2016 жыл, сәрсенбі



Pdf көрінісі
бет5/13
Дата20.02.2017
өлшемі6,18 Mb.
#4544
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

20.02.2016ж.

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №22 (1310), 1  маусым   2016 Жыл  //

Өнер


11

 

„

М.әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына 90 жыл. театр 



ұжымы «театр көктемі – 2016» фестивалін атап өткеннен кейін еліміздің барлық 

облыстарын аралауды бастады.  жуырда театр ұжымы тараз қаласына келіп, рахымжан 

отарбаевтың «бейбарыс сұлтан» тарихи драмасын шаһар жұртшылығына паш етті. 

Арайлым ШАБдЕНовА

Өлмейтін өнер туындысы облыстық қазақ дра-

ма театрында екі күн бойы жалғасты. Алғашқы 

күні  М.Әуезов  атындағы  Қазақ  мемлекеттік 

академиялық  драма  театрының  көркемдік 

жетекшісі, КСРО  Халық әртісі Асанәлі Әшімов 

пен директордың кеңесшісі, Қазақстанның халық 

әртісі Есмұхан Обаев бастап келген ұжымды қала 

әкімі Нұржан Календеров пен облыстық қазақ дра-

ма театр ұжымы қарсы алды. Салтанатты жиын ба-

рысында сөз алған қала әкімі Нұржан Календеров 

театр ұжымының жұмысына сәттілік тілеп, шаһар 

жұртшылығының атынан торқалы тоймен шын 

жүректен құттықтады. Қала әкімі сонымен қатар 

қазақы салт-дәстүрді бұзбай,  Асанәлі Әшімовтің 

иығына  шапан  жапты.  Өзінің    жүрекжарды 

лебізін білдірген  Халық әртісі Асанәлі Әшімов 

туған жерге  алғысын айтып, басшылыққа, қала 

тұрғындарына ризашылығын білдірді. Салтанат-

ты рәсім аяқталғаннан кейін шымылдық түріліп, 

тарихи драма басталды. 

Күңгірт сахна ашылғанда Кіші Азиядағы Сиуас 

қаласының құл базарындағы сапырылыс көріністе 

екі  қолын  ысқылап,  қасапшыдай  жалаңдаған 

итальян саудагері қол-аяғындағы кісендерімен 

бір-біріне  жалғаса  байланған,  қалжыраған 

құлдарды сұңқылдай сұрыптап жүр. Жүрісі ширақ. 

Құлдардың Дон бойынан, Карпаттан, Хиндустан-

нан, Күрдстаннан, Арараттан әкелінгенін оң және 

сол қанатқа сап түзеуін бұйырып, Қазақ даласынан 

ұсталған қыпшақтарға назар аудартады. Кісендері 

сылдыраған үш баланы ортаға шығарып, тоқсан 

динарға сатып жібереді саудагер. Уақыт өтіп, 

жас жеткіншектер әскерге қызмет етіп, соғыстың 

барлық тәсілін үйренеді. Иса Тұран шах күндердің 

бір  күні  Бейбарысты    әскербасы  етіп  сайлап, 

талай  қантөгіс  ордасына  жіберіп,  батырлығы 

мен  батылдығын  сынап,  түрлі  тапсырмалар 

береді. Ондайда Бейбарыс сұлтан әскерін жинап, 

жорыққа аттанып, тек жеңіспен оралып отырады. 

Күндердің күнінде шах дүниеден озып, орнына 

хан сайлау керек болып талай тартыс болады. 

Таққа талас басталарда: «Мәмлүктер – мемлекеттің 

айбары. Тақтың дидарына айбары жарасса кемдік                      

етпес», - деп саңқ еткен Құтыз өз ұстанымы берік, 

баһадүр болмысымен назар аудартты. Бұл рөлді 

Алмас Шаяхметов сомдайды.

Осы арада таққа Бейбарыстың тағы бір досы 

Қылауын да таласып, Құтыздың хан болғанына 

наразы  болады.  Көптің  шешіміне  қарсы  келе 

алмаған Қылауын ханға амалының жоғынан бас 

иеді. Күндер өтіп, әскермен жорыққа шыққан Құтыз 

хан ерлікпен қаза табады. Осы арада таққа талас 

қыза түседі. Енді Қылауын мен Бейбарыс таңдау 

жасайтын шақта, араға уәзір Хуан түсіп, Қылауынды 

азғырады. Оған у құйылған құты беріп: «Не өзің, 

не досың. Таңдау сенде» – дейді. Ал Қылауынның 

рөлін мүлтіксіз ойнап шыққан Еркебұлан Дайыров 

көптің көңілінен шықты. Ол сахнада өзін ұстауы, 

жеке-дара диалогтары, таққа талас тұсындағы ер 

мінезділігі, әскери жорықтардағы ерлігі де назардан 

тыс қалмады. Қойылым ортасында Қылауын досын 

өлімге қимай, Бейбарысты бауырым деп өзіне-өзі 

қол салып, сұлтанның алдында жан тапсырады. 

Құсадан іші өртенген Бейбарыс дереу Хуан уәзірді 

алдырып,    оған  өлім  жазасын  тағайындап,  өзі 

сол үкімді орындайды. Иса Тұран шахтың уәзірі 

өте айлалы, қу, екіжүзді. «Тісі ақсиған көкбөрі 

Бейбарыстың» айбарынан сескенген, дидарынан 

именген, ішінен қан өтіп келген Хуан өз ойын іске 

асыру үшін қандай да әрекетке, қылмысқа дайын. 

Шахтың  алдында  еңкеймек  түгіл,  төрт  аяқтап 

жорғалауға да барады. Бейбарысты улап өлтірмек 

ниеті жүзеге аспай, әшкереленетін сахнасындағы 

Бейбарыс пен Хуанның диалогы арқылы драматург 

көпшілікке ой тастайды. Хуан: «Тақ пен сор бірге 

туған. Сорды бақпен шатастырма, әміршім. Менікі 

қызылкөз қызғаныш, әміршім. Ал, сіз айналаңызда 

қандай дерттілердің жүргенін білесіз бе?» - дейді. 

Сөз саптаудағы дауыс интонациясы, үн иірімдері, 

қас-қабағына барлау жасап барып, өз ойын сабақтап 

жеткізуі  Бекжан  Тұрыстың  өмірден  көрген-

түйгендері мол, өте тәжірибелі актер екендігін 

бірден байқатады. Ана образы пьесада бала кезінен 

қанмен бітетін дүниедегі ұлықтық пен киені  таныта-

ды. Анасының лепесімен танып, есейгенде де сана-



алтын таққа, атақ-даңққа 

айырбаСтаМаС бір түп жуСан...

 

„

жуалы аудандық мәдениет үйінде қр Халық әртісі, Мемлекеттік 



сыйлықтың лауреаты, әнші-композитор алтынбек қоразбаев 

атындағы іі халықаралық «ән-жырым саған, туған ел!» атты ән 

конкурсы өтті. аталмыш конкурс осымен екінші рет өтіп отыр.

ән-жырым саған, туған ел!

Арайлым БАқЫТЖАНқЫЗЫ

Аталған шараны облыс әкімдігі мәдениет, архивтер 

және құжаттама басқармасының облыстық халық 

шығармашылығы орталығы ұйымдастырды. Алма-

ты қаласынан Алтынбек Қоразбаев бастаған өнер 

қайраткерлері Жуалы ауданына барып, әуелі ауданның 

кіреберісінде  орналасқан  Батырбек  датқа  және                        

Бауыржан Момышұлы ескерткіштеріне гүл шоқтарын 

қойды. Бұдан кейін ауданның Орджоникидзе атындағы 

№1 мектеп-гимназиясында баспасөз конференциясы 

өтті. Онда  басқарма басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев 

сөз алып, іс-шараның мақсатын түсіндірді.

Өз сөзінде Алтынбек Қоразбаев осындай мәдени ша-

раны өткізіп отырған облыс және аудан басшылығына 

алғысын айтты.

Ал Түркия Мәдениет министрлігі Мемлекеттік 

Түрік музыкалық ансамблінің жеке әншісі Basel Tuzun 

ханым да өзінің қазақ халқы жайлы ойының жақсы 

екенін, әрдайым қазақтың өнерін бағалайтынын 

жеткізді. Сондай-ақ ол қазақтың отыз әнін білетінін, 

оның екеуі Алтынбек Қоразбаевтың әні екенін де 

айтып өтті.

Баспасөз конференциясынан соң «Ән-жырым саған, 

туған ел!» атты ән конкурсы басталды. Әуелі аудан 

әкімінің міндетін атқарушы Әбдікерім Үркімбаев 

сөз  алып,  кеш  иесіне  аудан  жұртшылығының 

атынан алғыс айтты. Өнер тарланы да халықтың 

көрсеткен ықыласы үшін алғысын білдірді. Бұдан соң 

конкурстың шымылдығы түріліп, таланттар байқауы 

басталып кетті. Залда ине шаншыр орын болмады. 

Халықтың өнер адамына деген құрметі бұл күні ерек-

ше болды. Конкурс қатысушыларына атақты актер, 

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Тұңғышбай 

әл-Тарази (төраға), ҚР Мәдениет қайраткері, Р.Глиер 

атындағы музыка мектебінің директоры Алтын               

Махамбетова, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері 

Мұхтар Рахманқұлов, Түркия Мәдениет министрлігі 

Мемлекеттік Түрік музыкалық ансамблінің жеке 

әншісі Basel Tuzun және ҚР Еңбек сіңірген мәдениет 

қайраткері, әнші Саят Медеуовтер қазылық жасап, 

шын жүйрікті анықтады.

Конкурсқа Моңғолия, Қырғыз Республикасынан 

және еліміздің жеке шығармашылық ұжымдары, 

18-29 жас аралығындағы орындаушылар қатысып, 

барлығы 26 үміткер бақ сынады. Бір-бірінен оза 

шапқан жез таңдай, күміс көмей әншілер таң атқаннан 

кеш батқанша Жуалы аспанын әнге бөледі. Шарт 

бойынша әрбір үміткер Алтынбек Қоразбаевтың 

екі әнін және өзге автордың бір әнін айтып шықты. 

Әсіресе, автордың «Қара шал», «Бозторғай» әндері 

шырқалғанда, көптің көңілі босап, ұлы өнердің 

құдіретіне бас иді. Сонымен қатар байқау барысын-

да композитордың «Сағындым Алматымды», «Үш 

қоңыр», «Сағындым Кенен атамды» әндері жиі 

қайталанды. 

Алтынбек Қоразбаевтың «Желдірме», «Елің сені 

сағынады» әндерін нақышына келтіре орындаған 

ерекше  дауыс  иесі,  Алматы  қаласынан  келген 

Сая Сейтимова  мен автордың «Қара шал» әнімен 

жұрттың жанарына жас үйірген, ән орындау шеберлігі 

жоғары алматылық  Нұрболат Абдуллин  бас жүлдеге 

кіл мықтылар марапатталды.  

 

лайық деп танылды. «Ән-жырым саған, туған ел!» 



конкурсының бас жүлдесін жеңіп алған қос бірдей 

талапкер тағайындалған бір миллион теңгені қақ 

бөліп алды. Бірінші орынды астаналық Еркебұлан 

Тұрмұхамбетов, алматылық «Voice» квартеті және 

11 адамнан құралған тараздық «Кәусар» вокалдық 

ансамблі иеленді. Жүлдегерлерге екі жүз елу мың 

теңгеден табысталды. Алматылық Әбу Қазыбек, 

жамбылдық Динара Диханбаева мен Нығметжан 

Халықовтар  екінші  орын  иеленіп,  екі  жүз  мың 

теңгеден қаржылай сыйлық алды. Үшінші орынды 

Оңтүстік Қазақстан облысынан келген Мархаббат 

Бейсенова, қостанайлық Бейбітхан Арғынбек, Жамбыл 

облысы, Меркі ауданынан келген Бағлан Шубаевтар 

өзара бөлісті. Оларға жүз елу мың теңгеден берілді. 

Жамбылдық жас өрен Динара Аярбек облыс әкімдігі 

мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының 

арнайы сыйлығын (жүз мың теңге) жеңіп алса, 

«Көрермен көзайымы» номинациясы (елу мың теңге) 

алматылық  Жақсылық  Амантаевқа,  алматылық 

«Гауһартас» квартетіне, моңғолиялық Тілекжан 

Класханұлына табысталды. Қалған қатысушылар да 

арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.

Конкурс соңында аудан әкімінің міндетін атқарушы 

Әбдікерім Үркімбаев, аудандық мәслихаттың депутаты 

Ерғали Тілеубеков сөз сөйлеп, жерлесіміз Алтынбек 

Қоразбаевқа қазақы салтпен астына ат мінгізіп, 

иығына шапан жапты. Ал «Нұр Отан» партиясы 

облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден 

Тілеумұрат партия облыстық филиалының Алғыс 

хатын кеш иесіне тапсырды. Ал екінші күні Жуалы 

ауданының орталық алаңында Алтынбек Қоразбаев, 

Basel Tuzun, «МузАРТ» тобы, Саят Медеуов және кон-

курс жеңімпаздарының қатысуымен Гала-концерт өтті.

сында сағыныш сарынымен сақталған осы бір аяулы 

жанды еске алған кезі – Бейбарыстың анасының 

рухымен тілдесу сәті бірден-бір шынайы да жан 

тебірентерлік. Анасымен сырласқан сағынышын 

сөзсіз жеткізген сәттерде көрермен  көзіне еріксіз 

жас алды. Бейбарыс сұлтанның рөлінде  ҚР Жастар 

одағы сыйлығының лауреаты Азамат Сатыбалды, 

Бейбарыстың әйелі Тәжі Бақыттың рөлін жас актриса 

Гүлнұр Шыңғысова сомдайды. Актерлердің рөлді 

сомдауы жоғары деңгейде болды. Сахнаға шыққан 

әрбір эпизодтары, сөйлеген сөздері, жүріс-тұрысы, 

іс-қимылы көрермен көңілінен шығып, жүректерге 

жетті. «Уау, кең дүние. Есігің мен үшін сағыныш 

болып ашылып еді. Сол сағыныш болып қайтадан 

жабылмаса қайтсін?! Жайық деген ұлы дариям бар 

еді. Қыпшақ деген іргетасы сетінемеген қалың елім 

бар еді. Сарайшықтай қалам бар еді, жұпар иісті, жу-

санды далам бар еді. Қос бұрымы төгілген ару қызы 

қандай еді?! Шараяқта бұрқыраған қымыз қандай 

еді?! Тасқа біткен қарағайдай қияқты азаматын 

айтсаңшы?! Кимешегі қарқарадай әжелерім аман ба? 

Ақ сақалы кіндігіне түскен батагөй аталарым аман 

ба? Ей, қарлығаш қанат үшбу хат, елге сен айта бар, 

Бейбарыстың кеудесін сағыныш меңдеді дерсің. Сол 

сағынышымды басар бір түп жусан беріп жіберсін 

дерсің»... сынды актердің жан тебірентер сәттерімен  

қойылым есте қалады. 

Тараз жұртшылығына керемет пьеса ұсынған ав-

тор - белгілі жазушы, драматург Р. Отарбаев, қоюшы 

режиссер – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ю.Ханинга-

Бекназар, қоюшы суретші - ҚР Еңбек сіңірген өнер 

қайраткері Е.Тұяқов. 

Азамат Сатыбалды, 

актер, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының 

лауреаты:

– Пьесада Рахымжан Отарбаев Бейбарыстың 

мінезін  өте  жақсы  жеткізген.  Драматург  қай 

жағынан келсең де кейіпкерге кіре алуға, оның 

ерекшеліктерін  ұстап  алуға  мүмкіндік  берген. 

Мәселен, ұлы Шекспирдің Гамлетін алып қараңыз, 

миллион есе қоюға болады. Рахымжан Отарбаевтың 

«Бейбарыс сұлтаны» дәл сондай дүние деп білемін. 

Маған Бейбарыс сұлтанның рөлі берілгеніне, әрине, 

қуандым. Онымен бірге менде қорқыныш та болды. 

Өйткені, оны атақты Нұрмұхан Жантөрин ойнаған. 

Осыдан кейін Бейбарыс сұлтанды сомдау оңай ма? 

Іздене келе, оқи келе Бейбарысқа біртіндеп кіре 

бастадым. Рөл дегеннің өзі үлкен бір ғылыми жоба 

сияқты ғой. Мысалы, Абайды ойнасаң, Абайдың 

кезін зерттейсің. Бейбарыс сұлтанды ойнасаң, ХІІ-

ХІІІ ғасырдағы араб тұрмысын, әлеуметтік, саяси 

жағдайына үңілесің. Маған Бейбарыстың қай тұсы 

керек болды? Ол кісінің көсемдігі ме, батырлығы ма, 

жоқ әлде дипломаттығы ма, көрегендігі ме?.. Соның 

бәрін жан-жақты ойластыра келе, Германияның бір 

ғалымының еңбегін оқыдым. Жалпы, қолға түскен 

құлдар корабльдің түбінде өмір сүреді екен. Небәрі 

бір жарым жыл. Одан артыққа төзбейді. Өлгесін 

суға тастай береді. Түрлі жыртқыштар мен акулаға 

жем етіп. Тарихта бәріне шыдаған бір адам бар екен. 

Ол – бала Бейбарыс. Корабльдің түбінде 9 жыл өмір 

сүріп, содан аман-сау шыққан. Сонда өзіңіз ойлап 

қараңыз, бұл оның өжеттігін, өмірге құштарлығын, 

тіпті кереметтігін көрсетпей ме? Сол жағынан алып 

қарадым. Пьесаны тереңдеп оқи келе, Бейбарыстың 

батырлығын алуға тырыстым. Өйткені, бір жарым 

сағаттың  ішінде  Бейбарыс  сұлтанның  барлық 

қырларын ашу мүмкін емес. Бейбарыс сұлтан 17 жыл 

Мысырды билеп, сол бір аумалы-төкпелі қиын заман-

да әлемнің 54 елімен дипломатиялық қарым-қатынас 

жасап, жан-жағының бәріне бейбіт өмір сыйлаған 

адам. Оның қазақы дархан мінезі мен намысы маған 

ұнады. Сөйтіп, мен Бейбарыстың баладан данаға 

айналғанын, құлдан көсемге айналғанын көрсетуге 

тырыстым.

сахна саңлақтары.  

  Суреттерді түсірген Н.Тұрғынбек


нәСібі таСыған Сала

 

„

қалалық мәдениет үйінде Химиктер күні кең көлемде тойланып, жемісті 



еңбек еткен химия саласының қызметкерлері марапатталды. 

еңбегі еленген сәт.  

 Суретті түсірген Ю.Ефимов

 

„

«бала дауысы» і ұлттық балалар ән байқауы ең алғашқы қадамын әулиеата жерінен 



бастады. 150-ден астам баланың басын қосқан шара екі күнге созылды. 

жұлдызы жанған айлун

Арайлым ШАБдЕНовА

«Бала дауысы» – кең ауқымды әлеуметтік 

жоба, оның басты мақсаты – еліміздің ең 

жас азаматтарына арнап жаңа  әндер жазу.  

Соның ішінде жасөспірімдер мен кішкентай 

балаларға арналған жаңа әндердің тұсауын 

кесіп, баршаға паш ету.  Ал алғашқылардың 

Шынболат СЕЙдУАЛИЕв

Салтанатты шараға Жамбыл 

облысы  әкімінің  орынбасары                                                                   

Тимур  Жанке,  Тараз  қаласы 

әкімінің  орынбасары  Мақсат 

Ақаев,  «Нұр  Отан»  партиясы 

Жамбыл  облыстық  филиа-

лы  төрағасының  орынбасары 

Шәбден Тілеумұрат және өңірдегі 

кәсіпорындардың  басшылары 

мен химия саласының ардагерлері 

қатысты.


Жиынның  ашылу  салтана-

тында  сөз  алған  «Қазфосфат» 

ЖШС-нің  бас  директоры, 

Қазақстанның Еңбек Ері Мұқаш 

Ескендіров  химиктерді  кәсіби 

мерекелерімен  құттықтап, 

жемісті  еңбек  ете  берулеріне 

тілектестігін білдірді. 

-  Бүгін  барлығымызды 

біріктіріп  отырған  -  кәсіби 

мерекеміз. Жылда бұл мерекені 

жоғары  дәрежеде  атап  өтіп 

келе жатырмыз. Әрине, биылғы 

жылдың  ерекшелігі  бар.  Ол  - 

әлемдік дағдарыс. Бұл дағдарыс 

бізді де айналып өтіп жатқан жоқ, 

экономикалық  қиыншылықты 

бастан өткізіп жатырмыз. Қазіргі 

таңдағы біздің басты мақсатымыз 

әрбір  жұмысшымызды  осы 

қиыншылықтан  алып  өту  бо-

лып  отыр.  Дағдарысты  оңай 

еңсеретінімізге  сенімдімін. 

Ол  үшін  бірлігіміз  жарасып, 

ынтымағымыз артып, жемісті де 

жеңісті еңбек етуіміз керек,-деді 

Мұқаш Зұлқарнайұлы. Сондай-

ақ    Жамбыл  облысы  әкімінің 

орынбасары Тимур Жанке, Тараз 

қаласы  әкімінің  орынбасары 

Мақсат Ақаев, «Нұр Отан» пар-

тиясы Жамбыл облыстық фили-

бірі болып 7 жас пен 13 жас аралығындағы 

150-ден  астам  бала  қалалық  мәдениет 

үйінде өткен «Бала дауысының» аймақтық 

кастингіне қатысып, бақтарын сынап көрді. 

Жобаға  тікелей  «Арай»  тобының  солисі               

Медет Көжекбаев қазылық етті.

–  «Бала дауысы» - бұл қайсыбір белгілі 

музыкалық жобалардың көшірмесі емес. Бұл- 

қазақстандық, коммерциялық емес, ұлттық 

кең ауқымды жоба. Ол Қазақстанның әрбір 

түкпіріне балалық шақтың мерекесін алып 

келеді,  балалардың  ән  шығармашылығын 

дамытуға керемет бастау болады және жаңа 

есімдерді паш етеді. Ал байқаудың жеңімпазы 

күз  айында  өтетін  қорытынды  концертте 

бекітілген  тәлімгер  әншімен  ән  орындап, 

облыстың намысын қорғайды, – дейді Медет 

Көжекбаев.

Кастинг  кезінде  жамбылдық  балалар 

өздерінің алуан түрлі және көп тілді репер-

туарымен  қазыларды  таң  қалдырды.  Бірі 

қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде ән салса, 

енді бірі итальян тілінде рэп оқыды. Іріктеу 

турында жас қатысушылар алғаш рет  өткен 

жылы республиканың барлық мектептері мен 

балабақшаларына арнап Әлия Назарбаеваның 

«Жандану әлемі» қоры шығарған «Елің үшін 

самға!» музыкалық дискісіндегі авторлық 

балалар әндерін орындады. Алғашқы күні 

30 қатысушы жартылай финалға жолдама 

алды.  Кастинг  қорытындысы  бойынша 

Медет Көжекбаев қазылар алқасындағы өз 

әріптестері - әнші және музыкалық продюсер 

Фарида Ниязова және композитор Ғалымбек 

Исмбергеновпен бірге  қатысушылар ара-

сынан  ең  үздік  вокалшылардың  үштігін 

таңдады.  Топ  жарып  шыққан  Маржан 

Совхозбек,  Мұқағали  Құлмұрат  байқау 

ұйымдастырушыларының атынан сыйлыққа 

ие  болды.  Ал  «Бала  дауысы»  аймақтық 

кастингінің жеңіс символы  «Ғажайып нота-

ны»  Медет Көжекбаевтың қолынан Айлун 

Заушева алды. Енді Айлун Астанада өтетін 

«Бала  дауысының»  финалында  Жамбыл 

облысының намысын қорғамақ. 

Айлун  8  жаста,  қала  тұрғыны.  Вокал-

мен  үш  жасынан  бастап  айналысқан 

бүлдіршін бүгінде облыстық филармонияның 

жанындағы «Баласағұн» ОКЗ-да ән өнерін 

меңгеруде.  Қазылар  алқасы  бірауыздан 

Айлунға  дауыс  беріп,  халық  әндерін  де, 

эстрадалық  шығармаларды  да  керемет 

орындайтынын  атап  өтті.  Жас  байқауға 

қатысушының  тағы  да  бір  әуестігі  -  би. 

Айлун Заушевамен әңгімелесу барысында 

бүлдіршіннің басты мақсаты жұлдыз болу 

екенін  білдік.  Облысымыздың  намысын 

қорғайтын, арманға қанат қаққан қаршадай 

өнер иесіне қашанда жұлдызың биік бол-

сын  дейміз.  Ал  жобаның  телевизиялық 

нұсқасын  жақын  арада  «КТК»  телеар-

насынан  тамашалауға  мүмкіндік  алатын 

телекөрермендер Айлунға Гала-концертте 

дауыс бере алатындықтарын ескерте кетейік.



 

„

Химия саласы 



қызметкерлерінің кәсіби 

мерекесі қарсаңында 

«қазфосфат» жшС-і филиал 

жұмысшыларының арасында 

КВн ойындары өтті.

жас буын таңдайды

Сейділдә ТӨРЕН

«Жас буын таңдайды» деп аталған көңілді 

тапқырлар ойынына «Қазфосфат» ЖШС-

нің Алматы және Тараз қаласындағы кеңсе 

қызметкерлерінен  құралған  «Офисный 

не  планктон»,  НДФЗ-ның  жамбылдық 

филиалынан  «НДФЗ  құрамасы»,  Ми-

нералды  тыңайтқыштар  зауытының 

тараздық  филиалынан  «Супер»,  «Темір 

жол  транспорттық  кешені»  филиалы-

нан  «Перезагрузка»  және  Қаратау  мен 

Шолақтау  филиалдарынан  «Қаратау 

қырандары» КВН командалары қатысты. 

Жас  қызметкерлердің  жұмысқа  деген 

шығармашылық  әлеуеттерін  арттырып, 

патриоттық сезімдерін қалыптастыруды 

мақсат еткен шараның қазылар алқасына 

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының 

директоры  Қарлығаш  Аралбекова 

төрағалық етіп, оның құрамында «Жамбыл 

Жарық  Сауда-2030»  ЖШС-і  директоры 

Жұмағали  Сабалақов,  «ЦентрКредит» 

банкінің директоры Бекдауыл Иптельдаев, 

«Рысбаева и Ко» ЖШС директоры Сәуле 

Рысбаева,  «То-Мак»  ЖШС  директоры 

Гүлмира Конкашевалар болды. 

Командалар  алғашқы  «Сәлемдесу» 

бөлімінде  өнеркәсіпте  болып  жататын 

түрлі  оқиғаларды  әзілге  айналдырып, 

әріптестерінің  көңілдерін  серпілтті. 

Сондай-ақ олар бұл бөлімде қоғам өміріне 

бейжай қарай алмайтындықтарын таны-

тып, кейбір келеңсіз әрекеттерді әзілдеріне 

арқау етті. «Сергіту» деп аталатын екінші 

бөлімде  командалар  бір-біріне  түрлі 

сұрақтар қойып, оған әзілмен жауап қатты. 

Ал  ойынның  «Музыкалы  үй  тапсырма-

сы»  деп  аталған  қорытынды  бөлімінде 

әзілдерін әнмен әрлеп, музыкалық аспап-

тар  арқылы  сүйемелдеді.  Бұл  бөлімде 

әдемі  әзіл  мен  қазақы  қалжың  да  өз 

үйлесімін тапты. 

Ке ш   б а р ы с ы н д а   о й ы н ш ы л а р ғ а 

көрермендердің  ыстық  ықыласы  демеу 

болып, желпіндіріп отырды. Олар да өз 

жанкүйерлерінің сенімін ақтау үшін сахна-

да барын салды. Тартысқа толы өткен ойын-

да қазыларға оңай соққан жоқ. Нәтижесінде 

басты  жүлдені  НДФЗ-ның  жамбылдық 

филиалынан «НДФЗ құрамасы» мен Мине-

ралды тыңайтқыштар зауытының тараздық 

филиалынан «Супер» командалары өзара 

бөлісті. Ал жүлделі екінші орын Қаратау 

мен Шолақтау филиалдарынан қатысқан 

«Қаратау қырандары» КВН командасының 

еншісіне  бұйырды.  Алматы  және  Тараз 

қаласындағы  кеңсе  қызметкерлерінен 

құралған «Офисный не планктон» және 

«Темір  жол  транспорттық  кешені»  фи-

лиалынан  «Перезагрузка»  командалары 

ұйымдастырушылар  тарапынан  ынта-

ландыру сыйлығына ие болды. Жеңімпаз 

атанған қос командаға 300 мың теңге табыс 

етілсе, жүлдегер атанған командаға 200 мың 

теңге табыс етілді. 

  «Жамбыл-Тараз»  газетінің  2016 

жылғы  25  мамырдағы  №21  (1309)  са-

нында    мектепке  дейінгі  мекемелерге 

жолдама  берілетін  2012,  2013  жылы 

туылған балалардың өткен жылғы тізімі 

қайталанып  жариялануына  байланыс-

ты  техникалық  қате  деп  танылсын.                         

2016 жылдың 26-27 мамыр аралығында 

Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің  

№32 орта мектеп базасында түзетілген 

тізім бойынша мектепке дейінгі мекеме-

лерге жолдама берілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет