Құндылыққа бағдарланған оқытуды іске асыру бойынша ұсыныстар
Оқыту барысында құндылықтарды басшылыққа ала отырып, білім алушының құзыреттілігін дамыту сабақты мағыналы және тиімді етеді, өйткені бұл процесс білім алушының өмірінің бір бөлігі болып табылады және оның жеке басының қалыптасуына ықпал етеді. Сабақ барысында құндылықтарды дамытуды дұрыс ұйымдастыру, дұрыс құрылған сабақ оқу мақсаттарына құрылған нәтижеге жеткізеді.
Құндылықтарға бағдарланған тәсіл – қазақстандық патриотизмді, толеранттылықты, өз елінің өткен тарихына, ата-бабаларымыздың әдебиеті, мәдениеті мен әдет-ғұрыптарына құрмет көрсетуді жүзеге асырудың мүмкіндіктерін көздейді.
Тұлғаға бағытталған, іс-әрекетке негізделген тәсілдерді жүзеге асыру бойынша ұсыныстар
Тұлғаға бағытталған тәсілдің мақсаты оқу процесін дараландыру, оның жеке психикалық және дене бітімі ерекшеліктерін, қажеттіліктері мен мінезқұлық уәждерінің әлеуетті мүмкіндіктерін ескере отырып білім алушыны тұлға ретінде үйлесімді қалыптастыру және жан-жақты дамыту, оның шығармашылық қабілеттерін толық ашу болып табылады.
Педагог білім алушыны тілдік пәндер мазмұны арқылы рухани жағынан тәрбиелеу, гуманистік дүниетанымын, азаматтық, патриоттық сана-сезімін, әдебиетке және ұлттық құндылықтарға, отандық және әлемдік мәдениетке деген сүйіспеншілігі мен сыйластығын қалыптастыру мақсатында жұмыс жасайды.
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша ұсыныстар Білім беру саласының мазмұны технология және өнер ұғымдары, графикалық мәдениеттің дамуы, музыкалық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, адам өміріндегі қолөнер мен музыка т.б.
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру және халықаралық тану аясында оқу жетістіктерінің деңгейін арттыру мақсатында білімалушыларға келесі тапсырмалар мен жұмыстарды орындау ұсынылады:
диаграммаларды, жұмыстың жалпылау және технологиялық карталарын құрастыру;
графиктерді суреттеу, салыстыру, талдау, шығармашылық жұмыстарды ресімдеу дағдыларын қалыптастыру;
практикалық жұмыс негізінде толық шығармашылық жұмыстарды дайындауға жаттықтыру.
Сабақ барысында әртүрлі көрнекі құралдарды пайдалана отырып, білім алушыларға материалдарды қорытындылауы, дәстүрлі және заманауи графикалық құралдармен жұмыс істеу дағдыларын меңгеруі, негізгі технологиялық білімдерін, оның ішінде цифрлық оқулық көздерін пайдалануды дамытуы керек.