2022 жылдың 16 шілдесінде Ұлттық құрылтайда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мереке мәртебесін Республика күніне қайтаруды ұсынды. "Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек.
1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын. Осы құжатты қабылдаған кезде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев аса маңызды, тіпті шешуші рөл атқарды. Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек..
Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бейнеролик «25 қазан Республика күні» үзінді 1. 25 қазанда не болды? 2. Ол кезде Егемендік неліктен маңызды болды? Біз үшін егемендіктің қандай маңызы бар? 3. Егемендік дегеніміз не? 4. Ал, Ел егемендігінде Ата Заңның алар орны қандай? Сұрақтар: «Тарихи күнтізбе» 1. Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды?
Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды?
3. Қазақстанның астанасы Алматыдан Астанаға қай жылы көшірілді?
4. Қай жылы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді?
5. Төл теңгеміз айналымға енгізілген уақыт?
«Жылдар сөйлейді»
1993 жылы
1995 жылы
1991 жылы
1992 жылы
2006 жылы
1993 жылы
1998 жылы
1986 жылы
Тәуелсіздік туралы сөзжұмбақ: 1) Шәкен Ниязбеков ненің авторы?
2) Желтоқсан көтерілісінің құрбаны?
3) Жер жәннаты?
5) Н.Ә.Назарбаев кім?
6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің бірін ата?
7) Елордамыздан өтіп жатырған өзен?
8) "Тәуелсіздік" сөзінің синонимі?
9) Бес мемлекетпен шекаралас,мұхитқа тікелей шыға алмайтын ел?
10) Мемлекеттің саяси, әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығы қалай аталады?
11) Балқаш көлі алабындағы өзен?
12) Тудың түсі қандай?
Тәуелсіздік туралы сөзжұмбақ: