2023-2024 оқу жылында Қазақстан республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарындағЫ


Бастауыш білім беру деңгейі бойынша



бет5/37
Дата16.08.2023
өлшемі0,83 Mb.
#105339
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Бастауыш білім беру деңгейі бойынша:
− оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптарда «Қазақ тілі» пәнінің оқу жүктемесі 2, 4-сыныптарда 1 сағатқа (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы
30 қыркүйектегі № 412 бұйрығына 9, 12-қосымша https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029916 );
оқыту қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек және тәжік тілдерінде жүргізілетін сыныптарда «Жаратылыстану» пәнінің оқу жүктемесі 3-4-сыныптарда 1 сағатқа көбейді (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі №412 бұйрығына
8,9,10,11,12-қосымша https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029916 ).
Негізгі орта білім беру деңгейі бойынша:
- оқыту қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек және тәжік тілінде жүргізілетін сыныптарда «Жаратылыстану» (5-6-сыныптарда), «Алгебра», «Физика», «Химия», «Биология», «Қазақстан тарихы» пәндерінің (7-9-сыныптарда) оқу жүктемесі 1 сағатқа көбейді (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі
412 бұйрығына 13,14,15,16,17-қосымша https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029916 ).
Вариативтік компонент бойынша:
Білім алушылардың ерте кәсіби бейімделуін қамтамасыз етуге арналған оқу пәндерінің комбинациялары 1 сағат көлемінде оқытылады.
Жалпы орта білім беру деңгейі бойынша:
Оқыту қазақ, орыс тілінде жүргізілетін қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарына сәйкес «Физика»,
«Химия», «Биология» пәндерінің оқу жүктемесі 1 сағатқа көбейді (38,40 қосымшалар https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029916)
Оқыту қазақ, орыс тілінде жүргізілетін қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша Жалпы орта білім берудің (төмендетілген оқу жүктемесімен) үлгілік оқу жоспарына сәйкес:
− «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінің оқу жүктемесі 1 сағатқа көбейді;
− таңдау пәндері (тереңдетілген деңгей): «Шетел тілі» (екінші тіл), «Дүниежүзі тарихы», «География», «Құқық негіздері» пәндерінен 10-11сыныптарда 2 пән 2 сағаттан оқытылатын болды.
− таңдау пәндері (стандарттық деңгей): «Физика», «Химия», «Биология», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәндерінен 10-11-сыныптарда 2 пән 2 сағаттан оқытылатын болды (ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.09.2022ж. №412 бұйрығына 18,20,22,26 қосымша https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029916 ).
Оқыту қазақ, орыс тілінде жүргізілетін жаратылыстануматематикалық бағыт бойынша Жалпы орта білім берудің (төмендетілген оқу жүктемесімен) үлгілік оқу жоспарына сәйкес:
− «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінің оқу жүктемесі 1 сағатқа көбейді;
− таңдау пәндері (стандарттық деңгей): «Дүниежүзі тарихы», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау», «Құқық негіздері» пәндерінен 10-11-сыныптарда 2 пән 1 сағаттан оқытылатын болды (ҚР
Оқу-ағарту министрінің 30.09.2022ж.№412 бұйрығына 19,21,23,24,25 қосымшалар. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029916 ).
Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде Қазақстан Республикасы Оқуағарту министрлігінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі №399 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің барлық пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын пайдаланады
(https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200029767).
Алдағы оқу жылында оқу бағдарламаларындағы өзгерістер тек 2 сыныпқа ғана әсер етеді, атап айтқанда:

  • 1-2-сыныптарда «Көркем еңбек» кіріктірілген пәнінің орнына «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» пәндерін жеке оқыту жалғасады (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы №365 бұйрығына 1, 2, 3-қосымшалар https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200029136#z18); «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту жалғасады (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы № 365 бұйрығына 1, 2, 3-қосымшалар https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200029136#z18); «Шетел тілі» пәні оқытылмайды.

  • Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептердің 2-сыныбында «Орыс тілі» пәнін оқыту енгізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет