Жетісу
университеті
ПРОЗА
бейсенбі, 26 қараша,
2015 жыл
7
Біз екеу едік. Гитарашы жігіт шолақ
саусақтарымен мыс ішекті сырылдата шертіп,
шерін тарқата бастады. Орта бо
йлы, шымыр денелі,
қоңыр көздері бас сүйек қуысына е
нтелей еніп, шүңірейе
түскен, шашын ақ қырау шалған еке
н. Әнші дауысын
созған сайын әннің нәзік иірімдері көңіліңді тылсым
тұңғиыққа тартып әкетіп, еліте түседі. Күмбірл
еген
қоңыр дауысы дала сазын естіртке
ндей құлақ құрышын
қандырып, қиялыңды қиянға шалқытад
ы. Алпыс екі
тамырыңды иітіп, кейде назд
ы, кейде өрекпіген әуенмен
жаныңды жадыратады. Темірдің қолындағы құлын
денелі аспаптың пернелерін кембағал саусақтар сипа
-
лай, сырғытқан сайын ауыр о
йға шомдырады.
- «О, гитара шырқа, шырқа, шырқа тағы
да».
Әнші жігіттің қоңыр дауысын күмбірлете
жаңғырып, өзен бойын әдемі бір дірілге
елітіп әкетеді. Жыландай ирелеңдеген
сулы алқап беті күн сәулесімен дір-дір етіп,
ойнақ салады. Жас жігіттің тебіндеп келе
жатқан мұртындай қара жерден қылтиып,
бой көтерген көк шөптің бетін көктемгі сау-
мал самал тербетеді. Көкте күн күлімсіреп,
өзен тасынан секіре ойнақтаған мөлдір
тамшыларға шырай кіргізіп, жылт-жылт
етеді.
Кенет жігіт мұңға малған әнін кілт үзді. Қос
жанарым төрт ішекті аялаған жарымжан
саусақтардан ажырамай тұрған. Әнші сұрақ
қойғым келгенімді сезіп:
- Жас кезімізде гитараны тәп-тәуір тар-
тып едік, бәрін ұмыта бастаппыз ғой. Көп ән
білуші едім, қазір сөздері есімде қалмапты.
Талай қызықты дәурен бастан өтті ғой. Әнді
таң атқанша айта беруші едік. Ол кезде
саусақтарым да бүтін болатын...
- Қазір де жаман
тартпайсыз...
- Е, ол кезде жас
едік қой, - деді әнші
гитарасының
үнін
баяулата,
ыңылдай
бір әуенге түсіп кетті.
Сосын оң қолымен
ішектерді қатты қағып-қағып жіберіп:
- Өмір деген өткінші екен. Бәрі күні кеше
ғана болған сияқты. Енді міне, қырықтан да
асып қалыппыз.
«Саусақтары шолақ болса да, пернесі
ауыр гитараны керемет тартады екен?» де-
ген ойдың жетегіне еніп:
- Тырнақ жоқ қой, ауырмай ма? – дедім.
- Үйреніп кеттік қой. Өмір бәріне үйретеді
екен. Саусақтарымды қисам да, гитарамды
тастай алмадым ғой, - деп әзілдей күлді.
Әйткенмен, көңілі жүдеп қалғанын жасыра
алмады.
- Саусақтарыңызға не болған? –
дедім жан жарасын тырнап алсам да,
қызығушылығым жеңіп.
- Е, ол ұзақ әңгіме ғой, - деді гитарашы
көңілсіз күйге еніп.
* * *
- Ол кезде жас болдым деп айттым ғой.
Мен өзі кішкентай кезімнен әнге құмар бол-
дым. Ауылда музыка мектебі болмаса да,
қатты қызығып, гитараны үлкендерден өз
бетімше үйреніп алдым. Нота білмейтінмін,
бірақ кез келген әуенді гитараға салып орын-
дай берем. Содан не керек, ауылдықтар
мені гитарашы жігіт деп атайтын болды.
Мақтанғаным емес, ауылда бірде-бір той
менсіз өтпейтін болды. Той-томалақтың ор-
тасында жүрдім. Дауысым да зор болатын.
Кешке ауыл сыртына қыдырғанда қыздар
менің жаныма отырып, ән тыңдағанды
ұнатататын. Кейін Алматыға оқуға түскенде
де қыздардың көбі менің әніме ғашық бол-
ды. Өзің білесің ғой, жатақханаға жиналып
түнімен ән шырқаймыз. Студенттік өмір
қызық қой: түнімен ән салып, таң атқанша
думандатып жүреміз.
Әнші ойға шомды. Жан қалтасындағы
қораптан бір шылымды алып, от тұтатты.
Буы бұрқыраған темекі исін жек көретінмін,
серігім соны сезгендей екі-үш рет ішке со-
рып, табанымен сөндіріп тастады.
- Ән саласыз ғой, темекі шегу зиян емес
пе? – дедім.
- Білем ғой, ауылда үлкендерге еліктеп...
осы құрғырды қоя алмай жүрмін...
- М-м... Соншалықты қиын ба?
- Бір күні тастаймын ғой... Махаббатымды
да тастадым ғой... Оның жанында темекі
деген түк те емес.
Әнші көңілсіз жымиды.
- Адамның жүрегінде иман, бойында
ерік-жігер болса, өзін оңай басқарады деп
естігем. Арақ, темекіні тастай алмаймын
деп жүргендерді жігерсіз адамдар деп ой-
лаймын.
- Иә, бәрі адамның өзіне байланысты.
Бірақ махаббатқа келгенде дұрыс шешім
қабылдай алмадым.
- Содан кейін не болды? - дедім қызықты
оқиғасын естуге құмартып.
Бесін ауып бара жатты. Ол орны-
нан тұрып, үстін қаққыштап, алға жүріп
кетті. Күн тас төбеге келген соң талдың
көлеңкесіне жайғастық.
- Мен бір қызға сұмдық ғашық болдым, -
деп жалғады ол әңгімесін, - ол да мен салған
әндерді сүйсіне тыңдап, жанымнан бір елі
шықпайтын. Екеуіміз бір болуға серт бердік.
Бәрі керемет еді. Бір-бірімізге өлердей
ғашық болдық. Қоштасқанда қимастықпен
құшағымыз әрең ажырайтын. Қыздың аты
Сәуле еді. Ол өте сұлу болатын. Сәуле
десе, Сәуле еді ғой. Талдырмаш келген,
кекілді қыз. Күн нұрына шомылған
аққұба жүзінен адамды
еріксіз елітетін бір жылылық, жақындық
лебі есіп тұратын. Ойға толы қоңыр көздері
ойнақшып, жалт-жұлт етіп, сыңғырлай
күлетін. Сәуле менің өнеріме ессіз ғашық
болды. Мен кешкісін жатақханадан шығып,
сүйіктімнің
жанынан
табылатынмын.
Түнімен гитара шертіп, екеуіміз қосыла ән
шырқайтынбыз. Жұлдыздар жымыңдаған
аспан астында сырласып, армандарымыз-
бен бөлісетінбіз. Студенттік өмірдің бәрі
керемет, ертегідей өтіп жатқан. Әлгі рэкет
келгенше...
- Рэкет?
Ауызымнан мағынасы қорқынышты сөз
қатты шығып кетті білем, Темір жақтырмай
қалды. Әңгіме кілт үзілген. Айтушыға
құлақ салып отыра бермей, несіне сөзін
бөлдім екен деп өзіме ренжідім. Арада
үнсіздік орнаған. Ол ағып жатқан өзенге
ұзақ қарады. Шолақ саусақтар гитараны
қайта аялай бастады. Музыкант жігіттің ойы
бөлініп, таныс әннің сөзін есіне түсіре алмай
ыңылдап отырды.
- Расында, рэкет пе? – дедім иланбаған
адамдай.
- Иә, рэкет. Ол да Сәулені ұнатып
қалыпты. Бұжыр бет, қап-қара біреу. Үстіне
тері күртеше киген, көзілдірік таққан дәу
неме екен. Жанымыздан шетелдік көлігімен
өтіп жүргенде мән бермеген екем.
- Сәулені ұнататынын қайдан білдіңіз?
Темір мырс етті.
- Кешке Сәуленің жатақханасына келе
жатқанда екеуін аңдаусыз көріп қалдым.
Көз байланар шақ болып қалған болатын,
олар мені байқаған жоқ. Полициядан қашып
жүрген ұрыдай бұрышта тығылып тұрып,
сөздерін еріксіз тыңдадым.
- Сәуле, - деді бұжыр бет. – Ана «әнші ба-
лапанды» таста. Екеуіміз бірге жүрейік. Мен
сені бақытты, бай қылам. Бақыттан басың
шыр айналады әлі. Саған қандай машина
ұнайды өзі?
- Сен маған ұнамайсың?, – деді Сәуле
немкетті. Іштей қуанып қалдым.
- Ал маған ұнайсың? Сені ұнатып қалдым.
Өз бақытыңнан бас тартпа! – деп, көлігінің
ішіне бас сұғып Сәуленің қолына бір құшақ
раушан гүлін ұстатты. – Қарашы, осының
бәрі сен үшін! Өмір бойы үлде мен бүлдеге
оранасың. Керемет емес пе?
- Маған сенен ешнәрсенің керегі жоқ!, –
деген Сәуле гүлді көліктің үстіне лақтыра
салды.
- Ашуланба! Әлі де жақсылап ойлан.
Сен мені білмейсің. Қазір ұнатпасаң, кейін
үйреніп, ұнатып кетесің. Жүр, екеуіміз
ресторанға барайық. Жақсылап тойлатайық.
Саған әлі талай қызық көрсетем.
- Әуре болмай-ақ қой, - деді Сәуле. – Мен
сүйетін жігіт сен емес.
Әлсізге әлімжеттік көрсетіп, қалағанын
істететін бұжыр қара өзінің қыздың алдын-
да дәрменсіз күйге түскені үшін ашуланып
кетті.
- Сонда кім?! Әлгі қайыршы гитарист пе?!
Сәуле
үндемеді.
Кері
бұрылып,
жатақханаға кіріп кетті. Мен оның
адалдығына тәнті болып қалдым.
Арада екі күн өткен. Түнімен Сәулеме ән
шырқап, Алматының самаладай жарқыраған
көшелерін жаяу аралап, жатақханама келе
жатқанмын. Алдымнан қара иномарка кілт
тоқтап, ішінен еңгезердей төрт жігіт атып
шықты. Әй-шәйға қарамай мені соға баста-
ды. Ол кезде мен түнгі клубтарға барып,
гитарамен ән салатынмын. Қанша қимасам
да студенттік тиын-
тебенімді жинап алған гитараммен біреуін
бастан салып кеп жібердім. Гитарам қақ
бөлінді. Содан жігіттер мені жабыла сабап,
жерге сұлатып тастады. Қанша қорғансам
да көптің аты көп емес пе, мені тепкілей
бастады.
Бір кезде басым солқылдап, бет-
ауызымнан қан саулап кеткенін сездім. Қос
қолыммен бетімді жауып, иттің балалары
бүйрегімнен тепкілей берген соң бүктетіле
жиырылып, шынтағыммен қорғандым. Бір
кезде көзімнің алды тұманданып, есім ауып
бара жатқанын сездім.
- Тоқтатыңдар! – деп біреу айғай салды.
Бұжыр қара бет рэкет екенін дауысынан та-
ныдым.
- Жіберіңдер мені! – деп айғай салдым.
- Ей, гитарист! – деді рэкет. – Сәулені
ұмыт, түсіндің бе?!
Мен тұруға әрекеттеніп, қасарыса
түстім. Екі жігіт екі қолымнан ұстап, үшіншісі
тепкілеп ұрып жатыр. Қанша жұлқыласам
да, еңгезердей немелер жіберер емес.
- Сен кімсің? – дедім тістеніп. Ернімнен
қызыл қан саулап, үстімдегі күртешемнің
алды айғыздалып қалғанын сонда бірақ
көрдім.
- Мен – Бахамын. Алматыда бәрі мені
біледі.
Біреу-міреу көмекке келер деген үмітпен
айғай салдым.
- Қараңдар! «Әнші балапанның» тілі
шығыпты! – деп бұжыр бет қарқылдап күліп
жіберді. – Босқа әуре болма, бұл жерде
саған ешкім көмектеспейді. Сәулеге жо-
лама, ұқтың ба?! – деді шайқатылып әрең
тұрған менің жағамнан алып, басымен періп
жіберді. Қос жанарым жарқ ете қалды.
Ашуға булығып тұр едім.
- Сәуледе сенің шаруаң болмасын! Не-
мене, басқа қыз таппай қалдың ба?! – деді
тістеніп.
- Жігіттер, мынау түк түсінбепті. Балғаны
әкеліңдер!, - деді бұжыр қара бұйыра.
Осы сәтте қашпақ болып жұлқынып
қалдым, бірақ онымнан ештеңе шықпады.
Өзімнің ауыр соққылардан әбден әлсіреп
қалғанымды сездім. Екі қолымнан ұстап
тұрған екі жігіт жерге етпетімнен жалп
еткізді. Омыртқам кілт ете қалғандай болды.
Бір кезде бұжыр қараның саусақтарымды
туфлиімен басып тұрғанын көрдім.
- Сен енді гитараны ешқашан ойнай ал-
майтын боласың. Сәуле де сені ұмытатын
болады, - деп қарқылдай күлді рэкет. –
Ал, сен осы күнді ешқашан ұмытпайтын
боласың!
Бұжыр қара Баха асфальт үстінде
жатқан сұқ саусағымның басын балғамен
бір соқты. Бақырып жібердім. Жаным көзіме
көрінді. Саусағымның дуылдай жөнелгенін,
сүйегімнің опырыла сынып бара жатқанын
сездім.
- Сенің өнерің осымен бітті! – деді де,
ашуға булыққан рэкет саусақтарымды
бірінен соң бірін сындыра берді. Баж ете
қалдым. Бүкіл өмірім көз алдымнан өте
шыққандай болды. Өмірімде жаным мұнша
қиналып көрмепті.
- Жібер мені! Көмектесіңдер! – деп
айғайлауға мұршам әрең жетті. Бірақ да-
уысым қарлығып, есімнен танып бара
жаттым. Ортан терек... шылдыр шүмек...
кішкентай бөбек... бәрі бірінен соң бірі балға
соққысының астында қалды. Құлағымның
түбіне Сәуленің жалынышты дауысы
естілді.
- Тиіспеңдер! Оңбағандар!
Өмірімде
тұңғыш
рет
өзімнің
дәрменсіздігім үшін қатты өкіндім. Сәуленің
мұндай күйімді көргенін қаламаған едім.
- Ей, «әнші балапан»! Сәулеге
жақындасаң, өлтірем!, – деді рэкет Баха.
Мен есеңгіреп, талықсып кеттім.
Ертеңінде есімді ауруханада бірақ жи-
дым. Кім, қашан мұнда әкеп тастағанын
білмеймін. Көз алдым тұманданып, көз ал-
дыма аруақтар елестеді. Сөйтсем, ақ халат
киген медбикелер екен.
- Мен қайдамын? – дедім дәрігерлерге
кірпігім әрең қимылдап жатып.
- Ауруханадасыз. Сіз өзіңізге не болғанын
білесіз бе?
Сонда ғана есіме бұжыр бет рэкеттің
саусақтарымды балғамен ұрып жатқаны
түсіп кетті. Денем тітіркеніп кетті. Дереу
саусақтарымды көргім келді. Өкініштісі –
дәрігерлер дәкемен орап
тастапты. Қимылдата алма-
дым.
-
Саусақтарыма
не
болды? - дедім шошып.
Төсектен атып тұрғым
келді, бірақ денемді көтере
алмадым. Бетім ысып, ше-
кем солқылдап барады.
- Қорықпаңыз, уайымдамаңыз, бәрі
жақсы.
- Жасырмай айта беріңіздер, - дедім
дәрігерлерге өтініп. – Саусақтарымның
жаншылғанын білем.
- Өкінішке қарай саусақтарыңыздың ба-
сын кесіп тастадық. Сүйектері уатылып
кетіпті. Біз қолдан келгеннің бәрін жасадық.
Қайта қолыңызды буындары сау. Қалай
жарақаттап жүрсіз?
Дәрігерлерге станокпен жұмыс істегенде
байқаусыз жарақат алдым деп өтірік айттым.
Саусақтарым ғана емес, өне-бойым көгеріп
тұр еді. Ақ желеңді абзал жандардың маған
сенбегенін, мүсіркей қараған жанарлары-
нан байқадым. Шындықты айтуға рэкеттен
қорықтым. Сұмпайыны сотқа беріп, Сәулені
куәгер ретінде тартқым келмеді. Екеуімізге
де зияны тиіп кете ме деп қорықтым.
Құдайдан қорықпаған пенденің ешкімді ая-
майтынына көзім жетті. Амалсыз Сәулеге
қайтып бармадым. Өйткені, саусақтарымды
аяусыз жаншып, сындырған қанішер мені
өлтіретін еді. Менің өлгім келмеді. Амал
қанша, Сәулеге адалдық таныта алмадым.
Махаббатым үшін құрбандыққа дайын бол-
мадым.
...Күн екінтіге таяды. Гитарист жігіттің
бойын ашу мен ыза кернеп, көңілсіздік
биледі. Өзін сабырға шақырғысы келгендей
қалтасынан шылым алып, шерін тарқатты.
Көгалдың үстіне жата кетіп, шылымды
сораптап, тұмса табиғатқа қою түтінді
будақтатты. Жағымсыз иіс қолқаны қапты.
Мен темекі тартпаңыз деп айта алмадым.
Сәлден соң ол ашуын басып, сабырға кел-
ген.
- Оның бәрі өтті, кетті, қайтесің. Амал
қанша, мен махаббатыма қосыла алма-
дым. Қазір отбасым бар, балаларымның
амандығын тілеймін. Сәуле менің жүрегіме
бұлттан шыққан күн секілді шуақ шашып
кетті. Сүйіктімнен айырылып, кеудемді
сағыныш кернегенде жалғыз жұбанышым
- гитарамды қолға алам. Махабатымның
белгісі ретінде осы сынық саусақтарым
ғана қалды, - деді гитарашы зорыға жыми-
ып. Көңілім қоңылтақсып қалды.
Ол өткеннің бәрін ұмытқысы келгендей
көңілді бір әуенді бастап кетті. Қос жанарым
қатты мыс ішектерді әлдилеп жатқан му-
зыкант жігіттің шолақ саусақтарына тесіле
қарап қалыпты.
Асхат ӨМІРБАЕВ.
Саусаќ сыры
Жетісу
университеті
ТҰРМЫС ТЫНЫСЫ
бейсенбі, 26 қараша,
2015 жыл
8
ИМАНДЫЛЫҚ ИІРІМДЕРІ
С
ара
жолдан
адаСпаудың
амалы
Ө
лім, қабір тура-
лы ой адам баласын
ғибратқа жетелейді. Има-
ни байлығы артып, рухани
жол азығының молаюына
себеп болады. Адам өмірі
қамшының сабындай қысқа.
Осы қысқа ғұмырымызды қор
қылмай жақсылыққа пайда-
ланып, Алланың разылығы
үшін іс – амал қылу, әрбір
иісі мұсылман пенде өмірінің
басты өзегі. Ендеше
осы мақалада тірілердің
дүниеден өткен туыста-
рына тигізетін пайдаларын
сөз қозғамақпын.
Өзекті жанға бір өлім демекші. Сондай–
ақ, өлім хақында адамзат тарихындағы
талай хакім – даналар ой талқылап, арт-
тарына тағлымды сөздерін қалдырған.
Басқа даналар сияқты қазақ хакімі Абай
да өлімнің хикметін сезіп, басқаларға
қапы қалмауды былайша өсиет еткен.
Адамзат – бүгін адам, ертең топырақ,
Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ.
Ертең өзің қайдасын, білемісің?
Өлмек үшін туғансың, ойла, шырақ!-
демекші, бұл өмірдің мәңгі емес екенін
Шал ақынның айтқан өсиетімен жеткізгім
келеді:
Жігіттер, жалған дүние
бізден қалар,
Бір күні ажал келіп жаныңды алар.
Жан шығып бұл өмірден кеткеннен соң,
Мал-мүлкің, әйел-балаң бәрі қалар,-
дегендей, мұсылман пенде өзіне не өзінің
бір жақынына ажал жетіп, дүниеден
өткенде: «Барлық жаратылыс – Алланың
иелігі. Алла берді, Алла алды. Бәріміз
де Алланікіміз, әрі түбінде Аллаға
қайтамыз», - деп көркем түрде сабыр
етуі керек. Өлімге сабырсыздық қылу,
қатты дауыс көтеріп жоқтау, киімін жыр-
тып, шашын жұлу – нағыз надандықтың
көріністері, өткен дінсіз қауымдардан
қалған әдеттері. Егер мәйіттің артындағы
туыстары дауыс көтеріп жоқтау ай-
тып жыласа, иманға, тағдырға қарсы
сөздерді айтып жатқандарын байқамай да
қалады, яғни Алланың ісіне қарсы шектен
шығатын күпірлік сөздер айтатын болса,
оның салдарынан марқұмның азапталуы
ықтимал. Омардан (р.а.) жеткен риуаятта
Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Өзіне айтылған
жоқтаудың себебінен мәйіт қабірінде
азапталынады», (Муслим риуаяты)-деген.
Әрине, бұдан біз өлген кісіге жылауға
болмайды, қайғыруға болмайды деген
түсінік пайда болмау керек. Қайғырудың
да өз жөні болады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с)
жақыны үшін қайғырғанын білеміз, алай-
да, қайғыру бар екен деп иман шеңберінен
асып кетпеуіміз керек. Алланың соңғы
Пайғамбары (с.ғ.с) : «Расында Алла көздің
жасы үшін, жүректің қайғыруы үшін азап-
тамайды. Алайда, мына нәрсемен азап-
тайды, мына нәрсемен рақым етеді», - деп
қолымен тілін нұсқаған (Бұхари, Муслим,
Ибн Хиббан). Енді өлілерге тірілерден
жететін нәрселерге тоқталсақ, мұсылман
ғалымдары тірілерден өлілерге екі нәрсе
жетіп тұратындығы туралы бір шешімге
келген. Ол екі нәрсе:
1. Мәйіттің тірі кезінде жасаған ізгі амалы.
2. Басқа мұсылмандардың ол үшін
жасаған дұғалар, оқыған құран, истиғфар,
садақа, қарызын өтеу, қажылық және
басқа да сауапты амалдары. Имам
Муслимнің Сахих кітабында риуаят еткен
хадисі дәлел болады.Әбу Һурайрадан
(р.а.) риуаят етілген хадисте Алланың
елшісі (с.ғ.с): «Адам өлгенде оның үш
нәрсесі тоқтаусыз барады садақасы
(Мысалы: құдық, көпір, медресе) не-
месе пайда келтіретін білімі (таратқан
білімі) немесе артынан дұға қылатын игі
жақсы баласынан басқа барлық амалы
тоқтайды»,-делінген. Кей жағдайларда
бір адамның жақыны қайтыс болғанда
шектен тыс қатты қайғырып, діни – имани
құндылықтарға, мұсылмандық танымға
теріс іс – әрекеттер жасап жататындарды
да байқап жатамыз. Ондай істер мәйітке
еш пайда бермейді, керісінше оның қабір
азабына душар ететінін түсінбей жатады.
Пайда бермейтін істерді атап өтсек:
1. Ислам шариғатына сай келмейтін іс
әрекеттер,
2. Әйел адамдардың дауыс көтеріп
күпірлік сөздермен бірнеше күн көз жасын
төгуі.
3. Надандық сөздерді айтуы (Аһ, асқар
тауым құлады, арыстанымнан айырыл-
дым, иемнен ажырадым, ерте кетті, не
жаздым, бақытсыз боп қалдым, ойбай,
Құдай, оны алғанша мені алмадың ба,
асыраушым, жалғызым т.б.)
4. Жаназа кезінде ән – күй қосуы.
5. Табыттың алдында немесе артында
мал бауыздауы.
6. Өлген кісіге ерекше мазарлар дайын-
дау, әспеттеп кесенелер тұрғызу, бұл істер
пайда бермейді, керісінше пайда беретін
сауапты амалдарды дүниеден өткен туыс,
жақындарымызға бағыштауды ислам
шеңберінен аспай Пайғамбарымыз (с.ғ.с)
көрсеткен сара жолымен адаспай жүруіміз
үшін Алладан жәрдем сұрайық.
Аман МЕДЕТБЕКОВ,
Еркін ауылының бас имамы.
Б
із күнде бірнеше
сағатымызды ысы-
рап қылып әлеуметтік
желілерде отырамыз. Кім
не жазады? Кім не су-
рет салады? Сонымен
қоса өзімізге қажетсіз
ақпараттарды қараумен
айналысамыз. Ал есесіне
бір уақыт ақыл-
ойымызды шыңдауға,
білімімізді арттыруға
тырыспаймыз.
Алпыс мың теңгені жоғалтсақ алпыс
күн күйінеміз, ал алпыс минутымызды
жоғалтсақ түк болмағандай жайбарақат
жүре береміз. Бір минут емес, бірнеше
сағатты әлеуметтік желінің тұтқыны болып,
компьютердің алдына уақытымызды ысы-
рап қылып құрбандыққа шалып жатырмыз.
Уақытты жоғалту – білімді жоғалту, ақыл-
ойдың дамуына тоқтау салу. Бұның соңы
апат болары анық. Ақыл-ойдың да адамның
оқу арқылы, денесін шынықтырғаны сияқты
шынығатынын, шымырланатынын есімізден
шығарып аламыз. Оны тәрбиелеуші – кітап.
Құдайдың құдіреті сол бізге интернет емес,
төбеден кітап түскен. Яғни, Құранның Ғалақ
сүресінде «Оқы! Жаратқан раббыңның
атымен оқы!», – деп келуі оқуға, ізденуге
көңіл бөлуді айтса керек-ті.
Адам көркі – ақыл. Іздену, кітап оқу
ақылды дұрыс жолға салады. Оқу мүлгіген
милармен, қалғыған қалың ұйқыны аңсаған
ақыл-ойлардың оянуына әсер етпек.
Материалдық немесе әлеуметтік жоқшылық
қоғам үшін аса қауіп туғызбас, бірақ ру-
хани жоқшылық, рухани кедейлік, рухани
мүгедектік қай мемлекет болсын ең үлкен
қауіп.
Ғалымдар соңғы жылдары адамзаттың
IQ (ақыл-ойдың даму деңгейі) көрсеткішінің
төмендеп бара жатқанына алаңдаулы.
Неміс ғалымдары мөлшерден тыс ойын-
сауық орындарында болу, теледидардан
түрлі шоуларды көп көру, адамның ақыл-
ой дамуына кері әсер беретінін, ойлау
қабілетінің төмендеуіне әкеп соқтыратынын
дәлелдеген. Сонымен қатар, ғалымдар
ақыл-ой дамуы төмен адамдарды бір жол-
мен ғана олардың ақыл-ойын қалпына
келтіруге болады деп есептейді. Ізденбеген,
оқымаған, ақыл-ойды дамытпайтын адам-
дар тұратын қоғамда ар-ұят ұмытылып,
қылмыс саны көбейіп, ұлдан-ұят, қыздан
қылық кетіп, адамгершілік деген сөз арха-
измге айналып, құндылықтар құлдырап,
салт-дәстүр ұмытылып, дүниеқоңыздық
пен атаққұмарлық белең алмақ. Ал, оқу мен
іздену бар қоғамда адамдар жан-дүниесі
мен ақыл-ойы гүлденіп, ойы жанданып, ру-
хани өсу қарқын алмақ.
Таңсәріде арайлап атқан таңдағы күн
қалай табиғатты ояндырып, әсемдеп, нұрын
шашса, кітап оқу мен іздену дәл сол секілді
адам рухының асқақтап дамуына, адам
жанының гүлденіп, жан-жағына шапағын
шашып, шарапатын тигізбек. Ұлттың бас
ақыны Абай «талап қыл артық білуге,
артық білім кітапта» десе, ұлы ұстаз Ыбы-
рай «Оқысаңыз балалар, Шамнан шырақ
жағылар» деп осы оқу мен ізденудің адам
үшін қанша керектігін, құндылығын меңзеген.
Достарыңызбен бөлісу: