Есеп №25
Омаров мұрагерлік бойынша күрделі жөндеуді қажет ететін тұрғын үйге ие болады. Омаров күрделі жөндеу жүргізіп, үйді қайта жобалайды, оған екі үй алып бастырма жалғастырып салады. Жұмыстар аяқталған соң көп ұзамай Мусин Омаровқа меншік құқығын тану және оны үйден шығару туралы талап қояды. Өз талабына дәлел ретінде Мусин кезінде қылмыстық іске заңсыз тартылғанын және мүлкі, соның ішінде үйі де тәркіленіп сотталғанын көрсетеді. Оның жоқ болған кезінде билігіне үй беріліп жергілікті басқару органы оны Омаровтың әкесіне сатып жібереді. Қазіргі уақытта Мусин толығымен ақталып шығады және үйіне қоныстануын қалайды.
Омаров талапқа қарсы болады, ол бала кезінен осы үйде тұрып жатқанын, үйді мұра бойынша алғанын, оны жөндеуге барлық қаражатын жұмсағанын айтады. Мусинге қатысты оның ақталған адам ретінде мемлекеттен пәтер алғанын, ал үйдің оған керегі жоқ екенін айтады.
Дауды шешіңіз.
Есеп №26
Арғынов, өз досы, эстрада әртісі Нұрлановпен, оның орындауындағы эстрадалық өлеңдерді үй жағдайында отырып тыңдағысы келген қызметтестерін, өзінің үйінде жинайтыны жөнінде келіседі. Алайда, белгіленген уақыттан бір сағат бұрын, Нұрланов теледидардан футбол ойынын көру үшін үйде қалуды шешкенін телефон арқылы хабарлайды. Белгіленген кездесуді басқа күнге өзгертуге тура келеді.
Арғыновтың ойынша, Нұрланов кездесуге даярлық жасауға байланысты оның барлық шығындары (сатып алынған азық-түлігі мен сусындардың құнын), сонымен қатар моралдық нұқсанның орнын толтыруы тиіс.
Арғыновтың Нұрлановқа осындай талап қоюының заңды негіздері барма?
Есеп №27
Айгүл Қуанышева үйіне даладан иесіз итті алып келеді. “Ақтөс” деп аталып кеткен күшік бір айдай Қуанышевтардың үйінде тұрады. Бір күні Айгүлдің әкесі сипаттамасы бойынша Ақтөске ұқсайтын иттің жоғалғаны туралы бағанда хабарландыру жапсырылғанын көреді. Иттің иесі итті қайтарып берген адамға жақсы сыйақы төлеуді уәде етеді. Айгүл итке үйренісіп қалғанына қарамастан, итті иесіне қайтаруды ұйғарады. Әкесі берілген сыйақыға жаңа етік алып беруге уәде етеді. Алайда, Ақтөсті өз иті деп таныған азамат Байрақов сыйақы төлеуден бас тартады. Таныс заңгері оған сыйақы төлемеуге кеңес бергенін, өйткені Қазақстан заңдары бойынша жоғалған заттың меншік иесі оны тапқан адамға тек затты сақтағаны және жеткізгені үшін шығындарын өтеуге міндетті екенін түсіндіріп береді.
Заңгердің Байрақовқа берген кеңесі дұрыс па?
Достарыңызбен бөлісу: |