235 25 желтоқсан 2015 жыл



Pdf көрінісі
бет1/16
Дата19.01.2017
өлшемі31,88 Mb.
#2232
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Таралымы жазылу бойынша * Распространяется по подписке

www.ustazgazeti.kz

2005 жылдың 1 қыркүйегінен бастап шығып келеді

Республикалық газет

№5

(235)

25 желтоқсан

2015 жыл

31 мамыр

2016 жыл

Республиканская газета

1 июня отмечается Между-

народный  день  защиты  детей.

Это один из самых старых

международных  праздников,

его отмечают во всем мире с

1950 года. Решение о его

проведении  было  принято

Международной  демократи-

ческой  федерацией  женщин  на

специальной сессии в ноябре

1949  года.

1 июня отмечается Между-

народный  день  защиты  детей.

День защиты детей, прихо-

дящийся на первый день лета,

- один из самых старых между-

народных  праздников,  его

отмечают во всем мире с 1950

года. Решение о его проведе-

нии было принято Междуна-

родной  демократической

федерацией  женщин  на

специальной сессии в ноябре

1949 года. ООН поддержала

эту инициативу и объявила

защиту прав, жизни и здоровья

детей  одним  из  приоритет-

ных направлений своей дея-

тельности.

Международный  день  защи-

ты детей - это, прежде всего,

напоминание  взрослым  о

необходимости  соблюдения

прав детей на жизнь, на

свободу мнения и религии, на

образование, отдых и досуг,

на защиту от физического и

психологического  насилия,  на

защиту  от  эксплуатации

детского  труда  как  необходи-

мых условий для формирова-

ния гуманного и справедливо-

го общества.

В 1959 году ООН приняла

Декларацию прав ребенка, в

которую вошли статьи,

призывающие  родителей,

государственные  органы,

местные власти и правитель-

ства,  неправительственные

организации  признать  изло-

женные в них права и свободы

детей и стремиться к их

соблюдению.  Декларация

носила  лишь  рекомендатель-

ный характер и не имела

обязательной  силы.

Первым и основным между-

народно-правовым  докумен-

том, в котором права ребенка

рассматривались  на  уровне

международного  права,  стала

Конвенция о правах ребенка,

принятая ООН 20 ноября 1989

года.  Конвенцию  подписала 61

страна, 13 июля 1990 года

Конвенция  была  ратифициро-

вана в СССР.

1  июня  Международный  де

1  июня  Международный  де

1  июня  Международный  де

1  июня  Международный  де

1  июня  Международный  ден

н

н

н



нь  защиты  дете

ь  защиты  дете

ь  защиты  дете

ь  защиты  дете

ь  защиты  детей

й

й



й

й

С праздником!



С праздником!

С праздником!

С праздником!

С праздником!



2

29 қаңтар 2016 жыл

БАЛАЛАР  БАҚШАСЫ

ДЕТСКИЙ  САД

31 мамыр 2016 жыл

2

Балалар бақшасы



Детский сад

Зухра  ШАКРАТОВА,

№ 57 жалпы білім беретін орта

мектебі    жанындағы  шағын  орталық

тәрбиешісі

Мақсаты:

а)  Көктем  мезгілі  туралы  балаларға

түсінік  беру;

ә)  Көктем  мезгілінің  ерекшеліктерімен

таныстыра отырып,дүниетанымын кеңей-

ту;


б)  Табиғатты  сүюге  тәрбиелеу.

Қолданатын көрнекіліктер:Слайд,көктем

суреттері,қиылған  ұя  бөлшектері.

- Балалар бүгін ерекше күн.Біздің оқу іс-

әрекетімізге  қатысу  үшін  қоңақтар  келіп

отыр,қонақтармен  сәлемдесейік.

Слайд  көрсету:Көктем  мезгілінің  таби-

ғат  құбылыстарының  дыбыстары  аққан

су,жел,құстың  дыбыстарын  тыңдайды.

-Аққан  судың!

-Желдің!

-Құстың!


-Ия балалар бұл табиғат құбылыстары-

ның  дыбыстары.

Енді балалар мен сендерге жұмбақ жа-

сырайын.


Қар  мұз  еріп,су  көбейіп,

Сай-салада  ағады.

Қой  маңырап,төл  жамырап

Жайлау малға толады.

Демек,біздің бүгінгі ашық ұйымдастыры-

лған  іс-әрекетіміз  жылдың  қай  мезгілі  ту-

ралы болмақ?

-Көктем(балалар  тақырыпты  өздері

ашады)

Жаңа  тақырып:Балалар  ,көктемде  күн



шуағын  шашады,қар  ериді,жерге  жасыл

шөптер  шығады,түрлі  гүлдер  өседі,ағаш-

тар  бүршік  жарады,бұтақтарға  жапырақ-

тар шығады,ағаштар жасыл желекке ора-

нады,құстар жылы жаққа ұшып келеді,құ-

стар  ұя  салады  және  жұмыртқалайды,а-

дамдар жеңіл киінеді.Көктем тамаша жыл

мезгілі.(бейнелер слайдтан көрсетіледі)

Тосын  сәт:Қарға  ұшып  келеді.

-Мен  қарғамын.  Осында  ұшып  келдім,

мұнда  көктем  келіпті.  Біз,  барлық  құстар

сендерге,жылы жаққа ұшып келдік. Осын-

да ұя саламыз. Балалар, сендер біз тура-

лы қандай тақпақ білесіңдер?

Келді көктем жағаға,

Келді сұлу шағала.

Аспандағы  ақ  құстар,

Ауылымды  арала.

Көктем,  көктем,  көктемде,

Құстар  келіп  жеткенде.

Қуанып бір қаламыз,

Әнмен  қарсы  аламыз.

-Қанеки,балалар  бойымызды  сергітіп

алайық!


Сергіту  сәті

- Енді балалар жылы жаққа ұшып келген

құстарға  ұя  салып  берейік.

-  Балалар  құс  ұясын  жапсырады.

Қарға:  Балалар,сендерге  көп  рахмет!

Бұл  ұяларды  апарып  құстарға  берейін.О-

лар бұл ұяларға балапандарын қоныстан-

дырсын.(Қарға  ұяларды  алып  кетеді)

Қорытынды:

-Балалар,қазір қай мезгіл?

-Көктемде қандай өзгерістер болады?

- Қазір балалар,ойынға да кезек келді.

«Құс  мекені»  ойыны.

Балалар үй құстары мен дала құстарын

мекеніне  топтастырылады.

-  Балалар,  сендер  бүгін  ұйымдастыры-

лған оқу іс-әрекетіне өте жақсы ат салыс-

тыңдар. Сұрақтарға жақсы жауап бердің-

дер,  ұяны  әдемі  жапсырдыңдар,тақпақ

айттыңдар,  жұмбақ  шештіңдер.  Мен  сен-

дерге сондай ризамын.Сондықтан сендер-

ге сыйға гүл беремін.

-  Осымен  оқу  іс-әрекетіміз  аяқталды.

АҚТӨБЕ  ҚАЛАСЫ

Мақсаты:  Оқушыларды  мемлекеттік

рәміздердің  шығу  тарихымен  таныстыру.

Оларды  отаншылдық  рухта  тәрбиелеу,

мемлекеттік  рәміздерімізді  қастерлеуге

шақыру.

Сабақтың  эпиграфы:



Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл  даланы  анам  жаспен  суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далада жылап келіп, уанғам,

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман! дей

отыра бүгінгі «Мемлекеттік рәміздер тари-

хы» атты тәрбие сағатымызды бастайық.

Психологиялық  дайындық



І Қызығушылықты ояту

Сұрақтар


1.  Қазақстан  Республикасы  қандай

мемлекет? 2. Оның өз рәміздері бар ма?

3.  Қазақстан  байрағында  не  бейнелен-

ген? Түсі қандай? 4. Елтаңбада не бейне-

ленген?

5.  Қазақсатн  Республикасы  әнұраны-



ның  сөзін  және  әнін  кімдер  жазған? 6.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік

тілі  қай  тіл? 7. Тәуелсіздік күні қашан? 8.

Туған ел, жер туралы мақал – мәтел айт-

шы. 9. Қазақстан  Республикасының  ас-

танасы қай қала?

10. Қазақ батырларын ата

ІІ Мағынаны тану

Елін, жерін сүю мен Отанға деген адал-

дықтың  бір  белгісі – мемлекеттік

рәміздерімізді  қадір  тұту  болып  табыла-

ды.  Жас  ұрпақты  елжандылық  негізде

тәрбиелеуде де мемлекеттік нышандардың

алар орны ерекше. Олай болса, рәміз де-

геніміз не?

Рәміз – белгілі идеяны білдіретін белгі,

бейне.  Адамға  ой-пікір  туғызады.  Ортақ

түсінік бойынша, орақ еңбекті, таға бақыт-

ты, зәкір (якорь) үмітті, лира музаны, ары-

стан  құдіретті  бейнелеген  көкшіл  жалау

бейбітшілік рәмізі. Рәміздік белгілер ғасыр-

лар бойы дами келе мемлекеттік рәміздер-

ге (ту, елтаңба, гимн) айналды.

Ту – тұтастық  пен  бірліктің,  ынтымақ-

тың  құдіретті  белгісі.  Ол  елдік  пен  еге-

мендікті дүниеге паш етіп тұрады.

Елтаңба – мемлекеттік  мөрлерде  (об-

лыс,  қала,  мекеме),  алтын,  күміс  ақша-

ларда бейнеленген ажырату белгілері.

Гимн – өлеңге жазылған салтанатты ән.

Қазақстан Республикасы Президентінің

1998  жылғы 4 маусымдағы  №3827  Жар-

лығына толықтырулар енгізіліп, 4 маусым

–  Мемлекеттік  рәміздер  күні  ретінде  ата-

лып өтетін болды.

1992  жылы 6 маусым  күні  тәуелсіз

еліміздің тұңғыш мемлекеттік рәміздерінің

тұсаукесер  салтанаты  өтіп,  сол  күні  Пре-

зидент сарайы мен Парламент Үйінің төбе-

сіне  Ту  көтерілді,  Елтаңба  орнықты. 6 ай

өткен  соң  1992  жылы  11  желтоқсанда

Мемлекеттік  Гимннің  мәтіні  бекітілді.  Ол

2006  жылы  қайта  өзгеріп,  желтоқсан  ай-

ында  жаңа  Гимн  қабылданды.  Сонымен

мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына

да 20 жыл толды. Енді сөзді топтарға бе-

рейік.


Мәтінмен  жұмыс  (Постер)

І  топ  «Ту»    ІІ  топ  «Елтаңба»  ІІІ  топ.

«Әнұран»

ІІІ.  Ой  толғаныс

"Білімдінің көзі ашық"

1-топ:Қазақстан  Республикасының

Мемлекеттік  Туында  нелер  бейнеленген?

(топтастыр)

2-топ:  Қазақстан  Республикасының

Мемлекеттік  Елтаңбасында  нелер  бейне-

ленген? (топтастыр)

3-топ:  Қазақстан  Республикасының

Мемлекеттік рәміздердің авторларын топ-

тастыру

  ІҮ.Қорытынды

Бір ата, бір ананың түлегіміз

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз

« Бірлік барда тірлік бар » деген бабам

Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз! - дей

отырып,  ашық  тәрбие  сабағымызды

аяқтаймыз!

АҚТӨБЕ  ҚАЛАСЫ

МЕМЛЕКЕТТІК

РӘМІЗДЕР ТАРИХЫ

Тоғжан

КУШКИМБАЕВА,

№ 57 орта

мектебінің

ұзартылған  күн

тобының

тәрбиешісі

КӨКТЕМ ӨРНЕГІ



Мақсаты:- өлең сөздерін жаттату арқылы сөздік қорларын байыту, «ғ», «қ» дыбыстарын анық

айтуға үйрету; Табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу; Гүлдер туралы көркемсөздер айтқызу арқы-

лы балалардың тіл байлықтарын дамыту.

РАМАЗАН ТЫШҚАНБАЕВТЫҢ

«ҚЫЗҒАЛДАҚ» ӨЛЕҢІ

Гульжанат  УРАЛБАЕВА,

Шалқар  қаласы  №5  орта  мектебінің

ортаңғы  шағын  орталық  тобының  тәрбиешісі


31 мамыр 2016 жыл

3

БАЛАЛАР  БАҚШАСЫ



ДЕТСКИЙ  САД

Айсулу УТЕСИНОВА,

 М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінің ұзартылған қүн

тобының  тәрбиешісі

Мақсаты:  Ата - ана  мен  бала  арасындағы  сенімді  сыйластықты,  бір - біріне

деген  сезімді  нығайту,  бала  тәрбиесінің  алғашқы  алтын  қазығы  туған  ұясы,  өз

отбасындағы  ата - ана  тәрбиесі,  өнегесі  және  баланың  бас  ұстазы  ата - ана

екенін  түсіндіру



Әдісі:  пікірлесу,  сұрақ - жауап,  ситуациялық  сұрақтар

Жүргізуші:  Құрметті  ата - аналар  «Отан  отбасынан  басталады»  демекші  ата

-  аналар  мен  ұстаздар  қауымы  үшін  жас  ұрпақ  тәрбиелеп,  оны  қоғам  мүддесіне

жарату кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге ата - аналар мен ұстаздар боп

ат  салыссақ,  алар  асуымыздың  биік  болары  сөзсіз.  Қазіргі  қоғамда  ата - ана

баласынан не күтеді? Баласын қалай тәрбиелейді? Ата - ананың бақыты неде?-

Баласы  ата - анасын  қалай  бақытты  етпек?

Міне  осы  тұрғыда  сөз  қозғалатын  «Бақытыңды  балаңнан  ізде»атты  дөңгелек

үстелімізді  бастауға  рұқсат  етіңіздер!

Кешіміздің  қонақтарын  ортаға  шақырайық.

Танысу бөлімі .

Ән : «Бала  тілегі»:

 «Кім жылдам ?» ойыны

Аналар  дөңгелене  тұрады  .

Мұғалім  сұрақ  қойып  допты  береді  аналар    жылдам  жауап  беріп  келесі  анаға

береді  (жолдайды)

Қыздар  дөңгелене  тұрады  .

Қыздар  хормен : Ана  –біздің  күніміз  ,

Ананың  біз  гүліміз  .

Қыздарыңды  қуантып,

Ұзақ  өмір  сүріңіз  .

Жүргізуші:  Әдеби  –монтажға  кезек  берелік

Жүргізуші:

1.  Бала  тәрбиесіне  қатысты  қазаққа  тән  қандай  қасиеттерді  дұрыс  деп  са-

найсыз?

2.  Бала  үшін  ата - ананың  қайсысының  беделі  күшті  деп  ұғасыз?



3. Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауап-

кершілігі  басым  ба?

Ән : «Ана  туралы  жырға»

Жүргізуші: «Жағдаятқа  ену»

1 – қыз    Анашым,  мен  бүгін  сабаққа  бармай - ақ  қояйыншы,  үйге  берілген

тапсырманы жаттамап едім, апай сұраса «ауырып жатыр» деп айта салыңызшы

2 - қыз  Анашым  ,мен  бүгін  әжеме  ауыр  сөз  айтып  ренжетіп  алдым,  енді  не

істеймін  ?

3 - қыз  Анашым,  мен  бүгін  сіздің  жақсы  көретін  құмыраңызды  сындырып  ал-

дым


Қыздар  :

Жарқын  жүзді  жан  анам  ,

Сендей  болсын  бар  адам.

Сендей  болса  бар  адам  ,

Шаттық  кетпес  баладан  .

Көрініс:  «Атасы  мен  немересі»

Ән:  «Келші ,келші , балашым»

Аналарымыздың  балаға  айтар  ақыл , тілегін  тыңдап  көрейік:

Би : «Барбарики»

Көрермендермен  мақал  –мәтел  жарысы.

Қыздарға:

Экранға назар аударайық , мен сұрақтарын оқимын ,сіздер дұрыс

нұсқасын  айтсаңыздар , меңзер  сызығы  арқылы  сәйкестенеді  .

Құрметті  аналар!

«Бала  кім?»  дегенге  өз  ойларыңызды  күннің  шапағы  арқылы  білдіріңіздер  .

болашағым үмітім

сүйенішім

қуанышым


бауыр  етім

өмірімнің  жалғасы

асыраушым ізбасары

Әрбір  отбасына  күннің  шуағындай  шаттық,  жылылығындай  мейірімділік,

қуаныш,  береке,  бақыт  тілей  отырып , кешке  қатысқандарыңызға  мың  алғыс

дейміз, көріскенше күн ашық болсын .



АҚТӨБЕ  ҚАЛАСЫ

БАҚЫТЫҢДЫ БАЛАҢНАН ІЗДЕ



Мақсаты:  Балаларды  тастардың

әртүрімен, олардың ерекшеліктері мен

қасиетімен  таныстыру.

Міндеті:

Тастар туралы білімдерін бекіту: түсі,

пішіні,  температурасы,  салмағы,  суға

бататыны.

Тастарды  және  оның  қасиетін  са-

лыстыра  білу.

Тасты  тұрмыстық  жағдайда  пайда-

лануға болатыны туралы түсінік қалып-

тастыру

Толық  жауап  беруге  талпындыру



Қажетті құралдар: Үлкейткіш шыны,

су  құйылған    ыдыс,  сүлгі,  тәрелкелер,

әртүрлі  тастар,  тастардың  суреттері.

Тастан  жасалған  заттардан  көрме.С-

лайд

Сабақ  барысы.

Қуаныш  шеңбері

Тәрбиеші:  Балалар,  біз  таңертең

балабақшаға  келгенде  топтан  «Сыйқ-

ырлы  қорап»  тауып  алдық.  Ол  қорап-

ты  бізге  «Тастар  ханшайымы»  әкел-

ген  екен.  Ханшайым  бізге,  қораптың

ішінде  не  бар  екенін  өздерің  анықтаң-

дар екен.Не бар екенін көрейік? (Қорап-

тың  екі  жағында  жең  бар,  соған  бала-

лар  қолдарын  салып,  ішінде  не  бар

екенін  анықтайды)  Ортаға  екі  баланы

шақырып, сыйқырлы қорапшада не жа-

тқанын  анықтау.

Ішінде  не  бар  екен?

Тас.Қағаз

Алып  шығыңдар,  бізде  көрейік.

-Расында  да  тас  екен,  ал  қағазды

не  үшін  салды  екен?  Балалар  бұл  хат

қой!  Қорапшаны  ортаға  қойып,  алды-

мен  хатты  оқиды.  Хатта    Ханшайым

былай  дейді:  Егер  менің  берген  тап-

сырмамды орындасаңдар мен, сендер-

ге  келіп  қызықты  заттарды  көрсетемі-

н.(Бөлменің  бір  жағында,  бет  жабық

көрме  бар)

•  Сонымен  балалар,  біз  бүгін  тас-

тар  туралы  әңгімелесеміз,  білгенімізді

айтамыз.  Тастар  туралы  жасалған  су-

рет көрмесі жанына шақырып, тастар-

дың  қай  жерде  болатынын,  олардан

не  жасауға  болатынын,  қайда  қолда-

нылатыны  туралы  әңгімелесу.

1- ші тапсырма:Тастың сыртқы қаси-

етін  анықтау.

Балалар 

тастарды 

алады,

үлкейткіш шынымен қарап көреді, бет-



теріне  тигізеді,  қолдарымен  сипап

көреді.


Шешімі: Тастар бұжыр, тегіс, қисық,

түзу  болады.

2-ші  тапсырма:  Түсін  және  пішінін

анықтау.


Балалардың алдында түстері , сал-

мағы, пішіні әртүрлі тастар жатыр. Ба-

лалар  қарайды.Тастар  қандай  бола-

ды – деген  сұраққа  жауап  іздейді.

Шешімі:  Тастардың  түстері  әртүрлі,

пішіні  әртүрлі,  салмағы  да  әртүрлі  бо-

лады

3-ші  тапсырма:  Өлшемін / размер/



анықтау.

Ең  үлкен,  ең  кіші,  ортаншы  тастар-

ды табу.  Салыстыру арқылы, екі ала-

қанын  пайдалану  арқылы  тастарың

размерін  анықтайды.  Үлкен  тас    ала-

қанға сыймайды, ал кіші тас алақаны-

ның  ішінде  көрінбей  қалады.

Үлкен                            кішкентай

Шешімі:  Тастар  өлшемі  бойынша

әртүлі  болады.

Сергіту  сәті

Видео  -ролик

4-ші  тапсырма:  Салмағын  анықтау.

Алдын  ала    киім  ілгіштен  жасалған

таразыға    салып  тасты  өлшеп  көреді.

Тастар  әртүрлі,  ауыр  да  жеңіл  де

болады.

  Шешімі:  Тастар  салмағы  бойынша



әртүрлі.

5-ші  тапсырма:  Температурасын

анықтау.

Балаларға  қызықта,  ауыр  тапсыр-

ма  беріледі.  Тастың  температурасын

анықтау.  Ол  үшін  балалар,  кішкене

тасты  алақандарына  салып  қысады.

Үрлейді.  Тас  жылы.  Ал,  үлкен  тас  жы-

лымайды.

Шешімі:  Тас  тұрған  жерінің  темпе-

ратурасын  қабылдайды,  кіші  тас  тез

жылиды, ал үлкені көбірек.

Үлкен  тас  суық,  кіші  тас  тез  жылы-

нады.


6-шы  тапсырма:  Батады,  батпайды.

Балалар алдарындағы екі ыдыстағы

суға бірі тасты , бірі ағашты, бірі көбік

тасты  салып    көреді.  Тас  батып  кетті.

Қалғандары  батпайды,  себебі  тас

ауыр.


Шешімі:  Тас  ауыр,  сондықтан  суға

батады.  Ағаш  жеңіл,  суға  батпайды.

  7-ші тапсырма: Қатты және жұмсақ

Балалар  бір  қолға  тасты  ұстап,

екінші  қолға  пласталин  ұстап,екі  ала-

қанымызды  қысып  ұстаймыз.қандай

өзгеріс  болды.  Тас  қатты,  пластлин

жұмсақ


 8-ші тапсырма: Дыбыс

Тастарды  бір-біріне  соғайық.  Не

естідік,  музыкалық  дыбыстар.

Қорапшаға  тастарды  салып,шыл-

дырлатайық

  Тау   ханшайымы келіп балаларға

алғысын  айтады.

-  Балалар,  сендер  тастар  туралы

талай  нәрсе  біліпсіңдер,  енді  сендер-

ге мен тастардан жасалған бұйымдар-

ды  көрсеткім  келеді.  Көрмеге  апарып,

тастан  жасалған  бұйымдар  мен  олар-

дың  суретін  тамашалайды.

Көрмеден  кейін  балалар  ортаға

жиналады.

Рефлексия:  Ұйымдастырылған оқу

іс-әрекетті  қорытындылау.



Балаларды  мадақтау

АҚТӨБЕ  ОБЛЫСЫ

ТАСТЫҢ ҚАСИЕТІМЕН

ТАНЫСТЫРУ

Айгүл  ШАМБАЛАЕВА,

Шалқар  қаласы  «Бәйтерек»  мектепке  дейінгі

балалар  мекемесінің  тәрбиешісі

Тарих    тылсымына    тереңнен  бой-

лап,  халық  зердесіне  үңілсек,  ұрпақ

тәрбиесі  қай  елдің  болмасын  толған-

дыратын,  ойландыратын  мәселесі  бо-

лып келгені, келетіні де мәлім.

Бұл  көкейтесті  мәселе  қай  ғасырда

болсын, тек халықтың өткен тәжірибе-

сіне  сүйенгенде ғана сәтті шешімін та-

уып  отырған.  Қазақ  халқының  бай

салт-дәстүрі  мен  әдебиетінің  ұрпақ

тәрбиесіне  берері  мол,соның  ішінде

халық  ауыз  әдебиетінің  маңызы  ерек-

ше. Жазу- сызу болмаған кезде халық-

тың  ой-арманынан  шыққан  әңгіме-

ертегілер,  жұмбақтар  айтқан  сыр-

мұңдары,  жаңылтпаштары,  өткір  тіл,

ұшқыр  ойдан,  көргені  мен  түйгенінен

шыққан  мақал  –мәтелдері,  даналық

пен ақылгөйлік , көрегейлікпен  айтыл-

ған нақыл да дана сөздері, бейбітшілік,

мамыражай  өмірді  аңсаған  қиял-

ғажайып  ертегілері ,  осының  бәрі  ба-

ланың  ой-өрісін,  сана – сезімін  және

тілін дамытып, арттыруға берері, қоса-

ры  мол,  ерекше  роль  атқаратын  ал-

тын  қазынаның  көмбесі.

Халқымыз ерте заманнан бері осын-

дай  тәлім  –тәрбие  негізіне  отырып,

бүлдіршін  жас  жеткеншектерін  нағыз

азамат  болып  өсуіңе  қамқорлық  жа-

саған.  Осыдан  «Баланы  жастан ...»

деген  нақыл  сөз  қалдырып,  ұрпақ  ке-

лешегіне отбасы, ошақ қасынан назар

аударудың  қажеттігіне  көңіл  бөлген.

Ертегі , жыр, мақал –мәтел, жұмбақ,

жаңылтпаштарды  баланың  жас    ерек-

шелігіне қарай жалықтырмай, сана- се-

зіміне,  ой-өрісіне  әсер  ететіндей  етіп

айту  арқылы  қызықтырып,  баланың

бойына  халқымыздың  рухани  байлы-

ғын  сіңіру,  ұрпағымыздың    тәрбиелі,

отан сүйгіш, намысшыл, аршыл болып

өсуіңе  кепіл.  Осылайша  халқымыздың

ең  жақсы  қасиеттерін  жеткеншек

ұрпаққа  күнделікті  тұрмыста  үйретіп

бала  бойына    сіңіріп  отырған.

Ұлы  ойшылдардың  пікіріне  сүйене

отырып,   халықтың  тілін,  салтын,

дәстүрін  бойына  сіңірген  ұрпақты

тәрбиелеу  үшін,  балаларға  ұлттық

дәстүрді  бірте-бірте  үйрету  керек.

Мектеп    жасына  дейінгі  балаларды

халық мұрасы фольклор туындылары-

мен таныстыра отырып, баланың білу-

ге , үйренуге  деген  қызығушылығын

оятып,  халық  ауыз  әдебиеті  арқылы

отансүйгіштікке,  елін,  жерін,  халқын

сыйлауға,  туған  жердің  байлығын,

еңбек  ардагерлерін,  батырларын

құрметтеуге  тәрбиелеп,  осылайша

ұрпақ  тәрбиесіне  өзіндік  үлесін  қосуға

болады.

Ерте  жастан  бастап  балаларға  ер-



тегі  тыңдатып,  халық  ауыз  әдебиеті-

мен сусындату келешек ұрпақтың ойы-

ның  ұшқырлығына,  тілінің  байлығына,

сана-сезімінің өсіп дамуына көп әсерін

тигізері  хақ.

Халық ауыз әдебиетінің түрлері көп,

ерте жастағы кіші топ балаларына қыс-

қаша  қызықты  ертегілер,  өлең-жыр-

лар,  жұмбақтар,  мақал-мәтелдер  мен

жаңылтпаштар,  санамақтар  мен  ма-

зақтама  өлеңдерін  оқып,  тыңдату  ар-

қылы баланың ой-өрісін, дүниетанымы-

н,қиялын  дамыту  маңызды.

Мысалы:


Қара  қазан  ортаймайды,  тасымай-

ды,


Ошақсыз-ақ,  отсыз  қайнай  бастай-

ды  –деп  құмырсқаның  илеуін  жасыру

арқылы  балаға  таныстырып,  бала

қиялын  ұштайды.

Халық  ауыз  әдебиетінің  үлкен  бір

саласы  тұрмыстық-салт  жырлары.

Тұрмыс-салт  жырларының  ішіндегі

бесік  жырлары,  тұсаукесер  жырлары

баланың жаттауына тез әрі қызық бо-

лғандықтан  сүйсіне  жаттайды.

Мысалы:

Әлди-әлди  ақ  бөпем,



Ақ  бесікке  жат  бөпем.

Тәтті  ұйқыға  бата  ғой,

Тербетейін  жата  ғой – деп

әлдилеп жайландырса, енді бір бесік

жыры  арқылы  жан-жануар,  тылсым

тіршілікпен,  табиғатпен  таныстырған,-

баласының  өзінің  бөлінбес  бір

бөлшегі,  мүшесі  екендігін  әнге  қосып

баласына  жеткізе  білген.

Бесік  жырында  балаға  өсиет,  келе-

шек ұрпаққа, азаматқа қойылар талап-

тілек  атаулының  бәрі  бар  мысалы:

Құрығынды  майырып,

Жаудан  жылқы  қайырып,

Жігіт  болар  ма,  екенсің?.

Айыр қалпақ киісіп,

Ақырып  жауға  тиісіп,

Батыр  болар  ма,  екенсің?.

Бармақтарын  майысып,

Ұста  болар  ма,  екенсмің?.

Таңдайларың  тақылдап,

Шешен болар ма, екенсің?. –деп екі-

үш ауыз өлең жолымен тәлімдік ақыл-

нақыл  түрінде  айтылып  отыр.

Осы арқылы анасы баласының елін

жаудан  қорғар  батыр,  он  саусағынан

өнер  тамған  ұста,  сөз  тапқыр  шешен

болуын,   сәбиге  қояр  аналық  талап-

тілегін  осылайша  бесік  жыры  арқылы

білдірген.

Сонымен  қатар  халқымыздың

өмірден  көрген-білгендерін,  өмір

тәжірибесінен  түйгендерінен  щыққан

мақал-мәтелдерін  тек  жаттанды

түрде  айтқызып  қоймай  балаларға,

оны балаға ойын, күнделікті оқу іс-әре-

кетері    арқылы  орынды  пайдаланып,

мағынасын  түсіндіре  білсек,  балада

оны  күнделікті  өмірде  орынды  пайда-

лана  біледі  және  үйренеді.

Жұмбақтар  балаларға  олардың

дүние  тану  қабілетін  дамыту,  тапқыр-

лыққа  баулу  мақсатымен  үйретіледі.

Жұмбақ  балаларға  заттарды,  табиғат

көріністерін,  ойыншықтардың  қасиетін,

сынын  байқату,  таныту  үшін  пайдала-

на  отырып,  баланың  ой  ұшқырлығын,

тапқырлығын,  білімдерін  шыңдай

түсеміз.  Жұмбақ  тапқырлықты,

білімділікті  талап  етеді.

Қазақ  халқының  тұрмыс-салтын,

арман-  үмітін,  өткен  өмірін  кеңінен  та-

нытатын  ауыз  әдебиеті  үлгілерінің

көлемді  саласының  бірі-  ертегілер.

Ертегілер  балалардың    ой-өрісін,

дүниетанымын  кеңейтеді.

Елбасы  Н.Назарбаевтың  «Өткеннің

өнегесі – бүгінгінің  баға  жетпес  бай-

лығы»  деп  атап  көрсеткеніндей,  ұрпақ

тәрбиесіндегі  маңызы  зор  ұлттық

құндылықтарды  бала  бойына  сіңіріп,

салт-дәстүрімізді 

сақтауды,-

әрбіріміздің  азаматтық  борышымыз

деп  білгеніміз  дұрыс.

АҚТӨБЕ  ОБЛЫСЫ

 ТӘРБИЕ БАСТАУЫ –ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет