21 Қазіргі заманғы мемлекет және оның ерекше белгілері. Жоспар


Үйде қызмет көрсету жағдайында көрсетiлетiн әлеуметтiк-психологиялық қызметтерге



бет29/36
Дата14.10.2023
өлшемі264,05 Kb.
#115130
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36
Байланысты:
саяси такырыптар

Үйде қызмет көрсету жағдайында көрсетiлетiн әлеуметтiк-психологиялық қызметтерге:
1) психологиялық диагностика және жеке адамды тексеру;
2) әлеуметтiк-психологиялық патронаж (жүйелi бақылау);
3) мүгедектермен және қарттармен психологиялық алдын алу жұмыстары;
4) психологиялық консультация беру;
5) шұғыл психологиялық (оның iшiнде телефон бойынша) көмек;
6) қызмет алушыларға психологиялық көмек көрсету, оның iшiнде әңгiмелесу, қарым-қатынас, тыңдау, көңiлiн көтеру, белсендiлiкке ынталандыру;
7) қызмет алушыларға және бiрге тұратын отбасы мүшелерiне психологиялық көмек көрсету;
8) қолайлы психологиялық климат қамтамасыз ету, келiспеушiлiк жағдайларының алдын алу және жою үшiн отбасы мүшелерiне психологиялық көмек көрсету жатады.
Әлеуметтiк-психологиялық қызмет көрсетудiң сапасына қойылатын талаптар:
1) психологиялық консультация беру жанжалдың алдын алу және жою үшiн қызмет алушыға iшкi ресурстарын ашу, тұлғааралық қарым-қатынастарды жақсарту бойынша бiлiктi көмек көрсетудi қамтамасыз етедi. Психологиялық консультация беру қызмет алушыдан алынған ақпарат және туындаған әлеуметтiк-психологиялық проблемаларды онымен талқылау, оған iшкi ресурстарды ашуға, жұмылдыруға және осы проблемаларды шешуге көмектеседi;
2) әңгiмелесу, қарым-қатынас жасау, тыңдау, дем беру, белсендiлiкке ынталандыру, өмiрлiк тонусын психологиялық қолдау қызмет алушылардың психикалық денсаулығын нығайтуды, олардың стреске төзiмдiлiгiн арттыруды және психикалық қорғауды қамтамасыз етедi;
3) қызмет алушының психологиялық диагностикасы үйде қызмет көрсету ұйымның басшысы бекiтетiн психодиагностикалық пакет негiзiнде жүзеге асырылады. Психодиагностика қызмет алушының мiнез-құлқындағы және айналасындағы адамдармен қарым-қатынаста ауытқушылықтарға әсер ететiн оның психикалық жай-күйiн және жеке тұлғалық ерекшелiгiн анықтау мен талдаудың нәтижесi бойынша түзету iс-шараларын жүргiзудiң болжамын жасау және ұсынымдарды әзiрлеу үшiн қажеттi ақпарат бередi;
4) шұғыл психологиялық көмек қызмет алушыларға дереу психологиялық консультация берудi, дағдарыс жағдайынан шығу үшiн олардың физикалық, рухани, тұлғалық, зияткерлiк ресурстарын жұмылдыруға, туындаған проблемаларды өздiгiнен шешу және қиындықтарды жеңу, өзiне деген сенiмiн нығайту үшiн қолдануға болатын құралдардың диапазонын кеңейтуге жәрдемдесудi қамтамасыз етедi;
5) әлеуметтiк-психологиялық патронаж қызмет алушыларды жүйелi байқау негiзiнде психикалық қолайсыздық жағдайын және тұлғалық (тұлғаiшiлiк) немесе тұлғааралық жанжалды және қызмет алушылардың өмiрлiк қиын жағдайын ауырлататын басқа да жағдайларды уақытында анықтауды әрi оларға сол кезде қажеттi әлеуметтiк-психологиялық көмек көрсетудi қамтамасыз етедi;
6) психологиялық алдын алу жұмыстары мүгедектер мен қарттарда психологиялық бiлiмiн және оларды өзiн түзеу және өзiнiң проблемаларын шешуде пайдалану ықыласын қалыптастыруға, әрбiр жас кезеңiнде жеке басын психикалық дамыту үшiн жағдайлар жасауға, тұлғалық қалыптасуда және дамуда болатын бұзушылықтарды уақытында алдын алуға мүмкiндiк бередi;
7) балаларды, ТҚА бұзылған балаларды тәрбиелеп отырған және он сегiз жастан асқан адамдарға күтiм көрсететiн отбасы мүшелерiне психологиялық көмек көрсету отбасында қызмет алушылардың денсаулығы мен психикасына керi әсер ететiн жанжалдардың және стресс жағдайларын алдын алуға бағытталуға тиiс.
1. Үйде қызмет көрсету жағдайында көрсетiлетiн әлеуметтiк-медициналық қызметтер?
2. Әлеуметтiк-медициналық қызмет көрсетудiң сапасына қойылатын талаптар?
3. Қарапайым халықты медициналық көмекпен қамту?

27 Саяси сананың қалыптасу жолдары.


Жоспар:
1.Саяси сананың қалыптасу жолдары.
2.Саяси сананың құрылымы.
3. Саяси идеологияның анықтамасы мен мәні.
4.Саяси идеологияның негізгі қызметтері мен түрлері.

Саяси сана - өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы. Яғни, адамдардың саяси өмірді түсініп, сезінуі. Оған ең алдымен қоғамдағы саяси идеяларды, көзқарастарды, мақсат-мүдделерді ұғынуы, саяси билікке қатынасуы жатады. Олар адамның іс-әрекетіне, әр түрлі жағдайда өзін-өзі ұстауына тікелей әсер етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет