2016 жыл, сәрсенбі



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата20.02.2017
өлшемі6,18 Mb.
#4544
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

руХ бЕрЕтін айбарыМ – 

аСпан түСтЕС байрағыМ!

 

„

қайсыбір іргетасын қалаған мемлекет болмасын әлем алдындағы өзіндік ерекшелігі 



мен тасқа қашалған тарихы, дәстүр-салттары, тілі, діні болары сөзсіз. бұл нышандар-

ынтымағы жарасқан тәуелсіз бейбіт елдің айнымас айғағы һәм темірқазығы. 

Ал елдің ел, жердің жер екендігін 

дәлелдеп, айрықша ел төрінен орын ала-

тын қасиетті Мемлекеттік рәміздердің 

орны  орасан  зор  екені  белгілі. 

Жаһандану  заманында  қасиеті  мен 

өсиеті өнегелі болған қазыналы қазақ 

елінің алпауыт елдермен терезесінің 

тең болып, қарым-қатынасының молая 

түсуі, даңқты спортшылардың жеңіс 

тұғырынан  биік  тұрған  сәттерінде 

Елтаңбасы елге танылып, көк туы көк 

аспанды  бойлай  желбіреп,  Әнұраны 

әлем  төрінде  шырқалған  қуанышты 

көріністер көп-ақ. 

  Х а н д ы ғ ы м ы зд а н   д ү н и е н і ң 

төрт  бұрышына  таралған  тарих 

қойнауындағы  толассыз  тылсым 

дүниелер,  дәлірек  айтсақ,  «Абылай-

лап»  әруақ  шақырып,  жауға  шапқан 

жалаңтөс,  баһадүр  бабаларымыздың 

болмыс ниеті, бар арманы да тәуелсіз 

ел  болу  еді.  Ол  арман  орындалды. 

Себебі, ең дамыған елу елдің қатарына 

еніп,  ордалы  отыз  елдің  ортасынан 

ойып тұрып орын алуды мақсат тұтқан 

Отанымыз Қазақстан бүгінде берекесі 

мен  мерекесі  мерейлі.  Елтаңбамыз 

еңселі, Туымыз тұғырлы, Әнұранымыз 

айбынды мемлекет.  

Мемлекеттік рәміздерге тәуелсіздік 

нышаны  ретінде  ерекше  қадірленіп, 

биік  мәртебе  беріледі.  Сондықтан 

да  мемлекет  азаматтарға  рәміздерді 

қастерлеуді парыз ете отырып, мемле-

кет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, 

жасөспірімдер бойында отансүйгіштік 

сезімін қалыптастырады. Бұл - әрине 

дұрыс  шешім  және  солай  болуы  да 

міндетті  мәселе.  Дегенмен,  қазіргі 

қоғамдағы рәміздерге деген көзқарас 

қандай? Жалын иесі жастар жан-жақты 

түрде  ел  символдарын  насихаттап, 

құрметтеп жүр ме? Жалпыға ортақ іс 

болғандықтан,  теледидардан  немесе 

газет-журналдардан көк туымыз бей-

неленген аяқ киімдерді, футбол добы, 

түрлі тәтті-тағамдар және т.б. көзіміз 

көріп, құлағымыз естіп те жүр. Бұл - 

өзгелер үшін күлкілі, өзіміз үшін ұят 

тірліктердің бірі. Нақтырақ айтқанда, 

аспан түстес желбіреген жалауымызды 

жерге таптап, аяқ және іш киімдерге 

бейнелегеннен әбиір таппасымыз анық. 

Тәтті тағамдар мен дүкен сөресіндегі 

шоколадтардың қабы қазақтың туымен 

бейнеленуі - Туымыздың аяққа тапта-

луына басты себеп. Бәлкім, ол дұрыс 

шығар,  тағам  болған  соң  аттап  кете 

алмайсың, бірақ сыртқы қорап болған 

соң,  көк  қағаздар  көше  бойындағы 

күл-қоқыстарға тасталып жатқаны елім 

деген әрбір азаматтың жанына батады. 

Осы  бір  мәселелердің  алдын  ала 

отырып, түрлі бағыттағы насихаттық 

жұмыстар жүргізіп, жастардың бойына 

патриоттық тұрғыдағы құндылықтар 

 

„

Мемлекеттік рәміздер – белгілі бір елдің өзінше өмір 



салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-

аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі. 

«тәуелсіздік» деген қасиетті ұғым мәдени нышандар тілінде 

де сөйлейді.

Мемлекеттік рәміздер - 

тәуелсіздік тұғыры

 Елбасы Н.Назарбаев жаңа мемлекеттік рәміздерді 

қабылдауға зор мән берді. Мемлекеттік рәміздердің 

ресми хатталуының да өз тарихы бар. Президент                                                                                                                         

Н.  Ә.  Назарбаев  1992  жылғы  4  маусым  күні 

«Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік 

елтаңбасы туралы», «Қазақстан Республикасының 

Мемлекеттік  туы  туралы»,  «Қазақстан 

Республикасының  Мемлекеттік  әнұранының 

музыкалық  редакциясы  туралы»  заңдарға  қол 

қойды.  6  маусым  күні  Алматы  қаласындағы 

Абай  атындағы  Опера  және  балет  театрының 

әсем  ғимаратында  тәуелсіз  еліміздің  тұңғыш 

Мемлекеттік рәміздерінің тұсаукесер салтанаты 

өтіп, сол күні Президент сарайы мен Парламент 

үйінің төбесіне Ту көтерілді. Елтаңба орнықты. Еге-

мен ел аспанында Әнұран әуені асқақтады. Алты ай 

өткен соң, 1992 жылы 11 желтоқсанда Мемлекеттік 

әнұранның мәтіні бекітілді.

Біздің Мемлекеттік туымыздың түсі – көк. Көк 

түс - аспанның белгісі. Бұл киелі түс бірлік пен 

ынтымаққа  шақырып,  барлық  халықтар  үшін 

әрдайым тыныштық, бейбітшілік пен береке сим-

волына айналған.

Көк түс қазақ халқының ұлттық реңі деп саналады. 

Кезінде Түркі қағанаты (552-630ж, 682-743ж), Хазар 

қағанаты (651-983жж.), Ұлы Селжүк қағанаты (1040-

1157жж.), Ақсақ Темір мемлекеті, Қазақ хандығының 

(1465-1737жж.) бірқатар хандары мен батырлары 

көк асаба көтерген. Қазақ КСР-нің (1920-1991жж.) 

мемлекеттік  жалауында  да  шағын  көк  жолақ 

республиканың төл болмысының нышандық белгісі 

ретінде пайдаланылды. «Көк» сөзінің көне түркі 

тіліндегі бір мағынасы «шығыс», «шығыстық» деген 

ұғымға сәйкес келеді. Яғни, тудың түсінен белгілі 

бір нақты географиялық ақпарат алуға болады. Ол 

геральдика тілінде бүкіл әлемге Қазақстан жері 

шығыста орналасқандығын, Ұлы дала өркениетінен 

бастау алатын, тамыры тереңде жатқан шығыс 

мәдениетінің өкілі екендігін баян етіп тұрғандай.

Ал күн бейнесі – байлық пен береке белгісі. 

Күн бейнесін салу арқылы қазақ елі өзінің жалпы 

адамзаттық құндылықтарға ортақтастығын және 

халықаралық қауымдастықтың бір бөлігі екендігін 

аңғартып тұр.

Қыран бүркіт образы қазақ халқының ұлттық 

дүниетанымында  еркіндік,  бостандықсүйгіш, 

ерлік, жоғары аңсар, жан дүниесінің кеңдігі, асыл 

мұрат, жүрек тазалығы сияқты адамгершілік асыл 

ұғымдармен астасып жатады.

Қазақстанның мемлекеттігін нығайту жолында 

өзінің мемлекетіне деген терең патриоттық сезім де, 

жалпылық сананы жетілдірудегі қазақ тілінің тірек 

боларлық рөлі де, бас көтерер азаматтардың айқын 

мақсатты әрекеттері де, тарихи сананы қалпына 

келтіру де, бәрі-бәрі барша қазақ ұлтының басын 

біріктірер  бастаулар болып табылады.

Қазақстан  туы  БҰҰ  сарайының  алдындағы 

дүние  жүзі  елдерінің  тулары  қатарына  1992 

жылы қосылды. Әлемдегі ең биік шың Эверестке 

(теңіз деңгейінен 8840 метр) тігілген тұңғыш ту – 

Ұлыбританиянікі. Қазақстан туы Эверестке 1995 

жылы көтерілді.

Әнұран сөзі туралы ХХ ғасырдағы көрнекті қазақ 

ақындарының бірі Ә.Тәжібаев: «Әнұран – сөзбен 

тоқылған ел туы» деп анықтама берген.

Мемлекеттік рәміздеріміздің де уақыт сыны-

на тәуелді екендігінің бір дәлелі – 1992 жылы 

қабылданған  Әнұранның  өзгеріске  ұшырауы. 

2006 жылы 6 қаңтарда ел Парламент Сенаты мен 

Мәжілісінің бірлескен отырысында «Қазақстан                                                                                                                     

Республикасы  Президентінің  Заң  күші  бар 

Жарлығына  өзгерістер  енгізу  туралы»  ҚР 

Конституциялық Заңының жобасы қаралды. Ел-

басы Заңға келесі күні қол қойды. Жаңа Әнұран 

баспасөзде жарияланған күннен – 10 қаңтардан 

бастап күшіне енді.

Осы  күннен  бастап  халқымыздың  дарынды 

да  дара  перзенттері  дүниеге  әкелген  «Менің 

Қазақстаным» әні Қазақ аспанында күн сайын 

қалықтап келеді. Бұл Әнұранды халық таңдады. Ол 

уақыт сынынан өтті. Ешкім де халықтан биік емес, 

ешкім де уақыттан дана емес. Парламент халық 

сөзіне, уақыт үніне құлақ асты.

Ұлттық  патриотизмді  қалыптастыруға  негіз 

болған қазақтың дәстүрлі қоғамында орныққан 

құндылықтар қатарына «Отан», «атамекен», «ел-

жұрт», «азаматтық борыш», «ар-намыс», «адалдық 

пен әділдік», «азаматтық парыз», «қанағатшылдық 

пен жомарттық» сияқты тағы басқа ұғымдарды 

жатқызуға болады.

Еліміздің басқа спорттық жетістіктерін атамай-ақ, 

соңғы 200-ден аса мемлекеттен келген спортшылар 

күш сынасқан Лондондағы жазғы Олимпиада да 

Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет елге деген 

құрмет екенін айқын дәлелдеп берді. Лондон көгінде 

көк байрағымыз бірнеше рет желбіреп, әуелеп 

шырқалған Әнұранымыз талайлардың жүрегін 

тебірентті, Отанымызға деген мақтаныш сезімін 

арттырды. Байрақты бәсекелерде қазақстандық 

спортшыларымызды  және  Қазақстанды  бүкіл 

дүние жүзі таныды. Спорттағы табыстарымызды 

әлем мойындады.

Ендігі жерде біздің мақсатымыз – ел рәміздерін 

рухани байлығымыз, ұлттық белгіміз екенін, оның 

нышанын таныта білу. Болашаққа сеніммен қадам 

басу, жас ұрпақты отансүйгіштікке, адамгершілікке,                                                                                                                

Отанына  адал  қызмет  етуге,  елінің  Туын, 

Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының 

тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Қазақстан  Республикасы  тәуелсіз  мемлекет 

бола алатындығын бүкіл әлемге дәлелдеді. Ендігі                   

басты міндет - осы мемлекетімiздің өркендеп-өсуі, 

халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын 

көтеру. Қазақстанды «Отаным» деп таныған әр 

азаматтың осыған әлі келгенше үлес қосуы - бұның 

басты шарттарының бірі. Жастарға отансүйгіштік 

тәрбие  берудің  бағдарлы  идеяларын  Елбасы                       

Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» Қазақстан 

халқына Жолдауының «Қазақстан мұраты» деп 

аталатын бөлімінде: «...біздің балаларымыз бен 

немерелеріміз... бабаларының игі дәстүрін сақтай 

отырып,  қазіргі  заманғы  нарықтық  экономика 

жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар 

бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге 

әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» - 

деп үміт артқан.

Отансүйгіштік қасиет - адамның өзінің туып 

өскен өлкесіне деген сүйіспеншілігімен қоса, үлкен 

достық отбасын құрайтын жүзден астам ұлттар 

мен ұлыстар мекендеп отырған біздің ұлан-байтақ 

Отанымызға деген сүйіспеншілік. Әр адамның 

Отанға деген сүйіспеншілігі осы жерде тұратын 

барлық адамдарға деген достық пен туысқандық 

сезімімен біртұтас болып табылады. Жастарды 

отансүйгіштікке тәрбиелеу нәтижесінде қандай 

ұлттың өкілі болмасын өзін біртұтас көп ұлтты 

мемлекеттің - Қазақстан Республикасының азама-

тымын деп сезінеді, Қазақстан Республикасының 

азаматы болуды өзіне тиген зор бақыт және үлкен 

жауапкершілік деп түсінеді.

Асқар БЕЙСЕНБАЕв,

Техникалық реттеу және метрология 

комитетінің Жамбыл облысы бойынша 

департаментінің бас маманы. 

мен қасиеттерімізді дарыту мақсатында қала көлемінде 

ауқымды түрде іс-шаралар өткізіліп те келеді. Мәселен, 

қала мектептерінде «Рәміздерім - мақтанышым!», «Бір 

ту астындағы тәуелсіз Қазақ елі!», «Желбіре, елдің 

жалауы!» атты кездесулер мен дөңгелек үстелдер, 

концерттік бағдарламалар, сонымен қатар 4 маусым – 

ҚР Мемлекеттік рәміздері күні мерекесіне орай жыл 

сайын жастар акциясы кең көлемде аталып өтілуде.

Ел сүйсінген ерекше белгілерімізді бағалай оты-

рып, Мәңгілік Ел жолындағы жасампаз істеріміздің 

куәсі болып, Елбасы салған сара жолды жандандыра 

білсек, жас ұрпақтың Тәуелсіз ел алдындағы үлкен 

сенімдерінің ақталғаны деп білемін!



Елдос ТӨЛЕНдИЕв,

Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің 

«Жастар ресурстық орталығы» 

КММ директоры.                     

ақ қауырсын

10

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №22 (1310), 1 маусым   2016 Жыл  //



«ЕліМ»  дЕГЕн 

ЕрлЕріМЕ айбат бЕр

 

„

бұл -  қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрескен әйгілі батыр, қолбасшы ағыбай 



батырдың майдан алдында берген батасы. әйтпегенде, қазақ батырының ешқайсысы 

да айбатқа кенде емес еді. алдаспанға жазылған алаш тарихына көз салсақ, таудай 

тұлғаларымыз бен ел үшін жер жастанған талай жаужүрек баһадүрлеріміздің астарлы 

үні жатыр. тарихты қопарып шыққан шындықтың бірі - қазақтың қараша үйі қаңырап 

қалмас үшін қара нарға қом салған қосағалы батырдың ерлігі. Екі ғасыр бұрын ел 

басына күн туғанда жауға қарсы жұдырық болған қосағалы батыр жайында жерлесіміз, 

Сарысу ауданының тумасы, 2006 жылы желтоқсан көтерілісінің 20 жылдығына орай 

ұйымдастырылған   республикалық  мүшәйра  жеңімпазы, ақын береке базар жыр қылышын 

сермепті. жалпы дастан жазу - толағай талант пен білім тоғысқанда ғана жүзеге асатын 

жүрек сөзі. «Сухан шахар», «қарагер» атты поэмаларын есті оқырманға мойындата білген 

береке базардың қосағалы батыр жайында жазылған дүниесі де осал емес. Ел азаттығы 

үшін күрескен баһадүрлерімізді қашан және қалай ұлықтасақ та жарасымды. осы орайда 

тәуелсіз ел ақынының тартуын оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.  

Сақта менің хан тоқтаған тілімді,

Ол  бүлінсе төл тарихым бүлінді.

Басқыншы боп басып кірген кәпірден,

Сақта менің судай таза дінімді.

Ата жауға алдырмайтын қайрат бер,

«Елім»  деген ерлеріме айбат бер.

Рахатыңды мен көрмеген жалғанда,

Бастарына ұрпағымның байлап бер.

Иә, Жаратқан, дұғамызды қабыл ет,

«Лахул Махфуз» жазуыңа әмір ет.

Қияметтің қиын сәті туғанда,

Еш қазаққа айтылмасын «лағынет».

Кешір, Алла, құлдарыңның күнәсін,-

Деп аяқтап бетін сипап дұғасын,

Ер Ағыбай мойын бұрып батырға:

-Е, шырағым, бұл жайға кім шыдасын?!

Тәңір жомарт сабыр берген момынға,

Әр нәрсенің есебі бар соңында.

«Сабыр қыл!» деп сәлем айтты Хан ием.

Төтеп берер қаруы жоқ қолында

Асықпасын, бекіністі шаппасын.

Момын жұрттың қанын бекер шашпасын.

Алла жазса қалың қолмен қарулы,

Қайырармыз бекіністің қақпасын.

Осы, қалқам, аманаты Кененің,

Өзіңді осал бағалады демегін.

Қорған түгіл қол бастаса сендей ер,

Жарты әлемді жауларына сенемін.

Қосағалы түйіп қалың қабағын:

-Батыр аға, жұбатуға жарадың.

Ағатайлап қапияда мерт болған,

Қарындастың кегін кімнен аламын?

Айтқан сөзі атқан оқ қой Кененің,

Хан иеме серт етпей-ақ сенемін.

Алайда анау алаңдаған жұртымның,

Арызына не деп жауап беремін?

Алаш кегі көмейіне тіреліп,

Батыр іштей үнсіз қалды түнеріп.

Басындағы шарасыздық батырдың,

Құм ғып, үгіп бара жатыр жігерін.

Үнсіздікті бөліп кенет зор дауыс,

Мәнерінен сезілгендей ар-намыс:

-Көңілімді босаттың-ау, Қосаға,

Арамызда тірі жүрген «Алпамыс».

Сені көрсем, Қабанбайды көремін,

Қанжығалы Бөгенбайды көремін,

Шапырашты Наурызбайды көремін,

Ешбірінен кем көрмеймін Төренің.

Атасудай жер жаннаты мекенің,

Алла жазса жаудан азат етемін.

«Қосағалы хан туған ер қарадан»-

Деп айтқаны рас екен ғой көкемнің.

Олай болса қайыр қош бол, Қосаға,

Інің барда қайратты бол, босама.

Көп ұзамай талқандаймыз қорғанды,

Қанша жерден зеңбірегі болса да.

Осылай деп Науан батыр аттанды,

«Сабыр, сабыр ....» сөз болды ғой жаттанды.

Деп Қосағаң елге қарай беттеді,

-Тыншымаспын бұзбайынша қақпаңды.

Арай сөніп, қойылып түн қарасы,

«Бисмиллә»  деп үйге енді оттың ағасы.

Құшақ жая қарсы ұмтылды көкелеп,

Балжан қызы үштен асқан шамасы.

Ерке қызын төбесіне көтеріп,

Мейірімін төкті батыр әкелік.

Сықылықтап еркеледі Бұла қыз,

Бір шыңғырып, бірде жалған жөтеліп.

-Көке,- деді кенет жұлып алғандай,

-«Сұлу жоқ» деп айтушы ең ғой Балжандай.

Айтшы, әкешім, сұлумын ба расында,

Сұлу болсам, болғаным ғой сор маңдай.

Батыр әке мейірімі көл-көсір,

Сәби тілден түсіне алмай жөн-жосық:

-Сұлулығың рас қой, бірақ Ботам-ау,

Сор маңдаймын дегеніңе жол болсын.

Бүлдіршіннің былдырына сенген кім,

Кіп-кішкентай қабағына төнген мұң:

-Көке, бүгін әңгімесін естідім,

Апам менен отаудағы жеңгемнің.

Ұқпаса да сөздің ұзын ырғасын,

Шығарды қыз кенет шидің бір басын.

-Көке, анау қорғандағы орыстар

Алмақшы екен апамның ай сырғасын.

Сұлу қызын алам депті қалайда,

Солай депті Әбу –Самад ағайға.

Көкетай, сен батырсың ғой күші көп,

Мені орыстар алмасыншы жарай ма?!

Мына сөздің астарынан сыр ұғып,

Бәйбішеге төнді батыр бұрылып.

Бар айтқанын Әбу-Самад тілмаштың,

Баяндады көзіне жас ілініп.

қоСағалы батыр

Ел күзеуде отырған шақ, күз келіп,

Сарыарқаның саздауыты сыз беріп.

Шам намазын оқып отыр үш батыр,

Жүресінен құбылаға жүз беріп.

Бұның бірі Алашқа аян  беделі,

Асып түскен алпыс дейтін төбені.

Хан Абылай бата берген жасында,

Алып мүсін Ағыбайдай ер еді.

Екіншісі жауға шапқан жасынан,

Жас та болса,  көпті өткерген басынан.

Хан Кененің қарасындай көзінің 

Қадір тұтып тастамайтын қасынан.

Дара басы қалың қолға бара-бар,

Жау қосынын қызды ауылдай жағалар.

Сымбатына көзі түскен бойжеткен,

Айна алдында үш күн, үш түн таранар.

Асыл тегін Алашына арнаған,

Ашуланса ақыр заман орнаған.

Батыр Науан аңыз еді, найзамен

Бір соққанда, бес дұшпанды қармаған.

Үшіншісі басынан бақ таймаған,

Қан майданда көзі шоқтай жайнаған.

Сарыарқаның әр жусанын сүйетін,

Арғы атасы Атасуды жайлаған.

Егін салып бауырына даланың,

 Мешіт соғып қолдап Хақтың кәләмін.

Қамқоршысы болған әрбір жесірдің,

Панасы боп, әрбір жетім баланың.

Туа салған Жетірудың бағына,

Шүкір еткен әрбір қиын шағына.

Жоқ-жітіктің ойлағанда ақысын,

Патшаның да қарамайтын тағына.

Күн мен желден күрең тартқан реңі,

Пайғамбардай мейірімді жүрегі.

Қосағалы Рақпанұлы баһадүр,

Хан Кененің аз досының бірі еді.

Ер Ағыбай қолын жайып дұға қып:

- «Уа, Жаратқан, рахымыңнан сұрадық,

Сақта мынау ұлан -байтақ даланы,

Ата-бабам беріп кеткен мұра ғып.

Сақта мынау өзен, тауым, даламды,

Қарт анамды, шежіре қарт бабамды.

Үзілмеген үкілеген үмітім,

Сақта, құдай, әйел, қызым, баламды.

Мынау екен бар айтқаны тілмаштың:

-Офицердің бұйрығымен үн қаттым.

Үш күн уақыт жинап берсін қазақтар,

Алтыны мен әшекейін, қымбатын.

Жинап берсін жылқысының жүйрігін,

Әйелдердің саусақтары сүйрігін.

Офицердің көңілінен шыққаны,

Алатынын ұмытпасын сыйлығын.

Солай бітті Балжан қыздың былдыры,

Көкке самғап, намыс бақтың бұлбұлы.

«Алашым» деп қалды батыр ақырып,

Үзілгендей сабырдың қыл шылбыры.

Астан–кестен болды әлем тапырық,

Тас тұяқтар түнгі шықты жапырып,

Ат шаптырды тоғыз ауыл Тамаға.

Тойғұлының тоғыз ұлын шақырып.

Тойғұлыда Жетірудың Тамасы,

Тама ішінде Есентайдың баласы.

Сан майданда Ханның басын қорғаған,

Хан  Кененің ту ұстаған дарасы.

Тойғұлының тоғыз ұлы бар еді,

Тоғызы да түкті жүрек нар еді.

Аға тұтқан Қосағалы батырды,

Қиын шақта арқа сүйер қара еді.

Өз руын әділдікпен басқарған,

Батыр сөзі қалай жерге тасталған?!

Тоғыз жаққа шауып кетті тоғызы,

Жасақ жинап намысы бар жастардан.

Айырылар сәт түн мен таңның арасы,

Көбеюде келген сарбаз қарасы.

Таң алдында Қосағаңның алдында,

Әскер тұрды жүз елудей шамасы.

Қан майданда талай ерлік жасаған,

Сарбаздарын үшке бөлді Қосағаң:

- Бұйрық былай: үш бүйірден атой сап,

Таң сәріде тап береміз тасадан.

Таңсәріде шабуымның себебі,

Таңғы ұйқыға адам әлсіз келеді.

Азаны жоқ, намазы жоқ кәпірлер

Қаруланып үлгере алмай өледі.

Осылайша әскерді үшке қақ бөліп,

Таң алдында басып кірді тап беріп.

Киініп те үлгермеген солдаттар,

Бірі қашып, бірі құлап жатты өліп.

Бітірді істі таң рауанын атырмай,

Таңғы шықпен пілте мылтық атылмай.

Бекіністен тірі солдат қалмады,

Тып-типыл ғып жұт жайлаған тақырдай.

Сәске туып ауғанынша  күн бесін,

Көміп бітті солдаттардың мүрдесін.

Кенесары Наурызбайды шақырды,

Қорғандағы болған жайды білгесін.

-Кел, Науаным, хабар келді қорғаннан,

Қорған жайлы қанша түндер толғанғам.

Артық бақыт бар ма мынау жалғанда?

Қосағаңдай батыр досың болғаннан.

Атасумен Ақтау, Ортау етегі,

Қосағалы баһадүрдің мекені.

Алла  жазса ол батырдың есімі

Ұрпағының ұрпағына жетеді.

Ұмытпайды Сарыарқадай даласы,

Шежіреге қосар ғалым, данасы.

Мақтан тұтар «Қосағалы бабам» деп,

Арқадағы әр қазақтың баласы.

Ертеңгінің үлесінде олжағы

«Тарих»  деген дүние ғой қолдағы.

Сені, мені сөз қылғанда ұрпағым,

Қосағаңды ұмытпаса болғаны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет