2022 – 2023 оқу жылына арналған 0201000 «Құқықтану» мамандығы бойынша



бет17/20
Дата24.05.2023
өлшемі38,44 Kb.
#96626
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
АҚ және АІЖҚ мемлекеттік емтихан 2022 жыл

Есеп №19

Кенебаев Хасеновадан үлкен сомаға ақшаны қарызға алып, 2 айдан соң, яғни 2001 ж 15 тамызынан кеш қалдырмай қайтаруға міндеттенеді. Көрсетілген мерзімде ақша қайтарылмайды. Ақша орнына Кенебаев Хасеноваға 50%-ке өсірілген соманы 2001 ж 1 желтоқсанынан қалдырмай төлеуге міндет алынған жаңа қолхат береді.


2001 ж қараша айында Кенебаев алыс шекара гарнизонына әскери қызметке шақырылады, 2003 ж қараша айында әскерден қайтқан соң Кенебаев теңіз жағалауындағы қалаға тұрақтап, жұмысқа кіріп, үйіне қайтпайды. Кенебаевтің туыстарынан оның мекен-жайын біліп Хасенова оған қарызы туралы ескертіп хат жазып жібереді, бірақ жауап ала алмайды. 2005 ж 15 қаңтарында Хасенова Кенебаевтан қарыз сомасын алып беру жөнінде сотқа талап арызын береді. Кенебаев талап қою мерзімінің ескіргеніне сілтеп, талапты мойындамайды. Ал Хасенова оның әскердегі қызмет уақыты талап қою мерзімінің ескіруіне кірмеуі тиіс деп есептейді.

Талап қою мерзімінің өтуін тоқтата тұру, талап қою мерзімінің өтуіндегі үзіліс және талап қою мерзімін қалпына келтіру дегеніміз не?




Есеп №20

Ормановтың фермерлік қожалығына бір сиыр қосылып кетеді. Сиырды асырай алмаған соң фермер оны сойып алып, етін базарға сатып, ал терісін тері зауытында тері бұйымдарына ауыстырып алады.

Екі айдан соң сиырдың иесі табылады. Мал иесі кімге және қандай талаптар қояды.


Есеп №21

Бисенов өзінің танысы Сарбалаевтың сұрауы бойынша тиісті сенімхатпен уақытша пайдалануға өз автокөлігін береді. Тараптар келісімі бойынша көлік Бисеновқа оның бірінші қойған талабымен қайтарылуы тиіс. 16 мамыр 2002 ж Бисенов жазбаша түрде Сарбалаевтан көлігін қайтаруды талап етеді, алайда 2 күннен соң Бисенов қайғылы қазаға ұшырайды. Оның әйелі Сарбалаевтың көлікті қайтармағанын біледі, бірақ тиісті талаптарды қоймайды. 2005 ж 20 мамырды Сарбалаев өз ықыласымен Бисеновқа көлікті қайтарады, бірақ бірнеше күннен соң талап қою мерзімінің өтіп кеткенін білмегендіктен оны қателікпен істегенін мәлімдейді. Осы негізде ол Бисеновадан көлікті қайтаруын сұрайды, қарсы болған жағдайда сот арқылы талап ететінін айтады. Бисенова оның талабын орындаудан бас тартады.

Егер іс соттың қарауына берілсе, дау кімнің пайдасына шешіледі?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет