Сабақты жоспарлау бұл тиімді оқыту және оқушылардың оқу мақсаттарына жетуі үшін қажетті педагогикалық практиканың ажырамас бөлігі болып табылады.
Орта білім беру ұйымдарындағы сабақтарды жоспарлау нормативтік құқықтық актілермен реттеледі:
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнайы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің жүргізуі үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығы;
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» ҚР БҒМ 2021 жылғы 16 қыркүйектегі №472 бұйрығы;
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің жүргізуі үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 382 бұйрығы.
Жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мұғалімдер сабақты жоспарлау аясында екі құжат бойынша жүргізеді:
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспар
Пәндер бойынша орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспар.
Екі жоспар да қағаз түрінде де, электронды түрде де жүргізілуі мүмкін (word, pdf).
1. Қысқа мерзімді (сабақ) жоспар Барлық оқу пәндерінің мұғалімдері күн сайын кестеге сәйкес қысқа мерзімді сабақ жоспарын жүргізеді. №130 бұйрыққа сәйкес сабақ жоспары келесі міндетті тармақтарды қамтуы керек:
Педагог тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары сақталған жағдайда кәсіби қызметті ұйымдастыру тәсілдері мен нысандарын дербес таңдауға құқылы.
Сыныпта ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар болған кезде әдістемелік бірлестіктер мақұлдаған жеке бағдарламаларды бейімдеу және іске асыру жөніндегі іс-қимылдар көзделеді.