия Заурбекова 

қатысты. 

Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Арайлым ШАБдЕНовА

Шараның шымылдығы Әнұранмен ашылды. 

Одан кейін қала әкімі Нұржан Календеров сал-

танатты жиынға жиылған барша ата-аналарды, 

ұстаздар мен мектеп бітіруші түлектерді мере-

кемен құттықтады. 

– Міне, тағы бір оқу жылы аяқталды. Мектеп-

тен ұшқалы тұрған түлектер – еліміздің ертеңгі 

болашағы.  Енді  сендердің  алдарыңда  үлкен 

сынақ – Ұлттық бірыңғай тестілеу тұр. Биыл 

қала бойынша «Алтын белгі» төсбелгісіне 33, 

үздік аттестатқа 15 үміткер түлек бар. Сонымен 

қатар, тестілеуге қатысатын 1465 оқушы да білім 

ордасы мен ата-ана артып отырған үмітті ақтап, 

сынақтан сүрінбей өтеді деп ойлаймын, –деді 

шаһар басшысы.

Содан  кейін  жас  түлектерге  Қазақстанның 

Еңбек  Ері  Мұқаш  Ескендіров  жүрекжарды 

лебізін  жеткізді.  Соңғы  қоңырау  рәсімінде 

мектеп үздіктері қала әкімі Нұржан Сәбитұлы 

мен  Мұқаш  Зұлқарнайұлының  қолдарынан 

Мақтау  қағаздарын  салтанатты  түрде  алды. 

Ал ардагер ұстаз Любовь Голотовская барша 

жиылған  көпшілікті  мерекемен  құттықтап, 

мектеп  бітірушілерге  сәт  сапар  тіледі. 

Концерттік бағдарламаға ұласқан салтанатты 

жиында ән айтылып, биден шашу шашылды. 

Ал  мектеп  қабырғасындағы  он  екі  жылдық  

сыныптың  оқушылары  өлең  оқып,  бірінші 

сынып  тәмамдаған  оқушылар  бітірушілерге 

арнайы сыйлықтарын табыс етті. Жас түлектер 

бірінші сынып оқушыларына мектептің кілтін                             

табыстап, соңғы вальс биін орындады. Шараның 

соңында соңғы қоңырау соғылып, жас түлектер 

көздеріне еріксіз жас алды. Өйткені, олар үшін 

күміс қоңырау енді соғылмайды. Арманға қанат 

қаққан мектеп түлектері жиын соңында аспанға 

шар ұшырды. 

Өткенге құрмет бүгіннен.  

 Суретті түсірген Н.Тұрғынбек



Шынболат СЕЙдУАЛИЕв

Саяси  қуғын-сүргін  Қазақстанда  1928 

жылдың ортасынан, Алаш қозғалысына қатысқан 

қайраткерлерді тұтқындаудан басталды. Оларға 

«буржуазияшыл-ұлтшыл» деген айып тағылды. 

Олар  әртүрлі  мерзімге  түрмеге  қамалды,  ату 

жазасына кесілді, еріксіз жер аударылды. Ұлт 

қайраткерлеріне  негізінен  «КСРО-ны  құлату 

үшін жасырын контрреволюциялық ұйымдар 

құрды» деген заңсыз жала жабылды. Сонымен 

қатар молдалар мен діндарларды «басқаша, бөтен 

ойлайтындар» деп айыптады. 

1930 жылдары Кеңес Одағының құрамында 

болған Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге 

ұшыраған  және  25  мың  адам  ату  жазасына 

кесілген. Нақ осы жылдары қазақстандық ғылым, 

мәдениет және саясат саласының зиялы қауым 

өкілдері атылған. 

Жалпы 1930-1953 жылдар аралығында 40 

миллионнан астам кеңес азаматтары репрессияға 

ұшыраған. Әсіресе, бұл заңсыз жазалауға Кеңес 

Одағы құрамында болған барлық халықтар мен 

ұлттардың бетке ұстар интеллигенция өкілдері 

ұшыраған. Осы кезеңде қазақтардың 40 пайызы 

қаза тапқан. Қазақстан аумағына сол жылдары 

корейлер, поляктар, Еділ немістері, Қырым татар-

лары, Кавказ халықтары және басқа да ұлт өкілдері 

қоныс аударылды.

Еске  алу  жиынына  облыс  әкімі  Кәрім 

Көкірекбаев пен Тараз қаласының әкімі Нұржан 

Календеров  және  олардың  орынбасарлары, 

облыстық мәслихат хатшысы, облыстық ардагер-

лер кеңесінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясының 

облыстық филиалы төрағасының орынбасарлары 

қатысты. Жиынға қатысушылар саяси қуғын-

сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алып, 

ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. 

- Бүгін біз саяси қуғын-сүргін құрбандарын 

еске  алып  отырмыз.  Бұл  күні  біз  еліміздің 

тарихындағы  ең  қайғылы  даталардың  бірін 

еске  түсіреміз.  30-шы  жылдары  республика-

мызда  100  мың  адам  сотталып,  репрессияға 

ұшыраған екен. Бүгінде еліміз тұтас халықтардың 

депортацияланған жеріне айналып отыр. Халықтар 

достығы мен бірлігінің арқасында ғана сол ауыр 

кезеңдерге төтеп беріп, аман қалу мүмкін болды. 

Қазіргі таңда еліміз өркендеп, өскен, бейбітшілігі 

мен татулығы жарасқан мемлекет. Мұның бәрі 

Елбасының сарабдал саясатының арқасы деп 

білемін. Ендігі жерде кейінгі ұрпақ  саяси қуғын-

сүргін және ашаршылық құрбандарын ұмытпауы 

керек,  -  деді  «Шиват-Цион»  еврей  мәдени 

орталығының төрағасы Людмила Корнилина. 

Сондай-ақ  орталық  саябақта  Т.Рысқұлов 

ескерткішіне де осы арнайы датаға байланысты 

гүл шоқтары қойылып, саяси қуғын-сүргін және 

ашаршылық құрбандары бір минут үнсіздікпен 

еске алынды. Оған қалалық мәслихаттың хат-

шысы Балабек Нарбаев, «Нұр Отан» партиясы 

Тараз қалалық филиалы төрағасының орынбасары 

Арын Асқарбеков пен қалалық  білім бөлімінің 

қызметкерлері қатысты.  



 

„

алдағы уақытта тараз 



қаласында 8 индустриялық 

жоба іске асады деп 

жоспарлануда. жоба іске 

асса, 734 жаңа жұмыс орны 

ашылмақ.

ілкімді істің 

бастауы бар

Айсана НҰРБАП

  Жалпы  «ҚР  2015-2019  жылдарға  арналған 

индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік 

бағдарламасы аясында елімізде бірқатар ірі өндіріс 

орындары бой көтеріп, қызу жұмыс жасауда. Аталған 

бағдарлама аясында былтыр облыс орталығында 

жылдық қуаты мың тоннаны құрайтын «Полиэти-

лен-Агро» ЖШС-і іске қосылған болатын. Ал енді 

бағдарламаның екінші кезеңі басталды. Осыған 

орай, қала әкімі Нұржан Календеровтің қатысуымен 

алдағы уақытта ауқымды мақсаттарға бағытталған 

индустриялық жобалар талқыланған жиын өтті. 

-2016  жылдың  қаңтар-сәуір  айларында  қала 

кәсіпорындары 65 млрд. 294 млн. теңгенің өнімдерін 

өндірді. Өткен жылмен салыстырғанда 6 млрд. 125 

млн. теңгеге артық өнім өндіріп отыр. Ал жалпы 

биылғы жылдың екінші жарты жылдығында 10,0 

млрд. теңгені құрайтын 3 индустриялық жобаны 

іске асыру жоспарлануда. Онда 75 жаңа жұмыс орны 

ашылатын болады. Атап айтсам, «Қазфосфат» ЖШС-і 

Минералды тыңайтқыштар зауыты Тараз филиалы 

экстрационды фосфор қышқылын өндіретін ЭФҚ-1 

технологиялық жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарын 

аяқтау,  «Жамбылгипс»  АҚ-ы  №3  зауытының 

құрылысы және «Бағұл» ЖШС-і дәнекерлеу электро-

дын  шығарудың  өндіріс  қуаттылығын  кеңейту 

жұмыстары жоспар бойынша атқарылады. Бұдан 

бөлек, 2017 жылы жалпы құны 8,3 млрд. теңгені 

құрайтын 4 инвестициялық жобаның іске асырылуы 

жоспарланып, 632 жаңа жұмыс орнын ашу жоспар-

лануда. Олар: «Тараз Арматур зауыты» ЖШС, «Kisc» 

ЖШС металл құю цехын жаңғырту, қойдың және 

ірі қара малдың терісін өңдеу мен илеу, хромды 

өндіру мен жүнді жууға бағытталған «Dai LTHY 

2013» ЖШС және құрғақ құрылыс қоспаларын, гипс 

өндіретін «Alina Holding» ЖШС-і. Сонымен қатар 

2020 жылға «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС-і 

ферроқорытпа өндірісі мен шикізат базасын кеңейту 

мен әртараптандыру жобасы жоспарда тұр,- деді 

жиын барысында кеңінен мәлімдеме жасаған қала 

әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің 

басшысы Серікжан Абдыкеримов. 

Жиын барысында қала әкімі Нұржан Сәбитұлы бөлім 

басшысынан аталған мемлекеттік бағдарламаның 

1-ші  кезеңі  бойынша  шаһарда  қанша  жоба  іске 

асқанын және қазіргі таңда жұмыс жасап тұрған 

өндіріс орындарының қуаты қандай деңгейде екенін 

сұрады. Серікжан Тілеумұратұлының айтуынша, 

бағдарламаның  бірінші  кезеңінде  11  жоба  іске 

асқан. Бұдан әрі жиынға қатысушылар қаладағы 

эпизоотиялық жағдаймен танысты. 

- 2016 жылдың 1 қаңтарына Тараз қаласы бойынша 

4000 мүйізді ірі қара, 10000 уақ мал, 1500 доңыз, 

600 жылқы, 10 түйе, 23000 ит, 2000 мысық және 

32500 үй құстары тіркеуге алынды, 2015 жылмен 

салыстырғанда 500 МІҚ малы азайып отыр. 2015 

жылы  эпизоотияға  қарсы  жұмыстар  жүргізуге 

республикалық бюджеттен  8 млн. 366 мың теңге 

бөлініп,  жануарларды  қауіпті  ауруларға  қарсы 

вакцинациялау және диагностикалық жұмыстары 

белгіленген жоспарға сәйкес жүргізіліп, 100 пайызға 

орындалды. Ал 2016 жылы 10 млн. 600 мың теңге 

бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, 

биыл қалада 3 адам бруцеллез ауруына шалдығып, 10 

адам туберкулезбен ауырғаны тіркелді. Конго-Қырым  

қанды безгегінің алдын алу шаралары бойынша, 

ветеринариялық мамандар бүгінгі күнге дейін 9621 

ауланы аралап, 4000 МІҚ, 10000 уақ, 1500 шошқа, 

600  жылқыны    клиникалық  бақылаудан  өткізді, 

тұрғындарға мал қораларына және ауыл шаруашылық 

жануарларына  залалсыздандыру  жұмыстарын 

жүргізуге ұсыныстар беріліп, түсінік жұмыстары 

жүргізілуде.  Ал  жыл  басынан  бері  қалада  5551 

қаңғыбас иттер мен мысықтар ұсталып жойылды. 

2016 жылы құтыру ауруына шалдыққан  1  қаңғыбас 

ит тіркелсе,  иттен зардап шеккен тұрғындар саны жыл 

басынан бері  393 адамға жетіп отыр, - деді қалалық 

ветеринария бөлімінің басшысы Сәкен Жұманқұл.

 Бұдан бөлек Нұржан Сәбитұлы жыл сайын облыс 

орталығына жақындап келе жатқан Конго-Қырым 

қанды безгегіне қатысты жағдайды сұрады. Бөлім 

басшысының  айтуынша,  қала  кененің  табиғи 

ошағына жатпайтындықтан, онымен күресуге қаржы 

бөлінбейді екен. Бірақ қалада кенеден келген кесел 

анықталмаған.  

Аталған мәселелер бойынша қала басшысы тара-

пынан тиісті тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, 

жиын барысында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 

әскерлерінің қолбасшысы Талғат Қойбақовтың аты-

нан  қала әкімінің кеңесшісі Жанна Сембековаға  

Бауыржан  Момышұлының  «Батыр  шапағаты» 

медалі, ал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту 

бөлімінің басшысы Бақыт Тоқсанбаеваға арнайы 

Алғыс хат табысталды.

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №22 (1310), 1 маусым  2016 Жыл  //

қала-қарбалас

3

аула  лаСтағандар 

айыппұл төлЕйді

Мәселе - тұрғындардың мәдениетін көтеру.  

 Суреттерді түсірген Н.Тұрғынбек

 

„

қала әкімінің тұрғындармен жыл сайынғы дәстүрлі кездесуі 



басталды. «жайлау» мөлтек ауданы тұрғындарымен бас қосқан 

нұржан Календеров бірқатар түйіткілді мәселелердің түйінін 

тарқатты. 

дәріхана мен пошта қызметіне зәру

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Қала әкімінің орынбасарлары мен бөлім бас-

шылары, аумақ тұрғындары бас қосқан жиында 

сөз тізгінін шаһар басшысы бірден тұрғындарға 

ұсынды. «Біздің мөлтек ауданға жаңадан дүкен 

салынып, бұрын оның орнында тұрған  қоқыс 

жәшігі  балалар  алаңқайына  жақын  маңға                             

ауыстырылды. Балаларымыздың барлығы сол 

маңда ойнайды. Ал қоқыс жәшігі айналасында 

тұрақты мекенжайы жоқ қаңғыбастар өріп жүреді. 

Балаларымыз үшін күн сайын алаңдап отырамыз. 

Және кейбір кездері қаңғыбастар қоқыс жәшігіне 

от қойып кетеді. Ал оның дәл қасында газ құбыры 

тұр» - деді 5-ші үйдің тұрғыны Зарина Валиева. Ал 

тұрғынның сұрағына жауап берген  тұрғын жай-

коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және 

автомобиль жолдары бөлімі басшысының орын-

басары Қадырбек Демидбаев қоқыс жәшігінің 

қазіргі  тұрған  жері  заңды,  барлық  талаптары 

сақталған деп отыр. Жиын соңында қала басшысы 

тұрғындармен бірге қоқыс жәшігінің тұрған жерін 

өз көзімен көрді. №13 үйдің тұрғындары мөлтек 

ауданындағы  қалың  өскен  ағаштар  маңында 

жарықтың жоқтығына шағымданды. «Бізде екі 

мектеп бар. Маңайында кешкісін жарық аз. Ал 

қалың ағаштар арасындағы қараңғы маңда күн 

сайын  ұялы  телефондар  мен  тұрғындардың 

заттары  жоғалады.  Бұзақылар  тартып  алады. 

Бұл мәселе бойынша 3 жыл бұрын әкімшілікке 

өтініш жазғанбыз. Әлі жарық орнатылған жоқ. 

Осы мәселені шешіп берсеңіздер» - деді тұрғын 

Ибрагимова.  Қала басшысы айтылған мәселе 

бойынша тиісті мамандарға тапсырма берді. Ал 

25-ші үйдің тұрғындары  жауын кездері суға 

толатын жертөленің мәселесін көтерді. Олардың  

айтуынша, кезінде үй алдындағы асфальтті өз 

деңгейінен биік төсеген. Салдарынан жауыннан 

аққан су жертөлеге құйылып, бірінші қабаттағы 

тұрғындарды  зәрезап  қылған.  Бұдан  бөлек, 

қаулап  өскен  қарағаштар  да  тұрғын  үйлердің 

терезесін сындырып, жоғары қабатта тұратын 

тұрғындардың тынышын алған. Қала басшысы 

аталған  екі  мәселе  де  бақылауда  болатынын, 

алдағы уақытта тиісті шара қолданылатындығын 

жеткізді. Мәселен, тал кесу мәселесі бойынша 

қазіргі таңда 1-ші мөлтек ауданында жұмыс толық 

жүргізіліп аяқталыпты. Енді бұл жұмыстар кезек 

бойынша 2-ші мөлтек ауданында атқарылуда. 

Яғни  мамандардың  айтуынша,  3-ші  мөлтек 

ауданының  да  ауылы  алыс  емес.  Ал  12-ші 

үйдің тұрғындары ыстық су мен жылу ақысын 

ысырап қылмау мақсатында көп пәтерлі үйге 

орнатылатын ортақ есептегіш құралға наразылық 

білдірді. Құны 750 мың теңгеден кем түспейтін 

құралдың бағасы да, сапасы да тұрғындардың 

көңілінен  шықпай  отыр.  3,5-4  мың  теңгеден 

төлеп  отырған  жылу  ақысына  енді  тағы  да 

құрылғы құнының қосылғанын ешқайсысы қалап 

отырған жоқ. Зейнет жасындағы тұрғындарға 

да оның бағасы оңай тимейтіні белгілі. Шаһар 

басшысы тұрғындарға талап қойған мамандар-

дан құрылғының қаншалықты тиімді екендігін 

сұрады. 

 

„

қала әкімі нұржан Календеровтің №2 округ тұрғындарымен 



өткен кездесуінде аумақ жұртшылығы өздерін толғандырып 

отырған әлеуметтік мәселелерді көтерді.

Ерман ӘБдИЕв

Көпшілік  «Талчок»,  «Тастақ»,  «Хамукат» 

деп атап кеткен аумақтағы кездесуде жергілікті 

билік пен халықтың диалогы ашық және еркін 

жүргізілді.  Онда  алдымен  №35  кварталдық 

комитеттің төрағасы Оразбек Өскенбаев аумақ 

тұрғындарын толғандырып отырған мәселелерді 

алға тартты. Сондай-ақ бұл аумаққа «Хамукат», 

«Қайнар», «Ақ жол», «Родничок», «Мичурин» 

алқаптары  да  қарайды.  Аумақтық  округте 

33  көше  болса,  оның  18-і  ауыз  сумен  толық 

қамтамасыз  етілген.  Барлық  көшеде  кәріз 

жүйелері жаңартылған. 7 көше асфальтталған, 

ал  26  көшеде  осы  мәселелер  кезегін  күтіп 

тұр. «Хамукат» алқабындағы Сеңкібай, При-

городный,  Жанболатов  көшелерінде  түнгі 

жарық жоқ, Алатау көшесінің 1-бұрылысына 

электр  жүйесін  тарту  керек.  Сонымен  қатар, 

тұрғындарды  толғандырып  отырған  мәселе-                     

қоғамдық  көлік  жайы.  Аумақ  тұрғындары 

осында  қатынайтын  №21  бағыттағы  жо-

лаушылар  көлігін  орт алық  базармен                                                                                              

байланыстыратын көшені жөндеп, ұзартса деген 

тілек айтады. Сондай-ақ, «Қайнар» алқабында 

газ, су, кәріз жүйелері мен жол мәселелері бой-

ынша 2016-2017 жылдарға қаржы қарастырылса 

деген  өтініш  айтты  тұрғындар.  Бұл  мәселе 

«Ақ жол» алқабы бойынша да өзекті. Аумақта 

орналасқан  №51  орта  мектеп  ғимараты  514 

оқушыға  арналғанымен,  бүгінде  мұнда  1056 

оқушы екі ауысымда білім алып жатыр екен. 

Және 50 бүлдіршінге арналған балабақша да 

аумақ тұрғындары үшін аздық етіп отыр. Тағы 

бір мәселе – атжалмандар және қаңғыбас иттер 

жайы. Қорадағы малы мен мектепке баратын 

- Біз әр үйге жеке-жеке кездесулер ұйымдастырып, 

түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Құрылғының 

құны бір үйге 820 мың теңгені құрайды. Деген-

мен, оның тиімділігі көп. Біріншіден, тұрғындар 

өз қаржысын үнемдейді. Қазіргі уақытта 11-ші 

мөлтек  ауданында    3  бөлмелі  пәтерге  9  мың 

емес,  2  мыңдай  төлеп  отырған  тұрғындар 

бар, - деген «Тараз Транс Энерго» АҚ техника 

бөлімінің  басшысы  Мақсат  Тұрсынбаевтың 

ұсынысына тұрғындар бірауыздан қарсы шықты. 

Қала  басшысы  құрылғының  экономикалық 

тұрғыда сараптамадан өтетіндігін тілге тиек етіп, 

халықтың келісімінсіз ортақ есептегіш құралдың 

орнатылмайтындығын айтты.  

Аумақ  тұрғындары  қоқыс  жәшігі  маңында 

өздері кезекшілік ұйымдастырып, тазалық үшін 

белсенділік танытқан да екен. Алайда бейресми 

тараптан айтылған ескертуге бәзбіреулер құлақ 

аспақ түгілі, балағаттап кететін көрінеді. Бұл 

мәселе бойынша қалалық Жергілікті полиция 

қызметінің басшысы, полиция полковнигі Талғат 

Сәулебаев арнайы әкімшілік жауапкершіліктің бар 

екенін, ол бойынша айыппұл салынатындығын 

ескертті. 

- Біздің үй 1973 жылғы. Нақты уақытта құрылыс 

жұмыстарына мұқтажбыз. Жауын жауса шаты-

рымыздан су ағады. Екіншіден, былтырға дейін 

«Светлана» ПИК-іне ақша төлеп келдік. Алай-

да  ол  ПИК  дым  істеген  жоқ.  Тіпті  ауланы  да 

тазалаған емес. Сондықтан барлық тұрғындардың 

келісімімен былтыр бұл ПИК-тен шықтық. Және 

«Азамат-Жайлау» дейтін ПИК-ке кірдік. Содан 

бері жағдай қалыпқа келді. Енді ай сайын екі 

ПИК-тің төлемақысы бірдей келеді. Не себептен 

бір жылдан бері бізге жұмыс жасамайтын, аты 

бар, заты жоқ «Светлана» ПИК-інен төлемақы 

келе береді? Осыны шешіп берсеңіздер,- деді 

№10  үйдің  тұрғыны  Дәметкен  Дәуірбаева. 

Қала  басшысы  жөндеу  жұмыстары  бойынша 

қаржы  бөлінсе,  бағдарламаға  енген  үйлерге 

істің басталатындығын айтты. Ал тұрғынның 

тарапынан  айтылған  екінші  мәселе  бойынша 

«Светлана»  ПИК  өкілі  сөз  алды.  «10-шы  үй 

толығымен ешқандай қарызсыз ПИК-тен шыққан 

болатын. Бұл жөнінде мен бірнеше мәрте тұрғын 

жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі 

және автомобиль жолдары бөліміне өтініш жазып, 

бұл үйді біздегі тізімнен шығаруды айтқанмын. 

Алайда  олар  ешқандай  шара  қолданбады»- 

деді  ол.  Ал  43-ші  үйдің  тұрғындары  жақын 

маңдағы  мейрамханалардың  автотұрақтары 

болмағандықтан,  көліктердің  барлығы    үйдің 

ауласына қойылатындығына шағымданды. 

баласы үшін алаңдап отырған ата-аналар алды-

мен осы олқылықтармен күрес жүргізсе деген 

тілек  айтуда.  Екінші  мәселе  -  осы  аумақтағы 

Бурыл  станциясындағы  жүк  тасымалымен 

айналысып отырған үлкен жүк көліктер. Олар 

күндіз-түн  демей  көшелерде  ыңғайсыздық 

туғызып, көлік кептелістерін туғызуда. Ал не-

фтебаза аумағында тұратын тұрғындар жанар-

жағармай  мен  керосиннің  исіне  тұншығып 

отыр. Тіпті, ауыз суды да сараптамадан өткізіп 

берсе дейді. Өйткені, ауыз су майланып кеткен. 

Ал  тұрғындардың  барлығын  толғандырып 

отырған мәселе – көше жарығы, асфальт төсеу, 

ауыз су, көгілдір отын. Жекелеген тұрғындар 

аумақта  дәріхананың  жоқтығын  алға  тартып, 

пошта ғимараты болса деген тілек атты. Аталған 

аумақ тұрғындарының мәселесін тыңдаған қала 

әкімі Нұржан Календеров дәріхана мен пошта 

қызметі жекелеген кәсіпкерлердің айналысатын 

жайы  болғандықтан,  қала  әкімінің  орынба-

сары  Жақсылық  Сапаралиевке  кәсіпкерлерге 

ұсыныс  жасауды  тапсырды.  Ал  жол  жарығы, 

газ бойынша бекітілген бағдарламаларға сәйкес 

жұмыстар жүргізілетіндігін алға тартты. Жиын 

барысында Жергілікті полиция өкілдері бүгінгі 

күні жүргізіп отырған «Көршінің көмегі» ак-

циясы аясында түсінік жұмыстарын жүргізіп, 

жадынамалар таратып берді.



Мәңгілік ел

4

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №22 (1310), 1 маусым   2016 Жыл  //




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет