Тұлғалық тәсіл оқыту процесінде педагогтің, білім алушының жасын, ұлттық, жеке-психологиялық жағдайын, мәртебесін (яғни ұжымдағы жағдайын) барынша ескеруін білдіреді. Бұл оқу міндеттерінің мазмұны мен формасы (яғни тапсырма) арқылы да, педагогтің білім алушымен, сыныппен қарымқатынасының тиісті сипаты арқылы да жүзеге асырылады. Білім алушы тұлға белсенді әрекет ететін мақсатты субъект ретінде жеке көзқарас аясында әрекет етеді.
Практикада тұлғалық-іс-әрекеттік және құзыреттілік тәсілдерді іске асыру белсенді және интерактивті әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Ісәрекеттік тәсілі оқу процесіндегі жеке тұлға (іс-әрекет субъектісі), оның мақсаттары, мотивтері, қажеттіліктері дегенді білдіреді, ал жеке тұлғаның өзінөзі жүзеге асыруы мен өзін-өзі дамытуының негізгі құралы іс-әрекет болып табылады.
STEM/ STEАM технологияларды қолдану
STEM - жаратылыстану, технология, инженерия және математика сабақтарын біріктіретін оқу бағдарламасы. STEAM технологиясы білім берудің бес саласын бірыңғай оқыту жүйесіне біріктіреді (өнер қосылады).
Білім беру процесінде STEM/ЅТЕАМ технологияларын қолдану жекелеген пәндерге емес, белгілі бір тақырыптарға сәйкес интеграцияланған оқытуды қамтамасыз етеді.
STEM/ЅТЕАМ оқыту технологиялары білім алушыларда пәндік және метапәндік құзыреттерді қалыптастыруға, сыни ойлауды, проблеманы шығармашылық шешу дағдыларын және командадағы қызметті дамытуға арналған белсенді оқытудың заманауи әдістерін, пәнаралық цифрлық мазмұнды, пәнаралық және қолданбалы оқу тапсырмаларын қолдануды көздейді
(https://www.livescience.com/43296-what-is-stem-education.html).
STEM/ ЅТЕАМ технологияларына негізделген тәсіл сабақта да, сабақтан тыс уақытта да қолданылады. Сабақтарды өткізу кезінде проблемалық бағдарланған және эвристикалық оқытуды, ал сабақтан тыс уақытта – жобалық және зерттеушілік - бағдарланған оқытуды қолдану ұсынылады.
Педагогтерге оқу тапсырмаларының, шығармашылық жобалардың негізінен қолданбалы сипатын қолдана отырып, сабақтарды, оқу сабақтарын жоспарлау ұсынылады. Сонымен қатар, тапсырмалар мен жобаларды орындау бірлескен шығармашылық, зерттеу қызметін қамтиды, оның барысында өзара қарым-қатынас орнату қабілеті дамиды. Білім алушының педагогпен және басқа білім алушылармен бірлескен оқу іс-әрекеті процесінде алынған өнімнің маңыздылығына назар аудару қажет.