21 Қазіргі заманғы мемлекет және оның ерекше белгілері. Жоспар


Консерватизмнiң идеялық-саяси негiздерi мыналар



бет33/36
Дата14.10.2023
өлшемі264,05 Kb.
#115130
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
саяси такырыптар

Консерватизмнiң идеялық-саяси негiздерi мыналар:
· адамзаттың ежелгi моралдық дәстүрлерiн сақтау, ата-бабалардың даналығына құрметпен қарау;
· мақсаты мен мазмұнына қарамастан ескi басқару тәртiбiн артық көру, оны қорғайтын сана жүйесiн қолдау;
· саяси қатысу мен әлеуметтiк тәртiптiң белгiлi бiр бағдарлары мен қағидаларын қолдау;
· қоғамды рухани ақиқаттылық ретiнде тану. Қоғамның негiзгi сипаты тәжiрибе, дәстүр, мәдениет қажеттiлiгiмен анықталынады деп санау.
ХlХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында консервативтiк идеологияға өзгерiстер енгiзiлдi. Ол еркiн нарықтық қатынастар, алуан түрлiлiк, саяси демократия принциптерi едi. Сондықтан ХХ ғасырдың 70 жылдарында Батыс Европада жаңарған консерватизм бағыты пайда болды. Ол жеке адамның бостандығын, құқықтарын жоғары қойды. Мемлекеттiң экономикалық, әлеуметтiк қызметтерi едәуiр шектелдi. Мемлекет меншiгi шектелдi, жекешелендiру негiз алды, бұрынғы билiктегi аристократия артықшылығынан бас тартты. Жаңарған консерватизм өкiлдерi: Р. Рейган, Д. Буш, М. Тэтчер т.б. Олар жаңа экономикалық құрылымды, әлеуметтiк-адамгершiлiк құндылық-тарды либералдық және социалистiк негiзде жаңартты. ХХ ғасырдың 80 жылдары консервативтiк партиялар Англия, АҚШ, ГДФ-да жеңiске жетiп, билiк басына келдi.
Қазақстанға жаңа идеологияның қажеттілігі туралы. Соңғы жылдары біздің қоғамымызда идеологияғы деген тым жағымсыз қатынас қалыптасты. Жетпіс жыл идеология қысымы астында өмір сүрген азаматтарымыз одан шаршағаны сонша, тіпті оның атының өзі оларға ұнамсыз болды. Бірақ, қоғам идеологиясыз өмір сүре алмайды. Идеологиялық вакуум болмайды деген ескі ақиқаттылық дұрыс болып шықты.
Біздің қоғамдық санамызда бос орын пайда болған кезде оны либералистік, ұлттық, діни т.б. идеялар толтыра бастады.
Соңында адамдар тіпті ешбір рухани бағдарсыз, құндылықсыз, идеалсыз қалды, руханилықтан және әлеуметтен айырылу адам үшін үлкен қайғы болып табылады. Қоғам рухани бағдарсыз адамдардан тұрса, ол дағдарыстық жағдайға ұшырайды. Онда адамгершілік төмендейді, қылмыс көбейеді, қалыптастыру-шылық қызмет мотивациясы, адамдар келісімі төмендейді. Бұның кейбір көрінісі қазір бізде байқалды.
Әлеуметтік, экономикалық дағдарыстардың себептері саясат, экономика, техникалық арта қалушылықта деп санау заңды сияқты. Дегенмен, кейбір политолог, социолог, философ ғалымдар ойынша бұл дағдарыс тамыры тереңде жатыр, ол көрінбейтін адамгершілік саласында, кеңірек алсақ санады. Бұл дағдарыстан шығу үшін ортақ идеяны ойлап табу керек, оның төңірегіне адамдар жиналған болар еді, олар қоғам проблемаларын бірге шешер еді. Бұл идеялар, көзқарастар, құндылықтар идеология болып табылады.
Сонымен, тәуелсіз Қазақстан әлемдік қауымдастықта лайықты орын алуы үшін жаңа идеологияны қалыптастыру қажет. Мұнда мынадай сұрақ туындайды, қазіргі жағдайдағы Қазақстанда идеология қандай болуы керек? Идеология, билік жүргізіп отырған саясатпен тығыз байланысты болады, бірыңғай саяси-идеологиялық кешенді құрайды. Өз тәуелсіздігін алған Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі мазмұнын экономиканы көтеру, қоғамды демократияландыруды тереңдету мен кеңейту, ұлттық мәдениетті қайта жаңғырту, әлемдік өркениетке ену құрайды. Саяси тілмен айтқанда, бұл Қазақстанда әлеуметтік саясат модернизациясын жүргізу деген мағынаны білдіреді
Сондықтан Қазақстандағы жаңа идеология оның әлеуметтік модернизациясының идеологиясы болуы керек. Бірақ қысқа уақытта дамыған азаматтық қоғамға жетуге, тоталитаризмнен демократияға бірден секіріп өту мүмкін емес. Ол үшін ұзақ өтпелі кезең керек. Сондықтан қазір елімізге өтпелі қоғамның идеологиясы керек. Мұнда президент билігінің басымдылығы, мемлекеттің қоғамды тоталитаризмнен авторитаризмге алып келудегі рөлінің басымдылығы анық байқалады. Мемлекеттің белсенділігі мұнда сөзсіз қажеттілік болып табылады.

  1. Саяси идеологияның негiзгi қызметтерi мен түрлері?

  2. Саяси идеология деңгейі?

  3. Либерализм мен неолиберализм?

44 О.Конт, Г.Спенсер-әлеументтану ғылымының негізгін салушылары. Әлеументтану құрылымы мен қызметтері.


Жоспар:
1.Конт қоғам тарихын үш кезеңге бөлді.
2.Г.Спенсер әлеументтану негізгі еңбегінде.
3.Әлеументтану позитивизмінде методологиялық бағытының бастамасы.

"Әлеуметтану" сөзін тұнғыш рет Огюст Конт озінің "По­зитивтік философия курсында" позитивті философияның бір бөлігін құрайтын ауқымды әлеуметтік ғылымның атауы ре­тінде пайдаланды. Конт бірінші болып осы ғылым элементтерін көлденең материалдар, идеялар мен әдістер атаулыдан тазарту қажеттігін айқын көре біліп, бірінші болып барлық шынында да кажетті элементтерді бір уғымға біріктірді.


Платон мен Аристотель саясатты этикадан немесе саясат ғылымын саясат өнеріен ешқашан ажыратқан емес. XVIII ға­сырда саясат ғылымы революциялық рухпен біржола бытыстырылып жіберілді. Гоббс та, Монтескье де, экономистер де қоғамды оның барлык түрлерінде зерттеген жоқ, жэне, Конт: барышна қарыздар Юмның ықпалына қарамастан, оның себептілік уғымындағы ақиқат атаулы әлеуметтік түсіндірмелері әлі едәуір дәрежеде теологиялық және метафизикалық болып қала берді.Сонымен, Конт бірінші болып осынау кемшіліктегре ұтымдылық сәүлесін септі, қоғам тұтас организм ретінде қарастырылуға тиіс деп кесіп айтып, және барлық байланыстарындағы әлеуметтікк құбылыстар туралы ғылымның фактыларды кеңінен байқап-бақылауға негізделген және саяси өнер мен революциялық мақсаттардан біржола арылған позитивтік ғы­лымның негізін қалауға тырысты.
Әлеуметтану, Конт түсінігінде, әлеуметтік физикаға әбден сәйкес болуға тиіс, өйткені, әлеуметтанудың міндеті коғамның жаратылыстық себептреі мен жаратылыстық заңдарын ашу және тарихтан, саясат пен экономикадан метафизикалық және жаратылыстан тыс іздерді олар астрономия мен химиядан қалай қуылса, солай қуып тастау болуға тиіс. Конт, позитивтік әдіске сүйене отырып, әлеуметтану жеткілікті дәрежеде болашақты болжап, прогресс барысын көрсете алатын ғылым бола алады деп білді.Конттан кейін әлеуметтану негізіен ғылыми ой барысын күрт өзгерткен ілімнің бүкіл қуатын әбден сезіне білген кісілер еңбегінің арқасында дамыды.
Жаратылыстық дүниені эволюциялық түсіндіру білімінің барлық салаларына бойлады. Жаратылыстық сұрыптау заңы және өмірді организмнің қоршаған ортаға бейімделу процесі ретінде түсіну осы заманғы биология мен психологияның өзегіне айналды. Эволюциялық философия сөзсіз кеңейіп, адам омірініңәлеуметтік құбылыстарын да қамтуға тиіс болатын. Тіршілікті протоплазмадан адамға дейін ізерлеп шыққан ғылым оның ішкі құрылысын тусіндірумен шектеле алмайтын еді. Ол оның толып жатқан сыртқы қатынастарымен, этностық топтармен, адамдардың жаратылыстық қоғамдарымен және оларда байқалатын барлық қубылыстармен танысып, сондайақ соның бәрі бүкіләлемдік эволюцияның нетижесі емес не деген мәселелерін зерттеуге тиіс болатын.
Сондықтан әлеуметтік қатынастарды эволюция ықпалымен түсіндіруге ишараны біз тек Герберт Спенсердің алғашқы шығармаларынан ғана емес, Дарвинмен Геккель туындыларынан да табамыз. Бұл ишаралардың өздері әлі әлеуметтануды құрамайтын, өйткені ол үшін тікелей әлеуметтік қубылыстардан индукциялық жолмен алынған өзге факторлар кажет еді. Бірақ мұндай ишаралар жаңа ғылымның туғырлары қайда жатқанын жеткілікті көрсететін; сонымен бірге олар әлеуметтанудың негізгі ұғымдарының кейббіреулерін жеткілікті айқындап, әлеуметтанушы тек тарихшы, экономист, статист қана емес, биолог және психолог болуға тиіс екендігін дәлелдеп берді.
Осылайша, эволюциялық негізде және эволюцияшыл ойшылдар еңбектерінің арқасында осы заманғы әлеуметтану қалыптасты. Ол адамдар қоғамын жаратылыстық себептілік арқылы тәпсірлеу болып табылады. Ол адамзатты ғарыштық процестерден тыс тұқрған және өзі үшін өзінің ерекше заңына ие тіршілік иесі деп қараудан бас тартады. Әлеуметтану коғамның пайда болуын, өсуін, құрылысы мен кызметінэволюция процесінде қосыла карекет жасайтын тәндәк, өмірлік және психикалық себептердің карекеті деп түсіндіру болып табылады.
Осының бәрі тек әлеуметтік пошымдар мен метамарфозалардың физикалық түсіндірмелері екендігі айдан анық. Спенсердің өзі немесе оның ықпалымен басқа жазушылар тұжырымдаса да бәрібір,тұтас күйінде алғанда спенсерлік әлеуметтану,биологиялық және психологиялық деректер кеңінен пайдаланылғанына қарамастан, белгілі бір дәрежеге дейін қоғамның физикалық философиясы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет