2023-2024 оқу жылында Қазақстан республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарындағЫҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ТЕНДЕНЦИЯЛАР
НХ-2023-2024-о у-жылы-ЖОБА
Білім берудің жаңа әдіснамасын, тұлғалық-әрекеттік, құзыреттілік тәсілдерді және олардың кіріктірілген инновациялық STEM-тәсілінің әлеуетін іске асыру мектептегі білімнің мазмұндық-әдістемелік негіздерін қайта қарауды көздейді. Оқыту мен тәрбиелеудегі құндылыққа бағытталған тәсілБілім берудегі құндылық тәсілі жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды, адамның өмірі мен денсаулығын, жеке тұлғаның еркін дамуының басымдықтарын, патриотизмді, еңбекқорлықты, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеуді көздейді. Бұл тәсіл білім беру процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыруға, оқыту мен тәрбиелеуді интеграциялауға, білім беру әдістемесін, мазмұны мен құрылымын жаңартуға бағытталған. Орта білім беру мазмұнында базалық құндылықтар ретінде: қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік; құрмет; ынтымақтастық; еңбек пен шығармашылық; ашықтық; өмір бойы білім алу айқындалған. Оқыту мен тәрбиелеудегі құзыреттілік тәсілҚұзыреттілік тәсіл – бұл құзыреттілік түріндегі білім беру нәтижелерін көрсететін және білім алушыларды даярлаудың практикаға бағдарланған сипатына, міндеттер мен жағдайларды шешу бойынша олардың өзіндік жұмысының рөлін күшейтуге ықпал ететін білімге қойылатын талаптар жүйесі. Бұл тәсілде практикалық тапсырмалар теориялық білімнен басым болады және оқушыларды әртүрлі жағдайларда және жаңа жағдайларда білімді қолдануға бағыттайды. Құзыреттілік тәсіл іс-әрекетке деген көзқарастың негізгі тұжырымын қамтиды – «іс-әрекет арқылы оқыту» және оны білім алушы игерілген білімді іс жүзінде қолдана білуі керек деген талаппен күшейтеді. Құзыреттілік тәсіл адамның өмір бойы алған білімін адам қызметінің әртүрлі салаларындағы өмірлік міндеттердің кең ауқымын шешу үшін пайдалану қабілетін сипаттайтын функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған. жүктеу/скачать 0,83 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |