№22 (115) 26 қараша, 2015 жыл АҢдатпа 9 стр


Аңырақай  шайқасы  (1729  жылы    кей  деректерде  1730  ж.)  -



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата03.03.2017
өлшемі10,27 Mb.
#6796
1   2   3   4   5   6

Аңырақай  шайқасы  (1729  жылы    кей  деректерде  1730  ж.)  - 

біріккен  қазақ  қолының  жоңғар  басқыншылығына  қарсы  жүз 

жылдық  азаттық  соғысында  бетбұрыс  жасаған  ең  ірі  жеңісі. 

Саяси  және  әскери  бірлікке  қол  жеткізген  үш  жүз  жасақтары 

1728  жылы,  Балқаш  пен  Шу  бойына  қарай  жылжып,  ұрысқа 

әзірлене бастады. Бұл кезде жоңғарлар қазақ жерін тұтастай ие-

лену ниетінде еді. Қазақтардың әрекетін сезген олар да Шу мен 

Балқаштың оңтүстігінде үлкен шеп құрды.

Үш  жүз  жасақтары  шешуші  шайқас  ал-

дында Хан тауында, Сұңқар тауында (кейін 

бұл  жер  Әбілқайыр  тауы  аталды)  жинал-

ды.  Шайқас  солтүстігі  Балқаш,  оңтүстігі  

Отар даласы, батысы Шу, шығысы Күртіге 

дейінгі  аралықтағы  жерлерде  өткендігін 

осы өңірлерде жиі кездесетін қазақ, қалмақ 

қорымдары  дәлелдейді.  Аңырақай    атала-

тын да осы өңір. Бұл шайқаста қазақтар ірі 

жеңіске жеткен.

Ұрысқа  бас  қолбасшы  болып  Бөгенбай 

батыр  сайланды.  Үш  жүз  жасақтарының 

қимылын  үйлестіру  міндетін  Қазыбек  ба-

тыр  қолға  алды.  Ұлы  жүз  қолын    Жол-

барыс  хан  мен  Төле  би,  Орта  жүз  қолын 

Қаракерей  Қабанбай,  Шақшақ  Жәнібек, 

Кіші  жүзді    Тама  Есет,  Шекті  Тайлақ  тағы 

басқа  да  батырлар  басқарып,  үлкен  ерлік 

көрсетті.  Қазақ  садақшыларының  жеке 

жасағын Ошақты Саурық батыр басқарды. 

Шайқасқа болашақ қолбасшы Шапырашты 

Наурызбай да қатысқан.

Шайқастың  ең  басында  Бөлек  батыр 

Қараұлы  жоңғар  әскерлерінің  қолбасы 

Аңырақаймен  жекпе-жекке  шығып,  оны 

өлтіреді. Осылайша қазақ қолдарының ру-

хын көтерген.Бұл шайқаста көптеген батыр-

лар  жекпе-жекке  шықты,  көптеген  атақты 

батырлар  қаза  тапты.  Соққыдан  есін  жия 

алмай қалған қалмақтар сусыз сортаң жер-

де  шөлге  ұшырап,  одан  әрі  соғыса  алмай 

Аягөз, Шарға қарай жөңкіле қашты.

Бұл – тарихымызда ерекше орны бар оқиға 

болып саналатын, жоңғар басқыншыларына 

қазақ  қолының  алғашқы  тойтарыс  берген 

тегеурінді  соққысы.  Түпкілікті  жеңіске  дем 

берген алғашқы ірі жеңіс. Үш жүздің ханда-

ры мен билері, батырлары мен сұлтандары, 

барша игі жақсылары жиналып, 1726 жылы 

Ордабасыда  (қазіргі  Оңтүстік  Қазақстан 

облысының  Ордабасы  ауданында)  ортақ 

әскер  құрып,  дара  қолбасы  сайлап, 

бір  орталықтан  басқаруға  жетіп,  үлкен 

даярлықпен кіріскен шайқас нәтижесі. 

Шайқас  болған  алаңның  ұзындығы  35 

шақырым,  ені  20  шақырым  екен.  Соғыс 

көктемде  басталып,  ай  жарымға  созылған. 

Кей  деректе  Аңырақай  деген  қалмақ  ба-

тырын  жекпе-жекте  Бөлек  батыр  өлтірді 

делінеді.  Алайда,  қазақ  қолы  жеңіске  жет-

жүздерінің экономикалық және саяси ыды-

рауын  тоқтатар  еді.  Олардың  арасында 

Бөгенбай,  Тайлақ,  Саурық,  Малайсары, 

Жәнібек  және  басқа  да  батырлар  бол-

ды.  Олар  халықты,    туған  елді  жат  жерлік 

басқыншылардан  азат  етуге  шақырды. 

Халық  жасақтарының  бірігіп  қимылдауы 

осылай  басталды.  Кіші  жүздің  батыры 

Тайлақ,  Орта  жүзден  Бөгенбай  және  Ұлы 

жүзден  Саурық  батырлар  шығып  бұлар 

«Ақтабан  шұбырынды,  Алқакөл-сұлама» 

жылдарындағы күрестің қаһармандары бол-

ды.  «Төнген  қауіп  ішкі  өзара  қырқыстарды 

бітістірді, жалпы келісім туғызып, бәрін бір 

нәрсеге бағыттады. Тұтас  халықтың жина-

лысында  ілгері  басудың,  ортақ  жауға  ша-

буыл  жасап,  оларды  ежелгі  қырғыз-қазақ 

жерінен қуып шығудың негізі қаланды». Ба-

тырлар  арасынан  бүкіл  қазақ  жасағының 

Сардар  бегі  болып  Қанжығалы  Бөгенбай 

сайланды.  Сөйтіп,  Ордабасындағы  съезд 

халықтың жауынгерлік рухын көтерді.  

Аңырақай  шайқасынан  кейін  қазақ  хан-

дары  мен  сұлтандарының  арасында  жік 

тууының  негізгі  себебі,  жоғарғы  билік 

үшін  талас  болды  деп  топшылауға  негіз 

бар.  Қазақтардың  1730  жылғы  Аңырақай 

жеңісіне  қарамастан  жоңғар  әскерлерінің 

шапқыншылық  жылдары  қазақ  жүздерінің 

экономикалық  және  саяси  өміріне  ұзақ 

уақытқа терең  із қалдырып,  тарихымызда  

«Алапат ауыр жылдар»  болып енді.

Аңырақай 

– 

ата-бабаларымыздың 



тәуелсіздік жолында қаны төгілген қасиетті 

де  тарихи  орны.  Бұл  жеңіс  ел  рухын  жа-

нып,  еңсе  көтертті.  Жаудың  беті  қайтты. 

Қазақтың  тегеурінді  халық  екендігін  сырт 

жұрттар  сезінді.  Осы  1729-1730  жыл-

дан  бастап,  елді  жоңғар  және  қалмақ 

басқыншылығынан  түбегейлі  азат  ету 

шайқастары  жеңісті  бола  түсті.  Мұның 

арты  Ресеймен  ынтымақтаса  отырып, 

қазақ  жеріне  басқа  көзалартушылардың 

бетін  қайтаруға  жеткізді.  Бүгінгі  ел  бірлігі, 

жер бүтіндігінің бір байлауы осы Аңырақай 

шайқасының  нәтижесінде  жатыр  деуге  бо-

лады.


Интернет желісінен алынды.

кен  бұл  соғыстың  Аңырақай  шайқасы  ата-

луына  кәдімгі  жердің  табиғи  жаратылыс 

келбетіне қарай қойылған деп топшылайды 

зерттеушілер.  Аңырап  жатқан  кең  жазық, 

аңқылдаған жел – аңырақай дала.

Жоңғар 

шапқыншылығынан 



туған 

зор  күйзелушілік,  малдың  қырылуы 

шаруашылық  дағдарысының  шиеленісуіне 

әкеліп соқты, мұның өзі қазақ хандықтарының 

билеуші  топтарының  арасындағы  саяси 

қарама-қайшылықтарды бұрынғыдан да бе-

тер күшейте түсті. Қиын жағдайдан шығудың 

жолы жауға ұйымдасып тойтарыс беру ғана 

бола алатын еді, мұның өзі болашақта қазақ 


Жетісу 

университеті



11

бейсенбі, 26 қараша, 

2015 жыл

ЖАНСЫРЫМ

ХАТ ҚОРЖЫНЫНАН

C

әуір келісімен жаздың 



болғанын күтпестен 

жұмыста өтініш жазып

еңбек демалысын ал-

дым да ауылға тартып 

отырдым. Тарбағатайға 

барып, көптен көрмеген 

әке-шешем мен туған-

туыспен қауышып мәре-

сәре болып, бір жасап 

қалғаным бар.



ӘНШІ АЙҚЫН ТӨЛЕПБЕРГЕН

ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ АША МАТАЙ

ӘНШІ ЖАНАР ДҰҒАЛОВА

Б

іреудің өткенін білуге не-



месе салыстырмалы түрде 

қарауға құмар екендігіміз анық. 

Сол себептен де «бала күніндегі 

суретімен ұқсастығы бар ма екен» 

деген мақсатта назарларыңызға 

әншілердің суреттерін ұсынып 

отырмыз.

Б

үгінгі жұлдыздардың 



кешегі болмысы қандай?  

Өнер әлеміне сапар шекпеген 

жұлдыздардың бала бейнесі мы-

надай болған екен.

Жұлдыздар бала кезінде 

қандай болды?



МЕГА ЖҰЛДЫЗ ҚАЙРАТ НҰРТАС

«РИНГО» ТОБЫНЫҢ ӘНШІСІ  ДАНИЯР ӨТЕГЕН

Бетті дайындаған: Баян ЖАҢАБАЕВА.

Аз күн ауылда аунап-қунап, қолғабыс етті 

деген атым болмаса, көбіне ағайынды ара-

лап, айтшылап жүріп алдым. Күнде қонақта 

қонақ. Мұндай мерекеге толы күндер маған 

майдай  жақты.  Ауылдағы  сыныптастар 

мен  қатарластар  бас  қосып  және  біраз 

тойлаттық.  Биыл  мектеп  бітіргенімізге  он 

жыл толғалы отыр. 

Сіздерге  қызық  болар,  бірақ  мен  үшін 

осы демалыста күтпеген жағдай орын алды. 

Сегізінші  сыныпта  ғашық  болып,  Меруерт 

есімді  өзімнен  бір  сынып  төмен  оқитын 

қызбен қол ұстасып жүргенім бар. Өлердей 

ынтық  едім.  Кейіннен  дос-жаранның 

әжуәсіна  шыдамай,  өзімше  тастап  кеткем. 

Әрине, сүйетін едім. Кейіннен ер жетіп, әркім 

арман қуып әр тарапқа кеттік. Бірақ, менің 

жүрегімде  Меруерт  мәңгіге  сақталған-ды. 

Уақыт  өте  келе  ол  да  ұмытыла  бастаған. 

Кейде болмаса, үнемі ойымда жүрмейді. 

 Осыдан үш-төрт жыл бұрын Меруерттің 

тұрмысқа  шыққанын  досым  мазақтап 

жеткізіп, мені қыжыртып еді. Кейіннен дәм-

тұзы  жараспай  ажырасқанын  да  естігем. 

Бірақ қайда екенінен хабарсыз болғанмын. 

Бұл  жолы  ауылда  ойда  жоқта  Меруерт-

пен  жолығып  қалмасым  бар  ма?!  Кезекті 

қонақта құрдастармен бірге ол да арамыз-

да  болды.  Сауық  кеші  түн  ауғанша  созы-

лып,  кеш  тарасқанбыз.  Отырыста  аз-маз 

сөйлескеніміз  болмаса,  ашылып  сөйлесе 

қойған  жоқпыз.  Бірақ...  Оған  сол  сәтте 

баяғы бала махаббатым еске түсіп, көңілім 

ауды да тұрды. 

Отырыстан  кейін  үйді-үйге  тарастық. 

Ретін  келтіріп,  Меруертпен  бірге  қайттым. 

Ол  да  соны  қалап  тұрғаны  анық-тын.  Жо-

лай  әрнені  сөз  етіскен  болдық.  Айтуына 

қарағанда,  тұрмысқа  шыққан  соң  дәм-

тұзы жараспаған екен. Оның үстіне енесі де 

отырса опақ, тұрса сопақтың керін келтіріп, 

әр  нәрседен  мін  іздеп  түртпектей  беріпті. 

"Бала  көтермедің  деп  тағы  сөгіпті.  Кінәні 

өз баласынан екенін білмеді", - дейді Меру-

ерт. Сосын шыдамаған ол өзі кетіп тынып-

ты. Осыны тындап отырып мен оны  қатты 

аядым.  Реті  келсе  оған  қолымнан  келген-

ше қамқорлық танытқым келді. Қоңыр көзі 

күлімдеп  тұрғанымен  түбінде  терең  мұң 

жатқаны  анықтап  қараған  адамға  бірден 

білінеді. 

Өткен  мен  кеткенді  сөз  етісіп,  екеуіміз 

оның  үйіне  қалай  таяп  қалғанымызды 

білмей  қалдық.  Айтар  әңгіме  таусылмаған 

соң, ауыл сыртындағы белге қарай шығып 

кеттік. Бала күнімізде кешкілік шығып кетіп, 

ауылдың  үстінен  қарап,  болашақ  арма-

нымыз  туралы  айтушы  едік.  Бұл  жолы  да 

сөйттік.  Бірақ  арманымыз  туралы  әңгіме 

болмады. 

Сыртынан  қарағанда  қыздай  көрінетін 

алғашқы  махаббатымыз  екеуміз  дөң  ба-

сында  үнсіз  қалыстық.  Іштей  бір-бірімізді 

ұғып  отырғандаймыз.  Бірақ,  мен  арам 

пиғылға барғым келмеді. Меруертті ондайға 

қимадым.  Әрі  өзі  де  тәрбие  көрген  үйдің 

қызы болғандықтан әркіммен бір қыдырып, 

сауық  пен  сайранды  аңсап  тұратын  қыз 

емес.  Менің  жұмыс  жайымды  сұрады. 

Үйленбей  жүргенімді  ұмыт  қалдырған  жоқ. 

Қысқасы,  аз  сөйлессек  те  көп  сырымызды 

білістік.

Аз  күн  демалыста  ешкімнің  назарына 

ілікпей түн ішінде бірнеше рет кездестік. Әр 

кездесуде  жақсы  әңгімелер  айтылған  соң, 

мен қатты ынтыға түстім. Ашығын айтқанда,  

осы  күнге  дейін  кездесіп  жүрген  қыздар 

Меруерттің  қасында  ештеңеге  татымай 

қалған  сияқты.  Бар  ойым  Меруертпен  кез-

десу болады да тұрады. Шынымды айтсам, 

оған үйленгім келді. Бірақ мұныма үйдегілер 

қарсы болары анық. Ақыр соңында мәмілеге 

келетіндері  де  анық  шығар.  Ауылдан 

қайтарда  Меруертпен  қимай  қоштастым. 

Бала  күнгі  оймақтай  еріндері  қызарып, 

өзіне  еріксіз  арбап  тұрады.  Жігіттіктің  жөні 

осы  екен  деп  және  әдептен  асқаным  жоқ. 

Көкейде  бір  ғана  ой.  Ол  Меруертпен  бірге, 

отау  тіксем  бе  деген  терең  ой,  күтпеген 

мақсат.  Енді  қалада  басым  қатып,  не 

істесем  екен  деп  қалың  ойдың  құшағында 

жүрмін. Не істесем екен? Меруерттің маған 

кет  әрі  емес  екенін  ішім  сезеді.  Бірақ  ата-

анам  мен  туған-туыстарыма  қалай  айтсам 

екен? Басым қатты...



Т.НҰРПЕЙІСОВ.

Ќайта орал

Ѓ

ан 


МАХАББАТ

  ...  Неден  бастасам  екен.  Шаршап 

кеттім,  жалықтым.  Мен  үшін  мына 

өмірдің  түк  те  қызығы  жоқ.  Мен  ма-

хаббат деген сезімнің жоқ екеніне көзім 

жетті. Мүмкін бар болар, бірақ әркімде 

әртүрлі. 

Маған  бір  баянсыз  махаббат  жолыққан. 

Мен  қаншама  рет  ғашық  болдым,  мүмкін 

ол  ғашықтық  емес  те  шығар,  әйтеуір  сол 

алдамшы  сезімдерге  алданып  жүріп,  өмір 

сүріппін.

Көп  қателестім,  ақыл  қосатын  да 

ешкім  болмады,  ақыл  айтқан  адамдарды 

тыңдамадым.  Шын  мәнінде  шындығымды 

жан  баласына  ашып  айтып  та  көрген 

емеспін.  Жақын  сырлас  құрбым  да  бол-

мады. Бәріне қызғанышпен қараушы едім. 

Олар маған қараған жігітті тартып алатын-

дай болып тұратын.

Қазір ше? Бәрін ашып айтамын деп бел 

буғаныммен,  мен  ондай  жайтты  басымнан 

өткеріп көрмегендіктен, батылым жетпейді. 

Жалғыз-ақ  айтарым,  тек  сорлы  адам 

екенімді айта алам. 

Бүгінде жанымда жігітім бар, мені жақсы 

көретін секілді, оған да күмәнданам, мүмкін 

тек  менің  көңілім  үшін  ғана  жүргендей  бо-

лып  көрінеді.  Кейде  қалтамдағы  ақшама 

немесе  отбасымыздың  дәулетті  екендігін 

білгеннен  кейін  айналшықтайтын  сияқты. 

Себебі,  бұған  дейінгілер  де  сол  мақсатта 

пайдаланғандар қатарынан еді.

Оның  өткен  өмірі  аппақ,  ал  менікі  қап-

қара, бетіме басады кейде. Тастап кетейін 

десем қалмайды, соңғы сөзімді айтып кет-

сем,  кешке  кешірім  сұрап  келіп  тұрады. 

Кешірем,  бір  жағынан  қия  да  алмайтын 

шығармын.  Жалғыз  ғана  кете  алмайтын 

себебім, ол менің қателігімді кешірген жан. 

Басқа ешкім кешіре алмас еді.  

Менің айтпағым, өмірде бәрі де өкініштен 

тұрады екен, шын махаббат жоқ. Тек айта-

рым, қымбатты құрбыларым, не істесеңдер 

де,  ақылмен  жүру  керектігін  естен 

шығармаңдаршы...



МАДИНА.

Шын махаббат

  

жоқ


Газет Талдықорған қаласы, 

Қабанбай батыр көшесі, 32-

үйде, «Алматы - Болашақ» АҚ 

филиалы «Офсет» баспахана-

сында басылады.

Индекс: 64568

Газет айына екі рет шығады.

БІЗДІҢ 

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 

Талдықорған қаласы, 

Жансүгіров көшесі, 187а. 

Байланыс телефоны: 

223329; ішкі нөмір.1143

Бас редактор Үсен Өмірзақов

Жарияланған мақала авторларының пікірлері 

редакция көзқарасын білдірмейді.

Жарнама мәтініне тапсырыс беруші жауапты.

«Жетісу университеті» газетінің компьютер орталығында 

теріліп, беттеледі.

Тапсырыс № 1465

Таралым 2000 дана

Тілші Б.Жаңабаева

Корректор Ұ.Жолдасова

Беттеуші П.Қалиханқызы

Суретке түсірген Б.Айменов

Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық 

келісім министрлігінде 2003 жылғы 02 қыркүйекте тіркеліп, 

№ 4190-Г куәлігі берілген.

бейсенбі, 26 қараша, 

2015 жыл

12

ҚҰРЫЛТАЙШЫ: І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

ДЕМАЛЫС БЕТІ

Жетісу 


университеті

БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ



Құрметті тұтынушылар!

Біздің  кез-келген  тұтынушы  «Ғаламтор 

арқылы жазылым» бағдарламасын пайда-

лана алады. Ол үшін төмендегідей үш та-

лапты орындау керек:

• 

WWW.POSTMARKET.KZ  сайтына 



тіркеліп қалаған басылымды таңдаңыз.

• 

Тапсырысыңызды  банк  карточ-



касымен  төлеңіз.  Бұл  қызмет  түрі  өте 

ыңғайлы және үнемді.

• 

Күнделікті  почташы  немесе  ку-



рьер газетіңізді үйіңізге жеткізіп береді.

Казпочта    әрқашан  Сіздің  үйіңізде, 

Сіздермен бірге!!!

Анықтама телефоны: 8-7282-243451



Уважаемые клиенты!

   В рамках программы трансформации, 

все  наши  клиенты  могут  воспользоваться 

новой  услугой  «Интернет  подписка».  Для 

этого Вам необходимы простых три шага:

• 

Зарегистрироваться  на  сайте   



WWW. POSTMARKET.KZ;

• 

Выбрать любое издание;



• 

Оплатить  заказ  банковской  кар-

точкой.

      Эта  услуга  очень  удобна,  сэкономит 



Ваше  время,  каждое  утро  почтальон  или 

курьер  принесет  Вашу  газету  или  журнал 

домой.

Казпочта всегда с Вами и в Вашем доме!!!



Справки по телефону: 8-7282-243451

ЖАРНАМА


АС БОЛСЫН

ХАБАРЛАНДЫРУ

А

дамзат  баласының  асқазанын  осыдан  екі  мың  жыл  бұрын 



жаулап  алып  үлгерген  шоколадтар  күні  бүгінге  дейін  өз 

мәртебесін  жоғалтқан  емес.  Оларды  жеуден  де,  олар  туралы 

әңгіме өрбітуден де шаршамайтынымыз тағы бар. Шокалад күні, 

шоколадтың пайдасы мен зияны, шоколадқа қарап мінез анықтау 

тақырыптарында  ұсынылған  материалдарымызбен  танысып 

үлгерген болсаңыздар, әлем мойындаған ең таңдаулы шоколад-

тарды біле жүріңіз.

Єлем мойындаѓан ењ 

ерекше шоколадтар

Түйе сүтінен жасалған шоколад

БАӘ-де  түйе  сүті  –  өте  танымал  өнім. 

Мұндай  ерекше  тәттіні  Al  Nassma  атты 

компания  шығарады  екен.  Олардың  ай-

туынша,  түйе  сүтінен  әзірленген  шоколад 

өте  пайдалы  және  құрамында  май  аз  бо-

лып  келетіндіктен,  қант  диабетімен  ауыра-

тын  адамдарға  да  жеуге  рұқсат  етіледі.  Al 

Nassma-ның  өнімдеріне  бал,  жаңғақ  және 

түрлі  дәмдеуіштер  қосылады.  Аталған  шо-

коладты қолға түсіру қиынның-қиыны екен. 

Оны  мемлекеттің  негізгі  әуежайлары  мен 

қонақ үйлерінен ғана таба аласыз.

Шоколад жеп мас болыңыз...

Атақты  Villars  компаниясы  ұсынған  бұл 

шоколадтың  ерекшелігі  –  дәмінің  ащы  бо-

лып  келетіндігінде  жатыр.  Шоколад  ауызға 

түсіп,  ери  бастаған  кезде  бұрын-соңды 

ешбір  жерден  татып  көрмеген  ащы  дәмді 

сезінесіз.  Қорықпаңыз,  бұдан  мас  болып 

қалмайсыз!  Өйткені,  абсенттің  құрамы  бар 

болғаны 8,5 пайызды ғана құрайды.

Қара жерқұлақ дәмі бар шоколад

Қара  жерқұлақ  –  өте  қымбат  әрі  сирек 

өнім.  Ал  жерқұлақтың  өзі  қосылған  шоко-

лад  одан  да  сирек  кездесетіндігін  ішіңіз 

сезіп отырған болар.

Карри мен кокос қосылған шоколад

Ащы  бұрыш  қосылған  шоколадтар-

мен  бүгінде  ешкімді  таңқалдыра  алмай-

мыз,  ал  үнді  дәмдеуіштерінен  даярланған 

ш о к о л а д т а р д ы ң т а ң д а й ы ң ы з д ы 

қақтыратындығына  сенімдіміз.  Мұндай 

ерекше  тәттіні  шығарған  американдық 

Theo  Chocolate  компаниясы  болып  табы-

лады.

Гүл күлтелерінен жасалған шоколад

Француздық 

Bovettі 

компаниясы 

өндіретін  раушан,  жасмин,  шегіргүл,  ла-

ванда  күлтелері  қосылған  шоколадтарды 

жеген  де  арманда,  жемеген  де  арманда! 

Күлтелердің  дәмі  айтарлықтай  сезілмесе 

де, олардың хош иісі мұрыныңызды жара-

ды.


Салмақты азайтатын шоколад

Көпшілігіміз  салмақты  көбейтеді  деген 

қорқынышпен шоколад атаулыдан бас тар-

тып  жатамыз.  Біз  секілді  үрейшіл  жандар 

үшін  Cocoa  Bio  компаниясы  баға  жетпес 

сыйлық  жасады.  Енді  тәттіні  еш  уайым-

сыз  жей  беруіңізге  әбден  болады.  Бұлай 

дейтініміз, 2009 жылы  жасап шығарылған 

бұл  Lola  шоколады  артық  салмақтан 

арылуыңызға жәрдем береді.

Жарамдылық мерзіміне мән беріңіз.

Сапалы  тұшпара  3-4  ай  сақталады. 

Егер  жарамдылық  мерзімінде  1  жылға 

дейін  деп  берілсе,  өнімде  жасанды 

консерванттардың болғаны.

Құрамына көңіл бөліңіз.

Тұшпараның құрамындағы еттің сапасы 

қаптаманың  сыртында  жазылып  тұрады. 

"А"  категориясындағы  салмада  80%  ет, 

20%  дәмдеуіш  болады,  ал  "В"  категория-

сында  60%  ет  және  40%  дәмдеуіш  бола-

ды.  Категориясы  артқан  сайын  тұшпара 

құрамындағы еттің үлесі азая түседі.

Қаптамадағы 

тұшпараны қалай 

таңдаймыз?

Кейде  кешкі  асқа  дайын  тұшпара  сатып 

алып  пісіріп  жатамыз.  Дегенмен,  асығыс 

алынған  тұшпараның  құрамына  назар  ау-

дарамыз ба?

Құны мен көлеміне мән беріңіз.

Сапасы  төмен  өнім  арзан  болуы 

мүмкін.  Артыққа  бармай,  кемге  салынбай, 

қалтаңыздың  жағдайына  қараңыз.  Көлемі 

де аса үлкен болмағаны дұрыс. Адам саны-

на байланысты таңдағаныңыз абзал.

Тұшпаралар жабыспауы керек.

Тұшпара  қаптаманың  ішінде  бір-біріне 

жабыспай  тұруы  керек.  Тоңазытқыштан 

алынған  тұшпара  бір-біріне  жабысып 

тұрса,  бұл  оның  сапасыздығын  білдіреді. 

Тұшпаралар "әдемі" түйілген болуы керек. 

Қамырының түсіне назар аударыңыз.

Тұшпара қамырының түсі сұрғылт болса, 

ұнның  жоғары  сапалы  еместігін  білдіреді. 

Ал, егер тұшпарадан еттің түсі көрініп тұрса, 

қамырдың  жұқалығынан  деп  түсініңіз. 

Ыстық  сорпада  тұшпараңыз  езіліп  кетіп 

жүрмесін десеңіз, қамырына көңіл бөліңіз.

«Академиялық ұтқырлық»-2016 конкурсы!!!

Академиялық  ұтқырлық  бағдарламасы  бойынша  2015-2016  оқу  жылының  екінші 

жартыжылдығында еуропалық жоғары оқу орындарында оқуға АШЫҚ КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ 

ҮШІН 2-3 КУРС СТУДЕНТТЕРІ шақырылады. 



Үміткерлерге қойылатын талаптар:

- оқу үлгерімі (А, В);

- шет тілін білу деңгейі (IELTS 5.0-ден кем емес; TOEFL: Paperbased 575, Computerbased 232, 

Internetbased 90, CPE, CAE; DAAD 6.5, Test-DaF 4; TCF 350-400 из 699/DALF);

- жоғары мотивация;

- білімгердің жеке қасиеті, психологиялық тұрақтылық, әлеуметтік бейімділік, тіл тапқыштық;

- әлеуметтілік белсенділік;

- ғылыми-ізденушілік жұмыс (басылымдар, жобаларға және студенттік олимпиядаға қатысуы).

* Іріктеу талаптары қабылдаушы жақтың ұсыныстары бойынша анықталады

Конкурсқа қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі 2015 жылғы қараша айының 20- на дейін. 

Қосымша ақпаратты Болон үрдісі даму бөлімінен алуға болады (бас ғимарат, 305 каб), Тел: 

+7 7282 40 10 20 .



Конкурс «Академическая мобильность»-2016!!!

 

К УЧАСТИЮ В ОТКРЫТОМ КОНКУРСЕ ПО АКАДЕМИЧЕСКОЙ МОБИЛЬНОСТИ ПРИГЛА-



ШАЮТСЯ СТУДЕНТЫ 2-3 КУРСОВ для обучения в течение одного семестра 2015-2016 учеб-

ного года в европейских вузах.



Требования к кандидатам:

 - текущая успеваемость (А,B);

-  уровень  знания  иностранного  языка  (IELTS  не  менее  5.0;  TOEFL:  Paperbased  575, 

Computerbased 232, Internetbased 90, CPE, CAE; DAAD 6.5, Test-DaF 4; TCF 350-400 из 699/

DALF);

- высокая мотивация;



- личностные качества обучающегося, психологическая устойчивость, социальная адаптиро-

ванность, коммуникабельность;

- общественная активность;

-  научно-исследовательская  работа  (наличие  статей,  участие  в  проектах  и  студенческих 

олимпиадах).

* критерии отбора определяются с учетом требований принимающей стороны

 Срок приема заявок для участия в Конкурсе до 20 ноября 2015 года.

За дополнительной информацией обращаться в отдел развития Болонского процесса (глав-

ный корпус, каб. 305).Тел: +77282 40 10 20.

"Academic mobility"-2016 competition!!!

SECOND  AND  THIRD-YEAR  UNDERGRADUATES  ARE  INVITED  TO  PARTICIPATE  IN  THE 

OPEN COMPETITION for studying during one term in 2015-2016 academic year in European partner 

universities within academic mobility.



Undergraduate students:

- Academic performance (А, В);

- Level of foreign language knowledge  (IELTS certificate no less than 5.0,  TOEFL: Paperbased 

575, Computerbased 232, Internetbased 90, CPE, CAE, DAAD 6.5, Test-DaF 4, TCF 350-400 from 

699/DALF;

- High motivation;

- Student`s personal quality, psychological stability, social adaptation, sociability

- Social activity;

- Science research work (articles,  participation in projects);

* Selection criteria are determined by the requirements of the receiving institution 

Application deadline for participation in the competition is 20 November, 2015.

For additional information, please, apply to the department of Bologna process development (305 



room), T: +7 7282 40 10 20.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет