21 Қазіргі заманғы мемлекет және оның ерекше белгілері. Жоспар


Саяси идеологияның негiзгi түрлері



бет32/36
Дата14.10.2023
өлшемі264,05 Kb.
#115130
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
саяси такырыптар

Саяси идеологияның негiзгi түрлері:
Либерализм мен неолиберализм.Классикалық либерализм идеясы буржуазиялық революция дәуiрiнде пайда болады. Либерализм (liberalis - ерiктi) идеологиялық ағым ретiнде ХVІІ-ХVІІІ ғ.ғ. ағылшын-американ және т.б. батыстық ағартушылардың саяси философиялары негiзiнде қалыптасты. Оның негiзгi өкiлдерi: Дж. Локк, Ш. Монтескье, А. Смит, И. Кант, Т. Джефферсон, А. Токвиль. Бұл идеология феодалдық қоғам ыдырап, буржуазиялық қоғамдық қатынастар пайда болуымен бiрге қалыптасты. Бұл кезеңде буржуазияға саяси билiктi өз қолына алуы үшiн либералды саяси доктриналар керек болды. Либерализм мына қағидаларға сүйенедi:
· барлық адамдар табиғатынан дене және ақыл-ой қабiлетi жағынан тең. Қабiлеттер теңдiгi олардың өз мақсаттарына жетудегi теңдiгiн ұсынады;
· адамның жеке бостандығы, оның табиғи құқығы және жеке меншiкке құрмет, оның өмiрiнiң негiзiн құрайды.
Табиғи бостандық пен теңдiктi тану − адамның алғашқы бастама жағдайын тану (Дж.Локк).
· барлық адамдар тең ғана емес, сонымен бiрге дербес те болып жаратылған. Сондықтан да ол өзiн-өзi басқару құқығына ие. Басқару формасының ең тиiмдiсi − азаматтарының еркi кең болғаны.
Сонымен, либерализм қағидалары: адамның еркiндiгi, тұлғаның табиғи құқығы мен бостандықтарының байланысы, олардың мемлекет және қоғам мүддесiнен жоғары тұруы. Либерализмнiң мұраты /идеалы/ саяси демократия қағидаларының қалыптасуы мен жетiлуiне, дамуына зор ықпал ету.
Либерализмнiң экономика саласындағы негiзгi қағидалары: адамның жеке меншiкке құқығы, нарықтың, бәсекелестiктiң, кәсiпкерлiктiң еркiндiгi, экономикалық iс-әрекеттiң мемлекетке тәуелсiздiгi.
ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы әлеуметтiк дағдарыстар либерализм идеология-сының әлсiздiгiн көрсеттi. Сондықтан либерализмдi қайта қарап, жаңғыртқан жаңарған либерализм пайда болды. Оның негiзiн салушылар: Ф. Хайек, Дж. Кейнс, Дж. Гэлбрейт т.б. Жаңарған либерализм идеологиясы бойынша мемлекет экономика мен әлеуметтiк салада белсендiлiк танытуы қажет. Олар плюралистiк демократия идеясын ұсынды. Либерализм идеологиясы Жапония, Англия, Австрия, Канада т.б. елдерде кездеседi.
Консерватизм және неоконсерватизм. Консервативтiк идеология (konserbatus − қорғаушы) ұлы француз революциясының саяси идеяларына қарама қарсы идея ретiнде дүниеге келдi. Олар монархиялық билiктi, феодалдық қоғамдық құрылысты, оның саяси-мәдени құндылықтарын сақтағысы келдi. Консерватизмнiң негiзгi өкiлдерi: Э. Берк, Ж. Местр, Ф. Савиньи т.б. Олар ортағасырлық әдет-ғұрып, дәстүрлер қоғам өмiрiнде шешушi рөл атқарады, сондықтан оны қалпына келтiру керек деп санады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет