2016 жыл, сәрсенбі


жұмыстарын ұйымдастыру барысы



Pdf көрінісі
бет3/13
Дата20.02.2017
өлшемі6,18 Mb.
#4544
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

жұмыстарын ұйымдастыру барысы, 

партия жарғысының талаптарын сақтау 

және ішкі партиялық тәртіпті нығайту 

бойынша атқарылған жұмыстары 

туралы» филиал төрағаларының бірінші 

орынбасарларының есебі тыңдалды. 

жарна төлеуде 

салғырттық жарамас

Ерман ӘБдИЕв

Жиынды Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Асаубай 

Майлыбаев жүргізіп отырды. Онда алдымен есеп берген «Нұр Отан» 

партиясы Тараз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары 

Арын Асқарбековтің айтуынша, есепті мерзімде Партиялық бақылау 

комиссиясының мүшелері тұрақты түрде қоғамдық қабылдаулар 

өткізіп тұрады. Осы күнге дейін 17 қоғамдық қабылдауда 35 қала 

тұрғынының өтініші қаралып, олардың 9-ы оң шешімін тапқан. 

Ал осы уақыт аралығында жарна төлеуде «Қазфосфат» ЖШС, 

№2 қалалық емхана және «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ы филиалы – Жамбыл 

жол бөлімшесіндегі бастауыш партия ұйымдарында олқылықтар 

орын алғанымен, бүгінгі күні олар толық жарна төлеп отыр екен. 

Бұдан кейін тексеру жұмыстарын жүргізген «Нұр Отан» пар-

тиясы облыстық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының 

мүшесі Сейітхан Жұмашев қалалық филиалдағы жұмыстардың 

барысы туралы хабарлама жасады. Ал «Нұр Отан» партиясы 

Талас аудандық филиалында барлығы 41 бастауыш партия ұйымы 

мен 113 партиялық топ бар екен. Бұл жайында партия филиалы 

төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Қартабаев өз баяндама-

сында тілге тиек етті.

-  Барлығы аудан көлемінде 5 269 «нұротандық» бар. Ағымдағы 

жылы партиялық жарнаның ай сайынғы жоспары 4289 партия 

мүшесіне 980 465 теңге жарна төленіп, мамыр айына 3 921 860 

теңге мүшелік жарна партияның есепшотына құйылды. 2015 жылы 

280 азамат партия қатарына қабылданса, шығарылғандарының 

саны 262 адамды құрады. Ал  ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейінгі 

жағдай бойынша 306 адам партия қатарына қабылданып, 34 

азамат партия қатарынан шығарылды. Есепті кезеңде Партиялық 

бақылау комиссиясының мүшелері 11 жеке азаматтың өтініштерін 

қарап, олардың алтауы оң шешімін тапты. Және бес өтініш бой-

ынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отыр, - деді «Нұр Отан» 

партиясы Талас аудандық филиалы төрағасының бірінші орынба-

сары Ғалым Қартабаев. Бұл аудандағы тексеріс бойынша хабар-

лама жасаған Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Ғалым 

Қасабай филиалда орын алған олқылықтар бойынша түсіндіру 

шаралары жүргізілгендігін алға тартты. Жалпы, Партиялық 

бақылау комиссиясының отырысында комиссия төрағасы Асаубай                       

Майлыбаев өңірдегі филиал жұмыстарына, төрағалардың бірінші 

орынбасарларына қатысты мәселелерді ортаға салды. Және төраға 

жарна төлеуде олқылықтарға жол беріп отырған бастауыш партия 

ұйымдарының жұмыстарын жандандыру бойынша ескертпелер де 

айтты. Жиын соңында «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық және 

Талас аудандық филиалдарының 2015 жыл және 2016 жылдың 

бірінші тоқсаны аралығындағы атқарған жұмыстары сараланып, 

Партиялық бақылау комиссиясының қаулысы қабылданды.

 

„

«нұр отан» партиясы тараз қалалық 



филиалының ұйымдастыруымен 

қоғамдық қабылдау бөлмесінде 31 мамыр-  

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық 

құрбандарын еске алу күніне орай 

«тарихтан тағылым - өткенге тағзым» 

атты тақырыпта ашық есік күні өтті.

Сауалдарына жауап 

берді

Арсен БАЙЗАқ

Аталған іс-шараға облыстық прокуратураның бөлім прокуроры 

А.Байқараев, әскери комиссариат қызметкері, майор А.Кадыров, 

Әділет басқармасы басшысының орынбасары  Н.Ақынбекова 

қатысты. Қоғамдық қабылдау барысында  саяси қуғын-сүргінге 

ұшыраған азаматтар, әсіресе сонау тоқырау кезінде қазақ жеріне 

қоныс аударылған өзге ұлт өкілдеріне кеңестер берілді. Сондай-ақ 

іс-шараға келген қатысушылар тарапынан  сұрақтар қойылып, 

нақты жауаптар алды.

 

„

тараз мемлекеттік 



педагогикалық институтында 

ұлағатты әңгіме өрбіген 

әдемі кеш өтті. қазақстанның 

құрметті журналисі Мақұлбек 

Малдарбеков студент жастармен 

кездесіп, жас ұрпақ тәрбиесі, 

рухани құндылықтар жайлы 

емен-жарқын сұхбаттасты. 

қаламгер 

студенттер 

арасында

Бұқаралық ақпарат құралдарында қырық 

жылдай жемісті еңбек жолын жалғастырған 

қаламгер ағамыз бұл шығармашылық кешін 

«Азат елім, ғажап елім, Берерім көп саған 

менің» деп атапты. Осы күнге дейін үш кітап 

шығарып,  толымды  дүниелермен  көрініп 

жүргендігін айтсақ та болады. 

Кеште  институт  проректоры  Орынқыз                                                                                                        

Жолдасова Мақұлбек ағаның шығармашылық 

жолдағы ізденістері мен жемісті еңбектері 

туралы кеңінен әңгімеледі. Облысқа таны-

мал журналистер Болат Мәуленұлы, Болат 

Жапарұлы,  облыстық  «Ақ  жол»  газетінің 

тілшісі Есет Досалы әріптесі туралы әсерлі 

ойларымен бөлісті. М.Х.Дулати атындағы 

ТарМУ-дың  деканы  Сағатбек  Мырзашев, 

осы университеттің оқытушысы Темірбай 

Мұқашев  қаламгердің  рухы  биік,  рухани 

дүниесі бай, жан-жақты жетілген, елі мен 

жерін  қастерлейтін  ұрпақ  тәрбиелеуге 

қосып жүрген үлесіне тоқталды.

Кеш барысында өнерпаз жастар Махаңның 

шығармасы  негізінде  дайындалған 

қойылымды  көрс етті.  Студенттер 

арасындағы  республикалық  айтыстардың 

жүлдегері,  жас  ақын  Дидар  Апбасов  кеш 

иесіне өз арнауын тарту етті. 

Ақпарат айдынында танылған журналистің 

кейінгі толқынға айтары да аз емес. Бұл күн 

сондай-ақ жақсы әңгіменің тиегі ағытылған 

күн  болды.  Жастар  Мақұлбек  ағаларына 

көкейдегі сұрақтарын қойып, оған лайықты 

жауаптарын алды. 

Кеш  соңында  институт  басшылығы 

Мақұлбек  Біләлбекұлына  сый-құрмет 

көрсетті. 

Арайлы ЖАқСЫЛЫқ, 

М.Х.дулати атындағы ТарМУ-дың 

3-курс студенті.

Журналистке құрмет.  

 


//   «Жамбыл - Тараз»  //  №22 (1310), 1 маусым  2016 Жыл  //

базарлық


7

 

„

қалалық мәдениет үйінде «нұр отан» 



партиясының «25 мейірімді іс: «нұр отан» –

балаларға!» қайырымдылық акциясы өтті. 

Шынболат СЕЙдУАЛИЕв

Шара  ҚР  Тәуелсіздігінің  25  жылдығы 

мен 1 маусым – Халықаралық балаларды 

қорғау  күніне  орай  ұйымдастырылды. 

Әуелі  мәдениет  үйінің  кіреберісінде 

«Болашақ»  мектеп-интернатының 

оқушылары  жасаған  бұйымдардың 

көрмесі  болды.  Көрмеде  он  саусағынан 

өнер  тамып,  қылқаламды  қолына  серік 

еткен  балалардың  түрлі  жанрлардағы 

суреттері қойылған екен. 

Концерттік бағдарламаның шымылдығы 

«Медиа»  би  тобының  қазақша  биімен 

ашылды. Мұнан соң «Нұр Отан» партия-

сы Тараз қалалық филиалы төрағасының 

орынбасары  Арын  Асқарбеков  шараға 

қатысушы  балаларды  1  маусым  – 

Халықаралық балаларды қорғау күнімен 

құттықтап, ақжарма тілегін жеткізді. 

  -  Бала  тәрбиесі  қай  заманның,  қай 

қоғамның  болсын  ең  басты  әрі  өзекті 

мәселесі  саналады.    Өйткені,    бала  –  

біздің болашағымыз. Өскелең жас ұрпақ 

тағдырын «Нұр Отан» партиясы әрдайым 

ерекше  назарда  ұстап  келеді.  Бүгінде 

отбасындағы бақытты өмірден тыс қалған, 

ата-ананың  мейірімін  көрмей  өсіп  келе 

жатқан балалар  бүгінгі қоғамда аз емес. 

Осы күрделі мәселені тұтас қоғам болып 

шешу мақсатында «Нұр Отан» партиясы 

«Бақытты балалық шақ» жобасын қолға 

алған болатын. Жобаның көздеп отырған 

басты  мақсаттарының  бірі  –  балаларға 

бақыт сыйлау, - деді Асқар Ілиясұлы. 

  Шара  барысында  жас  көрермендердің 

назарына  «Бақытты  балалық  шақ»  жо-

басы  аясында  түсірілген  бейнеролик 

ұсынылды.    Содан  соң  сахна  төріне 

Сарымолдаев    атындағы  балалар  үйінің 

тәрбиеленушілері  көтеріліп,  «Тойла» 

әнін нақышына келтіре орындаса, ең жас 

«Асыл-ай»  би  тобы  қазақ  биін  билеп, 

көрермендердің ықыласына бөленді. Соны-

мен қоса «Болашақ» мектеп-интернатының 

оқушысы  Айсұлу  Тұрымбек  «Мерекем», 

Гүлбаршын  Қойшыбаева  «Тәтті-тәтті», 

Еркебұлан Байбөлек «Ардақты ұстазым», 

Нұрсұлу Тұрдалиева «Әжеме», «Мейірім» 

мектеп-интернатының  оқушыларының 

«Мама» әндері көпшіліктің құлақ құрышын 

қандырды. 

Акция  соңында  «Нұр  Отан»  партиясы 

Жамбыл облыстық филиалы саяси жұмыс 

бөлімінің меңгерушісі Айнұр Келімбетова 

шараға  қатысушы  барлық  балғын 

өнерпаздарды  мерекелерімен  құттықтап, 

оларға Алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс 

етті. Сондай-ақ жиынға қатысушылардың 

барлығы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына 

орай жасалынған 25 келілік тәтті торттан 

дәм  татты.  Шара  барлық  балалардың 

орындауындағы «Бәріміз бірге» әнімен өз 

мәресіне жетті.

Өнерлі балғындар.  

 Суреттерді түсірген А.Рысмахан

 

„

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «азаматтарға 



арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері 

еліміздің барлық өңірлерінде асырап алушылар мен көп балалы 

ата-аналарға және балалар үйлеріндегі әлеуметтік жұмыскерлерге 

көшпелі кеңес өткізді. ал тараз қаласындағы арнайы сала мамандары 

Ержановтар отбасына ат басын бұрды.

құшағы кең отбасы

Арайлым ШАБдЕНовА

Жылда дәстүрге айналған аталмыш ша-

рада  көп  балалы  Ержановтар  отбасына 

сала  қызметкерлері  керекті  азық-түлік 

пен  балаларға  арналған  киім-кешектер 

және  түрлі  сый-сияпаттар  табыс  етті. 

Ал  «Азаматтарға  арналған  үкімет» 

қуанса бала, қуансын!  

 Суретті түсірген Н.Тұрғынбек

мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері 

отбасы негізіндегі қорғаншылықты рәсімдеу, 

жәрдемақы,  зейнетақы  рәсімдеу  сияқты 

әлеуметтік маңызды қызметтер бойынша кеңес 

берді.  «Бүгінгі  күні  мемлекеттік  корпорация 

арқылы азаматтарға 530 мемлекеттік қызмет 

түрі  қолжетімді.  Олардың  ішінде  зейнетақы 

төлемдері,  18  жасқа  дейінгі  балаларға 

жәрдемақылар  тағайындау,  мүмкіндігі 

шектеулі  жандарға  мемлекеттік  әлеуметтік 

жәрдемақылар  тағайындау  сияқты  маңызды 

қызметтер  бойынша  көмектер  көрсетіліп 

келеді» – деді «Азаматтарға арналған үкімет» 

мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ облыстық 

филиалы –  Халыққа қызмет көрсету орталығы 

департаментінің менторы Шалқар Елемесов. 

Ержановтар әулетінің отанасы  Сапура апай 

алты құрсақ көтеріп, балалар үйінен 11 бала 

асырап алған. Бүгінде ұл-қыздары ержетіп, бір-

бір үйдің түтінін түтетіп, апайға немере, шөбере 

сүйдіріп отыр. Ал кенже ұлының  шаңырағында 

болған біз әке-шеше жолын қуған Артур мен 

Гүлнұр  Ержановтардың  батылдықтарына 

қайран қалдық. Бес баланың ата-анасы атанып 

отырған  отбасы  балалар  үйінен  ағайынды  3 

бала мен бір қызды асырап алған. 

– Бала асырап алуды көп ойланбадық. Өйткені 

біздің отбасымызға  мұндай жағдай жат емес. 

Мен өзім де сондай жандардың арасында туып-

өстім. Біз бауырларымызбен бір шаңырақтың 

астында  тату-тәтті  өмір  сүрдік.  Енді  менің 

ұл-қыздарым да біздің жолды қуса екен деген 

арман бар, – дейді Артур Жиенбайұлы.

Шаңырақ  көтергендеріне  тоғыз  жылдың 

жүзі  болған  отбасында ең  үлкен ұлдары   он 

үш жасар Сұлтан Әбдуманов болашақта аспаз 

болуды армандайды екен. Ал ең кішкентай Ра-

яна болса әлі бір жасқа толмаған. Ең қызығы, 

әулеттің анасы Сапура апай бүгін туылған күнін 

тойлап жатыр екен. Барлық отбасы мүшелерін 

жинағанда  бір  ауыл  болады  деп  мақтана, 

марқая сөз еткен апай жетімдер үйінде көздері 

жәудіреген қазақ балалары көбеймесе екен деп 

батасын берді. 

алғыс айтамыз!

  Жу ы р д а   і с ке р   ә й ел д е р 



б і рл е с т і г і н і ң     « Б и з н е с - 

Әйел»  секциясының    бизнес-

вумендері    2011  жылы  Тараз 

қаласында   ашылған  Кәмелетке 

т ол м а ғ а н д а рд ы   б е й і м д е у 

орталығындағы әке-шешелерінен  

әртүрлі жағдайлармен айырылып 

қалған    тірі  жетім  балаларға 

1  маусым  -  Балаларды  қорғау  

күніне  орай    балаларға    аяқ 

киім (кросовка), ролик, қыздарға 

балға  киетін  көйлек,  волейбол, 

баскетбол доптары және тағы 

басқа  сыйлықтар  табыс  етті. 

Кәмелетке  толмағандарды 

бейімдеу орталығының директо-

ры Татаева Тоғжан Жұманқызы  

жанұя  бақытынан  айырылған 

балаларға  қамқорлық  жасаған 

кәсіпкер  әйелдерге  алғысын 

білдірді.

орталық 

қызметкерлері.

балаларға МЕрЕКЕ 

Сыйлаған аКЦия

діни аХуал тұрақты

 

„

қала басшысы нұржан Календеровтің төрағалығымен шаһардағы діни 



бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. 

Дін


8

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №22 (1310), 1 маусым   2016 Жыл  //



рақыМ айы – раМаЗан 

құтты болСын!

аСа қаМқор, ЕрЕКшЕ МЕйіріМді 

алланың атыМЕн баСтайМын!

құрметті мұсылман бауырлар, 

отандастар!

Баршамызды қасиетті Рамазан айына 

аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сан-

сыз шүкірлер болсын. Сіздерді мүбәрак 

Рамазан айының келуімен құттықтаймын! 

Рамазан – он екі айдың сұлтаны, 

берекелі де кешірімі мол ай. Күнделікті 

тіршілік қамымен жүретін пенденің 

жүрегіне бұл айда иман нұры құйылады. 

Өйткені, ораза адамды тақуалыққа 

тәрбиелейді. Сабырлық, қайырымдылық, 

мейірімділік, бауырмалдық секілді 

адамдық асыл қасиеттер артып, иман 

күшейеді. Адамның иманы күшейген 

сайын арсыздықтан арыла бастайды. 

Рамазан – Алланың мейірімі төгіліп, 

жұмақтың есігі айқара ашылатын, иманды 

күшейтуге мүмкіндік берілген берекелі 

ай. Бұл – Жаратушы Иеміздің ұлы сыйы 

әрі нығметі. 

Сауаптар еселеніп жазылатын айда 

жасалған қайырлы істің қайтарымы 

адам баласы үшін құпия-сыр. Тіпті, ауыз 

бекітушіге берілетін сый мен сауап, 

құрмет пен марапат пайғамбарлар мен 

періштелерге де белгісіз. 

Құдси хадисте Алла Тағала: «Ораза– 

тек Мен үшін. Оның сыйын (сауабын) 

Өзім ғана беремін...» – деп оразаның 

қадірі мен қасиетін, мәні мен маңызын 

баяндаған. 

Шарапаты мен шапағаты мол айда 

күнәлі істерден бас тартып, сауап 

жинауға, ішкі дүниемізді тазартуға, 

Жаратушының разылығына бөленуге 

асығайық! 

Рамазанның қадірін жақсы түсінген 

сахабалар оразаға алты ай қалған сәттен 

бастап: «Раббымыз, бізді Рамазан айы-

на аман-есен жеткізе гөр!» – деп дұға 

еткен. Пенденің осы айда ұстаған ораза-

сы, қосымша құлшылықтары, өзгелерге 

жасаған қайырымдылығы, барлық сауап-

ты амалдары еселеніп жазылады. 

Ораза – күндіз тек ішіп-жеуден өзін 

шектеу деген сөз емес. Ораза – рухтың 

азығы, тәннің шипасы. Рамазан жан мен 

тәнді рухани тазартатын, мұсылман үшін 

үлкен сабыр мектебі. Аузы берік жандар 

әдеп білмес пенделердің өзіне жасаған 

кейбір оғаш іс-әрекеттерін көріп, тұрпайы 

сөздерін естісе де: «Мен оразамын», – 

деген бір ауыз сөзбен нәпсісіне тоқтау 

салып, сабыр сақтайды. Ал сабыр иесіне 

берілетін сый – жәннат.

Денсаулығына байланысты немесе 

кәрілік жетіп, ораза ұстауға шамасы 

жетпеген адамдар ауыз бекіткен кісілерге 

ауызашар берсе, ол да – үлкен сауап. 

Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың 

оған салауаты мен сәлемі болсын): «Алла 

Тағала ең болмаса бір түйір құрма, тіпті 

бір ұрттам сумен болса да қамқорлық 

жасағанға сауап жазады…» – деген.

Биыл маусым-шілде айларына тұспа-

тұс келген Рамазанда ауыз бекітуге күннің 

ыстығы кедергі келтірмейді деп сенеміз. 

Себебі, оразаның рухани дәмін татқан 

жан Алланың теңдессіз сыйынан шет 

қалғысы келмейтіні хақ.

Рақым айы – Рамазан құтты бол-

сын! Қасиетті айда ұстаған оразамыз, 

жасаған дұға-тілектеріміз, құлшылық-

ғибадаттарымыз, әрбір қайырлы амал-

дарымыз қабыл болғай! Алла Тағала 

отбасымызға амандық, жұмысымызға 

береке-бірлік нәсіп еткей!

Тәуелсіздігіміз баянды, еліміз аман, 

жұртымыз тыныш болғай! Әумин! 

Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,

қазақстан мұсылмандары діни 

басқармасының төрағасы, 

Бас мүфти.

6 маусым – қасиетті 

рамазан айының бірінші күні!

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Облыс әкімдігінің 2014 жылғы 

27  наурыздағы  «Қазақстан                      

Республикасында  діни  экстре-

мизм  мен  терроризмге  қарсы 

іс-қимыл  жөніндегі  2013-2017 

жылдарға арналған мемлекеттік 

бағдарламаны Жамбыл облысында 

іске асыру жөніндегі іс-шаралар 

жоспарын бекіту туралы» №105 

қаулысын  орындау  мақсатында 

қалалық әкімдікке қарасты бірқатар 

бөлім басшылары өз саласы бойын-

ша атқарылған жұмыстарды атап 

өтіп, мәселеге қатысты мәлімдеме 

жасады. Алғашқы болып сөз алған 

қалалық  ішкі  саясат  бөлімінің 

басшысы Кенжебек Олжабай мек-

тептерден бастап ЖОО студенттері 

мен қала тұрғындары арасында 

тұрақты түрде ұйымдастырылатын 

түсіндіру жұмыстары мен белсенді 

түрде  атқарылған шараларға тал-

дау жасап,  діни ахуалды саралап 

өтіп,  ұйымдастырылып  жатқан 

террористік әрекет бойынша ал-

дын  ала  хабар  беру  әрбір  адам 

баласының  азаматтық  борышы 

екендігін  баса  айтты.  Соны-

мен  қатар,  бөлім  басшысының 

айтуынша,  нақты  уақыттан                                                                      

бастап қалада психология пәнінен 

сабақ беретін білім мекемелері 

бұрмаланған  діни  ағымдардан 

зардап  шеккендерге  шұғыл 

психологиялық көмек көрсететін 

курстар енгізбек. Қала басшысы 

жоғарыда аталған бағдарламаны 

іске асыру барысында жеткіліксіз 

жұмыс жасаған бөлімдердің бар - 

жоғын сұрады. Дегенмен, қазіргі 

таңда бұл мәселе бойынша қала 

әкімдігіне қарасты бөлімдердің 

барлығы  да  белсенділік  таны-

тып отыр екен. Күн тәртібіндегі 

мәселеге қатысты Жамбыл облы-

сы әкімдігінің денсаулық сақтау 

басқармасының  қала  бойынша 

бөлім басшысы Серік Қасмақасов 

сөз алып, қаладағы 30-дан астам 

емдеу мекемелері мен денсаулық 

сақтау нысандарында 2012 жылдан 

бері бейнебақылау камераларының 

орнатылғанын,  нақты  уақытта 

күзет  пен  өрт  қауіпсіздігіне 

қатысты  талаптардың  орында-

лып  отырғанын  жеткізді.  Және 

оқыс  оқиғалар  орын  алған 

жағдайда  қаладағы  денсаулық 

сақтау  қызметкерлерінің  толық 

дайындығын да тілге тиек етті. 

Дегенмен,  бөлімге  қарасты 

мекемелердің  барлығындағы 

бейнебақылау  камераларының 

арнайы  сервері  болу  керек 

екен.  Яғни  құрылғының  жа-

дына  сақталған  бейне  белгілі 

бір  уақыт  бойы  жойылмай, 

сақталуы тиіс. Ал бөлім басшы-

сы Серік Қалиұлының айтуынша, 

2014 жылдан бері орнатылған 

бейнеқұрылғылар  ғана  осы 

талапқа сай екен. Бұдан бөлек, 

қаладағы ақ халаттылар арасында 

даярлық негізінде оқу-жаттығу 

жұмыстары  да  жүйелі  түрде 

ұйымдастырылып отырады екен. 

Жиын барысында қалалық білім 

бөлімінің  бас  маманы  Қайрат 

Үкібасовқа қала басшысы мек-

теп оқушыларына менмұндалап 

тұратын  ғаламтордағы  діни 

мәселелер  бойынша  сауал              

тастады.  Бас  маманның  айту-

ынша, мектептердегі ғаламторға 

шектеу  қойылған.  Және  был-

тыр қалада дәстүрлі емес діни 

ағымды  ұстанатын  9  мұғалім 

болса,  биыл  олардың  саны 

7-ге азайыпты. Оқушылар мен 

ата-аналар арасында түсіндіру 

жұмыстары  жүргізілген.  Енді 

заң бойынша жаңа оқу жылы-

нан  бастап  бірыңғай  мектеп 

формасы  талабы  сақталмақ. 

Шаһардағы  дене шынықтыру 

және  спорт  бөлімінің  басшы-

сы Оксана Борисюк тұрғындар 

арасында  салауатты  өмір  сал-

тын  ұстанушылардың  көңіл 

қуантарлық  көрсеткіштерімен 

бөліссе,  қала  әкімдігі  ішкі                    

саясат бөліміне қарасты Жастар 

ресурстық  орталығының  бас-

шысы Елдос Төлендиев аталған 

алаңдаулы мәселемен күресуде 

жастардың  белсенділігін  алға 

тартты. Нұржан Сәбитұлы жастар 

арасында сауалнама жүргізіп, аху-

алды саралап отыруды тапсырды. 

Себебі,  орталық  басшысының 

айтуынша,  жастар  арасында 

әлі  де  басқа  діни  ағымдарды 

ұстанатындар  жоқ  емес.  Тіпті 

жиын барысында бұл мәселемен 

күресу  үшін  аула  ойындарын 

тұрақты түрде жаңғыртып оты-

руды да ұсынғандар болды. Бұдан 

әрі  қаладағы  діни  экстремизм 

мен  терроризм  көріністерінің 

алдын алуға және болдырмауға 

б а ғ ы т т а л ғ а н   № № 1 , 2 , 3 , 4 

мобильдік топ жетекшілерінің 

атқарған  жұмыстары  туралы 

есептері тыңдалды. 

- Топтың бірінші отырысында 

№2 аумақтың дін картасымен, 

аумақта  ресми  тіркелген  діни 

бірлестіктерімен  топ мүшелері 

толық таныстырылып, теріс діни 

ағымдарды насихаттап жүрген 

радикалды  және  экстремалды 

топтардың лидерлерін анықтау 

және №2 аумақ көлеміндегі кітап 

дүкендері мен базарлардағы діни 

әдебиеттер,  діни  мазмұндағы 

өзге де ақпараттық материалдар 

тексеріліп, зерделеу жұмыстары 

жүргізілген болатын. Нәтижесінде  

аумақ тұрғындарынан Асқаров 

көшесінде  орналасқан  «Шейх 

Зуннун»  және  Сүлейменов 

көшесіндегі  «Құлбай  баба» 

мешіттерінде ереже бұзу тура-

лы түскен наразылық бойынша 

рейд жүргізіліп, «Шейх Зуннун» 

мешітінде кешкі намаздан кейін 

(22:00-ден кейін) жасы кәмелетке 

толмаған балалармен оқу кур-

сы  ұйымдастырылатындығы 

анықталып,  мешіт имамы топ 

ортасына шақырылып, заң та-

лаптары  бойынша  түсіндіру 

жұмыстары жүргізілді, - деген  

ішкі саясат бөлімінің басшысы, 

№2 мобильдік топтың жетекшісі  

Кенжебек Мамашбайұлы бөлім 

басшыларына  алдағы  уақытта 

атқарылған  жұмыстар  бой-

ынша  фотоайғақтар  жинап, 

кеңестің  кезекті  отырысында 

слайд арқылы көрсету жөнінде 

ұсыныс айтты. Қала басшысы 

мобильдік  топ  жетекшілеріне 

мәселені бақылауда ұстап, діни 

ахуалды тұрақтандырып отыруды 

баса айтты. 

Мақсат - қауіпсіздікті қамтамасыз ету.  

 Суретті түсірген Н.Тұрғынбек


//   «Жамбыл - Тараз»  //  №22 (1310), 1 маусым  2016 Жыл  //

Дата


9


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет