2022 – 2023 оқу жылына арналған 0201000 «Құқықтану» мамандығы бойынша



бет18/20
Дата24.05.2023
өлшемі38,44 Kb.
#96626
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
АҚ және АІЖҚ мемлекеттік емтихан 2022 жыл

Есеп №22

Сарманов өз саяжайына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жұмыскерлер бригадасымен шарт жасасады. Пешті бұзу кезінде жұмыскерлердің бірі алтын ділдәларды және құнды заттары бар қобдишаны тауып алады. Жұмыскерлер оларды өзі тапқандықтан, оларды өзінікі деп мәлімдеп, құнды заттарды беруден бас тартады. Жөндеу жұмыстарын жасап жатқан жұмысшылардың қалғаны да құнды заттардағы өз үлестерін талап ете бастайды.


Ішкі істер органдары қызметкерлері табылған құнды заттарды алып, оларды қазына табысының есебіне өткізуге қаржы органдарына береді. Саяжайдың меншік иесі, жұмыскерлер мен қаржы органдары арасында құнды заттарға кімнің құқығы бар және оларды қалай бөлісуге болады деген дау туады.

Бұл дау қалай және қандай тәртіпте шешілуі мүмкін.




Есеп №23

Азамат Вольф өзінің көршісі Рахмановқа жер үйін сататын болып, бірақ Вольф үй құнының 50% қазір алып, үй құжаттарын Рахмановтың қолына беріп, қалған ақшасын Германия мемлекетінен келгеннен кейін алып үй құжаттарын Рахмановтың атына аударып, сатып алу-сату шартын жасасуға келіседі. Рахманов азамат Вольфтың үйінде коммуналдық төлемақыларды төлеп 17 жыл тұрады. Азамат Вольф оралмаған соң Рахманов бұл үйде бұдан әрі де тұра алмайтындығын және зейнеткер ретінде үйге күтім жасай алмайтындығын және үй өзінікі болмағандықтан сата алмай отырғандығын айтып сотқа барады. Рахманов сол үйге меншік құқығын таныту туралы сотқа талап арыз жазады. Сот меншік құқығын танытудан бас тартады.

Соттың іс-әрекеті дұрыс па? Іс қалай шешіледі?
Есеп №24

Кіші-гірім құрылыстың меншік иесі - Нышанов терезелер мен есіктерді қағып тастап, ұзақ уақыт жоқ болады. Аудандық әкімшілік үйді ашуға жарлық береді. Үйдің 75%-ке бұзылғаны жөнінде акт жасалған соң, үй тұрған жер учаскесі Кенебаевқа құрылыс үшін беріледі. Нышановтың үйі Кенебаевқа құрылыс материалдары ретінде ақысыз беріледі. Кенебаев жаз мезгілі ішінде үйді толығымен қалыпқа келтіріп, қайта жобалап, іргелі түрде жөндеп алады. Күзде бұрыңғы тұрғын орнына келген Нышанов Кенебаевтан үйді оған қайтаруын талап етеді. Кенебаев Нышановқа аудан әкімшілігіне баруды ұсынады.


Дауды шешіңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет