21 Қазіргі заманғы мемлекет және оның ерекше белгілері. Жоспар



бет30/36
Дата14.10.2023
өлшемі264,05 Kb.
#115130
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36
Байланысты:
саяси такырыптар

Саяси сана деңгейлері
Саяси сана деңгейлері - қарапайым саяси сана және теориялық саяси сана, саяси психология және саяси идеология деген деңгейлерден тұрады. Қарапайым саяси сана қалыптасып жүйеге түспеген, күнделікті саяси өмірден туған әдет-ғүрып, дағды, дәстүрлі нанымдар, тағы сол сияқтылардың жиынтығы. Ол күн сайынғы саяси өмір тәжірибесін байқап, пайымдаудан пайда болады. Саясаттың тереңіне бойламай, себеп-салдарын сараламай, көбіне сыртқы белгілеріне байланысты қорытынды жасайды. Сондықтан ол саяси сананың төменгі сатысына жатады. Теориялық саяси сана жағдайлардың мән-мағынасын анықтап, оларды айтарлықтай жоғары дәрежеде теориялық түрғыдан жинақтап бейнелейді.
Сондықтан ол тұжырымдамалар мен көзқарастардың жүйесі болып келеді. Теориялық саяси сана қарапайым саяси сананың негізінде пайда болады және олар бір-біріне ықпал етеді. Теориялық саяси сана стихиялық түрде туындамайды, оны арнайы дайындығы жоғары саяси сауаты бар теоретик адамдар қалыптастырады.
Саяси сананың функциялары
Саяси сананың функциялары - саясаттың институтционалдық емес элементі ретінде келесі функцияларды орындайды: когнитивті, яғни, саяси субъектілер функцияларын орындау мен модификациялау үшін қоғамның әрдайым білімді жетілдіру мұқтаждықтарын көрсету; коммуникативтік, яғни, субъектілердің өзара және билік институттарымен саналы өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ету; идеялық, яғни, саяси әлемді өзінше түсінуге субъектілердің қызығушылық танытуын түсіндіруі
Саяси идеология саяси сананың ықпалды түрлерінің бірі ретінде. Саяси идеологияны анықтаудағы әртүрлі амалдар. Саяси идеология деңгейі және қызметтері. Қазіргі заманның негізгі саяси идеологиялары: либерализм. консерватизм, марксистік дәстүр және халықаралық социал-демократия.Саяси идеология мемлекеттiң және маңызды саяси институттардың қызметтерiн бағыттаушы саяси сананың ең ықпалды формасы және ол билiктiк қатынас мазмұнына ықпал етеді, әрi белгiлi бiр топтың рухани құралы болып табылады. Саяси идеология ұғымы саяси процестердегі маңызды көзқарастарды, саяси саланың дамуындағы заңдылықтарды ашып көрсетеді.
Саяси идеология ұғымының (оны ағартушылық дәуiрiнiң философы француз Антуан Луи Клод Дестют де Траси енгiзген) мазмұны ғылымда әртүрлi түсiндiрiлуде. Мәселен, В. Парето саяси идеологияны «сезiм тiлi» болып табылатын интеллектуалдық жүйе және адам iс-әрекетiнiң оятушы ниетін (мотивiн) бейнелейді деп есептедi. Идеология теориясының негiзiн салушының бірі К. Маркс, идеология дегеніміз қоғамдық тұрмыс пен өндiрiстiк қатынас қарама-қайшылығынан туындаған елестiк сана формасы деп тұжырымдаған. К.Маркс замандасы К.Мангейм, идеологияны «ерiктi мистификация» жүйесi деп анықтады.
Бiрақ, ол идеологияның қызметтiк сипатына, әсiресе адамдарды бiрiктiру қабiлетiне, саяси энергияны аккумуляциялауына ерекше мән бердi. Бұл идеяларға қарама-қарсы пiкiр бiлдiрген Д. Истон мен А. Конноли, олар идеологияның көңiл-күйлiк жағынан гөрi құндылықтық мазмұнына ерекше мән берген болатын. У. Матц идеология тек күрделi саяси дағдарыстар кезiнде ғана саяси аренаға шығады деп есептейдi, ал А. Хабермас, идеология мен бұқаралық мәдениет бiр деп санады. Американдық теоретик Л. Саджент идеология саяси дамудың белгiлi бiр мақсаттары мен құндылықтарын қалыптастырады, сонымен бiр уақытта практикалық мәселелердiң шешiлуiн қиындатады деген. Г. Лассуэл идеологияны саяси бiрлестiктердi қандай да бiр қолдауға бағытталған коммуникацияның көптүрлiлiгi деп түсiндiрдi. Оның ойынша, бұл мағынада ол өзiне қоғамдық санаға бағытталған мынадай элементтердi қамтиды: саяси доктриналарды, саяси формуланы (конституцияның негiзгi ережелерiнiң мазмұны) және саяси миранданы (аңыздар, мифтер, рәсiмдер т.б.).
Саяси идеологияның негiзгi қызметтерi мен түрлері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет